link
stringlengths
43
81
title
stringlengths
50
97
content
stringlengths
52
106k
__index_level_0__
int64
0
8.25k
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/114.htm
Ст. 114 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Кешенді экологиялық рұқсат алуға арналған өтініш қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға электрондық түрде беріледі және онда мыналар қамтылуға тиіс:1) заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болс...
1,855
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/115.htm
Ст. 115 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Кешенді экологиялық рұқсат алуға арналған өтініш ұсынылған материалдардың нысаны мен мазмұны осы Кодекстің талаптарына сәйкес келген жағдайда қаралуға жатады.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган кешенді экологиялық рұқсат алуға арналған өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны толық ...
1,856
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/116.htm
Ст. 116 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Осы Кодекстің 115-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген жағдайда, егер қатысы бар шет мемлекет өтініш бойынша кешенді экологиялық рұқсат беруге қатысты өз ұстанымын ұсынса, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың ереж...
1,857
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/117.htm
Ст. 117 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өтініш берушінің жауабы немесе осы Кодекстің 115-бабының 6-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес келіспеушіліктерді қарау нәтижелері алынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде кешенді экологиялық рұқсатты беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.2. ...
1,858
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/118.htm
Ст. 118 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Кешенді экологиялық рұқсат:1) белгіленіп отырған немесе жүзеге асырылатын қызметке оператор осы Кодекстің 65-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес қоршаған ортаға әсер етуіне бағалау жүргізу талап етілетін елеулі өзгерістер енгізген;2) өзіне қатысты кешенді экологиялық рұқсат берілген объект тиісті қолд...
1,859
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/119.htm
Ст. 119 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Эмиссиялар нормативтерін (мемлекет қоршаған орта сапасының неғұрлым қатаң нормативтерін немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін енгізген кезде) және (немесе) технологиялық нормативтерді I санаттағы жұмыс істеп тұрған объектілер операторларының сақтауы мүмкін болмаған жағдайда, осындай нормативтерге қо...
1,860
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/120.htm
Ст. 120 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. II санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану үшін, сондай-ақ осы Кодекстің 418-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда I санаттағы объектілерді пайдалану үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттың болуы міндетті.2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жер салығын тө...
1,861
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/121.htm
Ст. 121 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Әсер етуге арналған экологиялық рұқсат белгіленген үлгідегі құжатты білдіреді, онда мыналар қамтылады:1) оның иесі (оператор), объект және онда жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтер;2) әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттың қолданылу мерзімі;3) қызметті жүзеге асырудың экологиялық шарттары, оның ішін...
1,862
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/122.htm
Ст. 122 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты алуға өтініш осы Кодекстің 120-бабының 3-тармағына сәйкес әсер етуге арналған экологиялық рұқсат беруді жүзеге асыратын органға белгіленген нысан бойынша электрондық түрде беріледі.2. Әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты алуға өтінішке мыналар қоса беріледі:1) белгіленіп ...
1,863
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/123.htm
Ст. 123 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты алуға өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал жергілікті атқарушы орган әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беруге өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылға...
1,864
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/124.htm
Ст. 124 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Мынадай:1) өтініште және (немесе) оған қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтер анық емес болып табылған;2) өтініш және (немесе) оған қоса берілетін құжаттар Қазақстан Республикасы экология заңнамасының талаптарына және (немесе) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері жөніндегі қорытындыға не қоршаған ортаға...
1,865
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/125.htm
Ст. 125 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары әсер етуге арналған экологиялық рұқсатқа қосымша болып табылады және эмиссиялардың белгіленген нормативтерінің, қалдықтардың жинақталуы мен оларды көму лимиттерінің, күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттерінің (көмірсутектерді барлау және (неме...
1,866
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/126.htm
Ст. 126 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Мыналар қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу тетіктерінің түрлері болып табылады:1) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы;2) қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың нарықтық тетіктері;3) экологиялық сақтандыру;4) қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қызметті экономикалық ынталандыру;5) парниктік га...
