Әуелгі байлық — ден саулық, Екінші байлық — он саулық, Үшінші байлық — ақ жаулық - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Денсаулық — зор байлық - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Жарлының байлығы — Дәнінің саулығы - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Жан ауырса тән азады, Қайғы басса,' жан азады - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Айдалада атқан оқ Ажалдыға тиеді - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Жеңіл барып, ауыр қайт, Аман барып, сау қайт - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Бас аманда мал тәтті, Бас ауырса, жан тәтті - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Аяншақ көзге шөп түскіш - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Күлегештің көңілі азбас, Күтіншектің өзі азбас Қырықта қылау, Сексенде шылау - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Ұрынарға қара таппай, Емдетуге жара таппай - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Жасырғанның жарасы асқынады - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Өлгенге өкпе жүрмейді - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Сақинаны сәнге салмайды, Тазалыққа таразы - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Боранын бұрқыратқан қыстан, Сай-сүйегіңді сырқыратқан Сары уайым жаман - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Күлкі — ашылған гүл, Көңіл — шашылған нұр - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Қотырды қаси берсең қаны шығар Киізді қаға берсең шаңы шығар - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Соқырдың қолына түспе, Саңыраудың астына түспе - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Таздыңтарағы алтын, Мергеннің садағы алтын - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Көбікті қарда түлкі ойнар, Көңілді көзде күлкі ойнар - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Ауру жайын баққан біледі, Аңның жайын атқан біледі - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Үшнәрсенің алдынал: Аурудың алдын ал, Жаудың алдын ал, Қайта қозған даудың алдынал - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Біреуге өлім тілегенше Өзіңе жүрім тіле - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Тісі ауырғанның көңілінсұрамайды - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Өлім деген ойран, Өмір деген майдан - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Кесел батпандап кіріп, Мысқылдап шығады - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Жас жігіттің жарасы, Жол-жөнекей жазылар - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Алты қатын азаға келсе, Әр қайсысы өз мұңын Айтып жылайды - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Бірге тумақ бар, Бірге өлмекжоқ - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Біреудің ажалы оттан, Біреудің ажалы судан - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Сырқат тән жарасы, Қайғы жан жарасы - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Өлінің тілін тірі алмас - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Тер шықпаған кісіден, Дерт шықпайды - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Басы жұмыр пенденің Барар жері белгілі - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Орта жолда атың өлмесін Орта жолда қатының өлмесін - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Адам өмірге Иықтап келеді, Кетерінде «ұйықтап» кетеді - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Өлсең көрің көң болсын, Тіріде терің кең болсын - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Жылан шаққан адам, Ала арқаннан аттамайды - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Ажалды жылан, жол үстінде жатады - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Тостағандай басымда Тоғыз жара Жұдырықтай жүректе Жеті жара - денсаулық туралы (мақал-мәтел) Рахат түбі — кейіс, Бейнет түбі — кеңіс - еңбек туралы (мақал-мәтел) Ер дәулеті — еңбек - еңбек туралы (мақал-мәтел) Келген дәулет, Кеткен бейнет - еңбек туралы (мақал-мәтел) Ер еңбегіне бір тойсын - еңбек туралы (мақал-мәтел) Бейнетің қатты болса, Татқаның тәтті болар - еңбек туралы (мақал-мәтел) Қолы қимылдағанның Ауызы қимылдар - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбегіне қарай, өнбегі - еңбек туралы (мақал-мәтел) Жас кезімде бейнет бер Қартайғанда дәулет бер - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбек ерлікке жеткізер Ерлік елдікке жеткізер - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбек ет те, міндет ет - еңбек туралы (мақал-мәтел) Көп еңбегі — көңілді - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбегің сайлы болса, Ішің майлы болар - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбек ет те мақтан, Ойнап-күл де шаттан - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбек — ширатады Өмір — үйретеді - еңбек туралы (мақал-мәтел) Кетпен шауып өлгем жоқ, Кемтаршылық көргем жоқ Таңмен таласа тұрғанның Талай ісі бітеді Тал түске дейін жатқанның Талай ісі кетеді? - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбек пен бақыт егіз - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбекпен ер өседі, Егізден төл өседі - еңбек туралы (мақал-мәтел) Елің сені елесе, Еңбегіңнің жанғаны, Елің сені шенесе, Көз қырына алғаны - еңбек туралы (мақал-мәтел) Мал өсірсең мол өсір, Кеңейтеді пейіліңді Еңбек етсең — көл көсір Қандырады мейіріңді - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбек ет те, егін ек, Жарымасаң маған кел Белді бу да бейнет қыл, Байымасаң маған кел - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбекте қорлық жоқ Шындықта зорлық жоқ - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбектен алғанның бүйірі шығады Кісіден алғанның екі көзі шығады - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбек түбі —қуаныш, Сауда түбі — реніш - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбегіне қарай — құрмет Жасына қарай — ізет - еңбек туралы (мақал-мәтел) Халық — қазы, Еңбек — таразы - еңбек туралы (мақал-мәтел) Екі көзің ойнаса, Жақұт емей немене? Екі қолың ойнаса Бақыт емей немене?! - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбек — өмірді ұзартады, Ұят бетті қызартады - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еркін еңбек — Баршаны жеңбек - еңбек туралы (мақал-мәтел) Жер — өмірдің бесігі Еңбек — ердің несібі Еңбек еткен — Мұратқа жеткен - еңбек туралы (мақал-мәтел) Кедейлік кетсін десең, еңбек ет Молшылық жетсін десең, еңбек ет - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбек етсең — еленерсің, Еңбегіңе кенелерсің Есің жиып, етек жауып, Елге жетіп теңелерсің - еңбек туралы (мақал-мәтел) Күшіңе сенбе, Ісіңесен - еңбек туралы (мақал-мәтел) Өзенжағалағанның Өзегіталмас - еңбек туралы (мақал-мәтел) Түйменің инесіз күні жоқ - еңбек туралы (мақал-мәтел) Жігіттің жұмсаған күшін сұрама, Бітірген ісін сұра - еңбек туралы (мақал-мәтел) Елге қылған жақсылық, Еленбей қалмайды Еңбек еткен ерінбей — Кенелмей қалмайды - еңбек туралы (мақал-мәтел) Ергенек болмаса, Есік тұра ма? Еңбеккер болмаса, Несіп тұра ма? - еңбек туралы (мақал-мәтел) Отты үрлеген жағады Шындықты іздеген табады - еңбек туралы (мақал-мәтел) Бір еңбектің — бір рахаты бар - еңбек туралы (мақал-мәтел) Көңілсіз жұмыс — өнімсіз - еңбек туралы (мақал-мәтел) Ерінген екі істейді - еңбек туралы (мақал-мәтел) Қалған іске — қар жауар - еңбек туралы (мақал-мәтел) Жұмысы жемістінің — Өмірі келісті - еңбек туралы (мақал-мәтел) Сөзі — аз, Ісі — саз - еңбек туралы (мақал-мәтел) Даярға — аяр - еңбек туралы (мақал-мәтел) Жақсы болар жігіттің Жұмыссыз жүрген күні жоқ Жаман болар жігіттің Еш жұмысқа қыры жоқ - еңбек туралы (мақал-мәтел) Бал ұстаған бармағын жалар - еңбек туралы (мақал-мәтел) Ынта болса адамда Қиын іс жоқ ғаламда - еңбек туралы (мақал-мәтел) Әрекет болмай — берекет жоқ Еңбексіз — рахат жоқ - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбек — ырыстың бұлағы, Еңбек — бақыттың шырағы - еңбек туралы (мақал-мәтел) Ерінбей еңбек істесең — Етек-жеңің кеңейер Етек-жеңің кеңейсе Терезең жұртпен теңейер - еңбек туралы (мақал-мәтел) Үдере көшкен уығын сындырады, Жұмыла жұмыс істеген Жұмысты тындырады - еңбек туралы (мақал-мәтел) Ерінбей еңбек етсең — Ерінің асқа тиеді Ерініп ілбіп кетсең, Иегің тасқа тиеді - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбексіз тапқан мал Есепсіз кетер - еңбек туралы (мақал-мәтел) Шапқан озар, жатқан тозар - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбектің наны тәтті Жалқаудың жаны тәтті - еңбек туралы (мақал-мәтел) Істеу қиын, сынау оңай - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбек адамды бүтіндейді Жалқаулық адамды түтіпжейді - еңбек туралы (мақал-мәтел) Ер тынысы — еңбек, Ез тынысы — ермек - еңбек туралы (мақал-мәтел) Есті бір өледі, Еріншек мың өледі - еңбек туралы (мақал-мәтел) Жалқауға жатса да — мейрам, Тұрса да — мейрам - еңбек туралы (мақал-мәтел) Берекесіз бейбақтар Терлеп еңбек етпейді Терлеп еңбек етпеген Тілегіне жетпейді - еңбек туралы (мақал-мәтел) Кедейлік жаны тәтті жалқауға үйір, Еңбек ете білмейтін, аңқауға үйір - еңбек туралы (мақал-мәтел) Жалқаудың жұмысы өнбейді Жаяудың жүрісі өнбейді - еңбек туралы (мақал-мәтел) Аузымен астау шапқан Қолымен жаңқа жара алмас - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбектен қашпа, Ырысыңды шашпа - еңбек туралы (мақал-мәтел) Ез —езер, Езерден ырыс безер - еңбек туралы (мақал-мәтел) Іңірден жатқан — ырыссыз қалады - еңбек туралы (мақал-мәтел) Жұмысы жоқтың ырысы жоқ - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еріншектіңегіні піспес - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбексіз ел кезгенің — ар-ұяттан безгенің - еңбек туралы (мақал-мәтел) Қырқына шыдаған Қырық біріне де шыдайды - еңбек туралы (мақал-мәтел) Аттың сүріншегі, Жігіттің еріншегі жаман - еңбек туралы (мақал-мәтел) Саудың асын ішіп аурудың ісін істейді - еңбек туралы (мақал-мәтел) Уақытыңның босқа өткені — өміріңнің бос кеткені - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еріншекке есік пен төр — екі күндік жер - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбегің болмаса, Елге өкпелеме Ықтасының болмаса, Желге өкпелеме - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еріншектің ертеңі бітпес, Жеңілтектің селтеңі бітпес - еңбек туралы (мақал-мәтел) Опасызбен дос болма, Еріншекпен қос болма - еңбек туралы (мақал-мәтел) Жалқау — жарты кісі - еңбек туралы (мақал-мәтел) Жалқау жатып ішер, Отырып ұйықтар - еңбек туралы (мақал-мәтел) Еңбекке ебі жоқтың, елдікке себі жоқ - еңбек туралы (мақал-мәтел) Жемісті жұмыс жаныңды тындырады Сауыққұмарлық Сағыңды сындырады - еңбек туралы (мақал-мәтел) Ақпаса, су бұзылады - еңбек туралы (мақал-мәтел) Сөзге көп — іске жоқ - еңбек туралы (мақал-мәтел) Кітап - алтын қазына - кітап туралы (мақал-мәтел) Кітап алтын сандық: іші толған қазына, құт, оқы, оқы, ойыңа тұт - кітап туралы (мақал-мәтел) Кітап - білім бұлағы, Білім - өнер шырағы - кітап туралы (мақал-мәтел) Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім - кітап туралы (мақал-мәтел) Кітап көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан - кітап туралы (мақал-мәтел) Кітап - қаймақ, білім - оймақ - кітап туралы (мақал-мәтел) Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі - кітап туралы (мақал-мәтел) Күш – білімде, білім – кітапта - кітап туралы (мақал-мәтел) Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол - кітап туралы (мақал-мәтел) Ел көркі — мал, Өзен көркі — тал - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Ақсақ қой түстен кейін маңырайды - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Таңбасыз тай, енсіз қой болмайды - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) «Көктемде бір тойдым, Көбік қарда бір тойдым» депті-міс тоқты - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Семіздікті қой ғана көтереді - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Бір биеден ала да, құла да туады - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Саулықтың жасы үлкен, Қошқардың басы үлкен - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Алуан – алуан жүйрік бар, өз әлінше шабады - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Жылқы еті: «Тісіңе кіремін, тісіңе кірмесем түсіңе кіремін» - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Байтал шауып бәйге алмас - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Ат жаманы – сүріншек, ет жаманы – шеміршек - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Жылқыда өт жоқ, өсер малда өлім жоқ - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Адам баласы сөйлескенше, жылқы баласы кісінескенше - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Арық атқа қамшы ауыр - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Адам жылқы мінезді - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Жылқыда өт жоқ, өсер малда өлім жоқ - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Ат сүрінбей жер танымас - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Ат тұяғын тай басар - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Мал – адамның бауыр еті - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Алып анадан туады, тұлпар биеден туады - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Ат – ердің қанаты Жүзден - жүйрік, мыңнан – тұлпар - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Жылқының сүті – шекер, еті бал - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Жылқы – малдың патшасы - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Жаман атқа жал бітсе, жаныңа торсық байлатпас - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Тай тулап үйірінен кетпес - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Жылқы құлыңнан көбейер, ақша тиыннан көбейер - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Тай мінген балаға жарасар - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Тұлпар болар құлын мүшесінен белгілі - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Ат айналып қазығын табады, ер айналып елін табады - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Жақсы айғырдың үйірін ат жақтайды - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Өлеңді жерде өгіз семіреді, Өлімді жерде молда семіреді - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Жүйрік атқа мінген құдайын ұмытар - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Байтал мінсең, құлын жоқ, Саумал ішсең, қымыз жоқ - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Айшық мүйіз ақ серке қойды бастар, Қыпша белді жігіттер топты бастар - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Түйе - шудасын, Жылқы - жалын, Сиыр – мүйізін төсейді - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Қонақ қойдан жуас - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Арық малды асырасаң, аузы-мұрның май болар, Жаман адамды асырасаң, аузы-мұрның қан болар - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Кісінеген айғырдың үйірін көр, Шіренген жігіттің үйін көр - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Түйенің бурасы жақсы, Сөздің турасы жақсы - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Құтты қонақ келсе, қой егіз табады - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Қой еті – қоян еті - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Қойдың сүті - қорғасын, Қойды соққан оңбасын - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл-көсір - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Есі кеткен ешкі жияр, Ешкісімен есін жияр - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Нар жолында жүк қаомас - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Ат ерінді келер, Ер мұрынды келер - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Айғырды неден салсаң, Атты содан мінерсің - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Сиыр сипағанды білмейді, Жаман сыйлағанды білмейді - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Ары тартсаң өгіз өледі, Бері тартсаң арба сынады - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Соңғы түйенің жүгі ауыр - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Түйе ботасымен жарасты, Тамақ батасымен жарасты - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Бағы тайған адамды, Түйе үстінде ит қабар - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Ат жаманы таймен ойнар - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Ат тұяғын тай басар - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Есек семірсе, иесін тебер - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Ер тұрманы алтын болса да, Есектің есек аты қалмас - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Есекті өсек десең, Иесінің