link stringlengths 43 81 | title stringlengths 50 97 | content stringlengths 52 106k | __index_level_0__ int64 0 8.25k |
|---|---|---|---|
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/520.htm | Ст. 520 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Рента жер учаскесiне, сондай-ақ оны төлейтiн етiп берiлген кәсiпорынға, үйге, ғимаратқа немесе басқа да қозғалмайтын мүлiкке құқық жүктейдi. Рента төлеушi осындай мүлiктi иелiктен айырған жағдайда оның рента шарты бойынша мiндеттемелерi мүлiктi сатып алушыға ауысады.2. Рента жүктелiп берiлген, осы баптың 1-тармағынд... | 4,988 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/521.htm | Ст. 521 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Жер учаскесi немесе басқа да қозғалмайтын мүлiк құқығы рента төлейтiн етiп берiлген кезде рента алушы рента төлеушiнiң мiндеттемесiн қамтамасыз ету үшiн осы мүлiктi кепiлге беру құқығын алады.2. Рента төлеушiнiң мiндеттемелерiн (осы Кодекстiң 292-бабы) орындауды қамтамасыз ету не осы мiндеттемелердiң орындалмағаны н... | 4,989 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/522.htm | Ст. 522 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Рента төлеу мерзiмiн кешiктiргенi үшiн рента төлеушi рента алушыға, егер шартта тұрақсыздық айыбының өзгеше мөлшерi белгiленбесе, осы Кодекстiң 353-бабында көзделген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.Параграф 2. Тұрақты рента | 4,990 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/523.htm | Ст. 523 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Тек қана азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдар, егер бұл олардың қызмет мақсаттарына сәйкес келсе, тұрақты рентаны алушылар бола алады.2. Тұрақты рента шарты бойынша рента алушының құқықтары, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, қойылатын талапқа жол беру және мұрагерлiк не құқық мирасқорлығы тәрт... | 4,991 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/524.htm | Ст. 524 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Тұрақты рента шартта белгiленген мөлшерде ақшалай төленедi.2. Шартта рентаны төлеу рентаның ақшалай сомасының құнына сәйкес келетiн заттар беру, жұмыстар атқару немесе қызметтер көрсету жолымен қарастырылуы мүмкiн.3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, төленетiн рентаның мөлшерi заң актiлерiнде белгiленген бiр айлық есеп... | 4,992 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/525.htm | Ст. 525 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұрақты рента әрбiр күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн төленедi. | 4,993 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/526.htm | Ст. 526 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Тұрақты рента төлеушi рентаны сатып алу жолымен оны одан әрi төлеуден бас тартуға құқылы.2. Бұлайша бас тарту рента төлеушi рента төлеу тоқтатылғанға дейiн үш айдан кешiктiрмей немесе шартта көзделген неғұрлым ұзақ мерзiмде жазбаша түрде мәлiмдеген жағдайда жарамды болады. Бұл орайда рента төлеу жөнiндегi мiндеттеме... | 4,994 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/527.htm | Ст. 527 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Рента алушы:1) егер шартта өзгеше белгiленбесе, рента төлеушi оның төленуiн бiр жылдан астам уақытқа кешiктiрген;2) рента төлеушi рентаның төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi өз мiндеттемелерiн бұзған (осы Кодекстiң 521-бабы);3) рента төлеушi төлемге қабiлетсiз деп танылған не оның шартта белгiленген мөлшер мен мерзiмде ... | 4,995 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/528.htm | Ст. 528 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Тұрақты рентаны сатып алу осы Кодекстiң 526 және 527-баптарында көзделген жағдайларда шартта белгiленген баға бойынша жүргiзiледi.2. Шартта рента төлемi ретiнде төлеу үшiн берiлген мүлiктiң сатып алу бағасы туралы ереже болмаған кезде сатып алу рента төлемдерiнiң жылдық сомасына сәйкес баға бойынша жүзеге асырылады.... | 4,996 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/529.htm | Ст. 529 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Тұрақты рента төлемi ретiнде тегiн берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупін рента төлеушi мойнына алады.2. Тұрақты рента төлемi ретiнде төлеу үшiн берiлген мүлiк кездейсоқ жойылған немесе кездейсоқ бүлiнген кезде төлеушi тиiсiнше рента төлеу жөнiндегi мiндеттемесiн тоқтатуды немесе оны төлеу... | 4,997 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/530.htm | Ст. 530 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Рента төлемi ретiнде мүлiк берген азаматтың өмiрi кезеңiне не ол көрсеткен басқа азаматтың өмiрi кезеңiне ғұмырлық рента белгiленуi мүмкiн.2. Егер шартта өзгеше белгiленбесе, рента алу құқығындағы үлестерi тең деп саналған бiрнеше азаматтың пайдасына ғұмырлық рента белгiлеуге жол берiледi.