link
stringlengths
43
81
title
stringlengths
50
97
content
stringlengths
52
106k
__index_level_0__
int64
0
8.25k
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/72.htm
Ст. 72 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Егер сот адамның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет етілмейді деп танитын болса, сот бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамды осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзiмiнен бұрын бос...
3,387
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/73.htm
Ст. 73 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін. Бұл ретте адам,...
3,388
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/74.htm
Ст. 74 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Сотталған жүкті әйелдердің жазаны өтеуін сот бір жылға дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Жас балалары бар сотталған әйелдер мен жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазасын орындауды сот бес жылға дейін, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруы мүмкін. Жеке адамға қарсы ау...
3,389
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/75.htm
Ст. 75 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ескерту. 75-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн оны өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғыну не оған ...
3,390
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/76.htm
Ст. 76 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшiн сотталған адамды, егер өрт немесе дүлей зілзала, отбасының еңбекке қабілетті жалғыз мүшесiнiң ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мән-жайлардың салдарынан оның отбасы үшiн аса ауыр зардапқа әкеп соққан мән-жайлар ту...
3,391
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/77.htm
Ст. 77 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Қылмыстық құқық бұзушылық үшiн сотталған адам, егер айыптау үкiмi оның заңды күшiне енген күнiнен бастап есептегенде: 1) қылмыстық теріс қылық үшiн сотталғанда – бір жыл; 2) онша ауыр емес қылмыс үшiн сотталғанда – екі жыл; 3) ауырлығы орташа қылмыс үшiн сотталғанда – бес жыл; 4) ауыр қылмыс үшiн сотталғанда – он жы...
3,392
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/78.htm
Ст. 78 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Рақымшылық жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Парламентi жеке-дара айқындалмаған адамдар тобына қатысты шығарады. 2. Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдар рақымшылық жасау туралы актiнің негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн. Қылмыстық теріс...
3,393
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/79.htm
Ст. 79 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адам соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген күннен бастап сотталғандығы өтелген немесе алып тасталған кезге дейiн сотталған болып есептеледi. Сотталғандық осы Кодекске сәйкес қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы айқындалған кезде және жаза тағайындау кезiнде ескерi...
3,394
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/80.htm
Ст. 80 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Осы бөлімнің күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытқа қарай жасы он төртке толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар танылады. 2. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкiн не оларға тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылу...
3,395
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/81.htm
Ст. 81 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi: 1) белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру; 2) айыппұл; 3) түзеу жұмыстары; 4) қоғамдық жұмыстарға тарту; 5) бас бостандығын шектеу; 6) бас бостандығынан айыру болып табылады. 2. Кәмелетке толмағандарға белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру бiр жыл...
3,396
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/82.htm
Ст. 82 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезiнде, осы Кодекстiң 52-бабында көзделген мән-жайлардан басқа, оның өмiрi мен тәрбиесiнiң жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы жағынан үлкен адамдардың ықпалы ескерiледi. 2. Кәмелетке толмаған жас жеңiлдететiн мән-жай...
3,397
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/83.htm
Ст. 83 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс жасаған не ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады деп белгiленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Кәмелетке толмаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылған кезде оғ...
3,398
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/84.htm
Ст. 84 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Сот кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпалы бар мынадай мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн: 1) ескерту; 2) ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың не мамандандырылған мемлекеттiк органның қадағалауына беру; 3) келтiрiлген зиянды қалпына келтiру мiндетiн жүктеу; 4) бос уақытын шектеу және кәмелетк...
3,399
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/85.htm
Ст. 85 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Ескерту кәмелетке толмаған адамға оның іс-әрекетiмен келтiрiлген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың зардаптарын түсiндiруден тұрады. 2. Қадағалауға беру ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға не мамандандырылған мемлекеттiк органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелi...
3,400
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/86.htm
Ст. 86 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға, бас бостандығын шектеуге немесе түзеу жұмыстарына сотталған адамдар, оларда жазаны өтеудің немесе орындаудың белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық болмаған жағдайда: 1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн сот тағайындаған жа...
