link
stringlengths
43
81
title
stringlengths
50
97
content
stringlengths
52
106k
__index_level_0__
int64
0
8.25k
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/172.htm
Ст. 172 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Қазақстан Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына жалдамалылық белгілері болмаған кезде қасақана құқыққа сыйымсыз қатысуы – бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. 172-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI За...
3,487
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/173.htm
Ст. 173 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Шет мемлекеттiң өкiлiне немесе халықаралық қорғауды пайдаланатын халықаралық ұйымның қызметкерiне немесе онымен бiрге тұратын оның отбасы мүшелерiне, сол сияқты халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдардың қызметтiк немесе тұрғын үй-жайларына не көлiк құралдарына шабуыл жасау, сол сияқты осы адамдарды ұрлау немесе б...
3,488
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/174.htm
Ст. 174 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша оларды...
3,489
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/175.htm
Ст. 175 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Мемлекетке опасыздық жасау, яғни Қазақстан Республикасы азаматының қарулы қақтығыс уақытында жау жағына өтiп кетуінен, сол сияқты тыңшылық жасауынан, мемлекеттiк құпияларды шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беруінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы...
3,490
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/176.htm
Ст. 176 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, жымқыру немесе сақтау, сондай-ақ шетелдiк барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы пайдалану үш...
3,491
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/177.htm
Ст. 177 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнің - Елбасының өмiрiне оның заңды қызметiне кедергi жасау не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған қолсұғушылық - Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына ба...
3,492
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/178.htm
Ст. 178 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне оның мемлекеттiк қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған қолсұғушылық – Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыр...
3,493
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/179.htm
Ст. 179 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуды немесе билiктi күшпен ұстап тұруды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты осындай мазмұндағы материалдарды тарату ...
3,494
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/180.htm
Ст. 180 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды не мемлекетті ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты осындай мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату – бiр мыңнан бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дей...
3,495
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/181.htm
Ст. 181 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын құлату немесе өзгерту не оның біртұтастығы мен тұтастығын, сондай-ақ оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзу, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру мақсатында қарулы бүлiк ұйымдастыру – Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе о...
3,496
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/182.htm
Ст. 182 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Экстремистік топ құру, сол сияқты оған басшылық ету – мүлкi тәркiленiп, он жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Экстремистік топтың әрекетіне немесе оның жасайтын қылмыстарына қатысу – мүлкi тәркiленiп, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жаз...
3,497
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/183.htm
Ст. 183 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ұлттық, рулық, нәсілдік, әлеуметтiк және дiни араздықты тұтандыруға бағытталған, тектiк-топтық айрықшалықты, соғысты насихаттайтын, билікті күштеп басып алуға, билікті күштеп ұстап тұруға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге немесе конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, сол сияқты Қазақстан Республикасының ...
3,498
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/184.htm
Ст. 184 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтiруге, кәсiпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қиратуға немесе бүлдіруге бағытта...
3,499
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/185.htm
Ст. 185 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерді заңсыз жинау, сол сияқты құқыққа сыйымсыз алынған, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерді тарату, мемлекетке опасыздық жасау немесе тыңшылық белгiлерi болмаған кезде – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі м...
3,500
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/186.htm
Ст. 186 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Адамның өзiне қызмет, жұмыс бабымен не Қазақстан Республикасының заңында көзделген өзге де негіздер бойынша сенiп тапсырылған мемлекеттiк құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді абайсызда жоғалтуы, егер жоғалту мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер жеткізгіштермен жұмыс істеудің белгіленген қағидаларын бұзу сал...
3,501
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/187.htm
Ст. 187 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу, – сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі м...
3,502
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/188.htm
Ст. 188 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас ...
3,503
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/189.htm
Ст. 189 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерз...
3,504
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/190.htm
Ст. 190 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену – мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылғ...
3,505
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/191.htm
Ст. 191 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бос...
3,506
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/192.htm
Ст. 192 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Қарақшылық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш колданумен немесе тiкелей осындай күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуыл – мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) адамда...
3,507
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/193.htm
Ст. 193 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды жымқыру, оларды жымқыру тәсiлiне қарамастан, – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 2) бiрнеш...
3,508
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/194.htm
Ст. 194 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп бөтеннің мү...