көңіліне келер - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Тегін келген аттың тісіне қарама - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Сыйыр сипағанды білмейді, Жаман сыйлағанды білмейді - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Өгізге туған күн, Бұзауға да туады - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Ешкі бастаған қой, Егінге түседі - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Қойшы көп болса, Қой арам өлер - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Екі қошқардың басы, Бір қазанға сыймайды - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Қойдың қойдан несі артық, Қол басындай еті артық Ерден ердің несі артық, Ойлап айтқан сөзі артық - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айрылыпты - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Айдағаның бес ешкі, Ысқырғаның жер жарады - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Тай тайға жеткізер, Тай құнанға жеткізер, Құнан атқа жеткізер, Ат мұратқа жеткізер - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Бір қозы туса, бір түп жусан артық өсер - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Бір бие үйдікі, екі бие елдікі - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Бір биеде екі емшек, бірі кетсе сүті жоқ Бір түйеде екі өркеш, бірі кетсе күші жоқ Түйе сілкінсе, бір есекке жүк қалар - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Жүйрік ат бірде ат, бірде қанат - төрт түлік мал туралы (мақал-мәтел) Айтқызған - жамандықтың белгісі, Қамшылатқан - шабандықтың белгісі - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Адам мен адам арасы, аспан мен жердей - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ, Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Ай - ортақ, күн - ортақ, жақсы - ортақ - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Адам туа жаман болмайды, Жүре жаман болады - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Адамға қылсаң жақсылық, Жақсылық білмес кей заңғар Жақсылыққа жамандық жасайтын, Дүниеде бейиман көп жандар - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Екі жаман ауыл болмас, Ауыл болса қауым болмас - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Арғымаққа оқ тисе, мәстектей туламас Сыпайыға оқ тисе, жамандардай жыламас - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Арғымақ аттың құйрығы - әрі жібек, әрі қыл, Қас жақсының белгісі - әрі мырза, әрі құл - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Арық малды асырасаң аузы-мұрның май болар, Жаман адамды асырасаң аузы-мұрның қан болар - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Екі жақсы қосылса, айрылысуға қиыспайды, Екі жаман қосылса, кең дүниеге сиыспайды - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы арына құл, жаман малына құл - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Арықпенен семіздің бауыры бірдей, Жақсыменен жаманның жаны бірдей - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Арық атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас, Жаман адамға мал бітсе, қасына қоңсы қондырмас, қондырса да ондырмас - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Атасы жақсы, көргенін айтады, Атасы жаман, бергенін айтады - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Әркім жолдас болады амандықта, жаман тастап кетеді жамандықта - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Басыңа іс түскенде жақсы көмектесер, жаман күліп кетер - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Биік тауды алыстан көріп, түбіне барма, Жақсының атын естіп үйіне барма - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Биікке шықсаң көзің ашылады, Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді, Бір жақсы мың қолды ерітеді - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Бітісі жаман қамысты, су ішінен өрт шалар, Туысы аман жігітті, түйе үстінен ит қабар - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Бір сынаған жаманды, екі қайтып сынама, Өлшеп-пішпей шамаңды, құр жаныңды қинама - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Бітер істің басына, жақсы келсін қасына - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Бұқаның өзі қартайса да, өзі қартаймайды, Жақсының өзі қартайса да, көңілі қартаймайды - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы болсаң жаның көп - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы адам жолдасынан белгілі - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Бұлттан шыққан күн ащы, Жаман қатынның тілі ащы - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Ескіге жаңа өлшеуіш, Жаманға жақсы өлшеуіш - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы адам елдің ырысы, Жақсы сөз жанның тынысы - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы туса елдің ырысы, Жаңбыр жауса жердің ырысы - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы жатырқамайды, аңқау алдамайды, әңгі тыңдамайды Жақсыда жаттық жоқ, Жаманда жақындық жоқ - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы жерге жатсаң, жақсы түс көрерсің - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы көргенін мақтап жүрер, Жаман көргенін даттап жүрер - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы іске келді, жаман асқа келді - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды, Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы көпке құлық қылмайды, азға зорлық қылмайды - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы көрісіп келіседі, Жаман келісіп керіседі - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші, Жақсылықтың ұрығын алып келді десеңші - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы қыдырып жүрер, Қыдыры артынан шұбырып жүрер - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы қырқында толады, Жаман қырқында солады - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы қартайсад да, ақылынан танбас, Жаман ат қартайса да, жүрісінен танбас - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы кісі текшіл, Жаман кісі кекшіл - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы - суы тәтті көлмен тең, Жаман - желі қатты шөлмен тең - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа, Жаманға ерсең, қаларсың ұятқа - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсының қадірін жақсы білер - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы болсаң - озарсың, Жаман болсаң - азарсың - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы сынаумен жариды, Жаман сынаумен қариды - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы мақтанса, есебін табар, Жаман мақтанса, қатынын сабар - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсыға берсең асыңды, жақсы сыйлар басыңды Жаманға берсең асыңды, итке тастар басыңды - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсыменен жарыққа кім қарамайды - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы өзін қосып сөйлейді, Жаман босқа бөсіп сөйлейді - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсыны жаман десең, аққудай мойнын созады, Жаманды жаман десең, аяғынан тозады - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсыны сыйласаң есінен кетпейді, Жаманды сыйласаң есігіңнен кетпейді - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Таудың басын көр де, Түбіне барма; Жақсының өзін көр де, Үйіне барма - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Ақ сауыттың жағасы бар, Жеңі жоқ, Шын жақсының ашуы бар, Кегі жоқ - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсыда кек жоқ - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, Түбі жоқ сырлас - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсының жаны – жаннат - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы адам жолдасынан танылғы - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсымын деп мақтанба, Халық айтпай, Батырмын деп мақтанба, Жеңіп қайтпай - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы – ай мен күндей – Әлемге бірдей - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Күн ортақ, Ай ортақ Жақсы ортақ - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы кісі қартайса да, Ақылынан танбас, Жақсы ат қартайса да, Жүрісінен танбас - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Ай жарығы – әлемге, Шам жарығы – түбіне - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсыны көрмек үшін - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Сыпайыны үйде көрме, Түзде көр - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Асыл әйел – Әрі еркек, әрі қатын - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы лепес – Жарым ырыс - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсының аты өлмейді, Ақынның хаты өлмейді - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсыны жатқа санама, Аласаны атқа санама - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы адамда жаттық жоқ, Тәуекелдің көңілі жоқ - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Аққу құстың төресі, Жалғыз жатып оттамас Қас жақсының белгісі Қара сөзді жақтамас - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы қыз – Жағадағы құндыз, Жақсы жігіт – Көктегі жұлдыз - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы туса – ел ырысы, Жауын жауса – жер ырысы - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Атадан — өсиет, Анадан — қасиет - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсылықты басыңа қыл, Басыңнан артылса досыңа қыл - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Достың ескісі, Тонның жаңасы жақсы - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жаны жақсы ағаның Етегін баспа, жолын қу Болайын деген баланың Бетін қақпа, белін бу - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы жанның Майлығы мен сулығы бірдей - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Қызың жақсы болса, Өрісің кеңейеді Ұлың жақсы болса, Қонысың кеңейеді - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсыға барсаң — Жазылып қайтарсың Бақсыға барсаң — Қағынып қайтарсың - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсыны көрмек үшін, Сұлуды сүймек үшін - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы ат аяғынан қалады, Жақсы адам құлағынан қалады - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Бітер істің басына — Жақсы келер қасына - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Алтын белдік — бел сәні, Асы жігіт — ел сәні - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Сырласуға дос жақсы, Сыйласуға жат жақсы - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Асылдың сынығы — Айдынның тұнығы - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсылық біреуден қайтпаса, Біреуден қайтады - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жоқтыққа жүйрік жетпейді - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Адалдық ардың ісі, Ауырлықты көтеру нардың ісі Жақсы іске жан сүйінер - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсының жаттығы жоқ - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсыжастаншығады, Темір тастан шығады - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жігіт жақсысын — Сұлтан