Рента алушының бiреуi қайты... | 4,998 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/531.htm | Ст. 531 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Ғұмырлық рента шартта рента алушыға оның өмiр сүруi кезiнде мезгiл-мезгiл төленiп тұратын ақша сомасы ретінде белгiленедi. Тараптар өмiр бойы асырауда ұстау туралы шарт жасасқан жағдайларда шартта мұндай асыраудың ақшалай бағасы белгiленуге тиiс.2. Егер ғұмырлық рента шартында өзгеше көзделмесе, төленетiн рентаның м... | 4,999 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/532.htm | Ст. 532 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Егер шартта өзгеше көзделмесе, ғұмырлық рента әрбiр күнтiзбелiк ай аяқталғанда төленедi. | 5,000 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/533.htm | Ст. 533 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Ескерту. 533-бап алып тасталды- ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | 5,001 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/534.htm | Ст. 534 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Ғұмырлық рента төлемi ретiнде берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылуы немесе кездейсоқ бүлiнуi рента төлеушiнi шартта көзделген талаптар бойынша оны төлеу мiндеттемесiнен босатпайды.Параграф 4. Өмiр бойы асырауда ұстау | 5,002 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/535.htm | Ст. 535 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Өмiр бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы азамат өзiне тиесiлi қозғалмайтын мүлiктi сол азаматты және (немесе) ол көрсеткен үшiншi бiр адамды өмiр бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға мiндеттенген рента төлеушiнiң меншiгiне бередi.2. Өмiр бойы асырауда ұстау шартына, егер осы параграфтың ережелерiнде өзгеше... | 5,003 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/536.htm | Ст. 536 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Рента төлеушiнiң асырауда ұстауға беру жөнiндегi мiндетiне тұрғын үйге, тамақ пен киiмге, күтiм жасауға және қажеттi көмекке деген қажеттерiн қамтамасыз ету енгiзiлуi мүмкiн.Шартта рента төлеушiнiң салт-жора қызметiн көрсетуге ақы төлеуi де көзделуi мүмкiн.2. Шартта жалпы асырауда ұстау көлемiнiң құны айқындалуға ти... | 5,004 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/537.htm | Ст. 537 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Шартта асырауда ұстауға заттай берудi ақшалай мерзiмдiк төлеммен ауыстыру мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн. | 5,005 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/538.htm | Ст. 538 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Рента төлеушi өзiне өмiр бойы асырауда ұстауды қамтамасыз ету үшiн берiлген қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айыруға, кепiлге беруге және өзге де әдiспен жүктеуге рента алушының алдын ала келiсiмi болғанда ғана құқылы.2. Рента төлеушi өмiр бойы асырауда ұстауға берiлген кезеңде аталған мүлiктi пайдалану осы мүлiктiң құ... | 5,006 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/539.htm | Ст. 539 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Өмiр бойы асырауда ұстау мiндеттемесi рента алушы қайтыс болғанда тоқтатылады.2. Рента төлеушi өз мiндеттемелерiн елеулi түрде бұзған кезде рента алушы өмiр бойы асырауды қамтамасыз етуге берiлген қозғалмайтын мүлiктi қайтаруды не осы Кодекстiң 528-бабында белгiленген жағдайда өзiне сатып алу бағасын төлеудi талап е... | 5,007 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/540.htm | Ст. 540 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мүлiктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi.2. Жалға алушы жалға алған мүлiкке осы Кодексте белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша иелiк етуге құқылы.3. Лизинг, прокат шарттары да, сондай-ақ мүлiктi ақы төлеп уақытша и... | 5,008 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/541.htm | Ст. 541 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мүлiктік жалдауға кәсiпорындар мен басқа да мүлiктiк кешендер, жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлiк құралдары және оларды пайдалану процесiнде өздерiнiң табиғи қасиеттерiн жоймайтын басқа да заттар (тұтынылмайтын заттар) берiлуi мүмкiн.2. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жер пайдалану құқығы, ж... | 5,009 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/542.htm | Ст. 542 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Мүлiктік жалдау шартында жалға алушыға мүлiктiк жалдау объектiсi ретiнде берiлуге тиесiлi мүлiктi анықтауға мүмкiндiк беретiн деректер көрсетiлуге тиiс.Шартта мұндай деректер болмаған кезде мүлiктiк жалдауға берiлуге тиесiлi объект туралы талап тараптармен келiсiлмеген деп, ал тиiстi шарт жасалмаған деп есептеледi. | 5,010 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/543.htm | Ст. 543 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Мүлiктi жалға беру құқығы оның меншiк иесiне тиесiлi.Заң актiлерiнде уәкiлдiк берiлген немесе меншiк иесi мүлкiн жалға берудi тапсырған тұлғалар да жалға берушiлер бола алады. | 5,011 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/544.htm | Ст. 544 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Бiр жылдан астам мерзiмге жасалған, ал егер тараптардың бiреуi заңды тұлға болса, мерзiмiне қарамай-ақ, мүлiктік жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс.2. Алып тасталды - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3. Азаматтар арасындағы ... | 5,012 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/545.htm | Ст. 545 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мүлiктік жалдау шарты шартта белгiленген мерзiмге жасалады.2. Егер мүлiктік жалдау шарты мерзiмi көрсетiлмей жасалса, ол белгiсiз мерзiмге жасалған деп есептеледi.