link
stringlengths 43
81
| title
stringlengths 50
97
| content
stringlengths 52
106k
| __index_level_0__
int64 0
8.25k
|
|---|---|---|---|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/542.htm
|
Ст. 542 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
1. Кеден органы мен уәкілетті экономикалық оператор арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында келісім (меморандум немесе өзге де құжат) жасауға жол беріледі.2. Уәкілетті экономикалық оператор арнаулы оңайлатуларды қолдана отырып кедендік операциялар жасауға жауапты басшылар мен штатындағы адамдар арасынан кеден органымен жалпы өзара іс-қимыл жасауға жауапты тұлғаны айқындауы мүмкін.3. Кеден органдары арнаулы оңайлатуларды қолдану кезінде, оның ішінде штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда уәкілетті экономикалық операторлармен өзара іс-қимылды үйлестіру мақсатында кеден органдарының мұндай өзара іс-қимылды ұйымдастыруға жауапты лауазымды адамдарын айқындауы мүмкін.4. Кеден органдары мен уәкілетті экономикалық операторлардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
| 8,217
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/543.htm
|
Ст. 543 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтамағаны үшін уәкілетті экономикалық оператор осы Кодекстің 150-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.Ескерту. 543-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.8-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР544-бап.Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі1. Осы Кодекс 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.1-1. Осы Кодекстің 45-1-тарауы 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін.2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап:1) осы Кодекстің 553-бабының 9-тармағында, 560-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде, 570-бабының 1-тармағында және 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1,3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8,42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII,115-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат);2) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 15, 72-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат) күші жойылды деп танылсын.Ескерту. 544-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
| 8,218
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/544.htm
|
Ст. 544 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
1. Настоящий Кодекс вводится в действие с 1 января 2018 года.1-1. Исключен Законом РК от 10.02.2025 № 164-VIII (вводится в действие с 31.12.2024).2. Признать утратившим силу со дня введения в действие настоящего Кодекса:1) Кодекс Республики Казахстан от 30 июня 2010 года "О таможенном деле в Республике Казахстан" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2010 г., № 14, ст.70; № 24, ст.145; 2011 г., № 1, ст.3; № 11, ст.102; № 19, ст.145; 2012 г., № 2, ст.15; № 13, ст.91; № 15, ст.97; № 21-22, ст.124; № 23-24, ст.125; 2013 г., № 1, ст.3; № 2, ст.13; № 7, ст.36; № 10-11, ст.56; № 14, ст.72; № 15, ст.81; № 16, ст.83; 2014 г., № 4-5, ст.24; № 10, ст.52; № 11, ст.61; № 12, ст.82; № 14, ст.84; № 16, ст.90; № 19-I, 19-II, ст.94, 96; № 21, ст.122, 123; № 23, ст.143; 2015 г., № 8, ст.42; № 11, cт.52; № 15, ст.78; № 20-IV, ст.113; № 20-VII, ст.115; № 22-II, ст.144, 145; № 22-V, ст.156; № 23-I, ст.169; 2016 г., № 6, ст.45; № 8-I, ст.65; № 12, ст.87; № 22, cт.116; № 24, ст.124; 2017 г., № 13, ст.45), за исключением случаев, предусмотренных пунктом 9 статьи 553, частью второй пункта 3 статьи 560, пунктом 1 и частью третьей пункта 2 статьи 570 настоящего Кодекса;2) Закон Республики Казахстан от 30 июня 2010 года "О введении в действие Кодекса Республики Казахстан "О таможенном деле в Республике Казахстан" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2010 г., № 15, ст.72; 2011 г., № 11, ст.102; 2012г., № 2, ст.14).Сноска. Статья 544 с изменениями, внесенными законами РК от 19.04.2023 № 223-VII (вводятся в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); 10.02.2025 № 164-VIII (вводится в действие с 31.12.2024).
