audio audioduration (s) 1.92 10.5 | sentence stringlengths 9 100 |
|---|---|
Сауынсыздың жазы болмайды, қауынсыздың күзі болмайды. | |
Білмеген жердің ой-шұқыры көп, көрінген таудың алыстығы жоқ. | |
Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып, қыз сөйлегеннен без. | |
Менмен — жігіттің соры, төменшек — жігіттің қоры. | |
Ақылдының ақылы сарқылмайтын көлмен тең. | |
Жақсы жігіттің арын сақта. | |
Қызмет қыл да, міндет қыл. | |
Тойшыл жігіт ойшыл болмас, ойшыл жігіт тойшыл болмас. | |
Қасықтап алғанмен, көл таусылмайды, қанша ұры алғанмен, ел таусылмайды. | |
Жаңа дос келгенде, ескі достың көзінен жас шығады. | |
Атсыздың атасы құнсыз кетеді. | |
Жігіт жанған шоқ болсын, шоқ болмаса, жоқ болсын. | |
Жаман адамға іс түссе, жаныңды сұрар шешуге. | |
Алтын, күміс жауған жерден де туып-өскен ел артық. | |
Шешесі өсекшінің — қызы өтірікші. | |
Ит баласы жүре азар. | |
Қатын ер қасында, қараша хан қасында. | |
Түйе тайғақ келеді, табанынан мөр кетсе. | |
Ескісіз жаңа болмас, жамансыз жақсы болмас. | |
Жас — кәрінің көретін көзі, кәрі — жастың түзейтін тезі. | |
Ауыр ой адамды тұңғиыққа да батырады, ерлік іске де шақырады. | |
Іші таудан табылды, тысы қайдан табылды, қырылғырдың қыздары қылып берер дейсің бе?! | |
Көргеннен көзақы сұрама. | |
Ат қартайса, сүріншек болар, ер қартайса, жаңылшақ болар. | |
Бақыт келерінде жігітті ұйықтатпайды, бақыт кетерінде жігітті оятпайды. | |
Жолдасың соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр. | |
Егін піспей тұрып, қап сайла. | |
Қыдырлы қонақ қыдырып келер, қыдыры артынан шұбырып келер. | |
Қарыстан сүйем жуық. | |
Білімдімен жолдас болсаң, білікті боларсың. | |
Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі. | |
Ер қаруы — бес қару. | |
Ет жегеннің бәрі қонақ, енші алғанның бәрі бөрік. | |
Шын би сөзіңді бағады, сұм би көзіңді бағады. | |
Басы қату болса, аяғы тату болады. | |
Жаман етке келеді, жақсы ниетке келеді. | |
Ішкен мас, тойған тоқ. | |
Қыз жақсы болса, елдің көркі, жаман болса, үйдің жұты. | |
Баланың өзі туғандай, келіннің өзі келгендей. | |
Ит пысқырса, мал өледі, қожа пысқырса, адам өледі. | |
Азғыруға адамның шайтаны жаман. | |
Қыз өссе, үйге жұт, ұл өссе, үйге құт. | |
Көз сыртында көз бар, тіл астында тіл бар. | |
Байлар ашты тоқ санар, аш жаманын жоқ санар. | |
Арық атқа қамшы жау, жыртық үйге тамшы жау. | |
Ұрлық қылып, мал берсе, адалдықтан не пайда? | |
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. | |
Жүздің жүзін танығанша, бірдің атын біл. | |
Жаманмен жолдас болсаң, кесірі жұғар. | |
Шөлдегі шұқанақ суға тоймас. | |
Бұл сексен көрейін деген жасым ба еді, быламық ішейін деген асым ба еді? | |
Ақшасыздың қолы келте, жалқаулардың тоны келте. | |
Ісің ақ болса, Құдайың жақ болады. | |
Жаны күйген Тәңірін қарғар. | |
Жолсызда кібіртіктеп қорғалайды. | |
Жақсы кісі мақтанса, «Жаманнан жата беріп қалдым» дер. | |
Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас, аспанға ұшпай. | |
Жауға батыл бол, дауға бақыл бол. | |
Жақсыға айтсаң, біледі, жаманға айтсаң, күледі. | |
Ағадан іні ақылды болса, үш жасы үлкен болады. | |
Баланы жастан, қатынды бастан. | |
Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас. | |
Баласы бардың өзі ойнар, баласы жоқтың көзі ойнар. | |
Жастықта бейнет бер, қартайғанда зейнет бер. | |
Гүрілдеп келген жаудан, күлімдеп келген қас жаман. | |
Күрекке жұмыс табылар. | |
Тоңға жатқан мал оңбас, тобырға түскен іс оңбас. | |
Қатын шайпау болмай, ер жалғыз үй қонбайды. | |
Өсер бала өрісшіл, өспейтін ұл керісшіл. | |
Жұмысы жоқ ит ойнатар. | |
Күншілдің күні шықпайды. | |
Жақсы болса алғаның, үйіңнен кісі кетпейді, жаман болса алғаның, тек жүргенге жетпейді. | |
Көлдің құты кетсе, құтаны үш күн бұрын кетер. | |
Бала, баланың ісі шала. | |
Сабырлық қуанышқа жетер, ашу күйінішке кетер. | |
Жолы қырсыққан итке боқ кездеспес. | |
Тәуекелдің кемесі суға батпайды, отқа жанбайды. | |
Айласыз батыр алдырар. | |
Қой егіз туады: бірі қонаққа сойылады, бірі қошқар қойылады. | |
Теңі келсе, тегін бер. | |
Шыбын да аңқаудың аузын аңдиды. | |
Өз сөзіңді шекер дейсің, өзге сөзді бекер дейсің. | |
Бұйырмаған ауыздан кетер. | |
Тоғызымыз жиылып, тоқты жыққан батырмыз. | |
Аттың жалында атанның қомында. | |
Иттен сауын болмас, иттүйнектен қауын болмас. | |
Көш жүре түзеледі. | |
Байтал түгіл, бас қайғы. | |
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. | |
Иттің боғы дәрі болса, дарияға тышады. | |
Арам жесең, аянбай же. | |
Кішкентай өспей ме, көкейіңді теспей ме! | |
Қазақтың салт-дәстүрлері ежелден келе жатыр. | |
Жүйрік атқа жал бітпес, тақтаққа мал бітпес. | |
Не ақсағанда аларсың, не қақсағанда аларсың. | |
Жер дауынан жесір дауы қиын. | |
Боранды күні бала құтырар, желді күні ит құтырар. | |
Жығылсаң, жер көтереді. | |
Шам көрмеген шам көрсе, күндіз шамы сөнбейді. | |
Жүргенге жөргем ілінеді, жатқанға жан жуымайды. |
End of preview. Expand in Data Studio
- Downloads last month
- 6