1,867
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/127.htm
Ст. 127 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер етудің мынадай түрлері:1) атмосфералық ауаға ластағыш заттарды шығарғаны;2) ластағыш заттарды төккені;3) қалдықтарды көмгені;4) күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастырғаны үшін төлемақы алынады.2. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы енгізуді қоршаған ортаға жағ...
1,868
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/128.htm
Ст. 128 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға эмиссиялардың лимиттерін белгілеу, қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квоталарды бөлу және қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту бойынша квоталар мен міндеттемелердің саудасы тәртібін бекіту арқылы ...
1,869
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/129.htm
Ст. 129 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Экологиялық сақтандырудың мақсаты тұлғаның авариямен келтірілген экологиялық залалды өтеу бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қамтамасыз ету болып табылады.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен экологиялық жағынан қауіпті шаруашылық және өзге қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген объ...
1,870
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/130.htm
Ст. 130 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қызметті экономикалық ынталандыру:1) кешенді экологиялық рұқсат алынған күннен бастап қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелеріне Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес 0 коэффициентін қолдану;2) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия к...
1,871
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/131.htm
Ст. 131 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Осы Кодекстің 133, 134 және 135-баптарында көрсетілген табиғи орта құрамдастарына келтірілген залал, егер ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде оларды ремедиация жөніндегі шараларды қолданбай, базалық жай-күйге дейін табиғи қалпына келтіру мүмкіндігі болмаса, экологиялық залал деп танылады.Осы бөлімнің мақсаттары үшін ...
1,872
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/132.htm
Ст. 132 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Жеке тұлғалардың өміріне және (немесе) денсаулығына жағымсыз экологиялық салдарлардың әсер етуі салдарынан келтірілген зиян адамның өміріне және (немесе) денсаулығына экологиялық зиян деп танылады.2. Адамның өміріне және (немесе) денсаулығына экологиялық зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өт...
1,873
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/133.htm
Ст. 133 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Табиғи ортаның құрамдастарына келтірілген, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі түрлерінің және табиғи ареалдардың қолайлы жай-күйіне қол жеткізуге немесе оны сақтауға елеулі жағымсыз әсер ететін кез келген залал жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне экологиялық залал деп танылады.Осы тармақтың бірінші бөлігінд...
1,874
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/134.htm
Ст. 134 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Қазақстан Республикасының экологиялық және (немесе) су заңнамасында айқындалған жерүсті және (немесе) жерасты суларының экологиялық, химиялық немесе сандық жай-күйіне немесе экологиялық әлеуетіне елеулі жағымсыз әсер ететін кез келген залал суға экологиялық залал деп танылады.
1,875
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/135.htm
Ст. 135 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Халықтың денсаулығына зиян келтірудің елеулі тәуекелін туғызатын ластағыш заттардың, организмдердің немесе микроорганизмдердің жер бетіне немесе жердің құрамына немесе топыраққа тікелей немесе жанама түсуі нәтижесінде жердің ластануы жерге экологиялық залал деп танылады.2. Топырақты жою немесе Қазақстан Республикасы...
1,876
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/136.htm
Ст. 136 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. "Ластағыш төлейді" қағидатына сәйкес әрекеті немесе қызметі экологиялық залал келтірген тұлға экологиялық залал келтірілген табиғи орта құрамдастарын толық көлемде және өз есебінен ремедиациялауды жүзеге асыруға міндетті.Экологиялық залал келтірген тұлғаны әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту мұндай тұлғаны...
1,877
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/137.htm
Ст. 137 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Экологиялық залал келтірген тұлға мұндай залалды анықтаған жағдайда, мұндай тұлға:1) анықталған кезден бастап екі сағат ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға экологиялық залал келтірудің әлеуетті фактісі, оның сипаты мен ауқымын алдын ала бағалау туралы хабарлауға;2) экологиялық залал келтіру ф...
1,878
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/138.htm
Ст. 138 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Экологиялық залал келтірілген табиғи орта құрамдасын қалпына келтіру, қайта жаңғырту арқылы немесе егер экологиялық залал толық немесе ішінара жөнделмейтін болса, табиғи ортаның осындай құрамдасын ауыстыру арқылы экологиялық залалды жою жөніндегі іс-шаралар кешені ремедиация деп танылады.2. Табиғи ортаның бұзылған қ...