| 8,219
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/545.htm
|
Ст. 545 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
1. Осы Кодекс Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен реттелетін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.2. Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен реттелетін, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастар бойынша осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнінен бастап туындайтын құқықтар мен міндеттерге осы Кодекстің 552 – 570-баптарында көзделген ережелер ескеріле отырып қолданылады.3. Комиссияның кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі күшіне енген күнге қолданыста болатын шешімдері өзінің заңдық күшін сақтайды және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.4. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, егер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес қабылданатын кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілер ол күшіне енген кезге күшіне енбесе, онда олар күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы қолданылады.5. Комиссияның жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлар санаттарын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.Комиссияның жеке пайдалануға арналған тауарлар санатына қарай кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары мен тәсілдерін айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.Комиссияның жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждар, салықтар төлеуге жататын жеке пайдалануға арналған тауарлар санаттарын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.Комиссияның Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәсілдеріне қарай кедендік баждарды, салықтарды төлемей мұндай жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелудің құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормаларын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.Комиссияның шетелдік жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнына және (немесе) салмағына қарамастан, кедендік баждарды, салықтарды төлемей Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өзінің болу кезеңіне әкелуі мүмкін, бұрын тұтынуда болған осындай тауарлардың тізбесі мен санын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.Жеке пайдалануға арналған тауарлардың санаттарына, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осындай тауарларды әкелетін адамдарға және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына мұндай жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәсілдеріне қарай кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу жағдайлары мен шарттарын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.Комиссияның жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто- және мотокөлік құралдарының шығарылу кезін және қозғалтқышының жұмыс көлемін анықтау тәртібін айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.6. Комиссияның осы Кодекстiң 227-бабының 5-тармағына сәйкес көзделген шешімі күшіне енгенге дейін және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде осы Кодекстiң 227-бабы 9-тармағының орындалуын қамтамасыз ететін жалпы процестің іске асырылуы басталғанға дейін 2010 жылғы 21 мамырдағы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісім қолданылады.7. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында және осы Кодекстің 552-бабының 2-тармағында көрсетілген халықаралық шарттар осы баптың 5 және 6-тармақтарында және осы Кодекстің 552-бабының 2-тармағында көзделген, Комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ғана және осы Кодекстiң 555-бабы ескеріле отырып, осы Кодекске қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.8. Комиссияның осы Кодекстiң 289-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 298-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көзделген шешімі күшіне енгенге дейін осы Кодекстің 289-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда – еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың кедендік құны, ал осы Кодекстің 298-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың кедендік құны адвалорлық мөлшерлеме бойынша кедендік әкелу баждарын есептеу үшін база болып табылады.9. Комиссияның осы Кодекстiң 469-бабының 5-тармағына сәйкес көзделген шешімі күшіне енгенге дейін Кеден одағы Комисиясының "Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік сараптама жүргізу тәртібі туралы" 2010 жылғы 20 мамырдағы шешімімен бекітілген Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік сараптама жүргізу тәртібінің 24-тармағының ережелері қолданылады.10. Кеден одағы Комиссиясының "Арнайы кедендік рәсім және осындай кедендік рәсіммен орналастыру шарттары белгіленуі мүмкін тауарлар санаттарының тізбесі туралы" 2010 жылғы 20 мамырдағы Шешімінде және Кеден одағы Комиссиясының "Азаматтық жолаушылар ұшақтарын әкелу кезінде тарифтік жеңілдіктерді, кедендік баждардан, салықтардан толық босатуды қолдану, сондай-ақ уақытша әкелу мерзімдерін ұзарту және жекелеген кедендік рәсімдерді қолдану туралы" 2010 жылғы 16 шілдедегі шешімінің 6-тармағында айқындалған тауарлардың санаттарына қатысты Комиссияның осы Кодекстің 337-бабына сәйкес осындай тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын және тауарлардың мұндай санаттарына қатысты оны қолдану тәртібін реттейтін шешімдері күшіне енгенге дейін осындай тауарларға арнайы кедендік рәсім Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидаларын, оны қолдану ерекшеліктерін, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" 2015 жылғы 15 шілдедегі № 522 қаулысына сәйкес Комиссияның тауарлардың санаттарын айқындаған, көрсетілген шешімдерінде айқындалған шарттарда қолданылады.
