link
stringlengths
43
81
title
stringlengths
50
97
content
stringlengths
52
106k
__index_level_0__
int64
0
8.25k
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/185.htm
Ст. 185 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Уәкілетті органға немесе сотқа салық төлеушінің (салық агентінің) шағым (арыз) беруі тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.Уәкілетті органға шағым берілген кезде тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы шағым бойынша шешімі шығарылғанғ...
6,575
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/186.htm
Ст. 186 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде, қажет болған жағдайда, тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.2. Тақырыптық тексеру тағайындау туралы құжат тексеруге жататын мәселелер көрсетіле отырып, жазбаша нысанда ресімделеді.Бұл ретте тақырыптық тексеруді жүргізу, шағым жасалатын салық...
6,576
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/187.htm
Ст. 187 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Салық төлеушінің және салық агентінің салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған салық органына немесе сотқа шағым жасауға құқығы бар.
6,577
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/188.htm
Ст. 188 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен шағым жасалады.2. ЕРЕКШЕ БӨЛІК5-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
6,578
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/189.htm
Ст. 189 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Қазақстан Республикасында мынадай:1) салықтар:корпоративтік табыс салығы;жеке табыс салығы;қосылған құн салығы;акциздер;экспортқа рента салығы;жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;әлеуметтік салық;көлік құралы салығы;жер салығы;мүлік салығы;ойын бизнесі салығы;2) бюджетке төленетін төлемдер...
6,579
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/190.htm
Ст. 190 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорыту және жүйелеу, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу және салықтық есептілікті жасау мақсатында салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын жүргізу про...
6,580
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/191.htm
Ст. 191 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Салықтық есепке алу саясатында мынадай ережелер:1) салық төлеуші (салық агенті) өзі дербес әзірлеген салықтық тіркелімдердің нысандары мен жасалу тәртібі;2) салықтық есепке алу саясатының сақталуына жауапты адамдардың лауазымдарының атауы;3) осындай есепке алуды жүргізу жөніндегі міндет осы Кодексте көзделген жағдай...
6,581
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/192.htm
Ст. 192 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды жүргізуді осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда есепке жазу әдісі бойынша теңгемен жүзеге асырады.2. Есепке жазу әдісі операциялар мен өзге де оқиғалардың нәтижелері ақшаны немесе оның баламасын алған немесе төлеген...
6,582
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/193.htm
Ст. 193 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын қазақ және (немесе) орыс тілдерінде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде жасайды.Шет тілдерінде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық органы салық төлеушіден (салық агентінен) оларды қазақ немесе орыс тіліне аударуды талап етуге құқылы.2. Салық ...
6,583
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/194.htm
Ст. 194 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Бөлек салықтық есепке алу – жалпыға бірдей белгіленгенге қарағанда осы Кодекспен өзге салық салу шарттары көзделген, мынадай бөлінетін санаттар:қызметтің түрі немесе түрлерінің жиынтығы;жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт;рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, суландырылған, шағын дебитті және игерілген...
6,584
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/195.htm
Ст. 195 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Осы баптың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:1) жалпы кірістер мен шығыстар – бөлінетін санат бойынша қызметті және өзге қызметті жүзеге асырумен бір мезгілде байланысты болатын және олардың арасында бөлуге жататын жалпы тіркелген активтер бойынша кірістер мен шығыстарды қоса алғанда, есепті салықтық кезең...
6,585
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/196.htm
Ст. 196 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, сондай-ақ лизинг нысанасын қайталама лизингке не қосалқы лизингке беру қаржы лизингі болып табылады.2. Егер лизинг шартында лизинг алушының қаржы лизингінің мерзімін ұзарту құқығы айқындалса, онда қаржы лизингінің мерзімі іс жүз...
6,586
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/197.htm
Ст. 197 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Осы Кодекстің 288-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 398-бабын, 427-бабының 6-тармағын және 428-бабының 6-тармағын қолдану мақсаттары үшін мүлікті қаржы лизингіне беру осы бапта көзделген шарттарға сәйкес келуге тиіс.2. Егер осы тармақта және осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңн...