1,879
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/139.htm
Ст. 139 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Ремедиация бағдарламасы келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі іс-шаралардың тізбесін білдіреді. Экологиялық залалдың сипатына, сондай-ақ экологиялық залал келтірілген табиғи ортаның құрамдасына қарай ремедиация жөніндегі іс-шаралардың мазмұны, мерзімдері, оларды айқындау тәртібі жөніндегі ұсынымдар қоршаған ...
1,880
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/140.htm
Ст. 140 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Егер ремедиация бағдарламасын іске асыру мерзімі үш айдан асатын жағдайда, келтірілген экологиялық залалды жоюға жауапты тұлға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға бағдарламаны іске асыру басталған кезден бастап әрбір үшінші айдың соңында ремедиация бағдарламасын орындаудың мәртебе-есебін жібереді жә...
1,881
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/141.htm
Ст. 141 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Экологиялық залал келтіруге байланысты талаптар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі отыз жылды құрайды және экологиялық залалға себеп болған оқиға, әрекет немесе әрекетсіздік кезінен бастап есептеледі. Егер экологиялық залал ұзақ сипатта болған жағдайда, талап қоюдың ескіру мерзімі экологиялық залалға себеп болған оқиғ...
1,882
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/142.htm
Ст. 142 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Бұрынғы қызметтің нәтижесінде, оның ішінде антропогендік қызметтің алуан түрлері әсер етуінің жиынтығы нәтижесінде туындаған, суларға және (немесе) жерлерге келтірілген, жою жөніндегі міндеттері орындалмаған не толық көлемде орындалмаған, жинақталған экологиялық залал тарихи ластану деп танылады.2. Тарихи ластану ан...
1,883
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/143.htm
Ст. 143 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Тарихи ластану объектілерін анықтау бұрын антропогендік қызмет жүзеге асырылған және (немесе) иесіз күрделі құрылыс объектілері және (немесе) иесіз қалдықтарды сақтау немесе көму объектілері орналасқан аумақтар мен акваторияларды түгендеу және зерттеп-қарау арқылы жүзеге асырылады.2. Тарихи ластану объектілерін анық...
1,884
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/144.htm
Ст. 144 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Тарихи ластануды жою тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімінде айқындалған басымдық пен кезектілік ескеріле отырып, осындай тізілімге енгізілген тарихи ластану объектілеріне қатысты жүзеге асырылады.2. Тарихи ластануды жою қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүз...
1,885
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/145.htm
Ст. 145 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді пайдалану тоқтатылғаннан кейін объектілердің операторлары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай объектілерді пайдалану салдарларын жоюды қамтамасыз етуге міндетті.2. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді пайдалану салдарларын жою ...
1,886
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/146.htm
Ст. 146 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді пайдалану салдарларын жою объектіні пайдалануды тоқтату кезінде осындай объектінің операторы болып табылған тұлғаның есебінен жүргізіледі.2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда объектінің операторы қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді пайдалану салдарлары...
1,887
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/147.htm
Ст. 147 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. I санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға осындай объектілерді пайдалану салдарларын жою бойынша, оның ішінде болашақта туындайтын талаптарға қатысты өз міндеттемелерін орындауды қаржылық қамтамасыз етуді (бұдан әрі – қаржылық қамтамасыз ету) беруге тиіс.2. Қаржылық ...
1,888
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/148.htm
Ст. 148 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Оператор осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында көрсетілген өз міндеттемелерін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, кепіл осы Кодекстің 147-бабының талаптарына сәйкес қаржылық қамтамасыз ету ретінде берілген кепілдікке орай Қазақстан Республикасының а...
1,889
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/149.htm
Ст. 149 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. І санаттағы объектінің операторы (кепіл беруші) осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында көрсетілген өз міндеттемелерін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, Қазақстан Республикасының (кепіл ұстаушының) банктік салым кепіліне орай кепілге салынған банкті...
