link
stringlengths
43
81
title
stringlengths
50
97
content
stringlengths
52
106k
__index_level_0__
int64
0
8.25k
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/119.htm
Ст. 119 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот баршаның сот алдында теңдігі конституциялық қағидатын және сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады.2. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін бұған кінәлі адамдар осы тарауда белгіленген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасы Әкімшілі...
7,289
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/120.htm
Ст. 120 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сот отырысында сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталғандығы туралы осы бұзушылық анықталған сот отырысының процесін тікелей жүргізуші судья (сот құрамы) құқық бұзушыға дереу сот отырысында жариялайды. Осы факт сот отырысының хаттамасында тіркеледі. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмай...
7,290
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/121.htm
Ст. 121 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Процестік әрекеттер осы Кодексте белгіленген процестік мерзімдерде жасалады.2. Егер процестік әрекеттер жасауға арналған мерзім осы Кодексте белгіленбеген жағдайда, оны сот тағайындайды. Сот тағайындайтын процестік мерзім процестік әрекеттер жасау үшін ақылға қонымды және жеткілікті болуға тиіс.
7,291
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/122.htm
Ст. 122 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Процестік әрекеттер жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіле отырып, дәл күнтізбелік күнмен айқындалады немесе жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен айқындалады. Соңғы жағдайда әрекет бүкіл кезең ішінде жасалуы мүмкін.2. Кезеңмен айқындалатын процестік мерзімнің ағым...
7,292
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/123.htm
Ст. 123 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Жылдармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы жылының тиісті айында және күнінде бітеді.2. Айлармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы тиісті айында бітеді. Егер айлармен есептелетін мерзімнің соңы тиісті күні жоқ айға сәйкес келсе, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді.3. Күндермен есептелетін мерзім бе...
7,293
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/124.htm
Ст. 124 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Процестік әрекеттерді жасау құқығы осы Кодексте белгіленген немесе сот тағайындаған процестік мерзімнің аяқталуымен жойылады.2. Процестік мерзімдер аяқталғаннан кейін берілген шағымдар мен құжаттарды, егер өткізіп алған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы мәлімделмесе, сот оларды берген адамға қараусыз кері қа...
7,294
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/125.htm
Ст. 125 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатыла тұрумен бірге барлық өтпеген процестік мерзімдердің жүруі тоқтатыла тұрады. Мерзімдерді тоқтата тұру сот іс бойынша іс жүргізуді осы Кодексте көзделген негіздер бойынша тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған күннен басталады.2. Сот іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы ұйғарым шығ...
7,295
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/126.htm
Ст. 126 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сот тағайындаған мерзімдерді сот ұзарта алады.2. Егер осы Кодексте белгіленген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот дәлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін.3. Сот заңды бұзған жағдайда сот актілеріне шағым жасау, прокурордың өтінішхат немесе наразылық келтіруі не процеске қатысушының өз құқықтары ме...
7,296
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/127.htm
Ст. 127 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Іске қатысатын адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар сот отырысының немесе жекелеген процестік әрекеттерді жасаудың уақыты мен орны туралы хабарландырылады және соттың шақыру қағаздарымен сотқа шақырылады.2. Іске қатысатын адамдар, куәлар, сарапшылар, мамандар мен аударма...
7,297
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/128.htm
Ст. 128 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Соттың шақыру қағазында немесе өзге де хабарлауда, шақыруда:1) хабарланатын немесе сотқа шақырылатын адамды (тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландырылатын құжатта көрсетілсе) және адамның тұрғылықты жерін не заңды тұлғаның атауы мен оның орналасқан жерін) көрсету;2) соттың атауы мен мекенжайы;3) сот...
7,298
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/129.htm
Ст. 129 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Соттың шақыру қағазы немесе өзге де хабарлама электрондық пошта мекенжайы бойынша немесе ұялы байланыстың абоненттік нөміріне не пошта арқылы жеткізіледі немесе судья оларды жеткізуді тапсыратын адам жеткізеді.Адресатқа электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша оларды жөнелту уақы...
7,299
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/130.htm
Ст. 130 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Азаматқа жіберілген соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама сотқа қайтарылуға жататын қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарламаның көшірмесіне қол қойғызып, оған жеке табыс етіледі.Заңды тұлғаға жіберілген соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге ...