Қозғалмайтын мүлiктi жалдаған жағдайда, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, әрбiр тарап екiншi тарапқа үш ай бұрын ескертiп, мұндай шарт... | 5,013 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/546.htm | Ст. 546 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Жалға алынған мүлiктi пайдалану үшiн төлемдi, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шартта белгiленген тәртiп, мерзiм мен нысан бойынша жалға алушы төлейдi. Шартта олар айқындалмаған жағдайларда салыстырмалы мән-жайларда әдетте сол секiлдi мүлiктi жалға алған кезде қолданылатын тәртiп, мерзiм мен нысан белгiленген... | 5,014 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/547.htm | Ст. 547 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Жалға берушi мүлiктi жалға алушыға шарт талаптары мен мүлiктiң мақсатына сәйкес келетiн күйде беруге мiндеттi.2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiк жалға оның барлық керек-жарақтарымен және оған қатысты құжаттармен (мүлiктiң жиынтықтылығын, қауiпсiздiгiн, сапасын, пайдалану тәртiбiн куәландыратын және т.б. құжатта... | 5,015 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/548.htm | Ст. 548 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Жалға берушi жалға берiлген мүлiктiң оны пайдалануға толық немесе iшiнара кедергi жасайтын кемшiлiктерi үшiн, тiптi ол шарт жасалған кезде бұл кемшiлiктер туралы бiлмесе де, жауап бередi.Осындай кемшiлiктер табылған жағдайда жалға алушы жалға берушiден өз қалауы бойынша:1) мүлiктiң кемшiлiктерiн тегiн жоюды;2) жалда... | 5,016 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/549.htm | Ст. 549 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мүлiктi жалға беру бұл мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтарын тоқтату немесе өзгерту үшiн негiз болып табылмайды.2. Жалға берушi шарт жасасқан кезде жалға алушыға жалға берiлетiн мүлiкке үшiншi тұлғалардың барлық құқықтары (сервитут, кепiл құқығы және т.б.) туралы ескертуге мiндеттi.Бұл ереженi орындамау жалға алушығ... | 5,017 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/550.htm | Ст. 550 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Жалға алушы мүлiктi шарт талаптарына сәйкес, ал егер шартта мұндай талаптар белгiленбесе, мүлiктiң мақсатына сәйкес пайдалануға мiндеттi. | 5,018 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/551.htm | Ст. 551 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жалға алушы жалға берушiнiң келiсiмiмен жалға алған мүлiктi қосымша жалдауға (қосалқы жалға алу), мүлiктiк жалдау шарты бойынша өз құқықтары мен мiндеттерiн басқа тұлғаға беруге (қайта жалға беру), жалға алған мүлiктi тегiн пайдалануға беруге, сондай-ақ осы құқықтарды кепiлг... | 5,019 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/552.htm | Ст. 552 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Жалға берушi жалға берiлген мүлiкке тараптармен келiсiлген мерзiмдерде, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, өз есебінен күрделi жөндеу жүргiзуге мiндеттi.2. Жалға алушы жауап бермейтiн мән-жайларға байланысты пайда болып, шұғыл қажеттiлiк туғызған жөндеудi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше... | 5,020 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/553.htm | Ст. 553 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Жалға алушы, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мүлiктi дұрыс күйде ұстап-тұтуға, ағымдағы жөндеудi өз есебiнен жүргiзуге және мүлiктi ұстап-тұтуға кететiн шығындарды көтеруге мiндеттi. | 5,021 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/554.htm | Ст. 554 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Жалданған мүлiктi пайдалану нәтижесiнде жалға алушының алған өнiмi, жемiстерi және өзге де кiрiстерi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, оның меншiгi болып табылады. | 5,022 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/555.htm | Ст. 555 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Жалданған мүлiктiң жалға алушы жүргiзген бөлiгiнiң ажыратылып жақсартылуы, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның меншiгi болып табылады.2. Жалға алушы өз қаражаты есебiнен және жалға берушiнiң келiсiмiмен, жалданған мүлiкке зиян келтiрмей ажыратуға болмайтын жақсарту жүргiзсе, шартта өзгеше көзделмегендiктен, оның шар... | 5,023 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/556.htm | Ст. 556 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Тараптардың біреуiнiң талап етуi бойынша мүлiктiк жалдау шарты осы Кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесе шартта көзделген жағдайларда сот тәртiбiмен өзгертiлуi немесе мерзімiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.2. Жалға берушiнiң талабы бойынша мынадай жағдайларда:1) егер жалға алушы мүлiктi шарт талаптарын немесе мүлiктiң м... | 5,024 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/557.htm | Ст. 557 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Өз мiндетiн лайықты түрде атқарған жалға алушының, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, шарт мерзiмi бiткеннен кейiн басқа тұлғалардың