1,890
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/150.htm
Ст. 150 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. І санаттағы объектінің операторы (кепіл беруші) осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында көрсетілген өз міндеттемелерін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, Қазақстан Республикасының (кепіл ұстаушы) мүлік кепіліне орай кепілге салынған мүлікке операторд...
1,891
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/151.htm
Ст. 151 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Объектінің операторы І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі өз міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасасуға құқылы, соған орай объект операторының І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді Қазақстан Республикасының заңнамасында ...
1,892
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/152.htm
Ст. 152 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған мониторингтің қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану, адамдардың өмірін және (немесе) денсаулығын табиғи және антропогендік ортаның зиянды факторларының әсер...
1,893
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/153.htm
Ст. 153 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар мыналар болып табылады:1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;2) арнаулы уәкілетті мемлекеттік органдар;3) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мон...
1,894
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/154.htm
Ст. 154 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі мынадай мониторинг жүйелерін қамтиды:1) экологиялық мониторинг;2) табиғи ресурстар мониторингі;3) арнайы мониторинг;4) метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг;5) қоршаған орта жай-күйінің мониторингі.2. Қазақстан Республикасының Үкім...
1,895
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/155.htm
Ст. 155 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Деректерді жинақтау, сақтау, жүйелеу, интеграциялау және автоматтандырылған алмасуды қамтамасыз ету, Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл және жұмыс процестерін үйлестіру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін ақпаратқа қолжетімділік ...
1,896
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/156.htm
Ст. 156 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесіне қол жеткізу мынадай:1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның, арнайы уәкілетті мемлекеттік органдардың және Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекетті...
1,897
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/157.htm
Ст. 157 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу үш деңгейде жүзеге асырылады:1) жергілікті деңгейде өндірістік мониторинг, қоғамдық мониторинг және жергілікті атқарушы органдар елді мекендердің нақты учаскелерінде, елді мекендерден тыс жерлерде, жерүсті және жерасты су объектіл...
1,898
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/158.htm
Ст. 158 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі бюджет қаражатының және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен қаржыландырылады.2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін бюджет қаражаты есебінен қаржылан...
1,899
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/159.htm
Ст. 159 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Экологиялық мониторинг мемлекет қамтамасыз ететін қоршаған ортаның сапасына қатысты алынған деректерді байқаудың, өлшеудің, жинаудың, жинақтаудың, сақтаудың, есепке алудың, жүйелеудің, жинақтап-қорытудың, өңдеудің және талдаудың, сондай-ақ солардың негізінде экологиялық ақпаратты дайындаудың кешенді жүйесін білдіред...
1,900
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/160.htm
Ст. 160 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Табиғи ресурстар мониторингі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар ұйымдастыратын табиғи ресурстар түрлері жай-күйі мониторингі жүйелерінің, кіші жүйелері мен түрлерінің жиынтығын білдіреді.2. Табиғи ресурстар мониторингі мыналарды қамтиды:1) Қазақстан Республикасының жер з...
1,901
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/161.htm
Ст. 161 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Арнайы мониторинг мынадай түрлерді қамтиды:1) әскери-сынақ полигондарының мониторингі – жабық және жұмыс істеп тұрған әскери-сынақ полигондарының аумағында әскери техниканы, оның ішінде зымырандық техниканы және қару-жарақты сынауға байланысты қоршаған ортаның ластануын байқау жүйесі;2) "Байқоңыр" зымыран-ғарыш кеше...
1,902
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/162.htm
Ст. 162 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Метеорологиялық мониторинг деректерді байқау, жинау, өңдеу, талдау, сақтау, метеорологиялық және агрометеорологиялық ақпаратты дайындау, оның ішінде метеорологиялық және агрометеорологиялық болжамдарды дайындау және көрсетілген ақпаратты мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға беру қамтылатын метеорология...
1,903
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/163.htm
Ст. 163 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Гидрологиялық мониторинг деп жерүсті су объектілерінің режимі мен жай-күйін байқау, деректерді жинау, өңдеу, талдау, сақтау, гидрологиялық ақпаратты дайындау, оның ішінде гидрологиялық болжамдарды әзірлеу және көрсетілген ақпаратты мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға беру қамтылатын гидрология саласын...
