Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады - құстар туралы (мақал-мәтел) Ит тамағы үшін жүгіреді Құс тамағы үшін ұшады - құстар туралы (мақал-мәтел) Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады - құстар туралы (мақал-мәтел) Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді - құстар туралы (мақал-мәтел) Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға - құстар туралы (мақал-мәтел) Құс баласы қырымға қарайды Қаршыға ілген қазға сын - құстар туралы (мақал-мәтел) Қаршығалыға қоян кездеспейді, Жарақтыға жау жолықпайды - құстар туралы (мақал-мәтел) Жарқанатқа жарықтан қараңғы артық - құстар туралы (мақал-мәтел) Қаз келсе, жаз келер, Қарға келсе, қатқақ келер - құстар туралы (мақал-мәтел) Шағала келмей жаз болмас, Шаңқан келмей, боз болмас - құстар туралы (мақал-мәтел) Жапалақ мақтанса, Жардан қоян алдым дер Жаман мақтанса, Жақсының жағасынан алдым дер - құстар туралы (мақал-мәтел) Қарға қарғаның көзін шұқымас - құстар туралы (мақал-мәтел) Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер - құстар туралы (мақал-мәтел) Ер қадірін ер білер, Зер қадірін зергер білер - өнер туралы (мақал-мәтел) Жігіт адамға жетпіс өнер де аз - өнер туралы (мақал-мәтел) Жігіт көркі — өнер - өнер туралы (мақал-мәтел) Қыз еркем кестесімен көркем, Ұл еркем өнерімен көркем - өнер туралы (мақал-мәтел) Ата өнері — балаға мұра - өнер туралы (мақал-мәтел) Ұстаны соққан пышағынан таниды - өнер туралы (мақал-мәтел) Шеберлікке шек жоқ - өнер туралы (мақал-мәтел) Қазаншының өз еркі Қайдан құлақ шығарса - өнер туралы (мақал-мәтел) Күшіңе сенбе, ісіңе сен - өнер туралы (мақал-мәтел) Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер - өнер туралы (мақал-мәтел) Киім пішсең кең піш, Тарылтуың оңай Темір кессең қысқа кес, Ұзартуың оңай - өнер туралы (мақал-мәтел) Өнерліге есік ашық - өнер туралы (мақал-мәтел) Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар - өнер туралы (мақал-мәтел) Шебердің қолы көпке ортақ - өнер туралы (мақал-мәтел) Қалауын тапса, қар жанар - өнер туралы (мақал-мәтел) Болат біз қап түбінде қалмас - өнер туралы (мақал-мәтел) Алтынды ала білген бөле де біледі - өнер туралы (мақал-мәтел) Еңбек ептілікті сүйеді - өнер туралы (мақал-мәтел) Өтпес пышақ қол кесер - өнер туралы (мақал-мәтел) Өнерлінің өзегі талмас - өнер туралы (мақал-мәтел) Өнерпаздың он қолы бар - өнер туралы (мақал-мәтел) Қол өнері — кілемде, Сөз өнері - өлеңде - өнер туралы (мақал-мәтел) Оймақ пішсең де ойлап піш - өнер туралы (мақал-мәтел) Әр нәрсеге асық болғанша, Бір нәрсеге машық бол - өнер туралы (мақал-мәтел) Күш жақсы, күштен іс жақсы - өнер туралы (мақал-мәтел) Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес - өнер туралы (мақал-мәтел) Шеберді шеге қағысынан таны - өнер туралы (мақал-мәтел) Өнерлінің өрісі ұзақ - өнер туралы (мақал-мәтел) Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын - өнер туралы (мақал-мәтел) Асыл тастан шығады, Өнер жастан шығады - өнер туралы (мақал-мәтел) Өнер өрге жүзгізеді - өнер туралы (мақал-мәтел) Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер - өнер туралы (мақал-мәтел) Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар - өнер туралы (мақал-мәтел) Жантақтан ине, жаңқадан түйме жасаған - өнер туралы (мақал-мәтел) Темірге тіл, жаңқаға жан бітіретін - өнер туралы (мақал-мәтел) Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген - өнер туралы (мақал-мәтел) Ерінбеген етікші болады - өнер туралы (мақал-мәтел) Өнерліге өлім жоқ - өнер туралы (мақал-мәтел) Қайратыңа әдісіңді жолдас ет - өнер туралы (мақал-мәтел) Қолың ұста болсын, сөзің қысқа болсын - өнер туралы (мақал-мәтел) Тамызығын тапсаң, тас та жанады - өнер туралы (мақал-мәтел) Көл көлге құяды, Сел селге құяды — шұқанаққа дым да жоқ - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Көлмін деп көпіресің ішінде бір балығың жоқ - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Көл тартылса кұс қашар - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Казғанмен су шықпайды қыр басынан(Біржан сал) - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Қара суға жапалақтап қар жауса қара балық ұрық салады - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Құдық қазсаң көлді каз, көл суалмай суалмас (Ақтамберді жырау) - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Қыдырдың қасыңда болғанша, бұлақтың басында бол - өзен көл туралы (мақал-мәтел) От — арық, су — семіз - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Өзен ақса — көл, Дария ақса — сел - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Өзен бойы тұрғанда өзге жерге қонбаңыз - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Өзен