3,401
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/87.htm
Ст. 87 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамдарға, сот оларда жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық болмаған кезде, жазаның қалған өтелмеген бөлігін: 1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде бестен б...
3,402
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/88.htm
Ст. 88 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан немесе жазаны өтеуден босату кезiнде қылмыстық жауаптылыққа тартудың немесе айыптау үкімінің ескіру мерзімдері тең жартысына қысқартылады.
3,403
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/89.htm
Ст. 89 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Он сегiз жасқа толғанға дейiн қылмыс жасаған адамдар үшiн осы Кодекстің 79-бабында көзделген сотталғандықты жою мерзiмдерi қысқартылады және олар тиiсiнше: 1) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңiл түрлерiн іс жүзінде өтеуге; 2) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн бас бостандығынан айы...
3,404
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/90.htm
Ст. 90 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Он сегiз бен жиырма бір жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған іс-әрекетiнiң сипатын және жеке басын ескере отырып, сот айрықша жағдайларда, оларды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыруды қоспағанда, осы бөлiмнiң ережелерiн қолдана алады. 7-БӨЛІМ. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары....
3,405
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/91.htm
Ст. 91 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын: 1) есi дұрыс емес күйде осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнің баптарында көзделген іс-әрекеттердi жасаған; 2) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн психикасы жаза тағайындау немесе оны орындау мүмкiн болмайтындай бұзылған; 3) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және есiнiң ...
3,406
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/92.htm
Ст. 92 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Осы Кодекстiң 91-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдарды емдеу немесе олардың психикалық жай-күйін жақсарту, сондай-ақ олардың осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнің баптарында көзделген жаңа іс-әрекеттердi жасауының алдын алу медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мақсаттары болып табылады.
3,407
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/93.htm
Ст. 93 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мынадай түрлерiн: 1) амбулаториялық мәжбүрлеп байқауды және психиатрда емдеуді; 2) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді; 3) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді; 4) интенсивтi байқайтын мамандандырылған үлгідегі пс...
3,408
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/94.htm
Ст. 94 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Егер адам өзiнiң психикалық жай-күйi бойынша психиатриялық стационарға орналастыруды қажет етпесе, осы Кодекстiң 91-бабында көзделген негiздер болған кезде амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу тағайындалуы мүмкiн.
3,409
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/95.htm
Ст. 95 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Егер адамның психикасының бұзылу сипаты тек психиатриялық стационарда ғана жүзеге асырыла алатын емдеудiң, күтудiң, ұстаудың және байқаудың осындай шарттарын талап ететiн болса, осы Кодекстiң 91-бабында көзделген негiздер болған кезде психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу тағайындалуы мүмкiн. 2. Жалпы үлгiдегi п...
3,410
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/96.htm
Ст. 96 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзартуды, өзгертудi және тоқтатуды психиатр-дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы негiзiнде мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеме әкiмшiлiгiнiң ұсынуы бойынша сот жүзеге асырады. 2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы тағайындалған адам сотқа осындай шараны тоқтату тура...
3,411
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/97.htm
Ст. 97 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн немесе жазасын өтеу уақытында өзінің әрекеттерi үшiн өзiне есеп беру немесе оларға ие болу мүмкiндiгiнен айыратын психикалық аурумен ауырған адамға, егер ескіру мерзімі өтіп кетпесе немесе оны қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату үшін негiздер болмаса, ол сауыққаннан кей...
3,412
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/98.htm
Ст. 98 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Осы Кодекстiң 91-бабы бiрiншi бөлiгiнің 3) және 5) тармақтарында көзделген жағдайда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары – бас бостандығынан айыруды өтеу орнында, ал өзге де жаза түрлерiне сотталғандарға қатысты амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында орындалады. 2. Осы Кодекс...
3,413
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/99.htm
Ст. 99 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату – сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Адам өлтiру: 1) екi немесе одан көп адамды; 2) адамның қызметтiк жұмысын жүзеге асыруына не кәсiптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамды неме...