6,587
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/198.htm
Ст. 198 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, бірлескен кәсіпкерлікті жүзеге асырған жағдайда салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы бапта айқындалған тәртіппен есепке алынады және оларға салықтар салынады.Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік нысанында) негізінде бірлескен кәсі...
6,588
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/199.htm
Ст. 199 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, бірлескен қызметті жүргізу туралы уағдаластық не заңды тұлғаны құрмай бірлескен қызмет туралы шартқа екі және одан да көп қатысушыны көздейтін өзге де уағдаластық (бұдан әрі – бірлескен қызмет туралы шарт) болған жағдайда, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байла...
6,589
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/200.htm
Ст. 200 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серiктестiк (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаға тиесiлi болса, жай серiктестiкке (консорциумға) әрбір қатысушы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген салықтар және бюджетке...
6,590
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/201.htm
Ст. 201 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды жүргізуі және салықтық міндеттемелерін айқындау және орындау тәртібі бөлігінде осы Кодекстің нормалары...
6,591
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/202.htm
Ст. 202 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды және қаржылық есептілікті жүргізуді жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер бастапқы есепке алу құжаттарын қолданады, олардың нысандары мен оларды жасау жөніндегі талаптарды уәкілетті орган бекітеді.Аталған...
6,592
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/203.htm
Ст. 203 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Дара кәсіпкерлер шетел валютасында жасалған операцияларды операция жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып теңгемен қайта есептейді. Бағамдық айырма салық салу мақсатында ескерілмейді.2. Салықтық есепке алуда запастар дара кәсіпкер не ол уәкілеттік ...
6,593
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/204.htm
Ст. 204 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Салық нысандары салықтық өтінішті, салықтық есептілікті және салықтық тіркелімдерді қамтиды.2. Салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі салық нысандарын қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасайды, қол қояды, куәландырады (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіл...
6,594
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/205.htm
Ст. 205 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Салық нысандары осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде, бірақ кемінде бес жыл салық төлеушіде (салық агентінде) сақталады.2. Салық төлеуші, салық агенті, оператор – заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде, қайта ұйымдастырылған тұлғаның салық нысандарын сақтау жөніндегі міндеттеме он...
6,595
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/206.htm
Ст. 206 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Салықтық өтініш осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) өз құқықтарын іске асыру және міндеттерін орындау мақсатында салық органына ұсынатын құжаты болып табылады. Салықтық өтініштердің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.2. Салықтық есептілік салық төлеушінің (салық агентінің) осы Ко...
6,596
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/207.htm
Ст. 207 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда салық салудың әртүрлi шарттары белгiленген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi (салық агенті) салықтық есептілікті әрбір қызмет түрi бойынша бөлек жасайды.Күнтiзбелiк жыл iшiнде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық ре...
6,597
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/208.htm
Ст. 208 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Салықтық өтініш, салықтық есептілік осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық органдарына ұсынылады.2. Егер салық төлеуші (салық агенті) уәкілетті орган өздері үшін салықтық есептіліктің әртүрлі нысандарын белгілеген санаттарға жататын болса, онда мұндай жағдайда, салықтық есептілік салық төлеуші (са...
6,598
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/209.htm
Ст. 209 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Салық нысандары салық органдарына осы Кодексте және уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімдерде ұсынылады.2. Салық нысандарын салық органдарына ұсыну күні оларды ұсыну тәсіліне қарай:1) келу тәртібімен ұсынған кезде...
6,599
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/210.htm
Ст. 210 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Салық төлеуші (салық агентi) салықтық есептілікті керi қайтарып алу үшін салық органына:1) өзі тiркеу есебiне қойылған жер бойынша салықтық өтiнiштi ұсынады.Салық органының коды дұрыс көрсетілмеген салықтық есептiлiкті өзгерту әдісімен кері қайтарып алған жағдайда, салықтық өтiнiш осындай есептілікті ұсыну орны бойы...
6,600
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/211.htm
Ст. 211 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Салық төлеуші (салық агенті) өзгерістер мен толықтырулар қатысты болатын салықтық кезең үшін қосымша салықтық есептілік жасау арқылы салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.2. Қосымша салықтық есептілікте:1) сомалары өзгертілген кезде – салықтық кезеңдегі бұрын ұсынылған салықтық есептілікте...
