link
stringlengths
43
81
title
stringlengths
50
97
content
stringlengths
52
106k
__index_level_0__
int64
0
8.25k
https://kodeksy-kz.com/ob_administrativnyh_pravonarusheniyah/906.htm
Ст. 906 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Жеке тұлғаны, дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны рұқсат берген органдардың лауазымды адамдары орындайды.
4,688
https://kodeksy-kz.com/ob_administrativnyh_pravonarusheniyah/907.htm
Ст. 907 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
1. Жеке тұлғаны, дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны рұқсаттан айыру туралы қаулыны орындау рұқсатты алып қою және (немесе) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен рұқсатты алып тастау арқылы жүргізіледі.2. Жеке тұлға, дара кәсiпкер немесе заңды тұлға рұқсатты тапсырудан жалтарған жағдайда, р...
4,689
https://kodeksy-kz.com/ob_administrativnyh_pravonarusheniyah/908.htm
Ст. 908 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
1. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі рұқсаттан айыру (қолданылуын тоқтата тұру) туралы қаулы заңды күшiне енген күннен бастап есептеледi.2. Белгiлi бiр қызмет түрiне рұқсаттан айыру мерзiмi өткеннен кейiн әкiмшiлiк жазаның осы шарасы қолданылған тұлға лицензияны заңнамада белгiленген тәртiппен ал...
4,690
https://kodeksy-kz.com/ob_administrativnyh_pravonarusheniyah/909.htm
Ст. 909 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
1. Заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) шығарады және шешiм заңды күшiне енгеннен кейін заңды тұлға құрылтайшысының немесе дара к...
4,691
https://kodeksy-kz.com/ob_administrativnyh_pravonarusheniyah/910.htm
Ст. 910 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
1. Уәкiлеттi лауазымды адам ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұрады, ғимараттарды, құрылыстарды, жекелеген үй-жайларды, қоймаларды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға тыйым салады.2. Заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын орган заңды тұлғаның қызметiне тыйым салу ...
4,692
https://kodeksy-kz.com/ob_administrativnyh_pravonarusheniyah/911.htm
Ст. 911 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
1. Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы соттың қаулысын өзiне қатысты осы әкiмшiлiк жаза шығарылған тұлға орындайды.2. Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу түрiнде сот қолданған әкiмшiлiк жаза өз еркiмен орындалмаған жағдайда, қаулыны уәкiлеттi орга...
4,693
https://kodeksy-kz.com/ob_administrativnyh_pravonarusheniyah/912.htm
Ст. 912 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау құқық бұзушының есебiнен жүзеге асырылады.
4,694
https://kodeksy-kz.com/ob_administrativnyh_pravonarusheniyah/913.htm
Ст. 913 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
1. Судьяның қамаққа алу туралы қаулысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары және әскери полиция органдары орындайды.2. Әкiмшiлiк қамаққа алынған тұлғалар iшкi iстер органдары айқындайтын орындарда күзетпен ұсталады. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыны орындау кезiнде қамақ...
4,695
https://kodeksy-kz.com/ob_administrativnyh_pravonarusheniyah/914.htm
Ст. 914 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Егер әкiмшiлiк қамаққа алынған тұлға әкiмшiлiк қамаққа алу мерзiмi өткенге дейiн оны өтейтiн орынды өз бетiмен тастап кетсе, өтеген мерзімі судьяның қаулысымен әкімшілік қамаққа алу мерзiмiне толық немесе iшiнара есептелмеуi мүмкiн. Бұл ретте судья әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеу мерзiмiнiң басталуын жаңадан белгiлейдi.ЗҚ...
4,696
https://kodeksy-kz.com/ob_administrativnyh_pravonarusheniyah/915.htm
Ст. 915 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Осы Кодекстiң 59-бабына сәйкес өндiрiп алуға жататын мүлiктiк залалды өтеу бөлiгiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы заңнамада белгiленген тәртiппен орындалады.
4,697
https://kodeksy-kz.com/ob_administrativnyh_pravonarusheniyah/916.htm
Ст. 916 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
1. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлетiн адамға бақылау жасала отырып, өздігінен кетуi арқылы жүргiзiледi.ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-бөлікті екінші абзацпен толықтыру көзделген – ҚР 10.01.20...