| 8,220
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/546.htm
|
Ст. 546 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
1. Комиссияның осы Кодекстiң 31-бабының 16-тармағына сәйкес көзделген шешімдері күшіне енгенге дейін алдын ала ақпарат кеден органдарына 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну туралы және алмасу туралы келісімге сәйкес қабылданған Комиссия актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен ұсынылады.2. Комиссияның осы Кодекстiң 31-бабының 16-тармағына сәйкес қабылданған және алдын ала ақпараттың құрамын, мұндай ақпараттың құрылымы мен форматын, оны ұсынудың тәртібі мен мерзімдерін, көліктің бір түрімен тасымалданатын тауарларға қатысты ұсынылатын алдын ала ақпаратты кеден органдарына ұсынуға міндетті не құқылы тұлғаларды айқындайтын шешімдерінің күшіне енуіне қарай алдын ала ақпарат осындай шешімдерге сәйкес ұсынылады.3. Кедендік декларациялануы осы Кодекстің 185-бабында айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылатын тауарларға қатысты берілген электрондық құжат түріндегі кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді пайдалану тәртібін айқындау жөніндегі уәкілетті органның құзыретін белгілеу бөлігінде осы Кодекстің 31-бабы 17-тармағының ережелері Комиссияның осы Кодекстің 31-бабының 17-тармағында көрсетілген актісі күшіне енгенге дейін қолданылады.
| 8,221
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/547.htm
|
Ст. 547 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
1. Осы Кодекстің 55, 56, 57, 58-баптарының, 63-бабы 6-тармағының, 79-бабы 7-тармағының, 180-бабы 7 мен 10-тармақтарының және 397-бабының ережелері Одақ туралы шарттың 102-бабының 1, 3 – 5-тармақтары ескеріле отырып қолданылады.2. Комиссияның осы Кодекстiң 79-бабының 7-тармағында көрсетілген, тарифтік преференцияларды қалпына келтіру жағдайлары мен шарттарын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін тарифтік преференциялар кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күннен бастап бір жыл өткенге дейін тауарлардың шығарылған жері расталған және тарифтік преференциялар берудің өзге де шарттары сақталған кезде қалпына келтіріледі. Бұл жағдайда кедендік әкелу баждарының төленген сомалары осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
| 8,222
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/548.htm
|
Ст. 548 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді беру тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ осындай алдын ала шешімді қолдану тәртібі мен мерзімдерін айқындау жөніндегі уәкілетті органның құзыретін белгілеу бөлігінде осы Кодекстiң 65-бабы 19-тармағының ережелері 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
| 8,223
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/549.htm
|
Ст. 549 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
Алдағы кедендік әкелу баждарын, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне енгізілген ақшаны аванстық төлемдер деп тану мүмкіндігі бөлігінде осы Кодекстің 78-бабы 1-тармағының ережелері кедендік әкелу баждарын, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне аванстық төлемдерді есепке жатқызу мүмкіндігі бөлігінде Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізуді көздейтін халықаралық шарт күшіне енген күннен бастап қолданылады.
| 8,224
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/550.htm
|
Ст. 550 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
Осы Кодекстің 89-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
| 8,225
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/551.htm
|
Ст. 551 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
Осы Кодекстің 143-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
| 8,226
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/552.htm
|
Ст. 552 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
1. Комиссия осы Кодекстiң 92-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу белгіленуі мүмкін тауарлардың тізбесін айқындағанға дейін:1) осы Кодекстiң 92-бабы 2-тармағының 4) тармақшасын қолдану мақсатында ауыл шаруашылығы техникасына Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 8424 81, 8433 51 және 8433 59 субпозицияларында сыныпталатын ауыл шаруашылығы техникасы жатады;2) осы Кодекстiң 92-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілуі мүмкін өзге де тауарлардың тізбесін уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітеді.2. Комиссия осы Кодекстiң 92-бабының 3-тармағында көрсетілген, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілуі мүмкін тауарлардың тізбесін айқындағанға дейін осы Кодекстiң 93-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар төлей отырып, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздемелері, шарттары және тәртібі туралы келісімнің 6-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген негіз болған кезде және көрсетілген тармақтың екінші және үшінші бөліктері ескеріле отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылған күннен кейінгі күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.Көрсетілген негіз бойынша кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу осы Кодекстiң 9-тарауына сәйкес беріледі.