7,300
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/131.htm
Ст. 131 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Адресат соттың шақыру қағазын немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарламаны қабылдап алудан бас тартқан кезде, оларды табыс етуші адам сотқа қайтарылатын шақыру қағазына немесе өзге де хабарламаға тиісті белгі қояды, сондай-ақ бұл туралы акт жасауға құқылы. Адресаттың соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарламан...
7,301
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/132.htm
Ст. 132 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Іске қатысатын адамдар мен олардың өкілдері іс бойынша іс жүргізу кезінде тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) ауысқан, мекенжайы, ұялы байланысының абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы өзгерген жағдайда бұл туралы сотқа хабарлауға міндетті. Мұндай хабар болмаған кезде шақыр...
7,302
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/133.htm
Ст. 133 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Жауапкердің нақтылы тұрған жері белгісіз болған кезде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің немесе көппәтерлі тұрғын үйлер мүлкінің меншік иелері бірлестігінің не жай серіктестігінің, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті тұлғасы не тұрғын үй басқарушысы, жергі...
7,303
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/134.htm
Ст. 134 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сот бұйрығы сот актісі болып табылады, жауапкерді және талап қоюшыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша жауапкерден ақшаны өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті талап ету туралы талап қоюшының арызы бойынша, сондай-ақ заңда белгіленген немесе шартта көзделг...
7,304
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/135.htm
Ст. 135 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Сот бұйрығы:1) жеке тұлғалардан кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды өндіріп алу туралы;2) алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 84-VII (01.08.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;3) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа ...
7,305
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/136.htm
Ст. 136 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сот бұйрығын шығару туралы арыз сотқа осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген аумақтық соттылықтың жалпы қағидалары бойынша беріледі.2. Арыз жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі. Арызда:1) арыз берілген соттың атауы;2) талап қоюшының атауы, оның туған күні, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, же...
7,306
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/137.htm
Ст. 137 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сот бұйрығын беру туралы арыз үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде мемлекеттік баж төленеді.2. Арызды қабылдаудан бас тартылған кезде талап қоюшы төлеген мемлекеттік баж қайтарылады.3. Талап қоюшы төлеген мемл...
7,307
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/138.htm
Ст. 138 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Судья осы Кодекстің 151, 152-баптарында көзделген негіздер бойынша сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тартады немесе кері қайтарады.Бұдан басқа, егер:1) мәлімделген талап осы Кодекстің 135-бабында көзделмеген;2) жауапкердің тұрғылықты жері немесе орналасқан жері Қазақстан Республикасының шегінен тыс б...
7,308
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/139.htm
Ст. 139 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Мәлімделген даусыз талаптың мәні бойынша сот бұйрығын судья арыздың сотқа келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады.
7,309
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/140.htm
Ст. 140 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сот бұйрығында:1) жүргізілетін істің нөмірі және сот бұйрығының шығарылған күні;2) соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі мен аты-жөні;3) өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, оның тұрғылықты немесе орналасқан жерi, жеке сәйкестендiру нөм...
7,310
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/141.htm
Ст. 141 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сот бұйрығы ол шығарылғаннан кейін келесі күннен кешіктірілмей оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып, жауапкерге тапсырылуға немесе жіберілуге тиіс.2. Жауапкер мәлімделген талапқа қарсылығын сот бұйрығын шығарған сотқа сот бұйрығының көшірмелерін алған күннен бастап немесе о...
7,311
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/142.htm
Ст. 142 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Егер жауапкерден белгіленген мерзімде мәлімделген талапқа қарсылық келіп түссе не, егер сот бұйрығында құқықтары мен міндеттері қозғалған басқа да адамнан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес еместігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды.2. Судья қарсылық немесе арыз келіп түскен күн...
7,312
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/143.htm
Ст. 143 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Егер белгіленген мерзімде сотқа жауапкерден қарсылық келіп түспесе, сот бұйрығы талап қоюшыға орындауға ұсыну үшін беріледі немесе оның арызы бойынша сот аумаққа жатқызылуына қарай тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына орындауға жібереді.2. Талап қоюшының өтініші бойынша, сондай-ақ о...
7,313
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/148.htm
Ст. 148 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Талап қою жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бірінші сатыдағы сотқа беріледі.2. Арызда:1) талап қою берілетін соттың атауы;2) талап қоюшының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның туған күні, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, ал егер талап қоюшы ...