1,904
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/164.htm
Ст. 164 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоршаған орта жай-күйінің мониторингі деректерді байқау, жинау, сақтау, есепке алу, жүйелеу, жинақтап-қорыту, өңдеу мен талдау, қоршаған ортаның ластану жай-күйін бағалау, қоршаған ортаның ластану жай-күйі туралы ақпарат, оның ішінде болжамдық ақпарат әзірлеу және көрсетілген ақпаратты мемлекеттік органдарға, өзге д...
1,905
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/165.htm
Ст. 165 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Метеорологиялық және (немесе) гидрологиялық ақпаратты және (немесе) қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратты дайындаушылардың:1) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес метеорологиялық және (немесе) гидрологиялық мониторинг және (немесе) қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласында ...
1,906
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/166.htm
Ст. 166 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет мемлекеттік байқау желісін пайдалана отырып, қоршаған орта жай-күйінің мониторингін, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізуді қамтамасыз етеді, олар жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар, арнайы мақсаттағы қызметтер көрсетуді және арнаулы ақпарат дайындауды ...
1,907
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/167.htm
Ст. 167 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Мемлекеттік байқау желісі – бұл Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің шаруашылық жүргізуіндегі, қоршаған ортада болып жатқан физикалық және химиялық процестерді бақылауға, оның метеорологиялық, гидрологиялық сипаттамаларын және қоршаған ортаның ластану жай-күйін айқындауға арналған өзара байланысты стационарлық және...
1,908
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/168.htm
Ст. 168 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Ұлттық гидрометеорологиялық қызметті қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты және өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
1,909
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/169.htm
Ст. 169 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Метеорологиялық, гидрологиялық ақпаратты және қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратты беру тәртібі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ақпарат беру қағидаларында айқындалады.2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, азаматтық қорғаудың мемлекеттік...
1,910
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/170.htm
Ст. 170 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – Кадастрлардың бірыңғай жүйесі) Қазақстан Республикасының табиғи және экономикалық әлеуетін бірыңғай жалпымемлекеттік кешенді есепке алу мен бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының ...
1,911
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/171.htm
Ст. 171 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрылымын мынадай есепке алу объектілері құрайды, олар бойынша мониторингті мынадай арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар:1) мемлекеттік жер кадастры бойынша – жер ресурстарын басқару саласындағы орталық уәкілетті орган және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорац...
1,912
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/172.htm
Ст. 172 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар табиғи ресурстар кадастрларын жүргізу шеңберінде алынған объектілерді есепке алу мен тіркеу нәтижелерін Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне өтеусіз береді.2. Кадастрлардың бірыңғай ж...
1,913
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/173.htm
Ст. 173 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасы экология заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі мемлекеттік экологиялық бақылау болып табылады.2. Мемлекеттік экологиялық бақылау мынадай:1) қоршаған ортаны қорғау саласында осы Код...
1,914
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/174.htm
Ст. 174 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам:1) сот айқындаған мәжбүрлеп емдеу мерзімі өткеннен кейін;2) мәжбүрлеп емдеу жүргізуге кедергі келтіретін ілеспе ауыр аурулардың анықталуына байланысты сот қаулысымен;3) сәтті жазылуына байланысты мерз...
1,915
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/175.htm
Ст. 175 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қазақстан Республикасы экология заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар жеке және заңды тұлғаларға мұндай бұзушылықты жою туралы нұсқама шығарады.2. Нұсқаманы жасау тәртібі және оның мазмұны Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінд...
1,916
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/176.htm
Ст. 176 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзудың профилактикасы және оның қайта жасалуын болғызбау мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда мемлекеттік экологиялық бақыл...
1,917
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/177.htm
Ст. 177 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға мыналар жатады:1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы;2) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары;3) Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;4) Қазақста...
1,918
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/178.htm
Ст. 178 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:1) тиісті заңды негіз болған кезде субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау немесе тексеру жүргізу үшін тексерілетін объектінің аумағына және үй-жайына, оның ішінде сынамаларды іріктеу үшін өлшеу аспаптарымен және жабдығымен кіруге...
