link stringlengths 43 81 | title stringlengths 50 97 | content stringlengths 52 106k | __index_level_0__ int64 0 8.25k |
|---|---|---|---|
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1022.htm | Ст. 1022 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаны белгiлеу ретiнде Қазақстан Республикасында тiркелген фирмалық атауға айрықша құқық қолданылады.Шет мемлекетте тiркелген немесе кеңiнен танымал фирмалық атауға Қазақстан Республикасының аумағындағы айрықша құқық заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қолданылады.2. Заң... | 5,490 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1023.htm | Ст. 1023 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған және кәсiпорын тұтасымен иелiктен алынған жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаның фирмалық атауын құқық иелiгiнен алуға және ауыстыруға жол берiлмейдi.2. Фирмалық атауға құқықтың иесi басқа тұлғаға шартта келісілген әдістермен өз атауын пайдалануға рұқсат етуі (лицензия беруі) мүмкiн... | 5,491 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1024.htm | Ст. 1024 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Тауар белгiсiн құқықтық қорғау оны тiркеудiң негiзiнде не Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың негiзiнде тiркеусiз берiледi.Тiркелген не халықаралық шартқа орай тiркеусiз қорғалатын сөзбен жазылған, бейнеленген, көлемдiк белгiлер немесе бiр тұлғаның тауарларын немесе көрсететiн қы... | 5,492 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1025.htm | Ст. 1025 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Тауар белгiсiне құқық иесiнiң өзiне тиесiлi белгiлердi қолдануға және билiк етуге айрықша құқығы бар.Тауар белгісі иелерінің оны пайдалануға құқықтарын тауар белгісінің ерекшелену қабілетіне нұқсан келтіруі мүмкін талаптармен шектеуге жол берілмейді.2. Тауар белгiсiн кез келген айналымға енгiзу: дайындау, қолдану, ә... | 5,493 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1026.htm | Ст. 1026 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық қорғау сараптама ұйымы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа орай халықаралық ұйым тіркеген тауар белгісіне берiледi.Ескерту. 1026-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өтк... | 5,494 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1027.htm | Ст. 1027 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Тауар белгiсiнiң басымдығы "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа орай белгiленедi.2. Тауар белгiсiне құқық өтiнiм тiркелген кезде... | 5,495 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1028.htm | Ст. 1028 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Тауар белгiсiн дәлелсiз себептермен үш жыл бойы үздiксiз пайдаланбаған жағдайда кез келген мүдделi тұлғаның талап етуi бойынша оның тiркелу күшiнiң жойылуы мүмкiн.Тауар белгiсiн пайдалануға лицензиялық шарт жасасу оны пайдалану болып есептеледi.Ескерту. 1028-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы рес... | 5,496 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1029.htm | Ст. 1029 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Құқық иесi барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге не олардың бiр бөлiктерiне қатысты тауар белгiсiне құқығын шарт бойынша басқа тұлғаға беруi мүмкiн.2. Егер тауар белгiсiне құқық тауарға немесе оны дайындаушыға қатысты жаңылыстыруға себепкер болса, ол белгiге құқықты беруге жол берiлмейдi.3. Тауар белгiсiне құ... | 5,497 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1030.htm | Ст. 1030 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Құқық иесi тіркелген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге не олардың бөлiктерiне қатысты тауар белгiсiн пайдалану құқығын лицензиялық шарт бойынша басқа тұлғаға беруi мүмкiн (осы Кодекстiң 966-бабы).2. Лицензиатқа тауар белгiсiн пайдалануға рұқсат ететiн лицензиялық шартта, лицензиат тауарларының немесе көрсететiн ... | 5,498 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1031.htm | Ст. 1031 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Тауар белгiсiне құқық беру туралы шарт, лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады. Тауар белгiсiне құқық беру немесе тауар белгісін пайдалануға құқықты табыстау уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тіркелуге жатады.