алдында мүлiктік жалдау шартын жаңа мерзiмге жасау үшiн басқадай тең жағдайларда артықшылықты құқығы болады. Жалға алушы мүлiктiк жалдау шартында көрсетiлген мерзiмд... | 5,025 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/558.htm | Ст. 558 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Егер жалға берушi тарапынан қарсылық болмаған жағдайда жалға алушы шарттың мерзiмi бiткен соң да мүлiктi пайдалана беретiн болса, шарт нақ сондай талаптармен белгiсiз мерзiмге қайта жаңартылған деп есептеледi. Бұл орайда тараптардың әрқайсысы қозғалмайтын мүлiктi жалға алған кезде, егер заң актiлерiнде немесе шартта өз... | 5,026 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/559.htm | Ст. 559 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Жалға берiлген мүлiкке меншiк құқығының, шаруашылық жүргiзу құқығының немесе оралымды басқару құқығының басқа тұлғаға ауысуы мүлiктік жалдау шартын өзгертуге немесе бұзуға негiз болып табылмайды.2. Қозғалмайтын мүлiктi жалға алушы болып табылатын азамат қайтыс болған жағдайда осы мүлiктiк жалдау шарты бойынша оның қ... | 5,027 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/560.htm | Ст. 560 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Егер мүлiктік жалдау шартында өзгеше көзделмесе, мүлiктік жалдау шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату соған сәйкес жасалған қосымша жалдау шартын тоқтатуға әкеп соғады.2. Егер мүлiктік жалдау шарты осы Кодексте көзделген негiздер бойынша жарамсыз деп табылса, онда оған сәйкес жасалған қосымша жалдау шарты маңызсыз болып ... | 5,028 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/561.htm | Ст. 561 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мүлiктік жалдау шарты тоқтатылғаннан кейiн жалға алушы мүлiктi алған кезiндегi күйiнде, қалыпты тозуын ескере отырып немесе шартта келiсiлген күйiнде оны жалға берушiге қайтаруға мiндеттi.2. Егер шарт мерзiмi аяқталған соң қайтарылатын мүлiктiң жай-күйi осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе, жа... | 5,029 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/562.htm | Ст. 562 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мүлiктік жалдау шартында жалға алынған мүлiк жалға алушының меншiгiне тараптардың келiсiмiнде белгiленген жағдайларда көшедi деп көзделуi мүмкiн.2. Егер шартта жалға алынған мүлiктi сатып алу туралы ереже көзделмесе, ол тараптардың қосымша келiсiмiмен белгiленуi мүмкiн, бұл орайда олар мүлiктi пайдалануға бұрын төле... | 5,030 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/563.htm | Ст. 563 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Жалға алушыға оның жалға алған мүлiкке құқықтары меншiк құқығын қорғаумен тең қамтамасыз етiледi.Жалға берушi жалға алынған мүлiктi пайдалану қандай да болсын құқықтары жоқ үшiншi бiр тұлғаның күш көрсеткен iс-қимылдарымен бұзылғаны үшiн жалға берушiнiң алдында жауапты болмайды.Жалға алушының талап қоюға және өзге де т... | 5,031 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/564.htm | Ст. 564 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Мүлiктік жалдау шартының жекелеген түрлерiне және жекелеген мүлiк түрлерiн жалдау шарттарына (лизинг, кәсiпорындарды жалдау, үйлер мен ғимараттарды жалдау, көлiк құралдарын жалдау, прокат), егер заң актілерінде және осы Кодекстiң ережелерiнде олар туралы өзгеше көзделмесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.... | 5,032 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/565.htm | Ст. 565 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Лизинг шарты бойынша лизинг берушi лизинг алушы көрсеткен мүлiктi сатушыдан меншiгiне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi.2. Лизинг шартында сатушыны және сатып алынатын мүлiктi таңдап алуды лизинг берушi жүзеге асырады деп көзделуi мүмкiн.3. Қа... | 5,033 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/566.htm | Ст. 566 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Yйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады.Кепіл нысанасы болып табылатын жылжымалы мүлік лизинг нысанасы бола алады.Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.Ескерту. 566-бапқа өзгеріс... | 5,034 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/567.htm | Ст. 567 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Лизинг шартында, осы Кодекстiң 542-бабында аталған талаптардан басқа, мынадай талаптар болуға тиiс:1) мүлiктi сатушының атауы;2) лизинг алушыға мүлiктi берудiң талаптары мен мерзiмi;3) төлемдердiң мөлшерi мен мерзiмдiлiгi;4) шарт мерзiмi;5) егер шартта лизинг алушының меншiгiне мүлiктiң көшуi көзделсе, осындай көшудiң ... | 5,035 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/568.htm | Ст. 568 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Лизинг берушi лизинг алушы үшiн мүлiк сатып ала отырып, мүлiктiң белгiлi бiр тұлғаға лизинг ретiнде беруге арналғандығы туралы сатушыны хабардар етуге тиiс. | 5,036 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/569.htm | Ст. 569 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Лизингтiң нысанасы болып табылатын мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе бүлiну қаупi, егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiктi берген кезде лизинг алушыға ауысады. | 