1,919
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/179.htm
Ст. 179 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Мемлекеттік экологиялық бақылау субъектісі сотқа жүгінгенге дейін апелляциялық комиссияға тексеру нәтижелері туралы актіге шағымды қарау туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы.2. Апелляциялық комиссияның құрамына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасын...
1,920
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/180.htm
Ст. 180 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Мемлекеттік құпиялар, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметтер апелляциялық комиссияның мүшелеріне қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелері туралы актілерге шағымдарды қарау кезінде шағым берген тұлғаның жазбаша рұқсаты алынбастан, қоршаған ортаны қорға...
1,921
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/181.htm
Ст. 181 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері туралы ақпаратқа қол жеткізуге құқығы бар.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ресми интернет-ресурста:1) мемлекеттік экологиялық бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасы экология заңнамасының талаптарын сақтау деңгейі мен ...
1,922
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/182.htm
Ст. 182 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. I және II санаттағы объектілердің операторлары өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға міндетті.2. Өндірістік экологиялық бақылаудың мақсаттары мыналар болып табылады:1) объект операторының ішкі экологиялық саясатқа, қоршаған ортаға ықтимал әсер ететін өндірістік процестерді бақылау мен реттеуге қатысты шеші...
1,923
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/183.htm
Ст. 183 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. І және ІІ санаттағы объектілердің операторлары экологиялық рұқсаттың бір бөлігі болып табылатын өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының, сондай-ақ экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының негізінде өндірістік экологиялық бақылауды жүргізеді.2. Өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде өндірістік процес...
1,924
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/184.htm
Ст. 184 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. I және II санаттағы объектілер операторларының өндірістік экологиялық бақылау қызметінің ұйымдық құрылымын және оны жүргізу үшін персоналдың жауапкершілігін дербес айқындауға құқығы бар.2. Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде объектінің операторы:1) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының сақталуына...
1,925
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/185.htm
Ст. 185 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасында мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:1) ластағыш заттар эмиссияларының сандық және сапалық көрсеткіштерінің және өндірістік мониторинг процесінде қадағаланатын өзге де параметрлердің міндетті тізбесі;2) өндірістік мониторингтің кезеңділігі мен ұзақтығы, өлшеуді жүзеге асыруды...
1,926
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/186.htm
Ст. 186 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Өндірістік мониторинг өндірістік экологиялық бақылаудың, сондай-ақ экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының элементі болып табылады.2. Өндірістік мониторингті жүзеге асыру шеңберінде операциялық мониторинг, қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингі және әсер ету мониторингі орындалады.3. Операциялық мониторинг (...
1,927
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/187.htm
Ст. 187 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Объектінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша ішкі есепке алуды жүргізеді, мерзімді есептерді қалыптастырады және Қазақстан Республикасының қоршаған орта және табиғи ресурстар туралы ұлттық деректер банкіне элект...
1,928
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/188.htm
Ст. 188 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізуге жауапты адам объектіде немесе жекелеген жұмыс учаскелерінде өндірістік экологиялық бақылау журналдарының жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті, оларға жұмыскерлер анықталған Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық фактілерін, оларды жою мерзімде...
1,929
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/189.htm
Ст. 189 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Объектінің операторы Қазақстан Республикасының экология заңнамасы талаптарының сақталуын ұдайы ішкі тексеру және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелерін экологиялық және өзге де рұқсаттардың шарттарымен салыстыру жөнінде шаралар қабылдайды.2. Ішкі тексерулерді объект операторы өндірістік экологиялық бақылауды ұйы...
1,930
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/190.htm
Ст. 190 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоғамдық экологиялық бақылау экологиялық проблемаларға жұртшылықтың назарын аудару, қоршаған орта мәселелеріне қатысты шешімдер қабылдаудың барлық сатыларында жұртшылықтың қатысуын және пікірін ескеруді қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының экология заңнамасын...