Шарттың жазбаша нысанының және (немесе) тіркеу туралы талаптың сақта... | 5,499 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1032.htm | Ст. 1032 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Тауар белгiсi иесінің құқығын бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға және тауар белгісі иесінің шеккен залалдарын өтеуге міндетті.2. Тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені немесе жалпыға бірдей белгілі тауар белгісін пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын айқындауға байланысты дауларды со... | 5,500 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1033.htm | Ст. 1033 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау оларды "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тіркеу негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халық... | 5,501 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1034.htm | Ст. 1034 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын иеленушi тұлға осы нұсқама мен атауды тауарға, қаптамаға, жарнамада, анықтамалықтарда, шоттарда орналастыруға және оларды осы тауарды азаматтық айналымға енгiзуге байланысты өзгеше түрде пайдалануға құқылы.2. Осы Кодекстiң 1033-бабының 2 жә... | 5,502 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1035.htm | Ст. 1035 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Қазақстан Республикасында республика аумағындағы географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына құқықтық қорғау берiледi.2. Егер басқа мемлекеттегi географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердiң атауы тауар шығарылған елде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелген болса, оларға Қазақ... | 5,503 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1036.htm | Ст. 1036 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығы сараптама ұйымына өтiнiм берілген күннен бастап есептегенде он жыл бойы қолданылады.Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзiмi географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайд... | 5,504 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1037.htm | Ст. 1037 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға және географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығының иесіне оның шеккен залалдарын өтеуге міндетті.2. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын не олар... | 5,505 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1038.htm | Ст. 1038 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.2. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлiмнiң ережелерiнен өзгеше туындамаса, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады... | 5,506 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1039.htm | Ст. 1039 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мұрагерлiк өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады.2. Өсиет қалдырылмаған не бүкiл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген өзге де жағдайларда мұрагерлiк заң бойынша орын алады. | 5,507 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1040.htm | Ст. 1040 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.Мұраның құрамына мұра қалдырушының тірі кезінде ресімделмеген мүліктік құқықтарын ресімдеу үшін қажетті құқықтар, оның ішінде оларды тіркеу құқығы да кіруі мүмкін.2. Мұра қ... | 5,508 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1041.htm | Ст. 1041 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушының қайтыс болуы оның меншiктегi үлесiн айқындау және ортақ мүлiктi бөлу не осы Кодекстiң 218-бабында белгiленген тәртiппен одан қайтыс болған қатысушының үлесiн бөлiп шығару үшiн негiз болып табылады. Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiне, ал мүлiктi за... | 5,509 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1042.htm | Ст. 1042 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.2. Мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.... | 5,510 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1043.htm | Ст. 1043 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса - мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады. | 5,511 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1044.htm | Ст. 1044 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.2. Мұра ашылғанға дейiн құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкiн. | 5,512 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1045.htm | Ст. 1045 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мұра қалдырушыны немесе мүмкiн болатын мұрагерлердiң бiреуiн қасақана өлтiрген немесе олардың өмiрiне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өмiрiне қастандық жасалғаннан кейiн өздерiне қатысты өсиет қалдырған адамдар кiрмейдi.2. Мұра қалдырушы... | 5,513 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1046.htm | Ст. 1046 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады.1-1. Өсиеттi оны жасаған кезде толық әрекет қабiлеттiлiгi бар азамат жасайды.2. Азамат өзінің барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрне... | 5,514 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1047.htm | Ст. 1047 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Өсиет қалдырушы мұрагер мiнез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды белгiлi бiр талаппен байланыстыруға құқылы.2. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкiмге енгiзiлген құқыққа қайшы талаптар маңызсыз болады.3. Өсиетке енгiзiлген мұрагердiң денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де объективтi себе... | 5,515 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1048.htm | Ст. 1048 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Өсиет қалдырушы өсиетте көрсетiлген мұрагер мұра ашылғанға дейiн қайтыс болған, оны қабылдамаған не одан бас тартқан немесе осы Кодекстiң 1045-бабындағы тәртiппен лайықсыз мұрагер ретiнде мұрагерлiктен шеттетiлген жағдайда, сондай-ақ мұрагер мұра қалдырушының заңды талаптарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда, басқ... | 5,516 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1049.htm | Ст. 1049 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгi осы Кодекстiң 1061-1064-баптарындағы тәртiппен мұрагерлiкке шақырылған мұрагерлер арасында заң бойынша бөлiнедi.2. Бұл мұрагерлердiң қатарына заң бойынша мүлiктiң басқа бөлiгi өсиет арқылы қалдырылған мұрагерлер де кiредi.