жағалағанның өзегі талмас - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Өзен-суға жарасқан қамысы мен қоғасы, Қарияға жарасқан аузындағы тобасы - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Өзен суын жаңбыр тасытады, Адам қадірін еңбек асыртады - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Өзен ұзақ ағады бұлағы болса басында, Іздеген бақыт табады жалықпаса жасында - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Ағын су арнасын табады - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Ағын су бал татыр, Ақ шабағы май татыр - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Ағын су жолын табады, Ақ адам оңын табады - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Ақ қар көп болса — ақ нан көп - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Ақпаса су бұзылады - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Алпыс күн тасыған су алты күнде қайтар - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Арық бар жерде су бар, Су бар жерде ну бар - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Арық қазбасаң су келмейді - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Бұлағы болмаса өзен де саркылар - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Бұлақ көрсең көзін аш - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Бүлаққа бүлақ қосылса — "егізбіз" дейді, Көлге көл қосылса — "теңізбіз" дейді - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Дария арам болмайды ит қанша сигенмен - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Дария басы — бұлақ - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Дария толы су болса ит тілімен су ішер - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық (Кыпшақ Сейітқұл) - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Иірімі жоқ судан иірілген балық не табады? - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Көлдің көркі — құрақ, Таудың көркі — бұлақ - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Көл жағалағанның көні кеппес - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Сағадағы су ішеді, Аяқтағы у ішеді - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Сай қуалап су ағар, Жел қуалап от жанар - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Сасық суда жайын жоқ, Олжа малда қайыр жоқ - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Саяз су сарқырап ағады - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су аққан жерінен ағар, шөп шыққан жеріне шығар - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су ақса — сайына, Жылқы жоғалса — үйіріне - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су анасы — бұлақ, Сөз анасы — құлақ - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су аяғы — құрдым - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су байлық — алты айлық, Қар байлық — үш айлық - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су бар жерде ырыс бар: ұстап балық жейсің, ақ бидай егіп, нанын жейсің - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су басынан бұзылады - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су басынан тынады, Балық басынан шіриді - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су бергеннің сауабы бар, Су төккеннің жауабы бар - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су бермегенге сүтіңді бер — ақ ниетінді білсін - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су болмай балық аулауга болмас, Жүз жыртпай дау даулауға болмас - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Суға кеткен тал қармайды - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Суға салған тонның енді аяйтын несі қалды? - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Суға тері и болмас, Сұғанақ жігіт би болмас - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Судағы балыққа қуанба, өлі сенікі емес - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су — диханның каны, Жер — қолыңдағы наның - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Судың басы бұлақ болса, аяғы құяр теңізге Жақсыдан жаман туса да, тартпай қоймас негізге - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Судың да сұрауы бар - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Судың жолын құм бөгер, Ердің жолын сұм бөгер - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Судың терең саязын ағысынан білерсің, Аттың жақсы, жаманын шабысынан білерсің - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Судың түбін шым бекітеді, Сөздің түбін шын бекітеді - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Суды өзі кешіп ішпей мал қоңданбайды, Шөпті өзі орып