1,931
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/191.htm
Ст. 191 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Экологиялық мәдениет деп адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың сипатын, адамның табиғи ортаны сақтау мен дамыту жөніндегі қызметке қосылу шамасы мен тәсілін білдіретін және айқындайтын білімнің, дағдылар мен құндылыққа бағдарлану жүйесі түсініледі.2. Экологиялық мәдениет адамның сана-сезімін дамытуға ғана ...
1,932
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/192.htm
Ст. 192 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Экологиялық білім беру деп әркімнің белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға және жалпы қоғамдағы экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған, тұрақты даму қағидаттарына негізделген, тұлғаны оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың үздіксіз интеграцияланған процесі түсініледі.2. Экологиялық білім беру нысаналы аудиторияғ...
1,933
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/193.htm
Ст. 193 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Білім беру ұйымдарында экологиялық білім беру Орнықты даму мақсаттарының призмасы арқылы қаралатын ландшафтық өңірлік басымдықтар, климаттық өзгерістер ескеріле отырып, экологиялық технологиялар тақырыптарының интеграциясын іске асыру арқылы, сондай-ақ мамандандырылған және пәнаралық білім беру бағдарламаларын ықтим...
1,934
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/194.htm
Ст. 194 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Мемлекет мынадай басым бағыттар бойынша экологиялық білім беру мен ағартуды қолдауды жүзеге асырады:1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуіне жәрдемдесу мақсатында экологиялық білім беру саласындағы ұзақ мерзімді іс-қимыл жоспарын айқындау;2) экологиялық білім беру мен ағартудың оқу-әдістемелік және ғылыми...
1,935
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/195.htm
Ст. 195 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Экологиялық ғылыми зерттеулер қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету, табиғи экожүйелерді жақсарту, қалпына келтіру, олардың орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша ғылыми негізделген іс-шараларды әзірлеу, биоәртүрлілікті сақтау және табиғи ресурстарды молықтыру, климат өзгеруінің әсер етуін зерделеу, к...
1,936
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/196.htm
Ст. 196 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін ғылыми зерттеулердің мынадай түрлері жүзеге асырылуы мүмкін:1) аумақтарды әлеуметтік-экономикалық орнықты дамытудың кешенді республикалық, өңірлік, жергілікті ғылыми негіздемелерін әзірлеу;2) экожүйелердің антропогендік әсер етуге төзімділі...
1,937
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/197.htm
Ст. 197 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Ғылыми экологиялық зерттеулерді ғылыми ұйымдар осы Кодекске және Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасына сәйкес жүргізеді.2. Қазақстан Республикасының аумағында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын міндетті түрде орындаған кезде қазақстандық...
1,938
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/198.htm
Ст. 198 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Атмосфералық ауа – табиғи ортаның тұрғын, өндірістік және өзге де үй-жайлар шегінен тыс болатын, атмосфера газдарының қоспасын білдіретін өмірлік маңызды құрамдасы.2. Атмосфералық ауа Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес ластанудан қорғалуға жатады.3. Атмосфералық ауаның ластануы деп атмосфералық ау...
1,939
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/199.htm
Ст. 199 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарылуы (бұдан әрі – шығарынды) деп ластағыш заттардың шығарынды көздерінен атмосфералық ауаға түсуі түсініледі.2. Пайдалану процесінде ластағыш заттардың атмосфералық ауаға түсуі орын алатын құрылысжай, техникалық құрылғы, жабдық, қондырғы, алаң, көлік құралы немесе өзге де ж...
1,940
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/200.htm
Ст. 200 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтері:1) атмосфералық ауа жай-күйінің химиялық көрсеткіштері үшін –атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін концентрациялары түрінде;2) атмосфералық ауа жай-күйінің физикалық көрсеткіштері үшін – атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің шекті жол беріл...
1,941
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/201.htm
Ст. 201 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Мемлекет атмосфералық ауаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер етудің мынадай нормативтерін белгілейді:1) жол берілетін шығарындылар нормативтері;2) шығарындылардың технологиялық нормативтері;3) атмосфералық ауаға жол берілетін физикалық әсер етудің нормативтері.2....