4,698
https://kodeksy-kz.com/ob_administrativnyh_pravonarusheniyah/917.htm
Ст. 917 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Шетелдiктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны мыналар орындайды:1) осы Кодекстiң 510 (төртінші бөлігінде), 513 (екiншi бөлігінде), 514 (екінші бөлігінде), 516 (екінші бөлігінде), 517 (екінші, төртінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде)-баптарында көз...
4,699
https://kodeksy-kz.com/ob_administrativnyh_pravonarusheniyah/918.htm
Ст. 918 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Жол жүрiсi қағидаларын бiлудi тексеру туралы қаулыны заңнамада белгiленген тәртiппен ішкi iстер органдары орындайды.
4,700
https://kodeksy-kz.com/ob_administrativnyh_pravonarusheniyah/919.htm
Ст. 919 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген сот, органдар (лауазымды адамдар) шығарған және орындалмаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулылар, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заң әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдет...
4,701
https://kodeksy-kz.com/ob_administrativnyh_pravonarusheniyah/920.htm
Ст. 920 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап:2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құж...
4,702
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/1.htm
Ст. 1 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажы...
4,703
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/2.htm
Ст. 2 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Жердi осы Кодекстiң 1-бабында аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жердi оның нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты бiр санаттан басқасына ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органда...
4,704
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/3.htm
Ст. 3 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Қазақстан Республикасындағы жер Қазақстан халқына тиесілі. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады. Жер учаскелері осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен...
4,705
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/4.htm
Ст. 4 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Қазақстан Республикасының жер заңдары:1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгi;2) жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау;3) жердi қорғау және ұтымды пайдалану;4) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;5) жердi нысан...
4,706
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/5.htm
Ст. 5 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Қазақстан Республикасы жер заңнамасының мiндеттерi: жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу; жердi ұтымды пайдалан...
4,707
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/6.htm
Ст. 6 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Қазақстан Республикасындағы жер заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының осыған сәйкес қабылданатын нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. Қазақстан Республикасы жер қоры жерлерінің жекелеген санаттарын құқықтық реттеу ерекшеліктері Қазақстан Респу...
4,708
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/7.htm
Ст. 7 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады. Халықаралық шарттан оны қолдану үшiн заң актiсiн шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар жер қатынастарына тiкелей қолдан...
4,709
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/8.htm
Ст. 8 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Аймақтарға бөлу - жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимiн белгiлей отырып айқындау.1-1. Елді мекендерде жерді аймақтарға бөлу бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін айқындау мақсатында жүргізіледі.2. Жерді аймақтарға бөлуді об...
4,710
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/9.htm
Ст. 9 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Меншiктегi, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы уақытша өтеусiз жер пайдаланудағы жер учаскелерiне Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жер салығы салынады.2. Мемлекет уақытша өтеулi пайдалануға (жалға) берген жер учаскелерi үшiн жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы алынады.Жер учаскелерiн пайдалан...
4,711
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/10.htm
Ст. 10 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншікке берілген, оларды мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға берген кезде жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларын, жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн және мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелеріне же...
4,712
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/11.htm
Ст. 11 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Аудандық маңызы бар қалалардағы, кенттер мен ауылдық елдi мекендердегi бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi ауданның жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша аудандық өкілді органның, ал облыстық маңызы бар қалаларда, республикалық маңы...
4,713
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/12.htm
Ст. 12 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және к...
4,714
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/13.htm
Ст. 13 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:1) Республиканың жер қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң ...
4,715
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/14.htm
Ст. 14 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Ескерту. 14-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Орталық уәкілетті органның құзыретіне:1) жер заңнамасын қолдану іс-тәжірибесін жинақтау және оны жетілдіру;1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағ...
4,716
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/15.htm
Ст. 15 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жергiлiктi өкiлдi органдардың тиiстi аумақтарда жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми арияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);2) облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, ау...
4,717
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/16.htm
Ст. 16 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне мыналар жатады:1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);1-1) аудандық маңызы бар қалалар маңындағы аймақтардың шекараларын облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге та...
4,718
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/17.htm
Ст. 17 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Аудан шекарасының шегiнде жер қатынастарын реттеу саласында аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретiне мыналар жатады:1) осы Кодекстiң 13, 16, 18 және 19-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;1-1) геологиялық зерттеуге және пайдал...