жемей мал жонданбайды - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Суды шым бөгейді, дауды қыз бөгейді - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Суды шым тоқтатар, Сөзді шын тоқтатар - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су жүрген жер молшылық, абат емей немене Жақсылардың сөздері қанат емей немене - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су жүрген жер шүлен - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су — зер, сушы — зергер - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су кезегінен қалған он екі ай аш - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су келтірер мәрт кісі, Егін егер ер кісі - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су кетсе тас қалады, Сүрме кетсе қас қалады - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су — қан, еңбек — жан - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су қатайса мұз болар (Марабай ақын) - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Сулы жердің қасиеті сағасында, Нулы жердің қасиеті ағашында - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Сулы жер қүрақсыз болмас, Таулы жер бүлақсыз болмас - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Сулы жер — нулы жер, Бұлақты жер — тұрақты жер - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Сумен ойнама — батарсың, Отпен ойнама — жанарсың - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су патшасы — мұрап, Түн патшасы — шырақ - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су перісі сұлтан - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Сусағанның түсіне су кіреді - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су сағасы — бұлақ, Сөз сағасы — құлақ - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су сүреңін табады - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Сусыз жердің оты арам - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Сусыз жердің шөбі сұйық, Суайт адамның сөзі сүйық - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Сусыз өмір жоқ, Отсыз темір жоқ - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су тасыса жиегіне, Ер тасыса еліне - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су түбіне жетпейсің бойлағанмен, Ой түбіне жетпейсің ойлағанмен - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Суы ащы теңізден томар да болса көл артык, - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Суы бардың буы бар - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Суымен Жайық әдемі, Ескегімен қайық әдемі - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су ырыстың көзі, Еңбек кірістің көзі - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су ішетін арығы жоқ еддің сүзіп алатын балығы жоқ - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Су ішкен құдығыңа түкірме - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Сылдырсыз аққан судан без - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Терең құдықтың суы тәтті - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Терең судың ағысы білінбес - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Терлей-терлей тоған байласаң қызара бөртіп су ішерсің - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Толықсып акқан дария — мейірманды қария - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Түнгі су — ну, күңдізгі су — бу - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Шөлдегі шұқанақ суға тоймас - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Шөлдеп ішкен қара су шекер емей немене Тебінгенмен біткен мал бекер емей немене - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Шөл жағалап қонба, көл жағалап қон - өзен көл туралы (мақал-мәтел) Сөздің көркі – мақал, Иектің көркі – сақал - сөз туралы (мақал-мәтел) Түйенің бурасы жақсы, Сөздің турасы жақсы - сөз туралы (мақал-мәтел) Қымбат дүние қолға түсе бермейді, Қымбат сөз ауызға түсе бермейді - сөз туралы (мақал-мәтел) Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады, Күн жылытпас сұм жүректі сөз жылыта алады - сөз туралы (мақал-мәтел) Асыл сөзге өлім жоқ - сөз туралы (мақал-мәтел) Көп сөз ұтпайды, Дөп сөз ұтады - сөз туралы (мақал-мәтел) Сөйлей-сөйлей шешен болар, Көре-көре көсем болар - сөз туралы (мақал-мәтел) Жалғыз сөйлеген жігіт шешен - сөз туралы (мақал-мәтел) Сөз асылы – мақал - сөз туралы (мақал-мәтел) Ақын тілі – наркескен - сөз туралы (мақал-мәтел) Ақынның хаты өлмейді, Жақсының аты өлмейді - сөз туралы (мақал-мәтел) Сөз тапқанға қолқа жоқ - сөз туралы (мақал-мәтел) Шешеннің тілі – семсердің жүзі - сөз туралы (мақал-мәтел) Отыз тістен шыққан сөз, Отыз руға тарайды - сөз туралы (мақал-мәтел) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар - сөз туралы (мақал-мәтел) Сөзге сөз келгенде сөйлемесе, атасы өледі - сөз туралы (мақал-мәтел) Сөз жіп, созсаң кете береді - сөз туралы (мақал-мәтел) Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін - сөз туралы (мақал-мәтел) Сөз тапқанға қолқа жоқ - сөз туралы (мақал-мәтел) Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді - сөз туралы (мақал-мәтел) Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды - сөз туралы (мақал-мәтел) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле - сөз туралы (мақал-мәтел) Жақсы сөз жан сүйіндірер, Жаман сөз жан күйіндірер - сөз туралы (мақал-мәтел) Байлауы жоқ шешеннен, Үндемеген есті артық Бәйгі алмаған жүйріктен, Белі жуан бесті артық - сөз туралы (мақал-мәтел) Жылы-жылы сөйлесе жылан да інінен шығады - сөз туралы (мақал-мәтел) Арық айтып, семіз шық - сөз туралы (мақал-мәтел) Адам аласынан сөз аласы жаман, Оттың шаласына сөз таласы жаман - сөз туралы (мақал-мәтел) Сөйлегенше – сөзіңе өзің қожа, Сөйлеген соң - өзіңе сөзің қожа - сөз туралы (мақал-мәтел) Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ - сөз туралы (мақал-мәтел) Жақсы байқап сөйлейді, Жаман шайқап сөйлейді - сөз туралы (мақал-мәтел) Ат айналып иесін табар, Сөз айналып жүйесін табар - сөз туралы (мақал-мәтел) Жақсы адам ел ырысы, Жақсы сөз жанның тынысы - сөз туралы (мақал-мәтел) Сөз сүйектен өтеді, Таяқ еттен өтеді - сөз туралы (мақал-мәтел) Ұлы сөзде ұят жоқ - сөз туралы (мақал-мәтел) Ауруда — шаншу жаман, Сөзде — қаңқу жаман - сөз туралы (мақал-мәтел) Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша, Адал сөйлеп, жұртқа жақ - сөз туралы (мақал-мәтел) Артында баласы қалса, көзі қалды де, Артында сөзі қалса, өзі қалды де - сөз туралы (мақал-мәтел) Қылышынан қан тамған батырды, Тілінен бал тамған ақын алады - сөз туралы (мақал-мәтел) Дәлдеп атып жауды өлтір, Дәлдеп айтып дауды өлтір - сөз туралы (мақал-мәтел) Тілге шешен — іске мешел - сөз туралы (мақал-мәтел) Жалғыздық құдайға жарасар, Көпсөзділік құранға жарасар - сөз туралы (мақал-мәтел) Көңілдегі құпияны - Көзің айтып қояды, Көп сөйлеген күпілдеп - Сөзің айтып қояды - сөз туралы (мақал-мәтел) Орынды айтылған сөз - Орнына қағылған шеге сияқты - сөз туралы (мақал-мәтел) Әзілде кек жоқ, Өсекте шек жоқ - сөз туралы (мақал-мәтел) Тілде тиек жоқ, Ауызда жиек жоқ - сөз туралы (мақал-мәтел) Қысыр сөзде қырсық көп - сөз туралы (мақал-мәтел) Өсекшінің тілі қышып тұрады - сөз туралы (мақал-мәтел) Ауызбен орақ орғанның белі ауырмайды - сөз туралы (мақал-мәтел) Байлауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық - сөз туралы (мақал-мәтел) Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік - сөз туралы (мақал-мәтел) Көп сөз — есекке жүк - сөз туралы (мақал-мәтел) Ділмардың сөзі ұстаның бізінен өткір - сөз туралы (мақал-мәтел) Шешендік күші — шындық - сөз туралы (мақал-мәтел) Сөзшеңді үндемеген жеңеді - сөз туралы (мақал-мәтел) Мылжың үндемесе басы ауырады - сөз туралы (мақал-мәтел) Аз сөйлесең де саз сөйле - сөз туралы (мақал-мәтел) Отқа барған әйелдің - отыз ауыз сөзі бар - сөз туралы (мақал-мәтел) Түймедейді түйедей етіп - сөз туралы (мақал-мәтел) Ине көзінен сынады, Шешен сөзінен сынады - сөз туралы (мақал-мәтел) Көп сөйлесең тақылдақ дер, Сөйлемесең ақымақ дер - сөз туралы (мақал-мәтел) Аузымен астау шапқан Қолымен жаңқа жара алмас - сөз туралы (мақал-мәтел) Ауыз — дарбаза, сөз — самал, Құдай ұрғанға не амал - сөз туралы (мақал-мәтел) Тілменен тікен тартып болмайды - сөз туралы (мақал-мәтел) Ұялмас бетке талмас жақ береді - сөз туралы (мақал-мәтел) Бала тәрбиесі бесіктен - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Қар қылаумен өседі, Бала сылаумен өседі Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Тұңғышыңды дұрыс үйретсең, Соңғылары өздері үйренеді - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Алдыңғы арбаның доңғалағы қайда жүрсе, Соңғы арбаның доңғалағы сонда жүреді - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Ағадан - ақыл, атадан - нақыл - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Ізет - ініден, әділдік - ағадан - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Мейірімділікті анадан үйрен, Әділдікті данадан үйрен - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Әкесі ұлын ұрып, түзетеді, Анасы қызын ұрып, жүдетеді Аз-аздан үйреніп дана болар - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Дұрыс қанаттанған түзу ұшар - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Балаға өз тіліңмен сөйлеме, Өз тілімен сөйле - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда соны іледі - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Балаға байқап сөйлесең, ақылыңа көнер, Байқамай шет сөйлесең, көп ішінде өлер - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Көш жүре түзелер - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Әркім өз бойына тон пішеді Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, Ұлы атадан үйренбей сапар шекпес - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Ана сүтімен бітпеген қасиет Тана сүтімен сіңбейді - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Әдептілік - әдемілік - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Әдепсіз өскен адамнан Тәртіппен өскен тал артық Әдепсіз аяқ боқ басарӘдеп әдет емес, жөн - әдет Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Тозаң басқан құдық та бір, Тозығы жеткен ғұрып та бір Ағаштан ағаш сәнін алады, Адамнан адам тәлім алады Жақсыға ізет, Жаманды күзет Ас ішсең, аяғыңды жина - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Үйге кіргенде дыбыс қыл, Ентелемей дұрыс кір - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Бір адамға қадірің жүрмесе, Екі адамға күлкі боларсың - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Үйден ұзап шықсаң, Қатыныңа қадірің артады - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Ауылдан ұзап шықсаң, Жақыныңа қадірің артады - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Өз қадірін білмеген, Қадірлінің қадірін білмес - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Болмасаң да ұқсап бақҚадіріңді білмегенге қадіріңді кетірме - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Бүгінгі ашуыңды ертеңге қалдыр Тақиялы бас талайды көреді - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Кісі есігі - темір (тоң) есік - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Тәтті өмірдің сұрауы қатты - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Тек жүрсең - тоқ жүресің - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Гүл бар жерде тікен бар Отырған адам үйге кіргенге орын берер - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Қамысты бос ұстасаң қол кесер Ине өткен жерден жіп те өтеді - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Құрмет етсең - құрмет көресің Бас - тымақтың үлгісі - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Сұрағаннан берген артық Шүкіршілік қылғанның ырысы артық - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Біреу білмегенді біреу біледі, Біреу жылайтынға біреу күледі Бес саусақ бірдей емес - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Тәттінің дәмсізі, балдың уы бар Алтын мен күміс, әманда, таспен бірге жатады - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Ағадан қалғанды іні киіп өседі, Ападан қалғанды сіңлі киіп өседі, Көрмегендерін ойына түйіп өседі - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен болмаса, кішіден сұраОтының болмаса, көршіден сұра, Өзің білмесең, кісіден сұра - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Көрегенді көнеден сұра, Көне білмесе, көп жүргеннен сұра - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Көргенді кісі көргенін айтар, Көргенсіз кісі бергенін айтар - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Көргені бар көргенін істейді, Көргені жоқ ойына келгенін істейді Көз көруге, құлақ естуге тоймайды - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Көргенсіз десе кек тұтпа, Көргеніңнен көрмегенің көп Көргенсіз дегенге ашуланба, Көрмей білмейсің - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Көрген көргенін істейді, Көсеу түрткенін істейді Көрмегенге көсеу таң - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Көп жасаған білмейді, Көп көрген біледі - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Көргеннен көрмегенің көп, Білгеннен білмегенің көп - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Сыпырғышың жаман болса, шаңға өкпелеме - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Қатаң болсаң, қашады,Босаң болсаң, аяққа басады - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Адасқанды артындағысы біледі, Жаңылғанды жанындағысы біледі - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Бұрынғының адамынан ақыл сұра, Бұрын қонғаннан қоныс сұра - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Тазалық - иманның жартысы - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Қарғыстың ең жаманы - Өзің білме, білгеннің тілін алма - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Өзіңнен бір жас үлкеннен ақыл сұра - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Май пілікті көмсе, шам сөнеді - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Елгезек