6,601
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/212.htm
Ст. 212 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Салық төлеуші (салық агенті) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салықтық есептілікті электрондық нысанда ұсыну шартымен оны ұсыну мерзімін ұзартуға құқылы.2. Салықтық есептілікті ұсыну мерзімін ұзарту үшін тіркеу есебіне қойылған жері бойынша салық органына осы бапқа сәйкес уәк...
6,602
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/213.htm
Ст. 213 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) осы бапта айқындалған тәртіппен салықтық өтініш негізінде:1) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға;2) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзартуға;3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салықтық есептілікті ұсынуды қайта бастауға құқығы бар.Салық төлеуші (салық а...
6,603
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/214.htm
Ст. 214 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Дара кәсіпкер осы бапта айқындалған тәртіппен салықтық өтініш негізінде:1) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға;2) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзартуға құқылы.Қызметті тоқтата тұру немесе патент құнының есеп-қисабын ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, ...
6,604
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/215.htm
Ст. 215 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Салықтық тіркелім салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша және (немесе) мүлік туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 29-бабыны...
6,605
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/216.htm
Ст. 216 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Қазақстан Республикасының резидентi Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы және оның шегінен тыс жерлердегi көздерден алынған кірістерден салықтар төлейдi.2. Бейрезидент Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден ал...
6,606
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/217.htm
Ст. 217 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Осы Кодекстің мақсаттарында мыналар Қазақстан Республикасының резиденті деп танылады:1) мынадай:Қазақстан Республикасында тұрақты болатын;Қазақстан Республикасында тұрақты болмайтын, бірақ өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында болатын жеке тұлға;2) мынадай:Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйк...
6,607
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/218.htm
Ст. 218 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Резидент Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте қызметін жүзеге асырған жағдайда, тиісті халықаралық шарттың талаптарын орындаған кезде резидент көрсетілген мемлекетте осындай халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.2. Халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсатта...
6,608
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/219.htm
Ст. 219 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Осы Кодекстің мақсаттарында мыналар:1) осы Кодекстің 217-бабының ережелеріне сәйкес резидент болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлға;2) осы Кодекстің 217-бабының ережелеріне қарамастан, қосарланған салық салуды болдырмау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелері...
6,609
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/220.htm
Ст. 220 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, бейрезиденттің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, ол осындай қызметті Қазақстан Республикасының аумағында өзі арқылы жүзеге асыратын мынадай қызмет орындарының бірі:1) тауарларды өндіру, қайта өңдеу, жасақтау, орау, қаптау және (немесе) беру жүзеге...
6,610
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/221.htm
Ст. 221 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Тұлға өзімен Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттің құзыретті органымен:1) егер уағдаласушы мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің әрекеттері осындай халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға алып келді немесе алып келеді деп есептесе, халықаралық шарттың ережелерін қолд...
6,611
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/222.htm
Ст. 222 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Мемлекеттік мекемелерді және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден кіріс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар корпоративт...
6,612
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/223.htm
Ст. 223 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Мыналар корпоративтік табыс салығын салу объектілері болып табылады:1) салық салынатын кіріс;2) төлем көзінен салық салынатын кіріс;3) Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның таза кірісі;4) жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерді қоспағанда, ба...
6,613
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/224.htm
Ст. 224 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Салық салынатын кіріс осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жылдық жиынтық кіріс пен осы бөлімде көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.Ескерту. 224-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1-параграф. Жылдық жиынтық ...
6,614
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/225.htm
Ст. 225 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаның жылдық жиынтық кірісі осы тұлғаның салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасындағы және оның шегінен тыс жерлердегі көздерден алуына жататын (алынған) кірістерінен тұрады.Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер болып табылмайтын кірістердің барлық тү...
6,615
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/226.htm
Ст. 226 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Жылдық жиынтық кіріске салық төлеуші кірістерінің барлық түрлері:1) өткізуден түсетін кіріс;2) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша кірісі;3) құн өсімінен түсетін кіріс;4) туынды қаржы құралдары бойынша кіріс;5) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріс;6) күмәнді...