4,719
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/18.htm
Ст. 18 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қала шекарасының (шегi) шебiнде және оның әкiмшiлiк бағыныстылығына берiлген аумақта жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:1) осы Кодекстiң 13, 16 және 19-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер...
4,720
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/19.htm
Ст. 19 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң қаланың, кенттiң, ауылдық елдi мекеннiң шекарасы (шегi) шебiнде жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне:1) осы Кодекстiң 13 және 16-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;1-1) осы К...
4,721
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/20.htm
Ст. 20 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.2. Меншiк құқығының субъектiлерi:республика аумағындағы жерге мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi - Қазақстан Республикасы;осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелерiне жеке меншiк құқығ...
4,722
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/21.htm
Ст. 21 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы бар.2. Жердiң меншiк иесi ретiндегi мемлекеттiң құқықтарын осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген өз құзыретiне сәйкес мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.3. Жер учаскесiнiң меншiк и...
4,723
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/22.htm
Ст. 22 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жер учаскесiне меншiк құқығы:1) меншiк құқығын табыстау;2) меншiк құқығын беру;3) меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды.2. Меншiк құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып, ...
4,724
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/23.htm
Ст. 23 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Осы Кодекске сәйкес жеке меншiкте болмайтын жер учаскелерiн қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерi азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке берiлуi мүмкiн.1-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелері жеке меншікке және уақытша жер ...
4,725
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/24.htm
Ст. 24 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.11.2015 № 389-V Заңымен (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі, осы Заңның қолданысқа енгізілуі 31.12.2026 дейін тоқтатыла тұрады).ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-тармақтың бірінші бөлігінің бұл редакциясы 31.12.2026 дейін қолданыста болады - ҚР 3...
4,726
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/25.htm
Ст. 25 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң меншiк иесi мемлекеттiк органдардың қандай да бiр рұқсатын алмай, жер учаскесiн өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады.2. Меншiк иесi өзiнiң жер учаскесiне қатысты оның нысан...
4,727
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/26.htm
Ст. 26 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажы үшін пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдал...
4,728
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/27.htm
Ст. 27 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскелерi:1) жеке меншiкке сатылуы немесе өтеусiз берiлуi;1-1) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталының (меншігінің) төлеміне берілуі;2) тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлуi;3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде немесе халықар...
4,729
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/28.htm
Ст. 28 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Осы Кодекске немесе заттық құқықтың мәнiне қайшы келмейтiндiктен, жер пайдалану құқығына меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.
4,730
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/29.htm
Ст. 29 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулi немесе өтеусiз алынатын болуы мүмкiн.2. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген негiздерден басқа реттерде ешкiмдi де жер пайдалану құқығынан айыруға болмайды.
4,731
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/30.htm
Ст. 30 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Жер пайдаланушылар:1) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес;2) ұлттық және шетелдiк;3) жеке және заңды тұлғалар;4) тұрақты және уақытша;5) бастапқы және кейiнгi болып бөлiнедi.
4,732
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/31.htm
Ст. 31 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жep пайдалану құқығы:1) жер пайдалану құқығын табыстау;2) жер пайдалану құқығын беру;3) жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен ауысуы (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) арқылы туындайды.2. Жер пайдалану құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақса...
4,733
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/32.htm
Ст. 32 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жер пайдалану құқығын табыстау тұлғаға жер пайдалану құқығын тiкелей мемлекеттiң беретiнiн бiлдiредi.2. Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде жер учас...
4,734
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/33.htm
Ст. 33 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жер пайдалану құқығын беру тұлғаға жер пайдалану құқығын басқа жер пайдаланушының беретiнiн бiлдiредi.Жер пайдалану құқығын беру азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздер бойынша жүргiзiледi.Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару азаматтық-құқықт...
4,735
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/34.htm
Ст. 34 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттiк жер пайдаланушыларға:1) алып тасталды – ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға,...
4,736
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/35.htm
Ст. 35 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жер учаскесi азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн.2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейiнгi мерзiмге беріледі.Осы Ко...