3,414
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/100.htm
Ст. 100 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Анасының өзiнiң жаңа туған баласын босану кезiнде, сол сияқты одан кейiнгi кезеңде психикасын күйзелтетін ахуал болған жағдайларда немесе есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасының бұзылуы жағдайында өлтiруi – төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазалана...
3,415
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/101.htm
Ст. 101 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Жәбiрленушiнiң зорлық-зомбылығынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе бейморальдық әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң жүйелі түрдегі құқыққа қайшы немесе бейморальдық мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы күйзелтетін ахуалдан болған ке...
3,416
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/102.htm
Ст. 102 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтiру – екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3,417
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/103.htm
Ст. 103 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшiн қажеттi шаралар шегінен шығу кезiнде жасалған адам өлтiру – үш жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3,418
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/104.htm
Ст. 104 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Абайсызда қазаға ұшырату – үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Абайсызда екi немесе одан да көп адамды қазаға ұшырату – бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3,419
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/105.htm
Ст. 105 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтіруіне дейін немесе өзiн-өзi өлтіруге оқталуына дейiн жеткiзу, сол сияқты оны өзін-өзі өлтіруге көндіру не соған ықпал ету – үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас б...
3,420
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/106.htm
Ст. 106 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру – үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) екi немесе одан да көп адамға қатысты; 2) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қат...
3,421
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/107.htm
Ст. 107 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру – бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) екi немесе одан д...
3,422
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/108.htm
Ст. 108 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ескерту. 108-бап алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3,423
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/109.htm
Ст. 109 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ескерту. 109-бап алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3,424
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/110.htm
Ст. 110 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Жәбірленушіні азаптау мақсатында аса қатыгездікпен, қорлаумен жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату, егер бұл іс-әрекет денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге алып келмесе, – бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстарын...
3,425
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/111.htm
Ст. 111 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлық-зомбылықтан, қорлаудан немесе ауыр балағаттаудан не жәбiрленушiнiң өзге де құқыққа қайшы немесе бейморальдық әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң жүйелі түрдегі құқыққа қайшы немесе бейморальдық мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы кү...
3,426
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/112.htm
Ст. 112 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру – бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол м...
3,427
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/113.htm
Ст. 113 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшiн қажеттi шаралар шегінен шығу кезiнде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру – бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостан...
3,428
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/114.htm
Ст. 114 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Денсаулыққа абайсызда ауырлығы орташа зиян келтiру – сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2. Абайсызда екi немесе одан да көп адам...
3,429
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/115.htm
Ст. 115 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Өлтiрумен немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен, сол сияқты қорқытудың іске асатынына қауiптенудің жеткiлiктi негiздері болған кезде адамның жеке басына өзгедей ауыр күш қолданумен не мүлiктi өртеп жоюмен, жарылыс жасаумен немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту – бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі м...
3,430
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/116.htm
Ст. 116 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Трансплантациялау не өзгедей пайдалану үшiн тірі адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою, сол сияқты тірі адамның ағзалары мен тiндерiне қатысты заңсыз мәмiлелер жасасу – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра ...
3,431
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/117.htm
Ст. 117 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның осы ауруды басқа адамға жұқтыруы – бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. ...
3,432
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/118.htm
Ст. 118 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Басқа адамды АИТВ жұқтыру қаупiне көрiнеу душар ету – екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2. Өзiнде АИТВ бар екендiгiн бiлг...
3,433
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/119.htm
Ст. 119 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi жағдайдағы және сәбилiгiне, қарттығына, науқастығына қарай немесе өзге де дәрменсiз күйi салдарынан өзiн-өзі сақтап қалу шараларын қолдану мүмкiндiгiнен айырылған адамды көрiнеу көмексiз қалдыру, егер кiнәлi адамның сол адамға көмек көрсету мүмкiндiгi болған немесе сол адамға қамқ...