6,616
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/227.htm
Ст. 227 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Осы Кодекстiң 228 – 240-баптарына сәйкес жылдық жиынтық кіріске енгiзiлетiн кірістерден, сондай-ақ осы Кодекстiң 258-бабының 1-тармағында көрсетiлген шығыстардың сомасынан аспайтын бөлiкте осы Кодекстiң 258-бабының 4-тармағында көрсетiлген кірістерден басқа, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлген қызметтердi өткiзу кез...
6,617
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/228.htm
Ст. 228 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Құн өсімінен түсетін кіріс:1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу;2) амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру;3) амортизацияға жатпайтын активтердің бірігу, қосылу, бөліну немес...
6,618
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/229.htm
Ст. 229 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн кіріске:1) өзі бойынша кредитор салық төлеушіге оны орындау туралы талап етуді тоқтатқан мiндеттеменің мөлшері;2) егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, салық төлеушi таратылған кезде таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күні кредитор талап етпеген мiндеттеменің мөлшері ж...
6,619
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/230.htm
Ст. 230 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, сондай-ақ жұмыскерлердің осы Кодекстiң 322-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын, есепке жазылған кірістері бойынша туындаған және осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелетін үш жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп таныл...
6,620
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/231.htm
Ст. 231 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының:1) сақтандыру сыйлықақылары (жарналары);2) еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтерін ұлғайту;3) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу;4) сақтандыру...
6,621
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/232.htm
Ст. 232 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 250-бабының 1, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн төмендетуден түсетiн кірістер деп:1) борышкер талапты орындаған кезде – орындау со...
6,622
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/233.htm
Ст. 233 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:1) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін – негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма;2) талап ету құ...
6,623
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/234.htm
Ст. 234 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Егер кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) шығып қалған тіркелген активтерінің осы Кодекстің 270-бабына сәйкес айқындалған құны кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) салықтық кезеңнің басындағы, салықтық кезеңде келіп түскен тіркелген активтер құ...
6,624
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/235.htm
Ст. 235 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Егер осы Кодекстiң 258-бабына сәйкес жеке топты түзетін шығыстарды түзететiн сомалардың мөлшерi осы жеке топтың салықтық кезеңнің басындағы салықтық кезеңде жүргізілген шығыстар есепке алынған мөлшерiнен асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық кіріске қосуға жатады. Бұл топтың мөлшерi салықтық кезеңнің соңында нөлг...
6,625
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/236.htm
Ст. 236 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Егер жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңіне қалыптастырылған кен орындарын әзірлеу салдарын жою қоры есебінен жүргізілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңінде кен орындарын әзірлеу салдарын жою бойынша іс жүзіндегі шығ...
6,626
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/237.htm
Ст. 237 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша өтемақы түрiнде алынған кірістерге:1) бұрын шегерімге жатқызылған және кейiнгi салықтық кезеңдерде, оның ішінде мұндай талап ету құқықтарын басқаға беру жолымен өтелген, күмәндi деп танылған талап етулер сомасы;2) шығындарды (шығыстарды) жабу үшін мемлекеттiк бюджет қаражатынан а...
6,627
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/238.htm
Ст. 238 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші өтеусіз алған кез келген мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның кірісі болып табылады.2. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс осындай мүлік алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер кө...
6,628
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/239.htm
Ст. 239 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Егер әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде басқа тұлғадан алынуға жататын (алынған) кірістер, осындай кірістерді қоса алғанда, жылдық жиынтық кірістің 5 пайызынан аспайтын болса, онда салық төлеушінің жылдық жиынтық кірісіне осындай кірістердің әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде іс жүзінде шегілген...
6,629
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/240.htm
Ст. 240 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін кіріс кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізу күнгі бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде айқ...
6,630
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/241.htm
Ст. 241 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушілердің жылдық жиынтық кірісінен:1) дивидендтер;2) алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған банктердің міндетті күнтізбел...
6,631
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/242.htm
Ст. 242 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын кірісті айқындау кезiнде осы Кодекстің осы бабында және 243 – 263-баптарында белгіленген ережелер ескеріле отырып, шегерімге жатады.Осы тармақтың ережел...