3,509
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/195.htm
Ст. 195 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктің меншiк иесiне немесе өзге де иеленушісіне жымқыру белгiлерi болмаған кезде мүлiктiк залал келтiру – бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыст...
3,510
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/196.htm
Ст. 196 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi күні бұрын уәделеспей иемдену немесе өткізу – мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі...
3,511
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/198.htm
Ст. 198 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң контрафактiлiк даналарын өткiзу мақсатында иемдену, сақтау, алып өту немесе дайындау не авторлықты иемденiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу – сексен айлық есептiк көрсе...
3,513
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/199.htm
Ст. 199 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң, селекциялық жетiстiктiң немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнiн олар туралы мәлiметтер ресми түрде жарияланғанға дейiн автордың немесе өтініш берушінің келiсiмiнсiз жария ету, сол сияқты авторлықты иемденiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу не өнерт...
3,514
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/200.htm
Ст. 200 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) – бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын ...
3,515
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/201.htm
Ст. 201 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соққан, күш қолданып не оны қолдану қатерін төндіріп жасалған немесе адамдар тобы жасаған немесе заңсыз тiнтумен ұласқан бөтен жер учаскесiне заңсыз ...
3,516
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/202.htm
Ст. 202 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Айтарлықтай залал келтіріп, бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру – бес жүзден екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүзден алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не...
3,517
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/203.htm
Ст. 203 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ескерту. 203-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 1. Тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттар...
3,518
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/204.htm
Ст. 204 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Абайсызда жасап, ірі залал келтіріп бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру – сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2. Отпен немесе қауi...
3,519
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/205.htm
Ст. 205 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Электрондық жеткізгіштегі заңмен қорғалатын ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе телекоммуникациялар желісіне азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан қасақана құқыққа сыйымсыз қол жеткізу – белгiлi бiр ла...
3,520
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/206.htm
Ст. 206 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру, сол сияқты ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мү...
3,521
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/207.htm
Ст. 207 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялар желісінің жұмысын бұзуға бағытталған қасақана әрекеттер (әрекетсіздік) – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуғ...
3,522
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/208.htm
Ст. 208 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе телекоммуникациялар желісімен берілетін заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз көшіру немесе өзгедей құқыққа сыйымсыз иеленіп алу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекетт...
3,523
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/209.htm
Ст. 209 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Күш қолдану не мүлікті жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп, электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпара...
3,524
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/210.htm
Ст. 210 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе телекоммуникациялар желісімен берілетін ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою, бұғаттау, түрлендіру, көшіру, пайдалану, компьютердің, абоненттік құрылғының, компьютерлік бағдарламаның, ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялар желісінің жұмысын бұз...
3,525
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/211.htm
Ст. 211 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Азаматтардың дербес деректерін немесе Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе иеленушісі қолжетімділікті шектеген өзге де мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш ж...
3,526
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/212.htm
Ст. 212 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Ашық телекоммуникациялар желісінде жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешендерді құқыққа қайшы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін ұсыну бойынша көрінеу құқыққа қайшы қызметтер көрсету – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мер...
3,527
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/213.htm
Ст. 213 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын өзгерту, ұялы байланыс абонентiн сәйкестендiру картасының телнұсқасын жасау, егер бұл әрекеттер өндірушінің немесе заңды иесінің келісімінсіз жасалса, – бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары...
3,528
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/214.htm
Ст. 214 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ескерту. 214-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 06.05.2017 № 63-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Кәсiпкерлiк қызметті, банктік қызметтi (бан...
3,529
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/215.htm
Ст. 215 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ескерту. 215-бап алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3,530
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/216.htm
Ст. 216 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Мүліктік пайда алу мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттерді азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіріп жасауы – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөл...
3,531
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/217.htm
Ст. 217 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру, яғни тартылған қаражатты қабылданған мiндеттемелердi қамтамасыз ететiн кәсiпкерлiк қызметке пайдаланбай, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге мүлкiн не оған құқығын қайта бөлу және бiр қатысушыларды басқалардың жарналары есебiнен байыту арқылы осы активте...
3,532
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/218.htm
Ст. 218 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен кірістер, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған мүліктен түсетін кез келген кірістер болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тарту не мұндай мүлікті иелену және ...