3,434
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/120.htm
Ст. 120 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау – бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мыналар: 1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы...
3,435
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/121.htm
Ст. 121 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға жасалған сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер – бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығына...
3,436
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/122.htm
Ст. 122 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас, еркек пен еркектің жыныстық қатынасын, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасын немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзі...
3,437
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/123.htm
Ст. 123 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Адамды бопсалау, оған мүлкiн жою, бүлдiру немесе алып қою қатерін төндіру арқылы не жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзгедей тәуелдiлiгiн пайдаланып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттердi жаса...
3,438
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/124.htm
Ст. 124 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ескерту. 124-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Көрінеу он алты жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір...
3,439
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/125.htm
Ст. 125 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Адамды ұрлау – төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 2) бiрнеше рет; 3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып; 4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып; 5) алып тасталды – ҚР 15.04.2024 № ...
3,440
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/126.htm
Ст. 126 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан заңсыз айыру – үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 2) бiрнеше рет; 3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып; 4) қаруды немесе қа...
3,441
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/127.htm
Ст. 127 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру немесе онда заңсыз ұстау – үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас...
3,442
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/128.htm
Ст. 128 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндiру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау – мүлкі тәркіленіп, төрт жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) адамдар то...
3,443
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/129.htm
Ст. 129 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Адамды клондау, биомедициналық зерттеулер мақсаттары үшін адам эмбриондарын жасау немесе адам эмбрионын коммерциялық, әскери немесе өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану, сол сияқты жыныстық жасушаларды немесе адам эмбрионын дәл осы мақсаттарда Қазақстан Республикасынан әкету - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе бе...
3,444
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/130.htm
Ст. 130 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ескерту. 130-бап алып тасталды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3,445
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/131.htm
Ст. 131 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту – бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады. 2. Көпшiлiк алдында немесе масс-медианы, телекоммуникаци...
3,446
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/132.htm
Ст. 132 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Он сегiз жасқа толған адамның кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тартуы – үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жаса...
3,447
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/133.htm
Ст. 133 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Кәмелетке толмаған адамды есеңгiрететiн заттарды пайдалануға не уытқұмарлыққа не спирттік iшiмдiктерді бірнеше рет пайдалануға не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту – төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мер...
3,448
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/134.htm
Ст. 134 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Күш...
3,449
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/135.htm
Ст. 135 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау – мүлкі тәркіленіп, бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мын...
3,450
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/136.htm
Ст. 136 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Баланы қасақана ауыстыру – екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Пайдакүнемдiк немесе өзге де ұждансыз пиғылмен жасалған дәл сол іс-әрекет – үш...
3,451
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/137.htm
Ст. 137 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Бала асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиешіге беру жөнiндегi заңсыз әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не ...
3,452
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/138.htm
Ст. 138 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Бала асырап алу фактiсiн қызметтiк немесе кәсiптiк құпия ретiнде сақтауға мiндеттi адамның не өзге адамның пайдакүнемдiк немесе өзге де ұждансыз пиғылмен жасаған, бала асырап алу құпиясын бала асырап алушының еркiне қайшы жария етуi – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жы...
3,453
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/139.htm
Ст. 139 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы не кәмелетке толған еңбекке қабілетті адамның өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат ...
3,454
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/140.htm
Ст. 140 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Алып тасталды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 2. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу ...
3,455
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/141.htm
Ст. 141 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Жас баланың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi қызметi бойынша осындай мiндеттер жүктелген адамның не осы мiндеттердi арнайы тапсырма бойынша орындайтын немесе мұндай мiндеттердi өзiне ерiктi түрде алған адамның тиісінше орындамауы, егер бұл жас баланың денсаулығына абайсызда ...
3,456
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/142.htm
Ст. 142 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулі түрде қысым жасауға әкеп соққан, қорғаншылықты немесе қамқоршылықты пайдакүнемдiк немесе қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балаға зиян келтiріп өзге де ұждансыз пиғылмен пайдалану немесе қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) баланы қадағ...