6,632
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/243.htm
Ст. 243 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушi шеккен тауарлар ысырабы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген табиғи кему нормалары шегiнде шегерiмге жатады.2. Табиғи монополия субъектісі реттелетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну мақсатында шеккен ысыраптар Қазақстан ...
6,633
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/244.htm
Ст. 244 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Ескерту. 244-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар бойынша мынадай шығыстар шегерімге жатады:1) жол жүруге арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған ш...
6,634
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/245.htm
Ст. 245 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Өкілдік шығыстарға мынадай:1) өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдап отыру бойынша;2) салық төлеушінің директорлар кеңесінің, атқарушы органдарынан басқа, өзге басқару органының отырыстарын ұйымдастыру және (немесе) өткізу бойынша өкілдік іс-шараларын өткізу кезінде, олардың өткізілу орнына қарамай жүргізілетін,...
6,635
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/246.htm
Ст. 246 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Осы баптың мақсаттары үшін мыналар сыйақылар болып танылады:1) осы Кодекстің 1-бабының 62) тармақшасында айқындалған сыйақылар;2) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);3) өзара байланысты тарапқа берілетін кепілдік үшін төлемақы.2. Егер осы баптың 3-та...
6,636
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/247.htm
Ст. 247 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Егер салық төлеушi бұрын кіріс деп танылған күмәндi мiндеттемелердi кредиторға төлеген жағдайда, онда осы Кодекстің 405-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жатқызуға жатқызылған қосылған құн салығының сомасын қоспағанда, жүргiзiлген төлемнiң мөлшеріндегі сома шегерiмге жатады.Мұндай шегерiм төлем жасалған салықтық кез...
6,637
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/248.htm
Ст. 248 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе:1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметті заңды тұлғаның тұрақты мекемесі, құрылымдық бөлімшесі арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаларға тауарлар өткізуге, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты туынд...
6,638
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/249.htm
Ст. 249 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы мынадай шығыстарды:1) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін;2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қайтаруға жататын (қайтарылған) сатып алу сомалары мен сақтандыру сыйақыларын (жарналарын);3) қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта ...
6,639
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/250.htm
Ст. 250 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Ұлттық даму институты болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда, банктердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органмен келі...
6,640
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/251.htm
Ст. 251 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша бұрын осы Кодекстің 231-бабына сәйкес кіріс деп танылған қайта сақтандыру активтерін азайту сомасын еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмағ...
6,641
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/252.htm
Ст. 252 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы салдарды жою қорына аударымдар сомасын жылдық жиынтық кірістен шегерімге жатқызады. Көрсетілген шегерім жер қойнауын пайдаланушы салықтық кез...
6,642
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/253.htm
Ст. 253 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Ескерту. 253-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 402-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктегі арнайы депозиттік шотқа аударылған, қалдықтарды көму полигондарын жою қорына аударымдар сомасын шегерім...
6,643
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/254.htm
Ст. 254 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Ескерту. 254-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 01.07.2024 № 105-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Тіркелген активтерді сатып алуға, оларды орнатуға арналған шығыстар мен күрделі сипаттағы басқа да шығыстардан бөлек, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық...
6,644
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/255.htm
Ст. 255 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Ескерту. 255-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызмет бойынша Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес:ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеге...
6,645
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/256.htm
Ст. 256 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтандыру шарттары бойынша сақтанушының төлеуіне жататын немесе ол төлеген сақтандыру сыйлықақылары шегерімге жатады.2. Жеке тұлғалардың депозиттерiне міндетті кепiлдік беру жүйесiне қатысушыда – банкте жеке тұлғалардың депозиттерiне кепiл...
6,646
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/257.htm
Ст. 257 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Жұмыс берушінің:1) мыналарды:тіркелген активтердің;преференциялар объектілерінің;амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына қосылатындарды;2) запастардың өзіндік құнына қосылатындарды және осындай запастардың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік ...
6,647
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/258.htm
Ст. 258 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн іс жүзінде жүргізген, бағалау, абаттандыру жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерделеуге, барлауға, оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстары, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, төленген қол қойылғ...