| 8,227
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/553.htm
|
Ст. 553 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында кез келген кеден органына тауарларға арналған декларацияны беруге рұқсат ететін, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде халықаралық шарт күшіне енгенге дейінгі тауарларға арналған декларация:1) егер осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы, сондай-ақ осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацында аталған шетелдік тұлға тауарлардың декларанты болса, тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, тіркелген не аумағында тұрақты тұратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына;2) егер осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші немесе төртінші абзацында не осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында аталған шетелдік тұлға тауарлардың декларанты болса, аумағында декларацияланатын тауарлар тұрған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына;3) егер осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған тұлға тауарлардың декларанты болса, аумағында декларацияланатын тауарлар және осындай тұлға тұратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына беріледі.2. Осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы төртінші абзацының ережелерін қолдану мақсатында тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығы бар, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әртүрлі мемлекеттің тұлғалары арасында жасалған, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге негіз болған мәміле шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы кедендік рәсімдермен орналастырылатын тауарлардың декларанты болуы мүмкін.3. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге уақытша сақтаудағы тауарлардың уақытша сақтау мерзімі осы Кодекстің 172-бабына сәйкес есептеледi.4. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін кеден органы кедендік декларациясын тіркеген тауарлар кеден органы осы кедендік декларацияны тіркеген күнге Кеден одағының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда мәлімделген кедендік рәсіммен орналастыруға жатады.5. Тауарлар шығарылымын тоқтатуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін уәкілетті органның айқындауы бөлігінде осы Кодекстің 192-бабы 5-тармағының төртінші бөлігі Комиссияның осы Кодекстің 192-бабы 5-тармағының төртінші бөлігінде көзделген актісі күшіне енген кезге дейін қолданылады.6. Осы Кодекстің 195-бабы 3-тармағы 1) және 2) тармақшаларының ережелері Комиссияның осы Кодекстің 195-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген актісі күшіне енген кезге дейін қолданылады.7. Осы кодекстің 196-бабы 3-тармағы 1) және 2) тармақшаларының ережелері Комиссияның осы Кодекстің 196-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген актісі күшіне енген кезге дейін қолданылады.8. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін Кеден одағының Кеден кодексінің 197-бабына сәйкес шығарылған тауарларды кедендік декларациялау және осындай шығаруға байланысты туындаған декларанттың өзге де міндеттері осындай тауарларды шығару күніне Кеден одағының кеден заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады және мерзімінде орындауға жатады.9. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін кедендік декларациялау "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 292, 293, 294 және 295-баптарына сәйкес белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылған тауарларға қатысты осы Кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін оларды шығаруға, кедендік рәсімдермен орналастыруға және (немесе) кедендік рәсімдердің қолданылуын аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау Кеден одағының кеден заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
| 8,228
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/554.htm
|
Ст. 554 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге Кеден одағы Кеден кодексінің 211-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген және еркін айналым үшін тауарларды шығарудың және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік режимдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында еркін айналым үшін тауарлар шығарылған күннен бастап есептелген мерзімі өткен және Кеден одағы Кеден кодексінің 211-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталмаған осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолдана отырып, 2010 жылғы 1 шілдеге дейін осындай тауарларды шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті 2015 жылғы 2 шілдеде тоқтатылған.
| 8,229
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/555.htm
|
Ст. 555 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
Егер кедендік транзит кедендік рәсімімен тауарлар орналастыруды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің кеден органы жүзеге асырса, ал кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету межелі кеден органы бар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органына берілсе, осы Кодекстің 227-бабы 2-тармағының ережелерiне қарамастан, қамтамасыз ету сертификаты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ресімделуі мүмкін.