3,533
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/219.htm
Ст. 219 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ескерту. 219-бап алып тасталды – ҚР 05.07.2024 № 113-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3,534
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/220.htm
Ст. 220 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитент органдарының (эмитенттiң лауазымды адамдарының) осы эмитенттiң облигацияларын шығару проспектiсiнде белгiленген, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың шарттары мен тәртiбiн бұзуға әкеп соққан шешiмдер қабылдауы, егер бұл іс-әрекет облигация ұстаушыларға iрi зала...
3,535
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/221.htm
Ст. 221 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Нарық субъектiлерiнiң монополиялық жоғары (төмен) немесе келiсiлген бағаларды белгiлеуi және (немесе) ұстап тұруы, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсiнен сатып алынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) қайта сатуға аумақтық белгiсi, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары, саны не ...
3,536
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/222.htm
Ст. 222 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауды, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған соларға ұқсас белгілемелерді заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекет iрi залал келтiрсе, – сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейi...
3,537
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/223.htm
Ст. 223 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ескерту. 223-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 1. Коммерциялық немесе банктік құпияны, деңгейлес мо...
3,538
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/224.htm
Ст. 224 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне көрiнеу анық емес мәліметтерді енгізу, сол сияқты эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы көрiнеу анық емес есеп жасау, егер бұл іс-әрекеттер ірі залал келтірсе, – бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде тү...
3,539
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/225.htm
Ст. 225 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамдарының бағалы қағаздарды ұстаушыларға не эмитентке iрi залал келтiрген, мүлiктiк пайда табу мақсатында мемлекеттiк органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айна...
3,540
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/226.htm
Ст. 226 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне осы бағалы қағаздарға деген құқықтың басқа тұлғаға ауысуына әкеп соққан көрiнеу жалған мәлiметтер енгiзу – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде...
3,541
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/227.htm
Ст. 227 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының iрi залал келтiрген, мүлiктiк пайда табу мақсатында мемлекеттiк органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарындағы бағалы қағаздардың саны мен түрлерi туралы және бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар туралы көрiнеу жал...
3,542
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/228.htm
Ст. 228 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Iрi залал келтiрген, бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не ек...
3,543
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/229.htm
Ст. 229 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау, яғни бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде бағалы қағаздарға орныққан бағадан жоғары немесе төмен баға белгiлеуге және (немесе) ұстап тұруға не бағалы қағаз саудасының көрiнiсiн жасауға бағытталған әрекеттерi, егер ...
3,544
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/230.htm
Ст. 230 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Бағалы қағаздармен (туынды қаржы құралдарымен) мәміле (мәмілелер) жасасу кезінде инсайдерлік ақпаратты қасақана пайдалану немесе үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратты қасақана заңсыз беру не үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділікті қасақана заңсыз беру, сол сияқты инсайдерлік ақпаратқа негізделген, ...
3,545
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/231.htm
Ст. 231 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жалған банкноттары мен монеталарын, мемлекеттiк бағалы қағаздарды немесе Қазақстан Республикасының валютасындағы басқа да бағалы қағаздарды не шетел валютасын немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу – мүлкi тәркiленiп немесе он...
3,546
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/232.htm
Ст. 232 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Жалған төлем карточкаларын, сондай-ақ бағалы қағаздар болып табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын өткізу мақсатында жасау немесе өткізу – мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Бiрнеше рет жасалған немесе қылмыстық топ жасаған дәл сол іс-әрекеттер – мүлк...
3,547
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/233.htm
Ст. 233 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ескерту. 233-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Айтарлықтай залал келтiруге әкеп соққан, акцизделетiн тауарларды сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу – мүлкі тәркілен...
3,548
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/234.htm
Ст. 234 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Кедендік бақылаудан тыс немесе одан жасырын не құжаттарды немесе кедендiк сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып жасалған не декларацияламаумен немесе көрінеу анық емес декларациялаумен не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығару туралы өтініште не уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік...
3,549
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/235.htm
Ст. 235 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ескерту. 235-бап алып тасталды – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3,550
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/236.htm
Ст. 236 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ескерту. 236-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Ірi мөлшердегі кедендік баждарды, кедендік алымдард...
3,551
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/237.htm
Ст. 237 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Мүлiктi немесе мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның мөлшерi, тұрған жерi туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзгенiң иелiгiне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты бухгалтерлiк және (немесе) есептік құжаттаманы не экономикалық қызметті көрсететін өзге де құжаттарды ж...