Ескерту. 1049-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республи... | 5,517 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1050.htm | Ст. 1050 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Өсиет оның жасалған жерi, күні және уақыты көрсетiле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиiс.2. Мыналар:1) нотариатта куәландырылған өсиеттер;2) нотариатта куәландырылғандарға теңестірiлетін өсиеттер тиiсiнше ресiмделген болып танылады.3. Өсиетке өсиет қалдырушының өзi қол қоюы қажет.Егер өси... | 5,518 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1051.htm | Ст. 1051 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Нотариатта куәландырылған өсиеттi өсиет қалдырушы жазуы керек не өсиет қалдырушының айтуымен куәның қатысуы арқылы нотариус жазуға тиiс. Өсиет қалдырушының айтуымен өсиет жазылған кезде нотариус жалпы жұрт қабылдаған техникалық құралдарды (жазу машинкасы, дербес компьютер және т.б.) пайдалануы мүмкiн.2. Өсиет қалдыр... | 5,519 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1052.htm | Ст. 1052 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Нотариатта куәландырылған өсиеттерге:1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-профилактикалық мекемелерде емделіп жатқан азаматтардың осы мекемелердің бас дәрігерлері және кезекші дәрігерлері куәландырған өсиеттері, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектігі бар а... | 5,520 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1053.htm | Ст. 1053 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Өсиет қалдырушы өзi жасаған өсиеттiң кез келген уақытта күшiн жоюға немесе оны өзгертуге құқылы.2. Өсиеттiң күшi:1) нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң толық күшiн жою туралы өтiнiш беру;2) жаңа өсиет жасау жолымен жойылуы мүмкiн.3. Өсиет:1) нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң белгiлi бiр бөлiгiн... | 5,521 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1054.htm | Ст. 1054 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Нотариустың, өсиеттi куәландыратын басқа адамның, куәлардың, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоятын азаматтың мұра ашылғанға дейін өсиеттің мазмұнына, оның жасалуына, күшi жойылуына немесе өзгертiлуiне қатысты мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ. | 5,522 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1055.htm | Ст. 1055 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Нотариус, өсиеттi орындаушы немесе сот өсиетке түсiнiк берген кезде ондағы сөздер мен тiркестердiң дәлме-дәл мәнi назарға алынады. Өсиеттiң қандай да болсын ережесiнiң дәлме-дәл мағынасы түсiнiксiз болған кезде ол осы ереженi басқа ережелермен және өсиеттiң тұтас мағынасымен салыстыру арқылы анықталады. | 5,523 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1056.htm | Ст. 1056 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Тиiстi нысанда жасалмаған өсиет маңызсыз болады. Өсиеттiң жарамсыздығы осы Кодекстiң 4-тарауының мәмiлелердiң жарамсыздығы туралы қағидаларына негiзделеді.2. Өсиеттi жасаудың, оған қол қоюдың және оны куәландырудың осы Кодекспен белгiленген тәртiбiнiң бұзылуы салдарынан өсиеттi жарамсыз деп танудан мүлiктiк зардап ш... | 5,524 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1057.htm | Ст. 1057 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге мұра есебiнен өсиеттiк бас тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бiр немесе бiрнеше адамның (бас тартылушылардың) пайдасына қандай да болсын мiндеттеменi (өсиеттiк бас тарту) орындауды жүктеуге құқылы.Заң бойынша мұрагерлер қатарына кiретiн адамдар да, кiрмейтiн адамдар д... | 5,525 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1058.htm | Ст. 1058 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге қандай да болсын әрекет жасау немесе кредит берушi ретiнде осы мiндеттi атқаруды талап ету құқығын ешкiмге ұсынбастан одан тартыну мiндетiн жүктей алады. Жалпыға пайдалы мақсатты жүзеге асыру үшін осындай мiндет мұра қалдырушы жүктеудi атқаруға мүлiктiң бiр бөлiгiн бөлiп шығар... | 5,526 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1059.htm | Ст. 1059 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Өсиет қалдырушы өсиеттi орындауды мұрагер болып табылмайтын, өсиетте өзi көрсеткен адамға (өсиеттi орындаушыға, өсиет жүктелген өкiлге) тапсыра алады. Бұл адамның өсиеттi орындаушы болуға келiсiмi оның не өсиеттiң өзiне өз қолымен жазған жазбада не өсиетке қоса берiлген өтiнiште көрсетiлуге тиiс.