екі айтқызбайды Ауру қалса да, әдет қалмайды - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Сүйекпен кірген мінез сүйекпен кетеді - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Ескі киімді баптағаның - Жаңа киімді сақтағаның - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Бір елі ауызға екі елі қақпақ - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Отқа салып ерітсең де, Алтын, сірә, жез болмас - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Аяққа шұлғау қылсаң да, Асыл жібек бөз болмас - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Қазаннан қара нәрсе жоқ, Ассаң, қарын тойдырар - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Қардан аппақ нәрсе жоқ, Ұстасаң, қолды тоңдырар - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Ауру емес, сау емес, Мінезді қалай жазамыз? - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Өнегенің өрісі кең - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Өзі жығылған өкінбес - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Тайып жығылған таянып тұрар - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Пышағыңды өткір қайра, Не кесеріңді білмесең Көрінгенге сырыңды айтпа, Не десеріңді білмесең - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Түкіргеннің де түбі бар - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Бұрау, бұраудың түбі - сұрау - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Жыраққа қойсаң, жаныңнан аларсың - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Қабағанға қаптырма, Тебегенге тептірме - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Шам жарығы түбіне түспейді - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Үлкеннің әмірі уәжіп - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Жаза баспас қадам жоқ, Жаңылмайтын адам жоқ Қолдан Құдай жасалмайды - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Өрттің өзінен бұрын түтіні көзге түседі Кісі айыбын ашқаннан жапқан кісілік - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Ақылдан жақын дос бар ма? - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Ашудан жаман қас бар ма? - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Жиырма бестен артық жас бар ма? Қымыздан дәмді ас бар ма? - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Дарияға ат салмай тұрып өткелін тап - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Тікен де гүлін қорғайды Екі аяқ бір етікке сыймайды - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Қыста жалаңаш жатпа, Жазда өзің білесің - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Шыбынға шоқпар көтермес болар - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Өткендерін ескерген - Өскендіктің белгісі - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Өткендерін ұмытқан - Өшкендіктің белгісі - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Жақсылықтың үлгісі - Жанып тұрған шамдай - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Шешеннің сөзі - Ағып тұрған балдай - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Ескі темір біз болмас, Ескі мата бөз болмас - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Оң қолың сол қолыңа арашашы болсын - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Үлкен үйдегі күлсе, Кіші үйдегі езу тартар - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Кетпеннің басын бассаң, Сабы өзіңе тиеді - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Тасты бассаң кетілер, Сазды бассаң жетілер - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Әр елден келін келер, Әр түрлі ырым келер - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Ырысңа қарай ұл өсер, Ананы көріп қыз өсер - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Қызды асырай алмаған күң етер, Ұлды асырай алмаған құл етер - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Қарағайға қарай тал өсер,Қатарына қарай бала өсерТаршылық адамды шынықтырады, Баршылық адамгершілікті ұмыттырадыТаршылық болмай, кеңшілік болмайды - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Ана алдында - құрмет, Ата алдында - қызмет - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Жасы кіші ініні Ақылы асса, аға тұт - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Жасы үлкен ағаны Жақсы сыйлап, жаға тұт - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Жақсыға құрмет - Жас жаранға міндет - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Ескі киім - жаңа киімнің қорғаушысы - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Жоқ табылмайды емес, Іздеуі жетіспейді - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Адам