4,737
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/36.htm
Ст. 36 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен:шөп шабу үшін;мемлекеттiк жер пайдаланушыларға;бақша өcipу үшiн;қызметтiк жер телiмі түрiнде;ортақ пайдаланылатын жолдарды салу, мемлекеттiк меншiктегi және әлеуметтiк-мәдени ма...
4,738
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/37.htm
Ст. 37 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жер учаскесiне уақытша өтеулi (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы азаматтарға, мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкiн.2. Өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушының (жалға алушының), егер Қазақстан Республикасының заң...
4,739
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/38.htm
Ст. 38 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Бастапқы жер пайдаланушы өзiнiң жер пайдалану құқығын иелiгiнен шығармай, ал өзiне тиесiлi учаскенi (немесе оның бiр бөлiгiн) жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органына хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша жер пайд...
4,740
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/39.htm
Ст. 39 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Мемлекеттiк жер пайдаланушылар жер учаскесiнде шаруашылық жүргiзудi жүзеге асырады, сондай-ақ осы учаскенiң нысаналы мақсаты мен жер пайдаланушы қызметiнiң жарғыдағы мақсаттарын ескере отырып, жер пайдаланушының басқа да құқықтарын iске асырады.2. Мемлекеттiк жер пайдаланушы өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын иелiг...
4,741
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/40.htm
Ст. 40 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен ауысуы заң бойынша мұраға ие болу кезiнде немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда құқық мирасқорында жер пайдалану құқығының туындауын бiлдiредi.ҚР Конституциялық Сотының 30.01.2025 № 64-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 40-бабы 1-тармағ...
4,742
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/41.htm
Ст. 41 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Қызметтiк жер телiмi ұзақ мерзiмдi уақытша өтеусiз жер пайдаланудың ерекше бiр түрi болып табылады.2. Қызметтiк жер телiмiне құқығы бар қызметкерлер санаттарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.3. Қызметтiк жер телiмi осы телiмге құқығы бар адамдар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк заңды тұлғалардың ж...
4,743
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/42.htm
Ст. 42 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстiңгi қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге қолданылады.Жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер учаскесінің шекараларындағы жер қойнауын пайдалануы осы Ко...
4,744
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/43.htm
Ст. 43 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Осы Кодекстің 44-1 және 44-2-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жерден, сондай-ақ осы Кодекстің 48-бабына сәйкес сауда-саттыққа (аукциондарға) шығарылатын жерден жер учаскесіне құқық беру мынадай тәртіппен жүргiзiледi:1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті (өтінімді) қар...
4,745
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/44.htm
Ст. 44 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін беруді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодексте белгі...
4,746
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/45.htm
Ст. 45 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Ескерту. Алып тасталды – ҚР 05.04.2023 № 221-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4,747
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/46.htm
Ст. 46 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Қандастарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ шаруашылығы және саяжай құрылысы үшін жер учаскелерін беру уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.2. Алып тасталды – ҚР 13.05.2021 № 39-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3. Берiлг...
4,748
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/47.htm
Ст. 47 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жер учаскелерiн алуға құқығы бар азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiне мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiн жеке меншiкке беру өтеулi негiзде жүзеге асырылады.Жер учаскелерiн азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiне беру осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзг...
4,749
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/48.htm
Ст. 48 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы:1) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін;2) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға;3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер пайдаланушыларына;4) мемлекеттік органда...
4,750
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/49.htm
Ст. 49 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Мемлекет меншігіндегі жер учаскесі сатып алу-сату шартын жасасу арқылы сатып алушының жазбаша өтініші бойынша он жыл мерзімге төлеу мерзімі ұзартылып сатылады.2. Сатып алушы сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жер учаскесі құнының кемінде бес пайызын құрайтын мөлшерде аванс төлеуге тиіс...
4,751
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/50.htm
Ст. 50 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттар үшiн берiлетiн жер учаскелерiнiң мөлшерi қызметтiң осы түрлерiне жер бөлiп берудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормалар бойынша не сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес айқындалады.2...