7,318
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/149.htm
Ст. 149 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Талап қоюға:1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың саны бойынша талап қоюдың және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелері;2) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат не "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген негіздер бой...
7,319
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/150.htm
Ст. 150 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Ескерту. 150-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Судья талап қою келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешеді.Татуласу рәсімдері жүргі...
7,320
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/151.htm
Ст. 151 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Егер:1) арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса;2) сол тараптардың арасындағы, нақ сол нысана туралы және нақ сол негіздер жөніндегі шығарылған дау бойынша, осы Кодексте көзделген негіздермен іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот ұйғарымы болс...
7,321
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/152.htm
Ст. 152 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Егер:1) талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген немесе тараптардың шартында көзделген дауды сотқа дейін немесе соттан тыс реттеу тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса;2) іс осы соттың соттылығына жатпаса;3) талап қою осы Кодекстің 148-бабының, 149-бабы бірінші бөлігінің ...
7,322
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/153.htm
Ст. 153 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Жауапкер істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін бастапқы талап қоюмен бірлесіп қарау үшін талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы талап қою, қарсы талап қоюды қайтару, оны қабылдаудан бас тарту осы Кодекстің 148, 151 және 152-баптарында көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.2. Егер жауапкер істі дай...
7,323
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/154.htm
Ст. 154 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Егер:1) қарсы талап қою алғашқы талап қоюдың есебіне бағытталса;2) қарсы талап қоюды қанағаттандыру бастапқы талап қоюды толық немесе ішінара қанағаттандыруды жоққа шығаратын болса;3) қарсы талап қою мен бастапқы талап қою арасында өзара байланыс болса, ал оларды бірлесіп қарау дауларды неғұрлым жылдам және дұрыс қарау...
7,324
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/155.htm
Ст. 155 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Іске қатысатын адамдардың, төрелік талқылау тараптарының арызы бойынша сот істің қандай жағдайында болмасын, егер осындай шараларды қабылдамау соттың шешімін орындауды қиындатса немесе мүмкін етпейтіндей болса, талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдай алады.Төрелік талқылау тараптары талап қоюды қамтамасыз ету ...
7,325
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/156.htm
Ст. 156 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар:1) жауапкерге тиесілі және оның өзіндегі немесе басқа да тұлғалардағы мүлікке тыйым салу (банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының корреспонденттік шотындағы ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен жаса...
7,326
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/157.htm
Ст. 157 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды, егер ол талап қоюға қоса берілсе немесе бұл туралы талап қоюда көрсетілсе, азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарылған күні судья қарайды және шешеді. Қалған жағдайларда талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья арыз сотқа келіп түскен күні шешеді.2. Талап қоюды қамта...
7,327
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/158.htm
Ст. 158 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сот:1) мүлік туралы мәліметтер болмаған кезде "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен борышкердің мүлкіне тыйым салу үшін аумақ бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына;2) осы Кодекстің 156-бабы ...
7,328
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/159.htm
Ст. 159 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Іске қатысатын адамның, төрелік талқылау тараптарының арызы бойынша талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыруға болады.2. Іске қатысатын адамдар арыздың келіп түскені туралы дереу хабарландырылады және олардың сотқа пікір ұсынуға құқықтары бар.Сот талап қоюды қамтамасыз ету шараларын ауыстыру ту...
7,329
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/160.htm
Ст. 160 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін сол сот іске қатысатын адамның, төрелік талқылау тараптарының арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін.Судья іске қатысатын адамдарға арызды қараудың уақыты мен орны туралы хабарлап, талап қоюды қамтамасыз ету шарасының күшін жою туралы мәселені бес жұмыс күнінен кеші...
7,330
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/161.htm
Ст. 161 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Ескерту. 161-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйғарымдарға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның...
7,331
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/162.htm
Ст. 162 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сот талап қоюды қамтамасыз етуге жол бере отырып, талап қоюшыдан жауапкер үшін ықтимал болатын залалдарды қамтамасыз етіп беруді талап етуі мүмкін. Ықтимал залалдарды қамтамасыз ету соттың ұйғарымында көрсетілген соманы уәкілетті органның депозитіне енгізу арқылы жүргізіледі.2. Жауапкер талап қоюдан бас тартылған ше...