3,552
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/238.htm
Ст. 238 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Әдейі банкроттық, яғни құрылтайшының (қатысушының), лауазымды адамның, коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның, сол сияқты дара кәсіпкердің заңды тұлға немесе дара кәсіпкер банкрот деп танылғанға дейінгі үш жыл ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсаты...
3,553
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/239.htm
Ст. 239 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Мүлкін немесе мүліктік міндеттемелерін, мүлкі, оның мөлшері, орналасқан жері туралы мәліметтерді не мүлкі туралы өзге ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иелігіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сол сияқты бухгалтерлік және (немесе) есептік құжаттаманы не экономикалық қызметін көрсететін өзге де құжаттарды ж...
3,554
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/240.htm
Ст. 240 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ескерту. 240-бап алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3,555
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/241.htm
Ст. 241 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ескерту. 241-бап алып тасталды – ҚР 05.07.2024 № 113-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3,556
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/242.htm
Ст. 242 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы жұмыскерлерiнiң заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсынуы, сол сияқты осы банктiң Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің, iс жүзiндегi қаржылық жағдайымен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген кепiлгерлікт...
3,557
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/243.htm
Ст. 243 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы қызметкерлерiнiң банктiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының меншікті қаражатын және (немесе) банктiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының тартылған қаражатын көрiнеу қайтарымсыз кредиттер беру немесе банк, Қазақстан Республик...
3,558
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/244.htm
Ст. 244 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Азаматтың декларация тапсыруы міндетті болып табылатын жағдайларда кірістері туралы декларацияны табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістері немесе шығыстары туралы не салық салуға ж...
3,559
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/245.htm
Ст. 245 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Декларация табыс ету міндетті болып табылған кезде декларацияны табыс етпеу не салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру жолымен декларацияға табыстар және (немесе) шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюд...
3,560
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/246.htm
Ст. 246 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Ескерту. 246-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі). Мүлкi шектелген адам жасаған, мемлекеттік кіріс органдары билiк етуге шектеу қойған мүлiктi ысырап ету, иелiктен шығару, жасырып қалу немесе заңсыз беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы...
3,561
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/247.htm
Ст. 247 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Мемлекеттiк органның не мемлекеттiк ұйымның мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамы болып табылмайтын жұмыскерiнiң немесе оған теңестiрiлген адамның, сол сияқты мемлекеттiк емес ұйымның басқару функцияларын орындамайтын жұмыскерiнiң өз мiндеттерi аясына кіретін жұмысты орындағаны немесе қызметте...
3,562
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/248.htm
Ст. 248 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Күш қолдану, бөтеннiң мүлкiн жою немесе бүлдiру, сол сияқты жәбiрленушiнің немесе оның жақындарының құқықтары мен мүдделерiне елеулі зиян келтіруі мүмкiн мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп, мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу, қорқытып алу белгiлерi болмаған кезде – екі мың айлық есептiк көрсе...
3,563
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/249.htm
Ст. 249 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге алып келген, жоғары органның шешiм қабылдауы кезiнде жиналыстың, отырыстың хаттамаларына, олардан үзiндi көшірмелерге дауыс берушiлердiң саны, кворум неме...
3,564
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/250.htm
Ст. 250 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның өз өкiлеттiктерiн осы ұйымның заңды мүдделерiне қарсы және өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдарды...
3,565
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/251.htm
Ст. 251 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Жекеше нотариустың, бағалаушының, жеке сот орындаушысының, медиатордың, аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудитордың немесе аудиторлық ұйым басшысының өз өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қайшы және өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйым...
3,566
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/252.htm
Ст. 252 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Жекеше күзет қызметi басшысының немесе қызметшiсiнiң лицензияға сәйкес өздерiне берiлген өкiлеттiктерiн өз қызметінің мiндеттерiне қайшы асыра пайдалануы, егер бұл іс-әрекет күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалса, – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес...
3,567
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/253.htm
Ст. 253 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамға ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге мүлiкті заңсыз беру, сол сияқты оның өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алуды жүзеге асыратын адамның мүдделерiне қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшiн оған мү...
3,568
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/254.htm
Ст. 254 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның өз қызметiне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз мiндеттерiн орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, – белгiлi бiр лаузымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айн...