5,037 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/570.htm | Ст. 570 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Лизинг шартына сәйкес төленуге тиiстi мерзiмдiлiк төлемдерi мүлiктiң шарт жасасқан кездегi баға бойынша құнының барлық немесе елеулi бөлiгiнiң амортизациясы ескерiле отырып есептелуi мүмкiн. | 5,038 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/571.htm | Ст. 571 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiктi сатушы лизинг алушыға, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, лизинг алушы орналасқан жерде тiкелей бередi.2. Лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiк осы шартта аталған мерзiмде лизинг алушыға берiлмеген жағдайда, егер мерзiм... | 5,039 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/572.htm | Ст. 572 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Лизинг алушы лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiктi сатушыға - сатушы мен лизинг берушiнiң арасында жасалған сатып алу-сату шартынан туындайтын, атап айтқанда, мүлiктiң сапасы мен жиынтықтылығына, оны беру мерзiмiне қатысты және сатушы шартты тиiстi түрде орындамаған басқа да жағдайларда туындайтын талапта... | 5,040 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/573.htm | Ст. 573 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Кәсiпорынды жалдау шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы үшiн кәсiпорынды ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпорынды толығымен бiртұтас мүлiк кешенi ретiнде пайдалануға (осы Кодекстiң 119-бабы), оның iшiнде құқық иесiнiң фирмалық атауына және (немесе) коммерциялық белгiсiне, қо... | 5,041 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/574.htm | Ст. 574 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Жалға алушыға борыштарын аударғаны туралы жалға берушi өз кредит берушiлерiн жалдау шарты жасалғанға дейiн жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi, олар осындай аударумен келiспеген жағдайда хабарлама алған күннен бастап үш айдың ішінде жалға берушіден тиісті мiндеттемелердi тоқтатуын немесе мерзiмiнен бұрын орындауын... | 5,042 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/575.htm | Ст. 575 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Ескерту. 575-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Кәсiпорынды жалдау шарты тараптар қол қойған бiрыңғай құжат жасау жолымен жазбаша түрде жасалады.2. Кәсiпорынды жалдау шартының нысанын сақтамау ш... | 5,043 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/576.htm | Ст. 576 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Кәсiпорынды жалға алушыға беру өткiзу актiсi бойынша жүзеге асырылады. Өткiзу актiсiн жасау мен қол қоюға ұсынуды қоса алғанда, кәсiпорынды беруге дайындау, егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушiнiң мiндетi болып табылады және соның есебiнен жүзеге асырылады. | 5,044 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/577.htm | Ст. 577 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Кәсiпорынды жалға алушы шарттың бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде, егер шартта өзгеше көзделмесе, ағымдағы және күрделi жөндеудi қоса алғанда, кәсiпорынды тиiстi техникалық күйде ұстауға мiндеттi.2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алынған кәсiпорынды пайдалануға байланысты шығындар жалға алушыға жүктеледi. | 5,045 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/578.htm | Ст. 578 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Жалға алушы жалға берiлген кәсiпорын мүлкiнiң құрамына кiретiн материалдық қазыналарды, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушiнiң келiсiмiнсiз сатуға, айырбастауға, уақытша пайдалануға не қарыз етiп беруге оларды қосалқы жалға өткiзуге және шарт бойынша осындай құндылықтарға қатысты өз құқық... | 5,046 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/579.htm | Ст. 579 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Егер кәсiпорынды жалдау шартында өзгеше көзделмесе, жалға алушы жалға берушiнiң келiсiмiнсiз жалға алынған мүлiк кешенiнiң құрамына оның құнын арттыратын өзгерiстер енгiзуге, оны қайта құруға, кеңейтуге, техникамен қайта жарақтандыруға құқылы.2. Егер кәсiпорынды жалдау шартында өзгеше көзделмесе, кәсiпорынды жалдауш... | 5,047 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/580.htm | Ст. 580 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Жалдау шарты тоқтатылған жағдайда кәсiпорын тұтастай мүлiк кешенi ретiнде осы Кодекстiң 573, 574 және 576-баптарында көзделген ережелердi сақтай отырып жалға берушiге қайтарылуға тиiс. Өткiзу актiсiн жасауды және оны қол қоюға табыс етудi қоса алғанда, кәсiпорынды жалға берушiге беруге дайындау, егер шартта өзгеше көзд... | 5,048 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/581.htm | Ст. 581 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты бойынша жалға берушi үйдi немесе ғимаратты жалға алушының уақытша иеленуiне және пайдалануына беруге мiндеттенедi.2. Егер осы Кодекстiң кәсiпорынды жалдау туралы ережелерiнде өзгеше көзделмесе, кәсiпорындарды жалдауға осы параграфтың ережелерi қолданылады. | 5,049 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/582.htm | Ст. 582 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Ескерту. 