бермейді емес, Сұрауы жетіспейді - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Қанаттыға қақтырма, Тұмсықтыға шоқытпа Ұлы - ұрымға, қызы — Қырымға - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Еменді и, иілетін кезінде, Баланы үйрет, үйренетін кезінде - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Болат қынға тоқтайды, Тентек көпке тоқтайды, Жомарт жоққа тоқтайды - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Салтын білмеген сауапты түсінбейдіЖаңылмайтын жан жоқ,Сүрінбейтін тұяқ жоқ - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Үлкен иманды болса, Кіші ибалы болады - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Қостың кішісі болғанша, Иттің күшігі болІстегенің маған жақсы, Үйренгенің өзіңе жақсы Әдеп бастауы - тәрбие - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Ескіні еске алмай, жаңа жадыңа түспейді Атаңа не істесең, алдыңа сол келер - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Жаман деген атпен жасағанша, Жақсы деген атпен жаныңды қи Жақсы атағыңды жоғалтқанша, Жұлыныңды үз - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Құдай сұлу етпесе, бәрі бекер, Опа-далап бүгін жаққан ертең кетер - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Қанағат қарын тойғызар, Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Сомсынғанға балға бар, Қомсынғанға Алла бар - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Тәрбие — тәртіптің құлы, Тәртіпті - елдің құлы - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Балаңды беске дейін патшаңдай сыйла, Он беске дейін құлыңдай жұмса,Он бестен асса, жан досыңдай құрметте - тәрбие туралы (мақал-мәтел) Бай мақтанса табылар, Кедей мақтанса шабылар - байлық туралы (мақал-мәтел) Жоқтық ұят емес, Байлық мұрат емес Байдың қатыны өлсе, төсек жаңғырар, Жарлының қатыны өлсе, басы қаңғырар - байлық туралы (мақал-мәтел) Жарлы болсаң да арлы бол - байлық туралы (мақал-мәтел) Бірінші байлық – денсаулық, Екінші байлық – ақ жаулық, Үшінші байлық – он саулық - байлық туралы (мақал-мәтел) Есіктегі ебейді кейбір тоқал жебейді - байлық туралы (мақал-мәтел) Қас екеніңді қабағыңнан танимын, Сараң екеніңді табағыңнан танимын - байлық туралы (мақал-мәтел) Өзі сұрағаннан сарқыт дәметпе - байлық туралы (мақал-мәтел) Сараң да бір, сасық су да бір - байлық туралы (мақал-мәтел) Етпен қарның тоқ, Ниетпен жаның тоқ - байлық туралы (мақал-мәтел) Өзі тоймастың көзі тоймас - байлық туралы (мақал-мәтел) Екі сараңның қолы бір-біріне әрең жетеді - байлық туралы (мақал-мәтел) Алаған қолым береген - байлық туралы (мақал-мәтел) Сараңның қолы қалтырауық - байлық туралы (мақал-мәтел) Қас сараң өз тамағын өзінен тығады - байлық туралы (мақал-мәтел) Сараңның асы піскенше, таудың тасы піседі - байлық туралы (мақал-мәтел) Соқырдың бидайын өзіне қуырып беріп - байлық туралы (мақал-мәтел) Берместің асы піспес, Қазаны оттан түспес - байлық туралы (мақал-мәтел) Сараңдық ауылдастан жұғады, Я бауырластан жұғады - байлық туралы (мақал-мәтел) Қолы ашықтың — жолы ашық - байлық туралы (мақал-мәтел) Берместің сылтауы көп - байлық туралы (мақал-мәтел) Иттен сүйек қарыздар - байлық туралы (мақал-мәтел) Өзі тойса да көзі тоймайды - байлық туралы (мақал-мәтел) Жетімнің қарны жетеу - байлық туралы (мақал-мәтел) Табақты үйдің тауығы - Қос жұмыртқадан туады - байлық туралы (мақал-мәтел) Сараң асын бермейді, Көзінің жасын береді - байлық туралы (мақал-мәтел) Сараңнан сарқыт жегенше, Иттен тартып же - байлық туралы (мақал-мәтел) Алтын көрсе періште жолдан таяды - байлық туралы (мақал-мәтел) Жыланға түк біткен сайын қалтырауық болады - байлық туралы (мақал-мәтел) Екі тышқан бір байдың жұртына таласыпты - байлық туралы (мақал-мәтел) Ақылды арын қорғайды, Сараң малын қорғайды - байлық туралы (мақал-мәтел) Жақсыны арман аздырар, Жаманды құлқын тоздырар - байлық туралы (мақал-мәтел) Жақсы — арына құл, Жаман - малына құл - байлық туралы (мақал-мәтел) Жебір түйе жабуын жер - байлық туралы (мақал-мәтел) Түлкі түсінде тауық көреді - байлық туралы (мақал-мәтел) Алмақтың да салмағы бар - байлық туралы (мақал-мәтел) Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін - байлық туралы (мақал-мәтел) Бай – балпаң келер, Жарлы – жалаң келер - байлық туралы (мақал-мәтел) Барыңа шүкір ет, жоғыңа сабыр ет - байлық туралы (мақал-мәтел) Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы - байлық туралы (мақал-мәтел) Малы жоқ деп ерден түңілме, Егіні жоқ деп жерден түңілме - байлық туралы (мақал-мәтел) Біреу тойып секіреді, Біреу тоңып секіреді - байлық туралы (мақал-мәтел) Ағайының бай болса – шайнағаның май болар - байлық туралы (мақал-мәтел) Тоқтығында