7,332
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/163.htm
Ст. 163 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Арыз соттың іс жүргізуіне қабылданғаннан және азаматтық іс қозғалғаннан кейін судья оны уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында істі сотта талқылауға дайындауды жүргізеді.Судья істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады және жасауға тиіс әрекеттерді көрсетеді.2. Әрбір іс бойынша міндетті болат...
7,333
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/164.htm
Ст. 164 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау, егер осы Кодексте және басқа да заңдарда өзгеше белгіленбесе, талап қою соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.Алименттерді өндіріп алу туралы, денсаулықтың зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы, сондай-ақ ...
7,334
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/165.htm
Ст. 165 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Істің мән-жайларын ескере отырып, істі сот талқылауына дайындау тәртібімен судья мынадай әрекеттерді жасайды:1) талап қоюды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жауапкерге және үшінші тұлғаларға талап қоюдың және оған қоса берілген, талап қоюшының талаптарын негіздейтін құжаттардың көшірмелерін осы Кодекстің 1...
7,335
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/166.htm
Ст. 166 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Жауапкер талап қоюға қатысты дәлелдерді теріске шығаратын құжаттарды, сондай-ақ пікірдің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, талап қоюға пікірді сотқа ұсынады. Судья үш жұмыс күні ішінде пікірдің және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін талап қоюшыға және іске қатысатын басқа да ад...
7,336
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/167.htm
Ст. 167 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Егер талаптарды бөлек қарау анағұрлым орынды болса, судья талап қоюшы біріктірген талаптардың біреуін немесе бірнешеуін жеке іс жүргізуге бөліп шығарады.2. Бірнеше талап қоюшы талап қойған немесе бірнеше жауапкерге талап қойылған кезде судья, егер талаптарды бөлек қарау анағұрлым орынды деп тапса, бір немесе бірнеше...
7,337
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/168.htm
Ст. 168 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Осы Кодекстің 272, 273-баптарында, 277-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында және 279-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 8) және 9) тармақшаларында көзделген мән-жайлар болған кезде істі сот талқылауына дайындаған кезде ол бойынша іс жүргізу тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы не арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін....
7,338
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/169.htm
Ст. 169 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Талап қоюшы қосымша процестік әрекеттерді жүргізу қажет болмаған кезде сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін жазбаша арыз беру арқылы талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға құқылы.Талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгерту, талап қою талапта...
7,339
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/170.htm
Ст. 170 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Талап қоюшы сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарға жазбаша арыз беру арқылы талап қоюдан бас тартуға құқылы.2. Сот талап қоюдан бас тарту қабылданғанға дейін талап қоюшыға немесе тараптарға тиісті процестік әрекеттердің салдарын түсіндіреді.3. Талап қоюдан бас тарту...
7,340
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/171.htm
Ст. 171 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Жауапкер сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарға жазбаша арыз беру арқылы талап қоюды толық немесе оның бір бөлігін мойындауға құқылы.2. Жауапкердің талап қоюды мойындауы сотты дәлелдемелерді зерттеу міндетінен босатады. Талап қоюдың бөлігі мойындалған жағдайда дәлел...
7,341
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/172.htm
Ст. 172 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Тараптар мен іске қатысатын басқа да тұлғалардың істі сот талқылауына дайындау, сотқа жүгіну мерзімдерін өткізіп алу фактілерін және талап қоюдың ескіру мерзімдерін зерттеу кезінде жасаған өкімдік әрекеттерін процестік тұрғыдан бекіту мақсатында істі сот талқылауына дайындауды жүргізудің нәтижелері бойынша алдын ала...
7,342
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/173.htm
Ст. 173 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Судья істі дайын деп танып, тараптарға және іске қатысатын басқа да адамдарға істің сот отырысында қаралатын уақыты мен орны туралы хабарлайды.Сот талқылауы оны дайындау аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.Осы Кодекстің 198-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тағайындалған со...
7,343
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/174.htm
Ст. 174 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сот (судья) тараптарға татуласу рәсіміне қатысуы үшін шақыру жібере отырып, тараптардың татуласуына шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі.Шақыруда тараптар татуласу рәсімі (бітімгершілік келісім, медиация, партисипативтік рәсім) шеңберінде дауды (жанжалды) шешу құқығын түс...
7,344
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/175.htm
Ст. 175 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін.2. Татуласу келісімі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұза алмайды және заңға қайшы келмейді.3. Татуласу келісімін сот (судья)...