| 8,230
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/556.htm
|
Ст. 556 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге қолданылуы аяқталмаған кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарларға қатысты осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап осы Кодексте көзделген осындай кедендік рәсімдерге сәйкес тауарларды пайдалану шарттары сақталуға тиіс.2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты туындаған, орындау мерзімі (төлеу мерзімі) осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін басталмаған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет мән-жайлар басталған кезде осы Кодексте көзделген тәртіппен, мерзімдерде және мөлшерлерде орындауға жатады және (немесе) осы Кодекске сәйкес тоқтатылады.3. Осы баптың ережелері:1) Кеден одағы Кеден кодексінің 370-бабының 4 және 6-тармақтарына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылған деп танылған тауарларға;2) 2010 жылғы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісімнің 19-бабының 1-тармағына сәйкес еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылды деп есептелетін тауарларға;3) 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімнің 23-бабының 1-тармағына сәйкес еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылды деп есептелетін тауарларға қатысты да қолданылады.
| 8,231
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/557.htm
|
Ст. 557 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден толық немесе ішінара шартты түрде босатыла отырып, уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап осы Кодекстің тиісінше кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеместен немесе ішінара төлеп, уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу мен төлеу ерекшеліктерін реттейтін ережелері қолданылады.2. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты көрсетілген кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталмауына байланысты осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған және орындауға жататын, осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге толық мөлшерде орындалмаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған күннен бастап тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген күн аралығындағы кезең үшін, егер осындай тауарларға қатысты Кеден одағы Кеден кодексінің 282-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден ішінара босату қолданылғанда, төлеуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары мөлшерінде, бірақ егер уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғанда төлеуге жататын, тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күнге есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан аспайтын мөлшерде орындауға жатады.Осы тармақтың ережелері уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен соң Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген тауарларға қатысты қолданылады.
| 8,232
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/558.htm
|
Ст. 558 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
1. Комиссияның осы Кодекстiң 290-бабының 4-тармағында көзделген және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесін айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар пайдаланыла отырып дайындалған (алынған) тауарларды Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары қолданылады.Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, шығарылған жері Армения Республикасы, Беларусь Республикасы және Қырғыз Республикасы үшін СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен, Қазақстан Республикасы үшін СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен расталған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылады.2. Осы Кодекстiң 288-бабы 7-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде осы Кодекстiң 288-бабының 10-тармағы осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты қолданылмайды.3. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА құрылғанға дейін оның аумағындағы шетелдік тауарлар осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған деп есептеледі.Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар осы Кодекстің 291-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында және 281-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда 2019 жылғы 1 шілдеге дейін кедендік декларациялауға жатады және кеден органдары мұндай тауарлар АЭА-ның аумағына кедендік рәсіммен орналастыру алдындағы алдын ала кедендік операцияларды жүргізбей кедендік декларация беру күні әкелінгендей етіп қарайды.Ескерту. 558-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
| 8,233
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/559.htm
|
Ст. 559 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
1. Иесі 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасында еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген еркін қоймада еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесі, егер осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмесе, осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 299-бабына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін айқындалады.2. Иелері 2010 жылғы 1 мамырға дейін еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген еркін қоймалар үшін Комиссия осы Кодекстің 299-бабына сәйкес айқындалған жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарының орындалуына қарамастан, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) және шетелдік тауарлар мәртебесін алатын тауарлар тізбесін айқындауға құқылы. Көрсетілген тауарлардың тізбесі, егер осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмесе қолданылады.3. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне 2010 жылғы 1 мамырға дейін енгізілген жекелеген еркін қойма иелеріне қатысты Комиссия еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған), Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылуы мүмкін, тауарлар саны бойынша, егер осындай тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шығару Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің экономика салаларына елеулі экономикалық залал келтіретіндей немесе мұндай залалды келтіру қатерін туғызатындай сандарда және жағдайларда жүргізілетін болса, шектеулер айқындауға құқылы. Көрсетілген шектеулерді белгілеу туралы шешім Комиссия айқындайтын тәртіппен қабылданады және осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмесе, қолданылады.4. Комиссияның осы Кодекстiң 299-бабының 4-тармағында көзделген, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесін айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасында Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары қолданылады.5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген, шығарылған жері Қазақстан Республикасы үшін – СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен расталған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылады.