дейді, Ит жақсысын — Сырттан дейді - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы — елдің мақтаны, Жұпар гүл — жердіңмақтаны - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы кісі өлмесін, Жамандықты көрмесін - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсы ай менен күндей, Жақсылығы жанның бәріне бірдей - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Өгіздің өзі қартайса да, Мұрыны қартаймайды Жақсының өзі қартайса да, Көңілі қартаймайды - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсылық ұмытылмас - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Ақылды кісіні аяла, Ақымақ кісіні аяма - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жақсыны көріп — Жан семіреді - жақсы жаман туралы (мақал-мәтел) Жетімге жеті бидай да тамақ - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Жетімнің қарны жетеу - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Айла алтау, ақыл жетеу - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Тоғыз ат бір қазыққа байланбас - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Тойған үйге тоғыз бар - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Тоғыз қатынның толғағы бір келді - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Тоғыз ат бір қазыққа байланбас - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Бір ит көріп үреді, Екі ит еріп үреді - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Бірінші байлық – денсаулық, Екінші байлық – ақ жаулық, Үшінші байлық – он саулық - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Бір жылға қоян терісі де шыдайды - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Аларманға алтау аз, Берерменге бесеу көп - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Екі баланың ортасындағы шал бала болады, Екі шалдың ортасындағы бала дана болады - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Бас екеу болмай, мал екеу болмас - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы Мың қайғы бір борышты өтемейді - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Елуінде – ер дана, Елу жылда-ел жаңа - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар Отыз тістен шыққан сөз, Отыз руға тарайды - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Мыңның жүзін білгенше, Бірдің атын біл - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Жақсы кісі қырқында толады, жаман кісі қырқында солады - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Жүз дімкеске бір лепес - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Бірінші әйел – шекер, екінші әйел – бекер - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Бірінші әйелді құдай қосады, екіншісін адам қосады, үшіншісін сайтан қосады - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Ағайын – алтау, ана – біреу - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Аласыға алтау аз, бересіге бесеу көп - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Алтаумын деме, жетеуге жолығасың, жетеумін деме, сегізге жолығасың - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Шындық – сегіз, бақыт егіз - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Ер- егіз, еңбек- жалғыз - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады, Еңбек пен бақыт – егіз - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Құтты қонақ келсе, қой егіз табады - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Қорқаққа қос көрінер - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Құдай бір ұрғанды, қос қолдап ұрады - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Бір жебемен қос нысана оққа ұшты - жеті саны туралы (мақал-мәтел) Жердің сәні - егін, Ердің сәні - білім - білім туралы (мақал-мәтел) Жер - ырыстың кіндігі, Білім - ырыстың тізгіні - білім туралы (мақал-мәтел) Білімді бесіктен тесікке дейін ізден - білім туралы (мақал-мәтел) Өнер - ағып жатқан бұлақ, Ілім - жанып тұрған шырақ - білім туралы (мақал-мәтел) Білімді өлсе, Қағазда аты қалар Ұста өлсе, Істеген заты қалар - білім туралы (мақал-мәтел) Кітап - алтын қазына - білім туралы (мақал-мәтел) Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі - білім туралы (мақал-мәтел) Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір - білім туралы (мақал-мәтел) Көргенсіз дегенге кек тұтпа, Көргеніңнен көрмегенің көп - білім туралы (мақал-мәтел) Ғылым - теңіз, білім - қайық - білім туралы (мақал-мәтел) Алтын алма, білім ал - білім туралы (мақал-мәтел) Ұстаздан шәкірт озар - білім туралы (мақал-мәтел) Оқымаған бір бала, Оқыса екі бала - білім туралы (мақал-мәтел) Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл - білім туралы (мақал-мәтел) Әліппенің ар жағы - білім бағы - білім туралы (мақал-мәтел) Ғылыммен жақын болсаң , қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер - білім туралы (мақал-мәтел) Шәкіртсіз ұста - тұл - білім туралы (мақал-мәтел) Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла - білім туралы (мақал-мәтел) Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім - білім туралы (мақал-мәтел) Білімі жоқ ұл - жұпары жоқ гүл - білім туралы (мақал-мәтел) Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын - білім туралы (мақал-мәтел) Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол - білім туралы (мақал-мәтел) Асу бермес асқар жоқ - білім туралы (мақал-мәтел) Білегіңе сенбе, біліміңе сен - білім туралы (мақал-мәтел) Білім арзан, білу қымбат - білім туралы (мақал-мәтел) Екпей егін шықпас, Үйренбей білім жұқпас - білім туралы (мақал-мәтел) Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей, Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей - білім туралы (мақал-мәтел) Білім ауысады, Ырыс жұғысады - білім туралы (мақал-мәтел) Ақыл - тозбайтын тон, Білім – таусылмайтын кен - білім туралы (мақал-мәтел) Білген кісі тауып айтады, Білмеген кісі қауып айтады - білім туралы (мақал-мәтел) Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен жоқ болса кішіден сұра - білім туралы (мақал-мәтел) Ақыл –дария, Ой – теңіз - білім туралы (мақал-мәтел) Оқығанның бәрі жарық, Оқымағанның беті шарық - білім туралы (мақал-мәтел) Білек сүріндіре алмағанды, Білім сүріндіреді - білім туралы (мақал-мәтел) Білегі күшті бірді жығады, Білімі күшті мыңды жығады - білім туралы (мақал-мәтел) Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді - білім туралы (мақал-мәтел) Ғылым – теңіз, білім – қайық - білім туралы (мақал-мәтел) Білетінің бір тоғыз, Білмейтінің тоқсан тоғыз - білім туралы (мақал-мәтел) Жердің сәні – егін, ердің сәні – білім - білім туралы (мақал-мәтел) Күш - білімде, білім - кітапта - білім туралы (мақал-мәтел) Кісінің кісілігі, Киімінде емес, Білімінде - білім туралы (мақал-мәтел) Киіміне қарап,қарсы алады, Біліміне қарап шығарып салады - білім туралы (мақал-мәтел) Білім гауһар- Бағасы жоқ Надандық кесел- Дауасы жоқ - білім туралы (мақал-мәтел) Қарғыстың ең жаманы - Өзің білме, Білгеннің тілін алма - білім туралы (мақал-мәтел) Түстік өмірің болса, Кештік білім жи - білім туралы (мақал-мәтел) Білмесең үндеме, Білгенді күндеме - білім туралы (мақал-мәтел) Білетінің бір тоғыз, Білмейтінің тоқсан тоғыз - білім туралы (мақал-мәтел) Білмесең үндеме, Білгенді күндеме - білім туралы (мақал-мәтел) Білім гауһар, бағасы жоқ Надандық кесел, дауасы жоқ - білім туралы (мақал-мәтел) Киіміне қарап қарсы алады, Біліміне қарап шығарып салады - білім туралы (мақал-мәтел) Күш - білімде, білім - кітапта - білім туралы (мақал-мәтел) Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді - білім туралы (мақал-мәтел) Білегі күшті бірді жығады, Білімі күшті мыңды жығады - білім туралы (мақал-мәтел) Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен жоқ болса кішіден сұра - білім туралы (мақал-мәтел) Ақыл - тозбайтын тон, Білім – таусылмайтын кен - білім туралы (мақал-мәтел) Білім арзан, білу қымбат - білім туралы (мақал-мәтел) Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей, Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей - білім туралы (мақал-мәтел) Екпей егін шықпас, Үйренбей білім жұқпас - білім туралы (мақал-мәтел) Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол - білім туралы (мақал-мәтел) Оқымаған бір бала, Оқыса екі бала - білім туралы (мақал-мәтел) Ұстаздан шәкірт озар - білім туралы (мақал-мәтел) Алтын алма, білім ал - білім туралы (мақал-мәтел) Ғылым - теңіз, білім - қайық - білім туралы (мақал-мәтел) Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір - білім туралы (мақал-мәтел) Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі - білім туралы (мақал-мәтел) Білімді өлсе, Қағазда аты қалар Ұста өлсе, Істеген заты қалар - білім туралы (мақал-мәтел) Өнер - ағып жатқан бұлақ, Ілім - жанып тұрған шырақ - білім туралы (мақал-мәтел) Білімді бесіктен тесікке дейін ізден - білім туралы (мақал-мәтел) Жердің сәні - егін, Ердің сәні - білім - білім туралы (мақал-мәтел) Өмірдің өзі - ұлы ұстаз - білім туралы (мақал-мәтел) Білім басы - бейнет, соңы - зейнет - білім туралы (мақал-мәтел) Ілім - бұлақ Білім - шырақ - білім туралы (мақал-мәтел) Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ - білім туралы (мақал-мәтел) Оқу инемен құдық қазғандай - білім туралы (мақал-мәтел) Оқу түбі тоқу - білім туралы (мақал-мәтел) Ойнада күл, Оқыда біл - білім туралы (мақал-мәтел) Білім - ер азығы, Ер - ел азығы - білім туралы (мақал-мәтел) Оқу - білім азығы, Білім - ырыс қазығы - білім туралы (мақал-мәтел) Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы - білім туралы (мақал-мәтел) Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні қаріп - білім туралы (мақал-мәтел) Білім таппай мақтанба, Өнер таппай баптанба - білім туралы (мақал-мәтел) Көргеннен көрмегенің көп Білгеннен білмегенің көп - білім туралы (мақал-мәтел) Білім алып құрасын, Еңбек етіп сұрасын - білім туралы (мақал-мәтел) Білім ауысады, Ырыс жұғысады - білім туралы (мақал-мәтел) Біреу білмегеңді, біреу білер, Біреу жылайтынға, біреу күлер - білім туралы (мақал-мәтел) Туа білмейді, жүре біледі - білім туралы (мақал-мәтел) Білімдіден ақыл шығар Ақылды қарттан нақыл шығар - білім туралы (мақал-мәтел) Қарғыстың ең жаманы: Өзің білме, білгеннің тілін алма - білім туралы (мақал-мәтел) Қой асығы демей-ақ Қолыңа толса, сақа тұт, Жасы кіші демей-ақ Ақылы асса, аға тұт - білім туралы (мақал-мәтел) Қолдағы бар алтынның қадірі жоқ - білім туралы (мақал-мәтел) Ақыл азбайды, Білім тозбайды - білім туралы (мақал-мәтел) Сақтықты соқырдан үйрен, Кішілікті түйеден үйрен - білім туралы (мақал-мәтел) Ел көркі — мал, Өзен көркі — тал - ел халық туралы (мақал-мәтел) Азған елдің баласы бірін-бірі жамандар, қақпан құрып алдына құлатуға амалдар - ел халық туралы (мақал-мәтел) Озған елдің баласы бірін-бірі "батыр" дер, қойны-қоншы құйылып, толып тұрған ақыл дер - ел халық туралы (мақал-мәтел) Аз қойда айран бар, өре жоқ, Аз елде азар бар, төре жоқ - ел халық туралы (мақал-мәтел) Айрылған болсаң еліңнен, қуатың кетер беліңнен - ел халық туралы (мақал-мәтел) Айрылған ел — азады, Қосылған ел — озады - ел халық туралы (мақал-мәтел) Ақбөкенді "жатыр" деме, Көшкен елді "отыр" деме - ел халық туралы (мақал-мәтел) Акқу көлге, ер елге паналайды - ел халық туралы (мақал-мәтел) Арқа сүйер елің болсын, Аунап жатар жерің болсын - ел халық туралы (мақал-мәтел) Алысып ойнар теңің болсын, Сүңгіп бойлар көлің болсын - ел халық туралы (мақал-мәтел) Арша өскен жерінде, Азамат өскен еліңде - ел халық туралы (мақал-мәтел) Атауы кеткен елдің матауы кетеді - ел халық туралы (мақал-мәтел) Бабын тапсаң: байлық — жерде, береке, салтанат — елде - ел халық туралы (мақал-мәтел) Бақа көлінде патша, Балық суында патша, Жігіт елінде патша - ел халық туралы (мақал-мәтел) Бақа көлін сүйеді, Бұлдырық шөлін сүйеді, - ел халық туралы (мақал-мәтел) Ер жігіт елін сүйеді - ел халық туралы (мақал-мәтел) Білек түр де еңбек ет, Етек түр де елге жет - ел халық туралы (мақал-мәтел) Дос та елден, жау да елден (Дулат) - ел халық туралы (мақал-мәтел) Ел аралаған сыншы болар, Орман аралаған үйші болар - ел халық туралы (мақал-мәтел) Ел артындағы шаң жұтады, Ел алдындағы май жұтады - ел халық туралы (мақал-мәтел) Ел ауызы дуалы, Көп ауызы куәлі - ел халық туралы (мақал-мәтел) Ел барда ер қор болмас, Ер барда ел қор болмас - ел халық туралы (мақал-мәтел) Ел боламын десең — бесігіңді түзе - ел халық туралы (мақал-мәтел) Ел бұзылса салады шайтан өрнек (Абай) - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елге берсең асыңды ел қадірлер басыңды Итке берсең асыңды ит мүжиді басыңды - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елге дұшпан жерге сыймас, Жерге дұшпан елге сыймас - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елге, елек те керек, желек те керек - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елге ел қосылса — құт, Желге сел қосылса — жұт - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елге ерсі іс істеме - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елге жақса қылығың — елдің іші тынымың Елге жақпаса қылығың — үзіледі жұлының - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елге келген жұмыска: жақсы жүрер қайысып, жаман жүрер майысып (Майлықожа) - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елге қылған жақсылық еленбей қалмайды, Еңбек еткен ерінбей кенелмей қалмайды - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елге мал көптік қылмайды, Жерге тал көптік қылмайды, Тарыға май көптік қылмайды, Күрішке су көптік қылмайды - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елге сыймаған жерге сыймайды - ел халық туралы (мақал-мәтел) Ел даусыз болмайды, Ер жаусыз болмайды - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елде болса ерінге тиеді, Ауылда болса ауызға тиеді - ел халық туралы (мақал-мәтел) Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып істе - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елді ерке бұзады, Етті желке бұзады - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елді есі кеткен жамандайды - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елді жерде түлкі аштан өлмес - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елді жер — еңісті жер, Еңісті жер — жемісті жер - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елді қу бұзады, Сүтті су бұзады - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елдің даңқын қонағы шығарар, Жердің даңқын бұлағы шығарар - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елдің елдігі ерінен танылар, Елдің байлығы жерінен танылар - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елдің көзі елу - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елдің күші елу батпан - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елдің күші селдің күші - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елдің іші береке, Көптің іші мереке - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елді сөкпе, кенді төкпе - ел халық туралы (мақал-мәтел) Ел ебелек емес, Ер көбелек емес - ел халық туралы (мақал-мәтел) Ел-елдің бөрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы - ел халық туралы (мақал-мәтел) Еленем десең елге жақ, Жер емем десең жерге жақ - ел халық туралы (мақал-мәтел) Елеулі болғың келсе елден ас - ел халық туралы (мақал-мәтел) Ел жаусыз болмас, Жер таусыз болмас - ел халық туралы (мақал-мәтел) Ел-жүртыңның қадірін, Іс түскенде білерсің - ел халық туралы (мақал-мәтел) Cары тонның қадірін, Қыс түскенде білерсің - ел халық туралы (мақал-мәтел) Тозған елді там жияр - ел халық туралы (мақал-мәтел) Толған ел тарихын таспен жазады, Тозған ел тарихын жаспен жазады - ел халық туралы (мақал-мәтел) Шетте жүріп тарығарсың, өз елінді сағынарсың - ел халық туралы (мақал-мәтел) Іргесі берік елді жау алмас, Дауысы бірге елді дау алмас - ел халық туралы (мақал-мәтел) Халық ханға бағынғанда - бала, Ашуланғанда - әке - ел халық туралы (мақал-мәтел) Халықтан аспа, жамандыққа баспа - ел халық туралы (мақал-мәтел) Қарға тамырлы қазақ Қазақ ауылы қарайлас, Шеру соңы орайлас - ел халық туралы (мақал-мәтел) «Қазақ» десең, өзіңе тиеді, «Соқыр» десең, көзіне тиеді Қазақ, қырғыз бір туған, Сарт шіркінді кім туған? Қазақ қартайса, түйе бағады, Қарақалпақ қартайса, томар қазады Түйеге мінген қазақ Төрт ауыз өлең біледі - ел халық туралы (мақал-мәтел) Ноғай, қазақ - бір кісі Қазақтың айраны көп, Орыстың мейрамы көп Қазақ байыса, қатын алады, Өзбек байыса, үй салады Сары орыс, сары орыстың бәрі орыс Кәрі орыс мұсылман болмайды Орыстың ойыны жаман, Шошқаның мойыны жаман - ел халық туралы (мақал-мәтел) Орыспен жолдас болсаң, Жаныңда айбалтаң болсын Қара қытай қаптаса, Сары орыс өз әкеңдей көрінер Қытай көп пе, қыпшақ көп пе? Өзбек - өз ағам, сарт - садағам - ел халық туралы (мақал-мәтел) Өзбектің кигенін ал, Қазақтың мінгенін ал - ел халық туралы (мақал-мәтел)