7,345
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/176.htm
Ст. 176 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Татуласу келісімі жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері оларда сенімхатта арнайы көзделген татуласу келісімін жасауға өкілеттіктері болған кезде қол қояды.2. Татуласу келісімі оларды орындау мерзімі мен тәртібі көрсетіле отырып, тараптар келіскен шарттарды қамтуға тиіс.3. Татуласу келіс...
7,346
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/177.htm
Ст. 177 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сот тараптардың татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхатын сот отырысында қарауы мүмкін. Іске қатысатын адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылады.Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған тараптар сот отырысына келмеген және өтінішхатты олардың қатысуынсыз қарау тур...
7,347
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/178.htm
Ст. 178 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Татуласу келісімін оны жасасқан тұлғалар осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде ерікті түрде орындайды.2. Ерікті түрде орындалмаған татуласу келісімі татуласу келісімін жасасқан тұлғаның өтінішхаты бойынша сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.
7,348
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/179.htm
Ст. 179 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Тараптар бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін дауды (жанжалды) судьяның немесе медиатордың жәрдемдесуімен медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы.2. Медиацияны өткізетін судья медиация өткізілетін күнді тағайындайды және тараптарға...
7,349
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/180.htm
Ст. 180 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Іс жүргізуінде іс жатқан судья (сот құрамы) дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексереді және оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.2. Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, осы келісімді бекіту туралы ұйғарым "Медиация туралы...
7,350
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/181.htm
Ст. 181 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Тараптар осы Кодекстің 179-бабында көзделген қағидалар бойынша сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы.2. Партисипативтік рәсім судьяның қатысуынсыз "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес...
7,351
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/182.htm
Ст. 182 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Іс жүргізуінде іс жатқан судья (сот құрамы) дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексереді және осы Кодекстің 177-бабына сәйкес оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.2. Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім, келісімді бекіту...
7,352
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/183.htm
Ст. 183 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Азаматтық істі қарау мерзімі оның іс жүзіндегі күрделілігіне және іске қатысатын адамдардың мүдделеріне сәйкес келуге тиіс.2. Сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде азаматтық iстерді қарайды және шешедi.Жұмысқа қайтадан алу туралы, әке болуды анықтау және алименттерді өнд...
7,353
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/184.htm
Ст. 184 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Сот азаматтық істі талқылауды іске қатысатын адамдарды міндетті түрде хабарландыра отырып, сот отырысында жүргізеді.
7,354
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/185.htm
Ст. 185 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Төрағалық етушiнiң мiндетiн судья атқарады. Төрағалық етушi азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттарына сәйкес процестік әрекеттер жасаудың сабақтастықтығы мен тәртiбінiң сақталуын, процеске қатысушылардың процестік құқықтарын жүзеге асыруын және олардың процестік міндеттерді орындауын, процестің тәрбиелiк ықпалын қамт...
7,355
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/186.htm
Ст. 186 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сот іс пен дауды қараған және шешкен кезде iс бойынша дәлелдемелердi тiкелей зерттеуге міндетті.Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істерді қоспағанда, сот тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың түсiнiктемелерiн, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттiк органда...
7,356
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/187.htm
Ст. 187 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Судья сот отырысы залына кiрген кезде залдағы қатысып отырған адамдар орындарынан тұрады. Шешiм шығармай аяқталатын істегі сот шешiмiн немесе ұйғарымын сот отырысы залында қатысып отырғандар түрегеп тұрып тыңдайды.2. Іске қатысатын адамдар мен сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар судьяға "Құрметті сот" деп ...
7,357
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/188.htm
Ст. 188 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Iстi талқылау кезiнде тәртiпті бұзған адамға төрағалық етушi соттың атынан ескерту жасайды.2. Тәртiптi қайталап бұзған жағдайда iске қатысатын адам сот отырысының хаттамасына енгізілетін сот ұйғарымы бойынша сот талқылауының барлық уақытына немесе оның бiр бөлiгiне сот отырысы залынан шығарып жiберiлуi мүмкiн. Төрағ...
7,358
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/189.htm
Ст. 189 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Төрағалық етушi сот отырысын ашады және қаралуға жататын іс туралы, сондай-ақ сот отырысында аудио-, бейнежазба құралдары пайдаланылатыны туралы хабарлайды.Жабдықтың техникалық ақауы болған, оның болмауы немесе оны техникалық себептер бойынша қолдану мүмкін болмаған жағдайларда сот отырысын аудио-, бейнежазба құралд...