| 8,234
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/560.htm
|
Ст. 560 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
1. Кедендік декларациялауы және (немесе) шығарылуы осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін кедендік рәсімдермен орналастырылмай жүзеге асырылған және осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге кедендік бақылаудағы жеке пайдалануға арналған тауарларға және керек-жарақтарға қатысты осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап осы Кодексте көзделген тауарлардың мұндай санаттарын пайдалану үшін белгіленген шарттар сақталуға тиіс.2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлардың санаттарына қатысты туындаған, орындау мерзімі (төлеу мерзімі) осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін басталмаған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет мән-жайлар басталған кезде осы Кодексте көзделген тәртіппен, мерзімдерде және мөлшерлерде орындауға жатады және (немесе) осы Кодекске сәйкес тоқтатылады.3. Осы Кодекстің 339-бабы 4 және 5-тармақтарының ережелері Комиссияның осы Кодекстің 339-бабының 5-тармағына сәйкес қабылданған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу өлшемшарттарының сандық сипаттамаларын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін қолданылмайды.Комиссияның көрсетілген шешімі күшіне енгенге дейін тиісті құқықтық қатынастарды реттеу 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімнің 3-бабы 1-тармағының ережелеріне сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 464-бабы 3-тармағы екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.4. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты шетелдік жеке тұлға әкелген мұндай көлік құралдарын кеден органының рұқсатынсыз өзге шетелдік жеке тұлғаға беруге немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің жеке тұлғасы әкелген мұндай көлік құралдарын ата-анасына, балаларына, тіркелген некеде тұрған жұбайына (зайыбына) беруге байланысты осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған және орындауға жататын, осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге орындалмаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет кедендік баждардың, салықтардың осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге төленбеген (өндіріп алынбаған) сомалары мөлшерінде тоқтатылады.5. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты жеке пайдалануға арналып уақытша әкелінген көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы мүмкін мерзім өткенге дейін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын әкетпеуге байланысты осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған және орындауға жататын, осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге орындалмаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет бір мезгілде мынадай:1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету мақсатында мұндай көлік құралдарын кедендік декларациялау жеке пайдалануға арналып уақытша әкелінген көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы мүмкін мерзім өткен күннен бастап алты айдан кешіктірмей жүзеге асырылды;2) жеке пайдалануға арналған мұндай көлік құралдарына қатысты, оларды осы баптың 4-тармағында аталған жеке тұлғаларға беруді қоспағанда, 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімнің ережелерін бұза отырып, оларды беруге байланысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталмады деген шарттар сақталған кезде кедендік баждардың, салықтардың осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге төленбеген (өндіріп алынбаған) сомалары мөлшерінде тоқтатылады.6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау, осындай тауарларды шығару және оларды кедендік бақылауда емес деп тану фактін көрсету тәртібін айқындау жөніндегі уәкілетті органның құзыретін Комиссия көздеген жағдайларда немесе немесе Комиссия реттемеген бөлікте белгілеу бөлігінде осы Кодекстің 341-бабы 6-тармағының бірінші бөлігі Комиссияның көрсетілген актісі қабылданғаннан кейін күшіне енеді.7. Жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелудің Комиссия айқындағанға қарағанда анағұрлым қатаң құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормаларын бекітуге уәкілетті органның құзыретін белгілеу бөлігінде осы Кодекстің 349-бабының 3-тармағы үшінші бөлігінің ережелері Комиссияның көрсетілген актісі қабылданғаннан кейін күшіне енеді.