4,752
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/51.htm
Ст. 51 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жер учаскесi бөлiнетiн және бөлiнбейтiн болуы мүмкiн. Өзiнiң нысаналы мақсатын өзгертпей және өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыстық және өзге де мiндеттi нормалар мен ережелердi бұзбай бөлiктерге бөлуге болатын, бөлiнгеннен кейiн әрқайсысы дербес жер учаскесiн құрайтын жер учаскесi бөлiнетiн жер учаскесi ...
4,753
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/52.htm
Ст. 52 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа, үйге (құрылысқа, ғимаратқа) меншік құқығы көрсетілген үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскесiне заңнамада белгiленген тәртiппен меншiк құқығын бiлдiредi. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк заңды тұлғалардың үйге (құрылысқа, ...
4,754
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/53.htm
Ст. 53 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Екi немесе бiрнеше тұлғаның меншiгiндегi жер учаскесi оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады.2. Жер учаскесiне ортақ меншiк Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген реттерде учаске бөлiнбейтiн жағдайда (осы Кодекстiң 51-бабы), сондай-ақ меншiк иелерi өздерiне тиесiлi жер учаскелерiн бiр учаскеге ерi...
4,755
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/54.htm
Ст. 54 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Ортақ меншiктегi (ортақ жер пайдаланудағы) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн пайдалану тәртiбiн үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың жалпы жиналысы қабылдайды. Yлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың алдағы жиналысы туралы хабарлама оның өткiзiлетiн күнiнен бiр айдан ...
4,756
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/55.htm
Ст. 55 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Ортақ үлестiк меншiк құқығындағы үлестi иелiктен шығаруға бағытталған мәмiлелер жасасу кезiнде жер учаскесiн жер үлестерi есебiне бөлiп шығару талап етiлмейдi.2. Жер үлесiн сатушы өз үлесiн бөгде тұлғаға сатқысы келетiнi туралы ниетiн үлестiк меншiктiң қалған қатысушыларын, оның сатылу бағасын және басқа да жағдайла...
4,757
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/56.htm
Ст. 56 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Егер учаскеге ортақ үлестiк меншiкке (ортақ үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың жер үлестерiнiң мөлшерiн Қазақстан Республикасының заңдары негiзiнде айқындау мүмкiн болмаса және оның барлық қатысушыларының келiсiмiмен белгiленбесе, жер үлестерi тең болып есептеледi.2. Ортақ үлестiк меншiкке (ортақ үлестiк жер па...
4,758
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/57.htm
Ст. 57 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Ортақ үлестiк меншiкке (ортақ үлестiк жер пайдалануға) қатысушылар ортақ жер учаскесiн бөлудiң әдiсi мен талаптары жөнiнде келiсiмге келе алмаған жағдайда, әрбiр қатысушы ортақ жер учаскесiнен өзiнiң жер үлесiн нақтылы (белгiлi бiр жерде) бөлiп шығаруды талап етуге құқылы, бұған осы Кодекстiң 62-бабының 2-тармағында...
4,759
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/58.htm
Ст. 58 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Ортақ бiрлескен меншiктегi (ортақ бiрлескен жер пайдаланудағы) жер учаскесiн бөлу әрбiр қатысушының жер үлесi алдын ала анықталған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн.2. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, ортақ бiрлескен меншiктегi (ортақ бiрлесiп жер пайд...
4,760
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/59.htm
Ст. 59 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Егер жер учаскесi осы Кодекстiң 51-бабына сәйкес бөлiнбейтiн болып танылса, оны бөлуге және одан жер үлесiн нақтылы бөлiп шығаруға жол берiлмейдi.2. Бұл жағдайда үлестiк немесе бiрлескен меншiктiң (жер пайдаланудың) бөлiнiп шығатын қатысушысының жер учаскесiне ортақ меншiктiң (ортақ жер пайдаланудың) басқа қатысушыл...
4,761
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/60.htm
Ст. 60 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Ерлi-зайыптыларға тиесiлi жер учаскелерiне меншiк құқығының немесе жер пайдалану құқығының құқықтық режимi ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының азаматтық және неке-отбасы заңдарында көзделген нормаларға сәйкес айқындалады.2. Ерлi-зайыптыларға олар некеге тұрғанға дейiн...
4,762
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/61.htm
Ст. 61 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Ортақ жер учаскесiндегi жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесiнiң осы жылжымайтын мүлiктi өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге, соның iшiнде ортақ жер учаскесiн пайдаланудың Қазақстан Республикасының заң актiсiнде немесе шартта белгiленген талаптарына қайшы келмесе, тиiстi үйлердi (құрылыстарды, ғ...