7,359
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/190.htm
Ст. 190 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сот отырысының хатшысы сотқа осы iс бойынша шақырылған адамдардан кiмнiң келгенiн, олардың қайсысы техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы қатысатынын, келмеген адамдарға хабар берiлгенін не берiлмегенiн және олардың келмеу себептерi туралы қандай мәлiметтердiң бар екенiн баяндайды.2. Төрағалық етушi осы Код...
7,360
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/191.htm
Ст. 191 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Төрағалық етушi аудармашыға сот ісі жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмейтiн адамдардың түсiндiрмелерiн, айғақтарын, мәлiмдемелерiн, ал осы адамдарға iске қатысатын тұлғалар мен куәлардың түсiндiрмелерiнiң, айғақтарының, мәлiмдемелерiнiң, жария етiлетiн және iсте бар құжаттардың, дыбысжазбалардың, сарапшылар қорытындылары...
7,361
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/192.htm
Ст. 192 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Келген куәлар сот отырысы залынан шығарып жіберіледі.2. Төрағалық етушi жауап алынған куәлардың жауап алынбаған куәлармен сөйлеспеуі үшін шаралар қолданады.
7,362
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/193.htm
Ст. 193 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Төрағалық етушi сот құрамын жариялайды, прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы ретiнде кiмдердiң қатысып отырғанын хабарлайды және iске қатысатын тұлғаларға олардың қарсылық бiлдiру құқығын түсiндiредi.2. Қарсылықтар бiлдiру үшiн негiздер, мәлiмделген қарсылықты шешу тәртiбi және осындай мәлiмдеулердi қана...
7,363
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/194.htm
Ст. 194 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Төрағалық етуші іске қатысатын адамдардың процестік құқықтарымен және міндеттерімен танысқандығына көз жеткізеді, ал таныспаған жағдайда оларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сондай-ақ процестік міндеттерді орындамағаны үшін заңдарда белгіленген жауаптылығы және осы Кодексте көзделген процестік салдарлардың бас...
7,364
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/195.htm
Ст. 195 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Iске қатысатын тұлғалардың және өкiлдердiң iстi талқылауға байланысты мәселелер бойынша өтiнiшхаттары iске қатысатын тұлғалардың пiкiрлерi тыңдалғаннан кейін шешіледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда соттың ұйғарымы шығарылады.
7,365
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/196.htm
Ст. 196 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Iске қатысатын тұлғалар сот отырысына келмеу себептерi туралы сотқа алдын ала хабарлауға және күтпеген және (немесе) төтенше жағдайларға байланысты осы себептердiң дәлелдi екендiгiне дәлелдемелердi ұсынуға мiндеттi.2. Iске қатысатын тұлғалардың қайсыбiрі сот отырысына келмеген жағдайда, олардың тиiстi түрде хабарлан...
7,366
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/197.htm
Ст. 197 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сот отырысына куә, сарапшы немесе маман келмеген жағдайда сот iске қатысатын тұлғалардың iстi олар жоқта қарау мүмкiндiгi туралы пiкiрiн тыңдайды және сот талқылауын жалғастыру немесе оны кейiнге қалдыру туралы ұйғарым шығарады.2. Сот отырысына аудармашы келмеген жағдайда, егер аудармашыны алмастыру мүмкiн болмаса, ...
7,367
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/198.htm
Ст. 198 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Ескерту. 198-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 10.06.2020 № 342-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Істі қарауды кейінге қалдыруға:1) егер сот осы Кодекстің 196 және 197-баптарында көзделген тәртіппен - процеске қатысушылардың біреуінің келме...
7,368
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/199.htm
Ст. 199 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Істі талқылау кейінге қалдырылған кезде, егер тараптар сот отырысында қатысып отырса, сот келген куәлардан жауап алуға құқылы. Осы куәларды қажет болған жағдайда ғана жаңа сот отырысына екінші рет шақыруға жол беріледі.
7,369
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/200.htm
Ст. 200 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Төрағалық етушi сарапшыға оның процестік құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi, сарапшыға көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертедi, ол туралы сарапшыдан қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тiркеледi.Маманға оның қажетті процестік әрекеттерді орындауда сотқа жәрдем к...