| 8,235
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/561.htm
|
Ст. 561 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары осы Кодекстің 40-тарауының ережелеріне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болады және пайдаланылады және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге жатады.2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары осы Кодекстің 40-тарауының ережелеріне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде болады және пайдаланылады, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкелінеді.3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты туындаған, орындау мерзімі (төлеу мерзімі) осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін басталмаған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет мән-жайлар басталған кезде осы Кодексте көзделген тәртіппен, мерзімдерде және мөлшерлерде орындауға жатады және (немесе) осы Кодекске сәйкес тоқтатылады.4. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік рәсімдермен орналастырмай Кеден одағы Кеден кодексінің 344-бабының 2-тармағында көрсетілген әрекеттердi жасауға байланысты осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған және орындауға жататын, осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге толық мөлшерде орындалмаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде шығарылған күннен кейінгі күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлар әкетілген күн аралығындағы кезең үшін халықаралық тасымалдау кедендік құралдары Кеден одағы Кеден кодексінің 282-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара босатыла отырып уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылғанда төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомалары мөлшерінде орындауға жатады.5. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет тұлғасының Кеден одағы Кеден кодексінің 342-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шарттарды сақтамауына байланысты осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған және орындауға жататын, осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге толық мөлшерде орындалмаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет кедендік баждардың, салықтардың осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге төленбеген (өндіріп алынбаған) сомалары мөлшерінде тоқтатылады.
| 8,236
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/562.htm
|
Ст. 562 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
Кеден органдары лауазымды адамдарының осы Кодекстің 375-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген құбыржол көлігімен немесе электр тарату желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарына қол жеткізу тәртібін айқындайтын, шектес мемлекетпен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары күшіне енгенге дейін тасымалдаушы ұсынатын шектес мемлекеттің аумағында орналасқан құбыржол көлігімен немесе электр тарату желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарының көрсеткіштерін пайдалануға жол беріледі.
| 8,237
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/563.htm
|
Ст. 563 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану (отын-энергетикалық сектор) саласында туындаған және ол қолданысқа енгізілгеннен кейін туындайтын құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы қолданылады, оған сәйкес мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып, тиісті келісімшарттар қолданылады:1) Қазақстан Республикасының осындай кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде осы Кодекстiң ережелерi қолданылады;2) кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің, оның ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып еркін айналым үшін тауарлар шығарудың кедендік режимімен немесе ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты туындау және тоқтату бөлігінде осы Кодекстің ережелері қолданылады;3) жеңілдіктерді беру шарттарына сәйкес келетін мақсаттарда шартты түрде шығарылған тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бөлігінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы қолданылады.2. 2010 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасына әкелінген және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып еркін айналым үшін тауарлар шығарудың кедендік режимімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет кедендік баждарды, салықтарды төлеуден осындай тауарларды босату шарттарының бұзылуына байланысты осындай тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталмаған және осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылған кезде осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқтатылады.
| 8,238
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/564.htm
|
Ст. 564 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
Осы Кодекстің 125-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:"еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, клиенттің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;".
| 8,239
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/565.htm
|
Ст. 565 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
Осы Кодекстің 437-бабының ережелері спутниктік навигацияның техникалық құралдарын қолдана отырып, жанама түрде визуалды сүйемелдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе енгізілген кезден бастап қолданылады.
| 8,240
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/566.htm
|
Ст. 566 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
Осы Кодекстің 444-бабының 2-тармағында көзделген тұрақты негізде ақпарат алмасудың техникалық шарттары қабылданғанға дейін 2011 жылғы 19 қазандағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары талдау және бақылау функцияларын іске асыру үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы келісімнің 4-бабына сәйкес бекітілген ақпарат алмасудың техникалық шарттары қолданылады.
| 8,241
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/567.htm
|
Ст. 567 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
Ескерту. 567-бап алып тасталды - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
| 8,242
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/568.htm
|
Ст. 568 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
Осы Кодекстің 459-бабы 3-тармағының ережелеріне қарамастан, тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары сияқты мұндай зияткерлік меншік объектілері осы Кодекстің 458-бабының 6-тармағында көзделген кеден органдарының тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары сияқты мұндай зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарларға қатысты зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау шараларынқолдану тәртібін айқындайтын Комиссияның шешімі күшіне енгеннен кейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізіледі.