3,457
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/143.htm
Ст. 143 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол...
3,458
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/144.htm
Ст. 144 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Кәмелетке толмаған адамды эротикалық мазмұндағы өнім жасауға, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнім таратуға, жарналамауға және сатуға тарту – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы...
3,459
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/145.htm
Ст. 145 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiліне, ұлтына, тiліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына байланысты себептермен немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша тiкелей немесе жанам...
3,460
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/146.htm
Ст. 146 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, яғни азаптау белгілері болмаған кезде лауазымды адамның немесе ресми түрде әрекет ететін адамның не олардың айдап салуымен не олар біле тұрып немесе олардың үнсіз келісімімен басқа адамның тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты ...
3,461
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/147.htm
Ст. 147 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Дербес деректердi қорғау жөнiндегi шараларды қолдану мiндетi жүктелген адамның мұндай шараларды сақтамауы, егер бұл іс-әрекет адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе, – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немес...
3,462
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/148.htm
Ст. 148 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Жеке тұлғалардың хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу – екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге ...
3,463
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/149.htm
Ст. 149 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Тұрғынжайға онда тұратын адамның еркiнен тыс заңсыз басып кiру – екі жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2. Күш қолданып не оны ...
3,464
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/150.htm
Ст. 150 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Азаматтың өзінің сайлау құқықтарын немесе референдумға қатысу құқығын еркін жүзеге асыруына кедергі жасау – бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады. 1-1. Сайлау комиссияларыны...
3,465
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/151.htm
Ст. 151 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Сайлау құжаттарын немесе референдум құжаттарын бұрмалау, бюллетеньдерге немесе қол қойылған парақтарға жалған жазбалар енгiзу, дауыстарды көрiнеу дұрыс есептемеу не сайлаудың нәтижелерiн немесе референдум қорытындыларын көрiнеу дұрыс айқындамау не дауыс беру құпиясын бұзу, егер бұл іс-әрекеттердi Қазақстан Республик...
3,466
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/152.htm
Ст. 152 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Жұмыскермен еңбек шартын заңсыз тоқтату не соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешiмiн орындамау, сол сияқты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтіруге әкеп соққан өзге де бұзу – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу ...
3,467
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/153.htm
Ст. 153 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Жұмыс берушiнiң немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын он сегiз жасқа толмаған жұмыскерлердiң еңбегiн қолдануға тыйым салынған жұмыстарға кәмелетке толмағандарды тарту бөлігінде бұзуы – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзі...
3,468
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/154.htm
Ст. 154 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Жұмыскерлер өкілдерінің заңды қызметіне лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып кедергі жасауы, сол сияқты олардың заңды қызметіне лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан араласуы – белгiлi бiр лауазымдарды атқ...
3,469
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/155.htm
Ст. 155 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ескерту. 155-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 25.05.2020 № 334-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 1. Бейбіт жиналысты, өзге де заңды жария іс-шараны ұйымдастыруға, өткізуге немесе оларға қатысуға заңсыз кедергі жасау не оларға қатысуға мәжбүрлеу ...
3,470
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/156.htm
Ст. 156 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларын осы қағидаларды сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адам жасаған, абайсызда денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан бұзуы – бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішк...
3,471
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/157.htm
Ст. 157 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Ереуiлге қатысуға немесе заңды ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалан...
3,472
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/158.htm
Ст. 158 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Журналисті ақпаратты таратуға не таратудан бас тартуға мәжбүрлеу жолымен, сол сияқты журналистің заңды кәсіптік қызметін орындауына кедергі жасайтын не оны осындай мүмкіндіктен толық айыратын жағдай туғызу жолымен оның заңды кәсіптік қызметіне кедергі жасау – бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұ...
3,473
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/159.htm
Ст. 159 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу құқығын заңсыз шектеу – сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады. Ескерту. 159-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланға...