7,370
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/201.htm
Ст. 201 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Істі мәні бойынша қарау төрағалық етушінің талап қоюшының өзінің талаптарын қолдайтыны не қолдамайтыны, талап қоюшының талаптарын жауапкердің мойындайтыны не мойындамайтыны және тараптардың істі татуласу келісімімен аяқтауды немесе істі төреліктің, "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының қарауына беруді не дауды...
7,371
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/202.htm
Ст. 202 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сот талап қоюшының және оның тарапынан қатысатын үшiншi тұлғаның, олардың өкілдерінің, сондай-ақ жауапкердiң және оның тарапынан қатысатын үшiншi тұлғаның, олардың өкілдерінің түсiнiктемелерiн тыңдайды.Осы Кодекстің 54-бабының үшінші бөлігіне және 55-бабына сәйкес талап қоюшының мүдделері үшін талап қойған тұлғалар ...
7,372
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/203.htm
Ст. 203 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Куәдан жауап алынғанға дейiн төрағалық етушi куәның жеке басын анықтайды, оның мiндеттерi мен құқықтарын түсiндiредi және оған айғақтар беруден бас тартқаны үшiн және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертедi. Куәға, оның ішінде он алты жасқа толмаған куәға өзіне, өзінің жұбайына (за...
7,373
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/204.htm
Ст. 204 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Әрбiр куәдан жауап жеке-жеке алынады. Әлi айғақтар бермеген куәлар iстi талқылау кезiнде сот отырысы залында қала алмайды.2. Төрағалық етушi куәның iске қатысатын тұлғаларға қатысын анықтайды және куәға iс бойынша жеке өзiне белгілінiң бәрiн сотқа хабарлауды ұсынады.3. Ерікті нысанда айғақтар бергеннен кейiн куәға с...
7,374
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/205.htm
Ст. 205 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Айғақтар қандай да бір цифрлармен немесе басқа деректермен байланысты болған кезде куә айғақтар беру кезiнде жазбаша материалдарды пайдалана алады. Куә осы құжаттарды сотқа және iске қатысатын тұлғаларға ұсынады және ол iске қоса тiркелуi мүмкiн, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.2. Куәға оның айғақ...
7,375
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/206.htm
Ст. 206 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрттен он алты жасқа дейінгі куәдан жауап алу сотқа шақырылатын педагогтың және заңды өкілдердің қатысуымен жүргізіледі. Көрсетілген адамдар төрағалық етушiнiң рұқсатымен куәға сұрақтар қоя алады, сондай-ақ куәның жеке басына және оның берген айға...
7,376
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/207.htm
Ст. 207 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Куәлардың осы Кодекстiң 69, 71, 74, 75 және 199-баптарында көзделген тәртiппен жиналған айғақтары сот отырысында жария етiледi, iске қатысатын тұлғалар осыдан кейін олар бойынша түсiнiктемелер беруге құқылы.
7,377
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/208.htm
Ст. 208 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Осы Кодекстiң 71, 75-баптарында және 165-бабының 12) тармақшасында көзделген тәртiппен жасалған құжаттар немесе оларды қарап-тексеру хаттамалары сот отырысында жария етiледi және iске қатысатын тұлғаларға, өкiлдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетiледi. Іске қатысатын адамдар ...
7,378
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/209.htm
Ст. 209 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Азаматтардың жеке хат жазысу және жеке телеграфтық хабарлар беру құпиясын қорғау мақсатында хат жазысу мен телеграфтық хабарлар тек олардың арасында жүрген тұлғалардың келiсiмiмен ғана ашық сот отырысында жария етiлуi және зерттелуi мүмкiн. Осы тұлғалардың жеке хат жазысулары мен жеке телеграфтық хабарламалары жабық со...
7,379
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/210.htm
Ст. 210 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сот заттай дәлелдемелердi қарайды және олар iске қатысатын тұлғаларға, өкiлдерге, ал қажет болған жағдайларда – сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетiледi. Заттай дәлелдемелер ұсынылған тұлғалар қарап-тексеруге байланысты мән-жайларға сот назарын аудара алады, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіле...
7,380
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/211.htm
Ст. 211 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сотқа ұсынылуы қиын немесе жеткiзуге болмайтын құжаттар мен заттай дәлелдемелер тұрған орнында қарап тексеріледі және зерттеледi. Сот орнында қарап-тексеру туралы ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.2. Қарап-тексеру уақыты мен орны туралы iске қатысатын тұлғаларға, олардың өкiлдерiне хабарлана...