Егер өсиетте оның ор... | 5,527 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1060.htm | Ст. 1060 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Заң бойынша мұрагерлер осы Кодекстiң 1061-1064-баптарында көзделген кезек тәртiбiмен мұрагерлiкке шақырылады.2. Заң бойынша мұрагерлiк кезiнде, бiр жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екiншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестiрiледi.Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары ас... | 5,528 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1061.htm | Ст. 1061 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады.2. Мұра қалдырушының немерелерi мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады.Ескерту. 1061-бап ж... | 5,529 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1062.htm | Ст. 1062 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Егер бiрiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi - тең үлеспен алады.2. Мұра қалдырушын... | 5,530 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1063.htm | Ст. 1063 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Егер бiрiншi және екiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезекте мұра қалдырушының әкесiмен бiрге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады.2. Мұра қалдырушының немере аға-iнiлерi, апа-қарындастары (сiңлiлерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алад... | 5,531 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1064.htm | Ст. 1064 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Егер бiрiншi, екiншi және үшiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагерлiк құқығын мұра қалдырушының алдыңғы кезектердегi мұрагерлерiне жатпайтын, үшiншi, төртiншi және бесiншi туыстық дәрежесiндегi туыстары алады.Туыстық дәрежесi туыстарды бiр-бiрiнен сатылап алшақтататын туу санымен айқындалады. Мұра қа... | 5,532 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1065.htm | Ст. 1065 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Ескерту. 1065-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. № 225 Заңымен. | 5,533 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1066.htm | Ст. 1066 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Ескерту. 1066-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. № 225 Заңымен. | 5,534 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1067.htm | Ст. 1067 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мұра ашылғанға дейiн немесе мұра қалдырушымен бiр мезгiлде қайтыс болған заңды мұрагердiң үлесi осы Кодекстiң 1061-бабының 2-тармағында, 1062-бабының 2-тармағында және 1063-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда ұсыну құқығы бойынша оның тиiстi ұрпақтарына өтедi және олардың арасында тең бөлiнедi.2. Мұра ашылған... | 5,535 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1068.htm | Ст. 1068 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Егер мұра қалдырушымен бiрге тұрғандығына немесе тұрмағандығына қарамастан, мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кемiнде бiр жыл оның асырауында болса, осы Кодекстiң 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетiлген, заң бойынша мұрагерлерге жататын, мұраның ашылу күнiне дейiн еңбекке жарамсыз болған, бiрақ мұрагерлiкке шақыр... | 5,536 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1069.htm | Ст. 1069 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата-анасы, өсиеттiң мазмұнына қарамастан, заң бойынша мұрагерлiк кезiнде олардың әрқайсысына тиесiлi болатын үлестiң (мiндеттi үлес) кемінде жартысын мұраға алады.2. Мұндай үлеске құқығы бар мұрагер өсие... | 5,537 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1070.htm | Ст. 1070 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Ерлi-зайыптыларға өсиетке немесе заңға орай тиесiлi мұрагерлiк құқықтың мұра қалдырушымен некеде тұру жағдайына байланысты оның басқа да мүліктік құқықтарына, оның ішінде мүліктің некеде тұрғанда бірге тапқан бөлігіне меншiк құқығына қатысы жоқ.2. Егер мұра қалдырушымен неке мұра ашылғанға дейiн iс жүзінде тоқтатылғ... | 5,538 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1071.htm | Ст. 1071 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мүлiктiң бiр бөлiгi өсиет бойынша мұраға қалдырылған жағдайда мұра қалдырушы тағайындаған өсиеттi орындаушы мұраның заң бойынша мұрагерлiк тәртiбiмен ауысатын бөлiгiн де қоса алғанда, барлық мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асырады.Егер заң бойынша мұрагерлер мұраның заң бойынша мұрагерлiк тәртiбiмен ауысат... | 5,539 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1072.htm | Ст. 1072 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мұрагер мұраны алу үшін оны қабылдауға тиіс.2. Мұрагердiң мұраның бiр бөлiгiн қабылдағаны өзiне тиесiлi барлық мұраны қабылдағанын бiлдiредi.Мұрагердi бiр мезгiлде бiрнеше негiздер бойынша мұра алуға шақырған кезде мұрагер осы негiздердiң бiрi бойынша, оның бiрнешеуi бойынша немесе барлық негiздер бойынша өзiне тиес... | 5,540 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1073.htm | Ст. 1073 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердiң өтiнiшiмен оған мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк беруге мiндеттi.2. Мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн берiледi.Өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлiк кезiнде, егер нотариуста куәлiк берiлуiн сұраған адамдардан басқа ти... | 5,541 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1074.htm | Ст. 1074 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мұрагер мұра ашылған күннен бастап алты айдың ішінде мұрадан бас тартуға құқылы. Дәлелдi себептер болған жағдайда бұл мерзімді сот ұзартуы мүмкін, алайда бұл екі айдан аспауға тиіс.2. Мұрадан бас тарту мұрагердiң мұраның ашылған жерi бойынша нотариусқа арыз беруiмен жасалады.Егер сенiмхатта бас тартуға өкілеттік арн... | 5,542 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1075.htm | Ст. 1075 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Бас тартылушы өсиеттiк бас тартудан бас тартуға құқылы. ішiнара бас тартуға, Ескерту жасап, шарт қойып немесе басқа адамның пайдасына бас тартуға жол берiлмейдi.2. Осы бапта көзделген құқық бiр мезгiлде мұрагер болып табылатын бас тартылушының мұрадан бас тарту құқығына байланысты емес.3. Егер бас тартылушы осы бапт... | 5,543 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1076.htm | Ст. 1076 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мұраны қабылдаған кез келген заң бойынша мұрагер мұраны бөлудi талап етуге құқылы.Мұраны бөлу мұрагерлердiң келiсiмi бойынша оларға тиесiлi үлестерге сәйкес, ал келiсiмге қол жетпеген кезде - сот тәртiбiмен жүргiзiледi.Егер мұраның құрамына мұраға қалдырушының құқықтары тіркелмеген және тіркелмесе туындаған деп есеп... | 5,544 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1077.htm | Ст. 1077 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Егер мұрагерлердiң арасында тұратын жерi белгiсiз адамдар болса, қалған мұрагерлер, өсиеттi орындаушы (мұраны басқарушы) және нотариус олардың тұратын жерiн анықтауға және оларды мұрагерлiкке шақыруға қисынды шаралар қолдануға мiндеттi.2. Егер тұратын жерi анықталған, мұрагерлiкке шақырылып, болмай қалған мұрагер ос... | 5,545 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1078.htm | Ст. 1078 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мұра ашылғанға дейiнгi бiр жыл iшiнде мұра қалдырушымен бiрге тұрған мұрагерлер тұрғын үйдi, сондай-ақ үй жабдықтары мен үй-iшi тұрмысы заттарын мұраға алуға басым құқыққа ие болады.2. Мұра қалдырушымен бiрге мүлiкке ортақ меншiк құқығы бар мұрагерлер ортақ меншiкте болған мүлiктi мұраға алуға басым құқыққа ие болад... | 5,546 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1079.htm | Ст. 1079 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мұрагер мұрадан бас тартқан не ол осы Кодексте аталған мән-жайлар бойынша шығып қалған жағдайда мұраның мұндай мұрагерге есептелуге тиiс бөлiгi мұрагерлiкке шақырылған заң бойынша мұрагерлерге түседi және олардың арасында өздерiнiң мұралық үлестерiне бара-бар бөлiнедi.Егер мұра қалдырушы барлық мүлiктi өзi тағайында... | 5,547 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1080.htm | Ст. 1080 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Мұра қалдырушының қайтыс болар алдындағы науқасы туғызған қажеттi шығындарды, мұра қалдырушыны жерлеуге арналған шығындарды, мұраны қорғауға, басқаруға, өсиеттi орындауға, сондай-ақ өсиеттi орындаушыға немесе мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыға сыйақы төлеуге байланысты шығындарды өтеу туралы талаптар ол мұрагерлер арасы... | 5,548 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1081.htm | Ст. 1081 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Мұра қалдырушының кредит берушiлерi өздерiнiң мұра қалдырушының мiндеттемелерiнен туындайтын талаптарын өсиеттi орындаушыға (мұраны сенімгерлікпен басқарушыға) немесе әрбір мұрагерге ауысқан мүлiк құнының шегiнде ортақ борышқорлар ретiнде жауап беретiн мұрагерлерге қоюға құқылы.Егер мұра алған мұрагерлер мұраның құрамы... | 5,549 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1082.htm | Ст. 1082 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Шаруа немесе фермер қожалығының мүшесi қайтыс болған жағдайда мұра жалпы ережелер бойынша ашылады. Мұрагердiң осы мүлiкке жалпы меншiктегi оның үлесiне мөлшерлес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.Ескерту. 1082-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. № 225 Заңымен. | 5,550 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1083.htm | Ст. 1083 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Ескерту. 