3,474
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/160.htm
Ст. 160 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Басқыншылық соғысты жоспарлау немесе дайындау – он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Басқыншылық соғысты тұтандыру немесе жүргiзу – Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не ө...
3,475
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/161.htm
Ст. 161 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу немесе жария түрде шақыру – бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адам жасаған дәл сол іс-...
3,476
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/162.htm
Ст. 162 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ескерту. 162-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынған химиялық, биологиялық, ядролық, сондай-ақ жаппай жою қаруының басқа да түрiн ө...
3,477
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/163.htm
Ст. 163 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Әскери тұтқындарға немесе азаматтық тұрғындарға қатыгездікпен қарау, азаматтық тұрғындарды депортациялау, оккупацияланған аумақта ұлттық мүлiктi жою немесе тонау, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынған құралдар мен әдiстердi қарулы қақтығыста қолдану – Қазақстан Республикасының азаматтығынан а...
3,478
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/164.htm
Ст. 164 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Оккупацияланған аумақта немесе соғыс қимылдары ауданында қаруын тапсырған немесе қорғану құралдары жоқ, жараланған, ауру, корабль апатына ұшыраған адамдарды, медицина жұмыскерлерін, санитариялық және діни персоналды, әскери тұтқындарды, азаматтық тұрғындарды, соғыс қимылдары уақытында халықаралық қорғауды пайдаланат...
3,479
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/165.htm
Ст. 165 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Қорғалмаған жергілікті жерлерді және демилитарландырылған аймақтарды шабуыл жасау объектісіне айналдырудан не бітімгершілік, соғыс қимылдарын тоқтата тұру туралы келісімдерді немесе шайқас алаңында қалған жаралылар мен қаза тапқандарды алып шығу, айырбастау немесе тасымалдау мақсатында жасалған жергілікті келісімдерді ...
3,480
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/166.htm
Ст. 166 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Бастықтың немесе лауазымды адамның қарулы қақтығыс уақытында соғыс заңдары мен дәстүрлерін немесе халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын бағынышты адамның дайындап жатқан қылмыстық бұзушылықтарын алдын алу немесе жасайтын қылмыстық бұзушылықтарының жолын кесу үшін барлық ықтимал шараларды өз өкілеттіктері шегінде...
3,481
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/167.htm
Ст. 167 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Соғыс қимылдары уақытында халықаралық шарттарға қарамастан Қызыл Крест, Қызыл Жарты ай, Қызыл Кристалл эмблемаларын немесе мәдени құндылықтарға арналған қорғау белгілерін немесе халықаралық құқықпен қорғалатын өзге де белгілерді қасақана пайдалану не қарсыластың, бейтарап мемлекеттің мемлекеттік туын немесе мемлекеттік...
3,482
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/168.htm
Ст. 168 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Геноцид, яғни ұлттық, этностық, нәсiлдiк немесе дiни топты осы топтың мүшелерiн өлтiру, олардың денсаулығына ауыр зиян келтiру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп беріп жіберу, күштеп көшiру не осы топтың мүшелерiн қырып-жою мақсатында өзге де тiршiлiк жағдайларын туғызу арқылы толық немесе iшiнара ж...
3,483
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/169.htm
Ст. 169 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Өсiмдiктер әлемін немесе жануарлар дүниесiн жаппай жою, атмосфераны, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық зілзаланы немесе төтенше экологиялық ахуал туғызған немесе туғызуы мүмкiн өзге де әрекеттердi жасау – Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiн...
3,484
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/170.htm
Ст. 170 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Жалдамалыны азғырып көндiру, оқытып-үйрету, қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, сол сияқты оны қарулы қақтығыста, соғыс қимылдарында немесе конституциялық құрылысты құлатуға немесе оған нұқсан келтіруге бағытталған өзге де күш қолдану әрекеттеріне пайдалану не мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзу – ...
3,485
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/171.htm
Ст. 171 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Жалдамалыларды дайындау үшін көрiнеу базалар (лагерьлер) құру не үй-жайды немесе жер учаскесін осы мақсаттарға көрiнеу беру – мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. 171-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған ...
3,486