6,648
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/259.htm
Ст. 259 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Осы Кодекстің 258-бабы 1-тармағында көрсетілген, жер қойнауын пайдаланушы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап барлауға және (немесе) бірлескен барлауға және өндіруге (барлау кезеңінде) арналған келісімшарт шеңберінде шеккен шығыстар бойынша жер қойнауын пайдаланушы оларды осы жер қойнауын пайдаланушының өндіруге және (нем...
6,649
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/260.htm
Ст. 260 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден кейінгі кезеңде пайдалану блоктарын (полигондарын) уранды жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен өндіруге дайындау кезінде жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде шеккен, амортизацияланатын активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығындар (шығыстар) жер қойнау...
6,650
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/261.htm
Ст. 261 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Жер қойнауын пайдаланушының өзінің жұмыскерлері болып табылмайтын қазақстандық кадрларды оқытуға, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға іс жүзінде шеккен шығыстары шығыстары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген сомалар шегінде шегерімге жатқызылады.Жер қойнауын пайдаланушының жұмыск...
6,651
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/262.htm
Ст. 262 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Егер теріс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырма сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кету шамасы шегерімге жатады.
6,652
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/263.htm
Ст. 263 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, есепті салықтық кезеңде Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салықтар және бюджетке төленетiн төлемдер:1) есепті салықтық кезеңде – есепті салықтық кезең және (немесе) есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдер үшін есепке жазылған және (н...
6,653
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/264.htm
Ст. 264 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Мыналар:1) кіріс алуға бағытталған қызметке байланысты емес шығындар;1-1) алып тасталды – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;1-2) цифрлық майнингтік пул көрсететін қызметтер бойынша цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаның шығыстары;2) сот тауарлардың, жұмыстард...
6,654
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/265.htm
Ст. 265 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Шегерімге:1) осы Кодекстің 271-бабына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;2) осы Кодекстің 273-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес кіші топтың (топтың) салықтық кезеңнің соңындағы құндық балансы;3) осы Кодекстің 272-бабына сәйкес келесі шығыстар жатады.
6,655
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/266.htm
Ст. 266 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мыналар тіркелген активтерге жатады:1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген активтерді қоспағанда, келіп түскен кезде салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есепке алуында халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржыл...
6,656
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/267.htm
Ст. 267 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Тіркелген активтерді есепке алу техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес қалыптастырылатын топтар бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:Р/с№Топтың№Тіркелген активтердің атауы1231.ІМұнай, газ ұңғымаларын және беру құрылғыларын қо...
6,657
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/268.htm
Ст. 268 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Лизинг шарты бойынша, сондай-ақ запастардың құрамынан аудару арқылы келіп түсуді қоса алғанда, тіркелген активтер келіп түскен кезде топтардың (кіші топтардың) құндық балансын аталған активтердің бастапқы құнына ұлғайтады.Тіркелген активтердің келіп түсуін салық салу мақсаттарында тану келіп түскен активтерді тіркел...
6,658
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/269.htm
Ст. 269 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан кезде, тіркелген активтердің амортизацияның есеп айырысу сомасына азайтылған сатып алыну құны...
6,659
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/270.htm
Ст. 270 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:1) танылуы толық амортизация және (немесе) құнсыздану нәтижесінде тоқтатылған, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша берілген жағдайларды қоспағанда, осы активтерді бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және био...
6,660
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/271.htm
Ст. 271 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Тіркелген активтердің құны осы Кодексте айқындалған тәртіппен және шарттарда амортизациялық аударымдарды есептеу арқылы шегерімге жатады.2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әрбір кіші топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық баланстарын айқындау және тіркел...
6,661
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/272.htm
Ст. 272 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Мына активтер:1) тіркелген активтер, оның ішінде олардың пайдалануы уақытша тоқтатылған кезеңде;2) мыналарда:коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейінгі кезеңде - осы Кодекстің 266-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында;осы Кодекстің 266-бабы 2-тармағының 7) және 15) тармақшаларында көрсетілген активтерді ...