1083-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.01 № 414-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Егер өсиет бойынша да заң бойынша да, мұрагерлер болмаса не мұрагерлердiң ешқайсысының мұра алуға құқығы болмаса (осы Кодекстiң 1045-бабы), не олардың бәрi мұрадан бас т... | 5,551 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1084.htm | Ст. 1084 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Шетелдiк азаматтардың немесе шетелдiк заңды тұлғалардың қатысуымен не өзге де шетелдік элемент шиеленістірген азаматтық-құқықтық қатынастарға қолданылуға тиiстi құқық осы Кодекстiң, өзге де заң актiлерiнiң, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың және танылған халықаралық ғұрыптардың негiзiнде анықтал... | 5,552 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1085.htm | Ст. 1085 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Сот заң ұғымдарын саралауды (құқықтық саралау), егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, оларға сот елiнiң құқығына сәйкес түсiнiк беруге негiздейдi.2. Егер заң ұғымдары сот елiнiң құқығына белгiсiз болса немесе басқа атаумен немесе басқа мазмұнмен белгiлi болса және сот елiнің құқығы бойынша түсiндiру арқылы анықтау... | 5,553 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1086.htm | Ст. 1086 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Шетел құқығын қолданған кезде сот оның нормаларының мазмұнын олардың ресми түсіндірілуіне, қолданылу практикасына және тиiстi шет мемлекеттегi доктринаға сәйкес анықтайды.2. Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау мақсатында сот жәрдем және түсiнiк алу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне және Қаза... | 5,554 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1087.htm | Ст. 1087 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Осы бөлiмнiң ережелерiне сәйкес кез келген шетел құқығына сiлтеме жасау, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi елдiң коллизиялық емес, материалдық құқығына сiлтеме жасау ретiнде қарастырылуға тиiс.2. Қазақстан Республикасының құқығына керi сiлтеме жасау және үшiншi елдiң құқығына сiлтеме жасау осы Кодек... | 5,555 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1088.htm | Ст. 1088 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Қатынастарға қатысушылардың осы Кодексте реттелетiн, осы бөлiмнiң қолданылуға тиiстi құқық туралы қағидаларын айналып өтiп тиiстi қатынастарды өзге құқыққа жатқызуға бағытталған келiсiмдері мен өзге де әрекеттері маңызсыз болады. Бұл жағдайда осы бөлiмге сәйкес қолданылуға жататын құқық қолданылады.Ескерту. 1088-бап жа... | 5,556 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1089.htm | Ст. 1089 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Шетел құқығын өзара түсiнiстiк негiзiнде қолдану Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi шет мемлекеттегi ұқсас қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығын қолдануға болатын-болмайтындығына қарамастан, сот шетел құқығын қолданады.2. Егер шетел құқығын қолдану өзара түсiн... | 5,557 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1090.htm | Ст. 1090 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Шетел құқығы оны қолдану Қазақстан Республикасы құқықтық тәртiбiнiң негiздерiне (Қазақстан Республикасының жария тәртiбiне) қайшы келерлiк жағдайларда қолданылмайды. Бұл жағдайларда Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.2. Шетел құқығын қолданудан бас тартуды тиiстi шет мемлекеттiң саяси немесе экономикалық ж... | 5,558 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1091.htm | Ст. 1091 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Норманың өзiнде көрсетiлуi салдарынан немесе азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн олардың ерекше маңызы болуына байланысты, қолданылуға тиісті құқыққа қарамастан, Қазақстан Республикасы заңдарының тиiстi қатынастарды реттейтiн императивтiк нормаларының қ... | 5,559 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1092.htm | Ст. 1092 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Бiрнеше аумақтық немесе құқықтық жүйелер қолданылатын елдiң құқығы қолданылуға тиiс болған жағдайларда, осы елдiң құқығына сәйкес құқықтық жүйе қолданылады. | 5,560 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1093.htm | Ст. 1093 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарына арнайы шектеулерi бар мемлекеттердiң азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарына қатысты Қазақстан Республикасы қарсы шектеулер (реторсиялар) белгiлеуi мүмкiн.62-тарау. Коллизиялық нормаларПараграф 1. Тұлғалар | 5,561 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1094.htm | Ст. 1094 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Жеке тұлға азаматы болып табылатын елдiң құқығы оның жеке заңы болып саналады. Адамның екi немесе одан көп азаматтығы болған жағдайда адам неғұрлым тығыз байланысты елдiң құқығы оның жеке заңы болып саналады.2. Азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын елдiң құқығы, ол адамның жеке заңы болып саналады.3. Баспана берген ел... | 5,562 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1095.htm | Ст. 1095 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Жеке тұлғаның азаматтық құқық қабiлеттiлiгi оның жеке заңында анықталады. Бұл ретте шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтық құқық қабiлеттiлiгiн, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген ж... | 5,563 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1096.htm | Ст. 1096 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Жеке адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану және оны қайтыс болды деп жариялау сот елiнiң құқығына бағынады. | 5,564 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1097.htm | Ст. 1097 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Жеке адамның есiм алу, оны пайдалану және қорғау құқығы, егер осы Кодекстiң 15-бабының 5 және 7-тармақтарында, 1103 және 1120-баптарында көзделген ережелерден өзгеше туындамаса, оның жеке заңымен белгiленедi. | 5,565 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1098.htm | Ст. 1098 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актiлерiн тiркеу Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерінде жүзеге асырылады. Бұл орайда Қазақстан Республикасының заң актiлерi қолданылады. | 5,566 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1099.htm | Ст. 1099 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Шет мемлекеттердiң құзыреттi органдары тиістi мемлекеттердің заңы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасаған азаматтың хал актiлерiн куәландыруға берген құжаттар жария етілген жағдайда Қазақстан Республикасында ж... | 5,567 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1100.htm | Ст. 1100 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Заңды тұлға құрылған елдің құқығы осы заңды тұлғаның заңы болып саналады. | 5,568 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1101.htm | Ст. 1101 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Заңды тұлғаның азаматтық құқық қабiлеттiлiгi осы заңды тұлғаның заңымен анықталады.2. Шетелдiк заңды тұлға өз органының немесе өкiлiнiң мәмiле жасауға өкiлеттiгiн шетелдiк заңды тұлғаның органы немесе өкiлi мәмiле жасаған елдiң құқығына белгiсiз шектеуге сiлтеме жасай алмайды.3. Шетел құқығы бойынша заңды тұлға болы... | 5,569 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1102.htm | Ст. 1102 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мемлекет қатысатын шетелдiк элементi бар азаматтық-құқықтық қатынастарға, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, осы бөлiмнiң ережелерi жалпы негiздерде қолданылады.2. Қазақстан Республикасы шетелдiк элементi бар азаматтық-құқықтық қатынастарда, егер:Қазақстан Республикасының халықа... | 5,570 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1103.htm | Ст. 1103 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Жеке мүлiктiк емес құқықтарға мұндай құқықтарды қорғау туралы талап ету үшін негіз болған іс-әрекет немесе өзге де мән-жайлар орын алған елдiң құқығы қолданылады.Параграф 3. Мәмiлелер, өкiлдiк, талап мерзiмi | 5,571 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1104.htm | Ст. 1104 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мәмiленiң нысаны ол жасалған жердiң құқығына бағынады. Алайда шетелде жасалған мәмiленi, егер Қазақстан Республикасы құқығының талаптары сақталса, нысанның сақталмауы салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды.2. Қатысушыларының кем дегенде бiреуi Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе Қазақстан Республикасының... | 5,572 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1105.htm | Ст. 1105 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Сенiмхаттың нысаны мен қолданылу мерзiмi осы сенiмхат берiлген елдiң құқығы бойынша анықталады. Алайда сенiмхат Қазақстан Республикасы құқықтарының талаптарын қанағаттандырса, оны нысаны сақталмауының салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды. | 5,573 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1106.htm | Ст. 1106 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Талап мерзiмi тиiстi қатынастарды реттеу үшiн қолданылатын елдің құқығы бойынша анықталады.2. Талап мерзiмi қолданылмайтын талаптар, егер тиiстi қатынасқа қатысушылардың кем дегенде біреуі Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болса, Қазақстан Республикасының құқығы бойынша... | 5,574 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1107.htm | Ст. 1107 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерiнде өзгеше көзделмесе, меншiк құқығы мен басқа да қозғалмайтын және қозғалатын мүлiкке заттық құқықтар осы мүлік орналасқан елдің құқығы бойынша анықталады.2. Мүлiктiң қозғалмайтын немесе қозғалатын заттарға жататындығы, сондай-ақ мүлiктiң өзге де заңдық саралануы осы мүлiк... | 5,575 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1108.htm | Ст. 1108 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Мүлiкке заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, заттық құқықтың пайда болуы не тоқтатылуы үшiн негiз болған iс-әрекет немесе өзге де мән-жайлар орын алған кезде сол мүлiк болған елдiң құқығы бойынша анықталады.2. Егер тараптардың келiсiмiнде ө... | 5,576 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1109.htm | Ст. 1109 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Мемлекеттiк тiркелуге тиiстi көлiк құралдары мен өзге де мүлiкке заттық құқық осы көлiк құралдары немесе мүлiк мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген елдiң құқығы бойынша анықталады. | 5,577 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1110.htm | Ст. 1110 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Мәмiле бойынша жолда келе жатқан қозғалатын мүлiкке меншiк құқығы және басқа да заттық құқықтар, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, осы мүлiк жөнелтiлген елдiң құқығы бойынша анықталады. | 5,578 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1111.htm | Ст. 1111 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғауға арыз берушінің таңдауы бойынша мүлік тұрған елдің құқығы немесе сот елiнiң құқығы қолданылады.2. Қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғауға осы мүлiк тұрған елдiң құқығы қолданылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiзiлiмiне е... | 5,579 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1112.htm | Ст. 1112 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсiмiмен таңдалған елдiң құқығымен реттеледi.2. Тараптардың қолданылуға тиiстi құқықты таңдау туралы келiсiмi айқын көрсетiлуге немесе шарттың және оларды жинақтап қарайтын iстiң мән-жайларының ережелерiнен тiкелей туындауға тиiс.3... | 5,580 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1113.htm | Ст. 1113 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Шарт тараптарының қолдануға тиiстi құқық туралы келiсiмi болмаған кезде ол шартқа:1) сатып алу-сату шартында - сатушы;2) сыйға тарту шартында - сыйға тартушы;3) мүлiктiк жалдау (жалға алу) шартында - жалға беруші немесе жалдауға берушi;4) мүлiктi тегiн пайдалану шартында - несие берушi;5) мердiгерлiк шартында - мерд... | 5,581 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1114.htm | Ст. 1114 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Шетелдiң қатысуымен заңды тұлға құру туралы шартқа осы заңды тұлға құрылатын немесе құрылған елдiң құқығы қолданылады.2. Осы баппен реттелетiн қатынастар өзiне заңды тұлғаны құру және тоқтату, оған қатысу үлесiн беру жөнiндегi қатынастарды және заңды тұлғаның қатысушылары арасындағы олардың (соның iшiнде кейiнгi кел... | 5,582 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1115.htm | Ст. 1115 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Шартқа осы параграф ережелерiне орай қолданылатын құқық, атап айтқанда:1) шартқа түсіндіруді;2) тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн;3) шарттың орындалуын;4) шартты орындамаудың немесе тиiсiнше орындамаудың салдарын;5) шарттың тоқтатылуын;6) шарт жарамсыздығының негiздерi мен салдарын;7) шартқа байланысты талаптард... | 5,583 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1116.htm | Ст. 1116 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Бiр жақты мәмiлелерден туындайтын мiндеттемелерге (марапаттауға жария уәде ету, бөтен адамның мүддесiне тапсырмасыз қызмет iстеу және басқалар) мәмiлелер жасалған жердiң құқығы қолданылады. Бiр жақты мәмiле жасау орны Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады. | 5,584 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1117.htm | Ст. 1117 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер жөнiндегi құқықтар мен мiндеттер, зиянды өтеу туралы талап ету үшiн негiз болған iс-әрекет немесе өзге де мән-жай орын алған елдiң құқығы бойынша анықталады.2. Шетелде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер жөнiндегi құқықтар мен мiндеттер, егер тараптар сол... | 5,585 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1118.htm | Ст. 1118 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Тұтынушының тауар сатып алуға немесе қызмет көрсетуге байланысты туындаған зиянды өтеу туралы талабына, тұтынушының таңдауы бойынша:1) тұтынушы тұратын тұрғылықты жердегi елдiң құқығы;2) өндiрушiнiң немесе қызмет көрсетушi тұлғаның тұрғылықты жерiндегi немесе орналасқан жерiндегi елдiң құқығы;3) тұтынушы тауарды сатып ... | 5,586 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1119.htm | Ст. 1119 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Негiзсiз баюдың салдарынан туындайтын мiндеттемелерге баю орын алған елдiң құқығы қолданылады.2. Егер негiзсiз баю мүлiк сатып алынған немесе сақталған негiздiң болмауы салдарынан туындаса, қолданылатын құқық осы негiз бағындырылған елдiң құқығы бойынша анықталады.3. Негізсіз баю ұғымы Қазақстан Республикасының құқы... | 5,587 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1120.htm | Ст. 1120 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | 1. Интеллектуалдық меншiкке құқықтарға осы құқықтарды қорғау сұралатын елдiң құқығы қолданылады.2. Интеллектуалдық меншiкке құқық өз нысанасы болатын шарттар осы бөлiмнiң шарттық мiндеттемелер туралы ережелерiне сәйкес анықталатын құқықпен реттеледi.Параграф 8. Мұрагерлiк құқық | 5,588 |
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/1121.htm | Ст. 1121 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 | Мұрагерлік бойынша қатынастар, егер мұра қалдырушы өсиетінде өзi азаматы болып табылатын елдiң құқығын таңдамаған болса, осы Кодекстiң 1122 және 1123-баптарында өзгеше көзделмегендiктен, мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады. | 5,589 |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.