7,381
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/212.htm
Ст. 212 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Жеке сипаттағы дыбысжазбаны тыңдау, бейнежазбаны, фото- және киноматериалдарды көрсету, сондай-ақ оларды зерттеу кезiнде осы Кодекстiң 19-бабының үшінші бөлігінде және 209-бабында көзделген қағидалар қолданылады.2. Дыбысжазбаны тыңдау, бейнежазбаны, фото- және киноматериалдарды көрсету сот отырысы залында не осы мақ...
7,382
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/213.htm
Ст. 213 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сарапшының қорытындысы сот отырысында жария етiледi. Қорытындыны түсiндiру және толықтыру мақсатында сарапшыға сұрақтар қойылуы мүмкiн.2. Бiрiншi болып арызы бойынша сараптама тағайындалған тұлға және оның өкiлi, ал содан соң iске қатысатын басқа тұлғалар мен өкiлдер сұрақтар қояды. Сот тағайындаған сараптаманы жүрг...
7,383
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/214.htm
Ст. 214 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Арнайы зерттеулер жүргiзу талап етiлмейтiн жағдайларда маман coтқa ауызша немесе жазбаша нысанда консультация (түсiндiрме) бередi.Маманның жазбаша нысанда берген консультациясы сот отырысында жарияланады, зерттеледі және іске тіркеледі. Ауызша консультация тiкелей сот отырысының (процестік әрекеттің) хаттамасына енг...
7,384
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/215.htm
Ст. 215 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Осы Кодекстiң 56-бабының негiзiнде сот iске қатысуға рұқсат берілген мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жазбаша қорытындылары сот отырысында жария етіледі және зерттеледі. Сот, сондай-ақ iске қатысатын тұлғалар мен олардың өкiлдері қорытындыларды түсiндiру және толықтыру мақсатында осы ор...
7,385
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/216.htm
Ст. 216 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Барлық дәлелдемелер зерттелгеннен кейiн судья iске қатысатын тұлғалар мен өкiлдерден толықтырулардың бар-жоғын анықтайды. Төрағалық етуші мұндай мәлiмдемелер болмаған жағдайда iстi зерттеу аяқталды деп жариялайды және сот жарыссөздеріне көшеді.
7,386
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/217.htm
Ст. 217 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Сот жарыссөздері іске қатысатын адамдардың және олардың өкілдерінің сөздерінен тұрады.Сот жарыссөздеріне қатысушылар өз сөздерінде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқылы емес.2. Алдымен – талап қоюшы мен оның өкiлi, ал содан кейін жауапкер мен оның ө...
7,387
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/218.htm
Ст. 218 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Сот жарыссөздеріне қатысушылардың барлығы сөйлеп болғаннан кейін олар айтылған сөздерге байланысты реплика айтып, сөз сөйлей алады. Соңғы реплика құқығы әрдайым жауапкер мен оның өкiлiне тиесілі.
7,388
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/219.htm
Ст. 219 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Іс бойынша тарап болып табылмайтын және осы Кодекстiң 54-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген тәртіппен процеске қатысқан прокурор сот жарыссөздері аяқталғаннан кейін тұтастай алғанда, даудың мәні бойынша қорытынды береді.Ескерту. 219-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кей...
7,389
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/220.htm
Ст. 220 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Сот істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды қосымша анықтау немесе дәлелдемелерді зерттеу қажет деп тапса, сот жарыссөздері кезінде немесе одан кейін істі мәні бойынша қарауды қайта бастау туралы хабарлайды. Істі мәні бойынша қарауды қайта бастау туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі. Істі мәні бойынша қа...
7,390
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/221.htm
Ст. 221 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Сот жарыссөздерiнен кейiн, ал осы Кодекстiң 219-бабында көзделген жағдайда, прокурор іс бойынша қорытынды бергеннен кейін сот сот отырысы залындағы адамдарға сот актісінің жария етілетін уақыты туралы хабарлай отырып, оны шығару үшін кеңесу бөлмесіне шығып кетеді.Ескерту. 221-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.06.2020 № 342-V...
7,391
https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_protsessualnyj_kodeks/222.htm
Ст. 222 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
1. Соттың шешiмi қабылданып, оған қол қойылғаннан кейiн судья шешiмді толық не оның қарар бөлiгiн жария етедi.1-1. Алып тасталды – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2. Төрағалық етуші сот шешімінің қарар бөлігі жария етілгеннен ...
7,392