| 8,243
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/569.htm
|
Ст. 569 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
1. Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізілген тұлғалар осы Кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін осы баптың ережелерін ескере отырып, осы Кодекске сәйкес кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асырады.2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтау мақсатында берілген кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде танылады және кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша міндетінің орындалуын қамтамасыз етеді.3. Комиссияның осы Кодекстiң 489-бабының 2) тармақшасында көзделген шешімі күшіне енгенге дейін, берілуі кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарты болып табылатын кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету бір миллион еуроға баламалы мөлшерде беріледі.4. Егер Комиссия кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің осы баптың 3-тармағында көрсетілгеннен өзге мөлшерін айқындаса, Комиссияның тиісті шешімі күшіне енгенге дейін кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген тұлғалар осы шешім күшіне енген күннен бастап алты айдан кешіктірмей көрсетілген қамтамасыз етуді Комиссия айқындаған мөлшерде беруге міндетті.5. Осы баптың 3-тармағының ережелері, егер кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету кеден өкілі ретіндегі қызмет аясы кедендік әкету баждары салынбайтын және экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасаумен шектелетін, кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу үшін берілсе, қолданылмайды.6. Осы Кодекстің 517-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының және 524-бабы 1-тармағы 6) тармақшасының ережелері 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
| 8,244
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/570.htm
|
Ст. 570 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
1. Кеден одағының Кеден кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі берілген заңды тұлғалар осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойы уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін сақтайды.Көрсетілген мерзім ішінде уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктерге өзгерістер енгізу, мұндай куәліктердің қолданылуын тоқтата тұру және кері қайтару, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімін жүргізу "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде осы баптың 1-тармағында аталған заңды тұлғалар кеден органы уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін берген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында осы Кодекстің 536-бабы 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында және 3-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген арнаулы оңайлатуларды осы тармақтың екінші бөлігін ескере отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда пайдалануға құқылы.Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасында уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде көрсетілген арнаулы оңайлатулармен қатар, осы Кодекстің 536-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген арнаулы оңайлатуларды осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда пайдалануға құқылы.Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген арнаулы оңайлатуларды қолдану мақсаттары үшін осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған уәкілетті экономикалық операторлардың құрылысжайларына, үй-жайларына (үй-жайларының бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарына (ашық алаңдарының бөліктеріне) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген талаптар қойылады.3. Осы баптың 1-тармағында аталған уәкілетті экономикалық операторлар осы Кодекстiң 532-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген шарт сақталған кезде, сондай-ақ ол уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті тіркеген күнге дейін кемінде екі жыл уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінде болған кезде үшінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтініш бере алады.Егер "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 63-бабына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған болса, онда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімді есептеген кезде оған куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезең кірмейді.4. Осы баптың 1-тармағында аталған заңды тұлға бірінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету осы тармақ ескеріле отырып беріледі.Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында аталған заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде тоқтатыла тұрмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде жеті жүз мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында аталған заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап төрт жыл ішінде тоқтатыла тұрмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде бес жүз мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында аталған заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде тоқтатыла тұрмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде үш жүз мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында аталған заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап алты жыл ішінде тоқтатыла тұрмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде бір жүз елу мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.Осы баптың 1-тармағында аталған уәкілетті экономикалық оператор берген кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету осы Кодекске сәйкес мұндай тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген кезде Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету берілген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде танылады.5. Осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 9) және 11) тармақшаларында белгіленген уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне заңды тұлғаны қосу шарттары енгізілгенге дейін уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 9) және 11) тармақшалары қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін көрсетілген шарттарға сәйкес келтіреді.Ескерту. 570-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
| 8,245
|
https://kodeksy-kz.com/o_tamozhennom_regulirovanii/571.htm
|
Ст. 571 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
|
Кеден органдары 2021 жылғы 1 наурызға дейін шығарған камералдық кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар бойынша туындайтын құқықтық қатынастарға осы Кодекстің камералдық кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша шығарылатын тексерулердің нәтижелері туралы хабарламаларға қолданылатын ережелері қолданылады деп белгіленсін.Ескерту. Кодекс 571-баппен толықтырылды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (01.03.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентіН. НАЗАРБАЕВ
| 8,246
|
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.