582-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты тараптар қол қойған бiрыңғай құжат ретiнде жазбаша нысанда жасалады.2. Ғимаратты немесе үй-жайды жалдау шартыны... | 5,050 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/583.htm | Ст. 583 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Үйдi немесе ғимаратты жалдау шартында жалдау ақысының мөлшерi көзделуге тиiс. Тараптардың жалдау ақысының мөлшерi туралы жазбаша түрде келiскен талаптары болмаған жағдайда үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты жасалмаған деп саналады. Бұл орайда осы Кодекстiң 385-бабының 3-тармағында көзделген баға белгiлеу ережелерi қ... | 5,051 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/584.htm | Ст. 584 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Жалға берушiнiң үйдi немесе ғимаратты беруi және оны жалға алушының қабылдауы өткiзу актiсi немесе тараптар қол қоятын өткiзу туралы өзге де құжат бойынша жүзеге асырылады.2. Үйдi немесе ғимаратты беру туралы құжатқа тараптардың бiрiнiң шартта көзделген талаптар бойынша қол қоюдан бас тартуы, тиiсiнше жалға берушiнi... | 5,052 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/585.htm | Ст. 585 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Көлiк құралын (уақытша кеме жалдау) басқару және техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуiмен жалдау шарты (көлiк құралын экипажымен жалдау шарты) бойынша жалға берушi жалға алушыға ақы төлетiп көлiк құралын уақытша иелену мен пайдалануға беруге және өз күшiмен оны басқару мен техникалық пайдалану бойынша қызмет ... | 5,053 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/586.htm | Ст. 586 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Көлік құралын экипажымен жалдау шарты оның мерзіміне қарамастан жазбаша түрде жасалуға тиiс. | 5,054 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/587.htm | Ст. 587 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Жалға берушi шарт қолданылатын бүкiл мерзiм iшiнде жалға берiлген көлiк құралын, ағымдағы және күрделi жөндеудi жүзеге асыру мен қажеттi керек-жарақтарын берудi қоса алғанда, тиiстi жағдайда ұстауға мiндеттi. | 5,055 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/588.htm | Ст. 588 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Жалға алушыға жалға берушi берген көлiк құралын басқару мен техникалық пайдалану бойынша көрсететiн қызметiнiң көлемi шартта аталған жалдау мақсатына сәйкес оның қалыпты және қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс. Көлік құралын экипажымен жалдау шартында жалға алушыға көрсетiлетiн қызметтiң неғұрлым кең ауқым... | 5,056 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/589.htm | Ст. 589 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Егер көлiк құралын экипажымен жалға беру шартында өзгеше көзделмесе, жалға алушы жанармайға және пайдалану процесiнде жұмсалатын басқа да материалдарға ақы төлеу жөнiндегi, алымдарды төлеу жөнiндегi шығындарды және көлiк құралын коммерциялық пайдалануға байланысты туындаған басқа да шығындарды көтередi. | 5,057 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/590.htm | Ст. 590 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Егер көлiк құралын экипажымен жалдау шартында өзгеше көзделмесе, көлiк құралын сақтандыру және (немесе) ол келтiруi мүмкiн немесе оны пайдалануға байланысты келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiктi сақтандыру мiндетi мұндай сақтандыру мiндеттi болып табылатын жағдайда жалға берушiге жүктеледi. | 5,058 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/591.htm | Ст. 591 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы жалға алынған көлiк құралын коммерциялық пайдалануды жүзеге асыру шеңберiнде жалға берушiнiң келiсiмiнсiз өз атынан үшiншi тұлғалармен, егер олар жалдау шартында көрсетiлген көлiк құралдарын пайдалану мақсаттарына, ал еге... | 5,059 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/592.htm | Ст. 592 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Жалға алынған көлiк құралы жойылған немесе бүлiнген жағдайда, егер жалға берушi көлiк құралының жойылуы немесе бүлiнуi жалға алушы заң актiлерiне немесе шартқа сәйкес жауап беретiн мән-жайлар бойынша болғанын дәлелдесе, жалға алушы жалға берушiге келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi. | 5,060 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/593.htm | Ст. 593 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Үшiншi тұлғаға жалға алынған көлiк құралы, оның тетiктерi, құрылғылары, жабдықтары және т.б. келтiрген зиян үшiн осы Кодекстiң 931-бабының ережелерiне сәйкес жалға алушы жауапты болады. | 5,061 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/594.htm | Ст. 594 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн оны басқару және техникалық пайдалану жөніндегі қызмет көрсетуімен жалдаудың осы параграфта көзделгендерден басқа ерекшелiктерi заң актiлерiмен белгіленуі мүмкiн.Ескерту. 594-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өт... | 5,062 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/595.htm | Ст. 595 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Прокат шарты бойынша тұрақты кәсiпкерлiк қызмет ретiнде қозғалатын мүлiктi жалға берудi жүзеге асыратын жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлетiп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi.Прокат шарты бойынша берiлген мүлiк, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, ... | 5,063 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/596.htm | Ст. 596 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Прокат шарты бiр жылға дейiнгi мерзiмге жасалады.2. Жалға алушының мүлiктiк жалдау шартын жаңартуға басым құқығы туралы және мүлiктiк жалдау шартын белгiсiз мерзiмге жаңарту туралы ережелер (осы Кодекстiң 557, 558-баптары) прокат шартына қолданылмайды.3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы прокат шартынан кез... | 5,064 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/597.htm | Ст. 597 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Прокат шартын жасасқан жалға берушi жалға алушының қатысуымен жалға берiлетiн мүлiктiң дұрыстығын тексеруге, сондай-ақ жалға алушыны мүлiктi пайдалану ережелерiмен таныстыруға не оған осы мүлiктi пайдалану туралы жазбаша нұсқаулықтарды беруге мiндеттi. | 5,065 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/598.htm | Ст. 598 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Жалға алушы жалға берiлген мүлiктiң оны пайдалануға толық немесе iшiнара кедергi келтiретiн кемшiлiктерiн тапқан жағдайда, жалға алушы кемшiлiктер туралы мәлiмдеген күннен бастап он күн мерзiмде жалға берушi, егер шартта одан неғұрлым аз мерзiм белгiленбесе, мүлiктiң кемшiлiктерiн ақысыз жоюға не осы мүлiктi соған ұқса... | 5,066 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/599.htm | Ст. 599 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Прокат шарты бойынша мүлiктi пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы, мерзiмдiк немесе бiржолғы енгiзiлетiн, тұрлаулы сомада белгiленген төлемдер түрiнде белгiленедi.2. Жалға алушы мүлiктi мерзiмiнен бұрын қайтарған жағдайда жалға берушi мүлiктi пайдаланғаны үшiн алған ақының тиiстi бөлiгiн оған мүлiктi нақты қайтарған күнн... | 5,067 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/600.htm | Ст. 600 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Прокат шарты бойынша жалға берiлген мүлiктi күрделi және ағымдағы жөндеу жалға берушiнiң мiндетi болып табылады.2. Прокат шарты бойынша жалға алушыға берілген мүлікті қосымша жалға беруге, жалға алушының прокат шарты бойынша өз құқықтары мен мiндеттерiн басқа тұлғаға беруiне, осы мүлiктi тегiн пайдалануға беруге, жа... | 5,068 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/601.htm | Ст. 601 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Тұрғын үйдi жалдау шарты бойынша тұрғын үйдiң иесi немесе оның уәкiлеттi адамы (жалға берушi) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелерiне тұрғын үйдi ақы төлеп пайдалануға беруге мiндеттенедi.2. Тұрғын үйдi жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс.Ескерту. 601-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 № 421-I... | 5,069 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/602.htm | Ст. 602 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi жалдау шарты жергiлiктi атқарушы органның, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй беру туралы шешiмi негiзiнде жасалады.2. Тұрғын үйдi беру талаптары, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шарты... | 5,070 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/603.htm | Ст. 603 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау талаптары, егер тұрғын үй заңдарында өзгеше көзделмесе, тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.31-тарау. Мүлікті тегін пайдалану | 5,071 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/604.htm | Ст. 604 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мүлiктi тегiн пайдалану шарты (несие шарты) бойынша бiр тарап (несие берушi) екiншi тарапқа (несие алушыға) мүлiктi тегiн уақытша пайдалануға бередi, ал соңғысы мүлiктiң қалыпты тозуын ескере отырып, қандай күйде алса, сондай күйде немесе шартта ескертілген күйде қайтаруға мiндеттенедi.2. Мүлiктi тегiн пайдалану шар... | 5,072 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/605.htm | Ст. 605 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мүлiктi тегiн пайдалануға беру құқығы оның меншiк иесiне және соған заң актiлерi немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген өзге адамдарға берiледi.2. Коммерциялық ұйымның өз құрылтайшысы, қатысушысы, (акционерi), директоры, өзiнiң басқару немесе бақылау органдарының мүшесi болып табылатын адамға мүлiктi тегiн пайдалануға б... | 5,073 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/606.htm | Ст. 606 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Несие берушi мүлiктi тегiн пайдалану шартының талаптары мен мүлiктiң мақсатына сай келетiн күйде беруге мiндеттi.2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiк тегiн пайдалануға оның барлық керек-жарақтарымен және оған қатысты құжаттармен (мүлiктiң жиынтықтылығын, қауiпсiздiгiн, сапасын, пайдалану тәртiбiн куәландыратын жә... | 5,074 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/607.htm | Ст. 607 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мүлікті тегін пайдалануға берген несие беруші мүлікті беру кезінде қасақана немесе өрескел абайсыздықпен айтпай қалған осы мүлiк кемшiлiктерi үшін, егер бұл орайда несие алушыға нақты зиян келсе, жауапты болады.2. Несие алушының талаптары туралы немесе оның мүлiктiң кемшiлiктерiн несие берушiнiң есебiнен жою ниетi т... | 5,075 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/608.htm | Ст. 608 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Мүлiктi тегiн пайдалануға беру бұл мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтарын өзгертуге немесе тоқтатуға негiз болмайды.