6,662
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/273.htm
Ст. 273 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Өтеусіз беруді қоспағанда, кiші топтың (І топ бойынша) тiркелген активі шығып қалғаннан кейiн кіші топтың салықтық кезең соңындағы құндық балансы мөлшеріндегі сома І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан болған залал деп танылады.Осы кіші топтың құндық балансы нөлге теңестіріледі және шегерімге жатпайды.2. То...
6,663
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/274.htm
Ст. 274 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Инвестициялық салықтық преференциялар (бұдан әрі осы параграфта – преференциялар) салық төлеушінің таңдауы бойынша осы бапқа және осы Кодекстің 275 және 276-баптарына сәйкес қолданылады және преференциялар объектілерінің құнын және (немесе) реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстарды шегеруге жатқызуды...
6,664
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/275.htm
Ст. 275 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Преференцияларды қолдану мынадай әдістердің бірі:1) объект пайдалануға енгізілгеннен кейінгі шегерім әдісі;2) объект пайдалануға енгізілгенге дейінгі шегерім әдісі бойынша жүзеге асырылады.2. Объект пайдалануға енгізілгеннен кейінгі шегерім әдісін қолдану преференциялар объектілерінің осы Кодекстің 276-бабының 2 жән...
6,665
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/276.htm
Ст. 276 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші преференциялар объектілерін, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстарды есепке алуды өздері бойынша преференциялар қолданылған өндірістік мақсаттағы ғимараттар ме...
6,666
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/277.htm
Ст. 277 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Салық салу мақсаттарында туынды қаржы құралдары:1) хеджирлеу мақсаттарында;2) базалық активті беру мақсаттарында;3) өзге де мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдарына бөлінеді.2. Әрбір туынды қаржы құралы бойынша осы Кодекстің 278, 279-баптарына және 299-бабының 3-тармағына сәйкес кіріс немесе залал айқында...
6,667
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/278.htm
Ст. 278 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Өзі бойынша кіріс осы Кодекстің 279-бабына сәйкес айқындалатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша кіріс туынды қаржы құралы бойынша түсімдердің шығыстардан асып кетуі ретінде айқындалады.Салықтық есепке алу мақсаттары үшін мұндай кіріс салық төлеушінің туынды қаржы құралы бойынша құқықтары ...
6,668
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/279.htm
Ст. 279 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі жасалған күнінен бастап он екі айдан асатын және орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшерлері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлемелер көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген өзге де көрсеткіштің өзгеруі...
6,669
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/280.htm
Ст. 280 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеменің қолайсыз өзгеруі немесе хеджирлеу объектісінің өзге көрсеткішінің қолайсыз өзгеруі нәтижесіндегі ықтимал залалдарды азайту мақсатында туынды қаржы құралдарымен жасалатын және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгал...
6,670
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/281.htm
Ст. 281 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Егер туынды қаржы құралы базалық активті сатып алу немесе өткізу мақсаттарында қолданылатын болса, онда көрсетілген базалық активті сатып алу немесе өткізу нәтижесінде төленуге жататын (шегілген) шығыстар және алынуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралдары бойынша шығыстарға және түсімдерге жатпайды.2. Ос...
6,671
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/282.htm
Ст. 282 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Келісімшарт бойынша көзделген өндіру, орнату, салу басталған салықтық кезең шегінде аяқталмаған өндіруге, орнатуға, салуға арналған келісімшарт (шарт) ұзақ мерзімді келісімшарт болып табылады.2. Салықтық есепке алу әрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жеке жүргізіледі.3. Ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс са...
6,672
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/283.htm
Ст. 283 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Есепті салықтық кезеңде алынуға жататын (алынған), бірақ ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша осындай кезеңде шегілген шығыстар сомасынан кем емес кіріс іс жүзіндегі әдіс бойынша есепті салықтық кезеңдегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс болып танылады.2. Егер ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданыс мерзімі ішінде...
6,673
https://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/284.htm
Ст. 284 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
1. Аяқтау әдісін қолданған кезде есепті салықтық кезеңде салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс мынадай тәртіппен айқындалады:ұзақ мерзімді келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңінде ол бойынша алынуға жататын осы келісімшарт бойынша жалпы кіріс сомасы мен ағымдағы салықтық кезеңде осындай кел...
6,674