жараспаған, Аштығында қараспайды - байлық туралы (мақал-мәтел) Бай бауырын танымас, Сауда досқа қарамас - байлық туралы (мақал-мәтел) Ашаршылықта бай баласы бірінші өледі - байлық туралы (мақал-мәтел) Жарлы байғұс жаманар, Жаманар да қуанар - байлық туралы (мақал-мәтел) Нені кем тұтсаң, соған жар боларсың - байлық туралы (мақал-мәтел) Несие ет жесең, Сүйегі ішегіңді жыртар - байлық туралы (мақал-мәтел) Аш бала Тоқ баламен ойнамайды, Тоқ бала Аш болам деп ойламайды - байлық туралы (мақал-мәтел) Жіп жіңішке жерінен үзіледі - байлық туралы (мақал-мәтел) Асы жоқ үйді ит те сүймейді - байлық туралы (мақал-мәтел) Аштың ақылы тамағында Жаяудың ақылы табанында - байлық туралы (мақал-мәтел) Қарны ашқанға Қара талқан майдай көрінеді - байлық туралы (мақал-мәтел) Күші жоқ ит те жүгірмес - байлық туралы (мақал-мәтел) Төреге ерген ер-тоқымын арқалар - байлық туралы (мақал-мәтел) Аспанна кигіз жауғанда, Сорлыға ұлтарақ та тимепті - байлық туралы (мақал-мәтел) Адасқанға — жұлдыз айдай, Қарны ашқанға - көже майдай - байлық туралы (мақал-мәтел) Тоңған тонын мақтайды, Адасқан жолын мақтайды - байлық туралы (мақал-мәтел) Алпыс қарсақ ат болмас - байлық туралы (мақал-мәтел) Қысқа жіп күрмеуге келмес - байлық туралы (мақал-мәтел) Ай бетінде де дақ бар - байлық туралы (мақал-мәтел) Қасық тары ботқа болмас, Ботқа болса да жұртқа жетпес - байлық туралы (мақал-мәтел) Жоққа жүйрік жетпейді - байлық туралы (мақал-мәтел) Мысық жоқта тышқан төбеге шығады - байлық туралы (мақал-мәтел) Жоқ болса, тұз да қат - байлық туралы (мақал-мәтел) Ұста пышаққа жарымас, Етікші етікке жарымас - байлық туралы (мақал-мәтел) Балықшының аты шөлден өледі - байлық туралы (мақал-мәтел) Балық жоқ та бақа да балық - байлық туралы (мақал-мәтел) Сауыны аздың жазы қысқа - байлық туралы (мақал-мәтел) Етік жамағанды көрдік, Тақия жамағанды көрмедік - байлық туралы (мақал-мәтел) Құсы жоққа тұрымтай Сұңқармен тең Аты жоққа қотыр тай Тұлпармен тең - байлық туралы (мақал-мәтел) Басқа түссе — баспақшыл - байлық туралы (мақал-мәтел) Жоқшылық жомарт елдің қолын байлар - байлық туралы (мақал-мәтел) Кедей менен бай жолдас болмас, Қасқыр менен қой жолдас болмас - байлық туралы (мақал-мәтел) Қасқыр ішігі бар кісі Жолдасының тоңғанын білмес - байлық туралы (мақал-мәтел) Қойың болмаса, байлыққа ойың болмасын - байлық туралы (мақал-мәтел) Жуан жіңішкергенше, жіңішке үзілер - байлық туралы (мақал-мәтел) Жаяушылық тартқанда, Жүрмес есек ат болар Қарын қатты ашқанда, Қара талқан қант болар - байлық туралы (мақал-мәтел) Жарлылығын жасырған жарымас - байлық туралы (мақал-мәтел) Ақша ашпайтын құлып жоқ - байлық туралы (мақал-мәтел) Ақшада көз жоқ - байлық туралы (мақал-мәтел) Арық атқа қамшы жау, Жыртық үйге тамшы жау - байлық туралы (мақал-мәтел) Ит арық болса ауылдың намысы - байлық туралы (мақал-мәтел) Тар киім — тозғақ - байлық туралы (мақал-мәтел) Түк таппаған тұз жалар - байлық туралы (мақал-мәтел) Жұтаған шүкірге тоймайды - байлық туралы (мақал-мәтел) Барлық жарастырады, жоқтық таластырады - байлық туралы (мақал-мәтел) Тамыр тартқан тарықпас - байлық туралы (мақал-мәтел) Аш атасын тыңдамас - байлық туралы (мақал-мәтел) Түйесі жоқ ауылға тайлақ атан көрінеді - байлық туралы (мақал-мәтел) Кедейге өлең айтқан да - шығын - байлық туралы (мақал-мәтел) Қалтасында тиыны жоқ, түйенің тісін ашып көреді - байлық туралы (мақал-мәтел) Еліктің мойнын оқ кеседі, Ердің мойнын жоқ кеседі - байлық туралы (мақал-мәтел) Қарны ашқанға қара нан да май татыр - байлық туралы (мақал-мәтел) Шөлдегенге қара су да бал татыр - байлық туралы (мақал-мәтел) Базар бай, алушы кедей - байлық туралы (мақал-мәтел) Базар ақшалыға базар, ақшасызға назар - байлық туралы (мақал-мәтел) Қарыз қатынас бұзады - байлық туралы (мақал-мәтел) Адамды тарлық шынықтырады, Адамгершілікті барлық ұмыттырады - байлық туралы (мақал-мәтел) Тіленшіге жел қарсы - байлық туралы (мақал-мәтел) Бай атқа мінсе құтты болсын дейді, Кедей атқа мінсе қайдан алдың дейді - байлық туралы (мақал-мәтел) Байға жағынамын деп жарлының тоқтылы қойы шығыпты - байлық туралы (мақал-мәтел) Ер қолында мал тұрмайды, Елек ішінде су тұрмайды - байлық туралы (мақал-мәтел) Бай аузында семіз сөз - байлық туралы (мақал-мәтел) Құзғын ас таңдамайды - байлық туралы (мақал-мәтел) Қарғаның бір көзі оқта, бір көзі боқта - байлық туралы (мақал-мәтел) Көз бір уыс топыраққа тояды - байлық туралы (мақал-мәтел) Алтын тыққан адам аштан өлер - байлық туралы (мақал-мәтел) Аласыға алтау аз, Бересіге бесеу көп - байлық туралы (мақал-мәтел) Көтере алмаған қосып арқалайды - байлық туралы (мақал-мәтел) Түйе сойған, ешкі сойғаннан дәметіпті - байлық туралы (мақал-мәтел)