Тегiн пайдалану шартынба жасаған кезде несие берушi несие алушыға бұл мүлiкке үшiншi тұлғалардың барлық құқықтары (сервитут, кепіл құқығы және т.б) туралы Ескертуге міндетті. Бұл міндетті орындамау несие а... | 5,076 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/609.htm | Ст. 609 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Несие алушы тегiн пайдалануға алған мүлiктi, егер тегiн пайдалану шартында өзгеше көзделмесе, ағымдағы және күрделi жөндеудi жүзеге асыруды қоса алғанда, дұрыс күйінде ұстап-тұтуға және оны ұстап-тұту жөнiндегi барлық шығындарды өтеуге мiндеттi. | 5,077 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/610.htm | Ст. 610 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Егер мүлiк оны несие алушы, тегiн пайдалану шартына немесе мүлiктi мақсатына сай пайдаланбағандықтан жойылса немесе бүлiнсе не оны несие берушiнiң келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаға берсе, ол тегін пайдалануға алған мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупiн өз мойнына алады.Егер несие алушы нақты мән-жайларды е... | 5,078 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/611.htm | Ст. 611 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Егер несие алушының немесе бұл мүлiк несие берушiнiң келiсiмiмен қолына тиген адамның зиянды қасақана немесе өрескел бейқамдықпен келтiргенiн дәлелдей алмаса, мүлiктi пайдалану салдарынан үшiншi тұлғаға келтiрiлген зиян үшiн несие берушi жауап береді. | 5,079 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/612.htm | Ст. 612 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Несие берушi тегiн пайдалану шартын мерзiмiнен бұрын бұзуды несие алушы:1) мүлiктi шартқа немесе мақсатына сәйкес пайдаланбаған;2) мүлiктi дұрыс күйiнде сақтау немесе оны ұстап-тұту жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған;3) мүлiктiң жай-күйiне елеулі түрде нашарлатқан;4) несие берушiнiң келiсiмiнсiз мүлiктi үшiншi тұлғағ... | 5,080 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/613.htm | Ст. 613 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Тараптардың әрқайсысы мерзiмi көрсетiлмей жасалған тегiн пайдалану шартынан, егер шартта хабарлаудың өзге мерзiмi көзделмесе, бұл туралы басқа тарапқа бiр ай iшiнде хабарлап, кез келген уақытта бас тартуға құқылы.2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, несие алушы мерзiмiн көрсетiп жасалған шарттан, осы баптың 1-тармағынд... | 5,081 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/614.htm | Ст. 614 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Несие берушi мүлiкке иелiктен айыруды жүргiзуге немесе оны үшiншi тұлғаға тегiн пайдалану үшiн беруге құқылы. Бұл орайда жаңа меншiк иесiне немесе пайдаланушыға бұрын жасалған тегiн пайдалану шартынан құқықтар ауысады, ал оның мүлiкке қатысты құқықтарына несие алушының құқықтары қосылады.2. Несие берушi азамат қайты... | 5,082 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/615.htm | Ст. 615 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Тегiн пайдалану шарты, егер шартта өзгеше көзделмесе, несие алушы азамат қайтыс болған немесе несие алушы заңды тұлға таратылған жағдайда тоқтатылады.32-тарау. МердігерлікПараграф 1. Мердiгерлiк туралы жалпы ережелер | 5,083 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/616.htm | Ст. 616 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттенедi. Егер ... | 5,084 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/617.htm | Ст. 617 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң қарамағында: соның материалдарымен, күштерiмен және қаражатымен орындалады.2. Мердiгер өзi берген материалдар мен жабдықтардың сапасы лайықсыз болғаны үшiн, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың құқықтары қосылған материалдар мен құралдарды бергенi үшiн жауапты болады. | 5,085 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/618.htm | Ст. 618 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер шартта белгiленген жұмысты тапсыру мерзiмi басталғанға дейiн материалдардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупiн материалдарды берген тарап мойнына алады.Жұмыс нәтижесiн беру немесе қабылдау уақытын өткiзiп алған кездегi тәуекелдi, егер заң актiл... | 5,086 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/619.htm | Ст. 619 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Егер заң актiлерiнен немесе шарттан өзгеше туындамаса, мердiгер шартты орындауға басқа тұлғаларды (қосалқы мердiгерлердi) тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердiгер - тапсырысшының алдында бас мердiгер, ал қосалқы мердiгердiң алдында тапсырысшы болады.2. Бас мердiгер қосалқы мердiгердiң алдында тапсырысшының мiндеттем... | 5,087 |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.