4,763
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/62.htm
Ст. 62 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Астананың, республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органы көппәтерлі тұрғын үйдегі кондоминиумды тіркеген кезде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамына кондоминиум объектісін орналастыру, пайдалану және күтіп-ұстау үшін қажетті жер учаскесін мінсіз үлес ретінде өтеусіз негі...
4,764
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/63.htm
Ст. 63 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жеке меншiктегi жер учаскесi, сондай-ақ тұрақты және ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығы жеке және заңды тұлғалар мүлкiнiң құрамына кiредi, банкрот деп танылған жағдайларды қоса алғанда, олар өз мiндеттемелерi бойынша осы мүлiкпен жауап бередi.Осы...
4,765
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/64.htm
Ст. 64 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскелерi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың:1) жер учаскесiн оның нысанасынан туындайтын мақсатта пайдалана отырып, жерде дербес шаруашылық жүргiзу;2) ауыл шаруашылығы және өзге де дақылдар мен екпелер себу мен о...
4,766
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/65.htm
Ст. 65 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:1) жердi оның нысаналы мақсатына немесе елді мекендердегі жерлерде функционалдық аймаққа сәйкес, уақытша жер пайдалану кезiнде – оның ішінде, жалдау шартына (уақытша өтеусiз жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалануға;2) санитариялық және экологиялық талаптарға сә...
4,767
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/66.htm
Ст. 66 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша тұлға жер учаскесiне осы Кодексте белгiленген нормаларға сәйкес оған (тұлғаға) тиесiлi болмайтын құқықты алатын жағдайларда, аталған құқық Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген ережелер бойынша үш ай iшiнде иелiктен шығарылуға ...
4,768
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/67.htm
Ст. 67 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларда меншiк иесi немесе жер пайдаланушы өзiне меншiк немесе жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскесiн мүдделi жеке және заңды тұлғаларға шектеулi нысаналы пайдалану құқығымен беруге мiндеттi.2. Бөтен жер учаскесiн шектеулi нысан...
4,769
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/68.htm
Ст. 68 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жеке тұлғалардың жалпы жұрттың кiруiне жабық емес жер учаскелерiнде еркiн, қандай да бiр рұқсатсыз болуға құқығы бар.2. Егер бiреудiң жеке меншiгiндегi немесе жер пайдалануындағы жер учаскесi қоршалмаған болса немесе жеке меншiк иесi немесе жер пайдаланушы учаскеге өзiнiң рұқсатынсыз кiруге болмайтынын өзге де әдiсп...
4,770
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/69.htm
Ст. 69 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жеке меншік иесі, жер пайдаланушы немесе барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушы көршi жер учаскесiне жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығы субъектiсiнен, ал қажет болған жағдайларда өзге жер учаскесіне де жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығы субъектiлерiнен...
4,771
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/70.htm
Ст. 70 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Аудандық (аудан аумағында) немесе облыстық (екi және одан көп аудан аумағында) атқарушы органдар уақытша (маусымдық) пайдаланылатын мал айдау жолдарын жеке меншiк иелерiнен немесе жер пайдаланушылардан жердi алып қоймай, жерiнен тас жол өтетiн жеке меншiк иелерiмен немесе жер пайдаланушылармен, сондай-ақ мал айдау ж...
4,772
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/71.htm
Ст. 71 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Геологиялық, геофизикалық, iздеу, геодезиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық, жерге орналастыру, археологиялық, жобалау және басқа да iздестiру жұмыстарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бұл жұмыстарды жеке меншiк иелерiнен немесе жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн алып қоймай жүргiзе алады.Бұл ретте...
4,773
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/72.htm
Ст. 72 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген жағдайларда осы Кодексте аталғаннан басқа да сервитуттар белгiленуi мүмкiн.
4,774
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/73.htm
Ст. 73 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жер учаскесiне меншiк құқығы немесе сервитутпен ауыртпалық салынған жер учаскесiне жер пайдалану құқығы басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сервитут сақталады.2. Сервитут мәмiленiң, оның iшiнде сатып алу-сатудың және кепiлге салудың дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға қамтамасыз етiлуi үшiн сервитут б...