3,569
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/255.htm
Ст. 255 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Терроризм актісі, яғни жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза табуы, елеулi мүлiктiк залал келтiру не қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де әрекеттер жасау, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ше...
3,570
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/256.htm
Ст. 256 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату – мүлкі тәркіленіп, бес жылдан тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып н...
3,571
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/257.htm
Ст. 257 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Террористiк топ құру, сол сияқты оған басшылық ету – мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Террористiк топтың әрекетіне немесе ол жасап жатқан терроризм актiлерiне қатысу – мүлкі тәркілені...
3,572
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/258.htm
Ст. 258 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Жеке тұлғаға не адамдар тобына не заңды тұлғаға олардың қызметінің террористiк немесе экстремистiк сипатын не берілген мүлік, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлері террористік немесе экстремистік әрекетті жүзеге асыру не террористік немесе экстремистік топты, террористік немесе экстремистік ұй...
3,573
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/259.htm
Ст. 259 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру – мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл с...
3,574
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/260.htm
Ст. 260 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Адамның, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде, оқып-үйренуші үшін көрінеу белгілі террористік немесе экстремистік қылмыс жасаудың машықтары мен дағдыларын үйретуге бағытталған даярлықтан өтуі – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалана...
3,575
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/261.htm
Ст. 261 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Кепiлге алынған адамды босату шарты ретiнде мемлекеттi, ұйымды немесе басқа да адамды қандай да бiр әрекет жасауға немесе қандай да бiр әрекет жасаудан тартынуға мәжбүрлеу мақсатында жасалған, адамды кепiлге алу немесе кепiл ретiнде ұстау – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бо...
3,576
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/262.htm
Ст. 262 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық ұйымды құру, сол сияқты оған немесе қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету – мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу – мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға де...
3,577
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/263.htm
Ст. 263 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Бiр немесе бiрнеше қылмыс жасау мақсатында қылмыстық қоғамдастық құру не оған басшылық ету, сол сияқты ұйымдасқан топтар (қылмыстық ұйымдар) басшыларының немесе өзге де қатысушыларының бiрлестiгiн құру немесе дербес әрекет ететiн ұйымдасқан топтардың (қылмыстық ұйымдардың) қылмыстық әрекеттерiн үйлестiру – мүлкi тәр...
3,578
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/264.htm
Ст. 264 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Трансұлттық ұйымдасқан топты немесе трансұлттық қылмыстық ұйымды құру, сол сияқты оған немесе трансұлттық қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету – мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық қылмысты...
3,579
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/265.htm
Ст. 265 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру, сол сияқты оған басшылық ету – мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа қатысу – мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3....
3,580
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/266.htm
Ст. 266 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды, қылмыстық қоғамдастықты, трансұлттық ұйымдасқан топты, трансұлттық қылмыстық ұйымды, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты немесе банданы қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатынын көрінеу білетін адамның жеке тұлғаға не адамдар тобына не заңды тұлғаға ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi, м...
3,581
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/267.htm
Ст. 267 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды құру, сол сияқты осындай құралымға басшылық ету – екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымға қатысу – үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз ...
3,582
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/268.htm
Ст. 268 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Тұрақты қарулы топты (банданы) құру, сол сияқты осындай топқа (бандаға) басшылық ету – мүлкi тәркiленiп, он екi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасап жүрген шабуылдарға қатысу – мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мер...
3,583
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/269.htm
Ст. 269 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Ғимараттарға, құрылыстарға (оның ішінде Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында орналасқан стационарлық платформаларға), қатынас және байланыс құралдарына, өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау, сол сияқты оларды басып алу – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостанды...
3,584
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/270.htm
Ст. 270 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темiржол составын айдап әкету, сол сияқты айдап әкету мақсатында осындай кемені немесе составты басып алу – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 2) бірн...
3,585
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/271.htm
Ст. 271 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Теңiз немесе өзен кемесiне бөтеннiң мүлкiн иеленіп алу мақсатында күш қолданып не оны қолдану қатерін төндіріп шабуыл жасау – мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Бiрнеше рет не қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып жасалған дәл сол іс-...
3,586
https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/272.htm
Ст. 272 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
1. Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру – төрт жылдан он жылға д...
3,587