1,942
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/202.htm
Ст. 202 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Жол берілетін шығарынды нормативі – экологиялық рұқсатта белгіленетін және атмосфералық ауаға шығару үшін жол берілетін (рұқсат етілген) ластағыш заттың немесе ластағыш заттар қоспасының ең жоғары массасы ретінде айқындалатын экологиялық норматив.2. Жеке стационарлық көз және (немесе) І немесе ІІ санаттағы объектіні...
1,943
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/203.htm
Ст. 203 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Стационарлық көздің және (немесе) стационарлық көздер жиынтығының жол берілетін шығарындыларының нормативтерін сақтаудың және олардың атмосфералық ауа сапасына ықпалының мониторингі осы Кодекстің талаптарына және экологиялық рұқсатта белгіленген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.2. Стационарлық көздің және (немесе) ...
1,944
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/204.htm
Ст. 204 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары халқы он мың адамнан асатын елді мекендерде атмосфералық ауаға ластағыш заттар шығарындыларының стационарлық көздерін түгендеуді қамтамасыз етеді.2. Шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу мынадай бастапқы деректер негіз...
1,945
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/205.htm
Ст. 205 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары халқы он мың адамнан асатын елді мекендерде атмосфералық ауа ластануының жиынтық есеп-қисаптарын жүргізуді және олардың негізінде елді мекеннің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томын жасауды қамтамасыз етеді.2. Елді...
1,946
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/206.htm
Ст. 206 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Атмосфералық ауаға зиянды антропогендік әсер етудің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының экология заңнамасында адамның қызметін жүзеге асыру кезінде сақтауы үшін міндетті атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар белгіленеді.2. Адамдардың өмірі және (немесе) денсаулығы мен қоршаған орта үшін...
1,947
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/207.htm
Ст. 207 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Тиісті экологиялық рұқсаттардың шарттарында көзделген газ тазарту қондырғылары мен атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарылуын бақылау құралдары жоқ I және II санаттағы объектілерді орналастыруға, пайдалануға беруге және пайдалануға тыйым салынады.2. Газ тазарту қондырғысы деп бөлінетін газдарды ластағыш заттар...
1,948
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/208.htm
Ст. 208 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Шығарындыларында ластағыш заттардың болуы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдары мен өзге де жылжымалы құралдарды Қазақстан Республикасында жасап шығаруға тыйым салынады.2. Шығарындылары атмосфералық ауаға жағымсыз әсер ететін көлік құралдары мен өзге де...
1,949
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/209.htm
Ст. 209 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келетін арнайы жабдықталған жерлерден тыс және арнайы құрылысжайларды, қондырғылар мен жабдықтарды қолданбай, атмосфералық ауаны ластау көзі болуы мүмкін қалдықтарды сақтауға, залалсыздандыруға, көмуге және жағуға тыйым салынады.2. Қызметіні...
1,950
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/210.htm
Ст. 210 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Осы Кодекстің мақсатында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар деп атмосфералық ауаның жер бетіне жақын қабатында адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төндіретін концентрацияларда ластағыш заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар түсіндіріледі.2. Қалалық және өзге де елді мекендерде қол...
1,951
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/211.htm
Ст. 211 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың авариялық шығарылуынан туындаған және адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төнетін атмосфералық ауа сапасы нашарлаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес халықты қорғау жөніндегі шұғыл шаралар қабылданады.2. І және ІІ санатта...
1,952
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/212.htm
Ст. 212 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Су объектілері Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес:1) антропогендік ластанудан;2) қоқыстанудан;3) сарқылудан қорғалуға жатады.2. Су объектілері Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес:1) адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтіруді;2) экологиялық жүйелердің орнықты жұм...
1,953
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/213.htm
Ст. 213 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Сарқынды сулардағы ластағыш заттардың жерүсті және жерасты су объектілеріне, жер қойнауына немесе жер бетіне түсуі ластағыш заттардың төгілуі (бұдан әрі – төгінді) деп түсініледі.2. Сарқынды сулар деп:1) өндірістік немесе тұрмыстық мұқтаждықтарға пайдаланылған және бұл ретте олардың бастапқы құрамын немесе физикалық...
1,954