4,775
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/74.htm
Ст. 74 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Сервитуттың қолданылуы құқық иесiнiң бас тартуы, ұзақ уақыт (3 жыл) пайдаланылмауы, оның белгiленген мерзiмiнiң өтуi нәтижесiнде, тараптар арасындағы келiсiм негiзiнде, сот шешiмi негiзiнде және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша тоқтатылады.2. Қауымдық сервитут қоғамдық қаж...
4,776
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/75.htm
Ст. 75 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Егер осы бапта және жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы Қазақстан Республикасының заң актiсiнде өзгеше белгiленбесе, құқық иесiне бөтен жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану құқығын беретiн сервитуттардың туындауы, өзгертiлуi және тоқтатылуы құқық кадастрында мемлекеттiк тiркелуге тиiс.2. Се...
4,777
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/76.htm
Ст. 76 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Кепiл берушiге жеке меншiк құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскесi кепiл мәнi болуы мүмкiн.2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiнiң және жер пайдалану құқығының кепiлiне жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы ережелер қолданылады.3. Кепiлге салынған жер учас...
4,778
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/77.htm
Ст. 77 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жep учаскесiне немесе жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасауға тыйым салынған жағдайларда (осы Кодекстiң 33-бабының 2-тармағы және 36-бабы) жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салуға жол берiлмейдi.2. Егер жер учаскесiнiң бiр бөлiгiн нысаналы мақсатына сәйкес дербес учаске ретiнде пайдалану мүмк...
4,779
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/78.htm
Ст. 78 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Бөлiнетiн жер учаскесiнде орналасқан үйдi (құрылысты, ғимаратты) кепiлге салу, егер тараптардың келiсiмiмен жер учаскесiнiң көрсетiлгеннен үлкен бөлiгi немесе жер учаскесiнiң бөлiгiне жер пайдалану құқығы не бүкiл жер учаскесi немесе бүкiл жер учаскесiне жер пайдалану құқығы кепiлге берiлмесе, үй (құрылыс, ғимарат) ...
4,780
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/79.htm
Ст. 79 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жеке меншiк құқығында немесе уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығында жер учаскелерi бар жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар кепiлге берушi бола алады.Мемлекеттiк жер пайдаланушылар осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда өздерiне тиесiлi тұрақты жер пайдалану құқығын кепiлге беруге құқ...
4,781
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/80.htm
Ст. 80 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын кепiлге салу жылжымайтын мүлікке құқықты тiркеу үшін белгіленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге тиiс.Ескерту. 80-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.26 № 311, 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдары...
4,782
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/81.htm
Ст. 81 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы:1) меншiк иесi - жер учаскесiн немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығын иелiктен шығарып басқа тұлғаларға берген;2) меншiк иесi меншiк құқығынан немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығынан бас тартқан;3) жер учаскесiне меншiк құқығынан немесе жер п...
4,783
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/82.htm
Ст. 82 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Меншiк иесi бұл туралы жария етiп, не жер учаскесiне қатысты өзiне тиесiлi құқығын сақтау ниетiнсiз одан бас тартатынын айқын бiлдiретiн басқа да iс-әрекет жасап, өзiне тиесiлi жер учаскесiне меншiк құқығынан бас тарта алады.Уақытша жер пайдалану құқығынан немесе жеке меншiктегi жер учаскесiн уақытша пайдалану құқығ...
4,784
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/83.htm
Ст. 83 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу кезiнде (осы Кодекстiң 63-бабы) меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен меншiк құқ...
4,785
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/84.htm
Ст. 84 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн айрықша жағдайларда, меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен мүлiктің тең құны өтелген кезде не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп иелiктен шығарылуы мүмкін.1-1. Айрықша жағдайлар деп мемлекет мұқтажын қанағаттандырудың өзге тәсiлінің болмауы түсініледі.2. Ж...
4,786
https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/85.htm
Ст. 85 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
1. Жер учаскесінің меншiк иесі немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында белгіленген мерзімде және тәртіпте мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабардар етілуге тиіс.Жер учаскесінің меншiк иесі немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы мәжбүрлеп иел...
4,787