link
stringlengths
43
81
title
stringlengths
50
97
content
stringlengths
52
106k
__index_level_0__
int64
0
8.25k
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/314.htm
Ст. 314 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Климаттың өзгеруіне бейімделу процесі мынадай сатыларды қамтиды:1) ақпарат жинау және климаттың өзгеруіне осалдықты бағалау;2) климаттың өзгеруіне бейімделуді жоспарлау;3) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды әзірлеу;4) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;5) климаттың өзгеруін...
2,055
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/315.htm
Ст. 315 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Бейімделу үшін басым мемлекеттік басқару салалары бойынша уәкілетті орталық атқарушы органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды жоспарлау, әзірлеу және жүзеге асыру үшін климаттың өзгеруіне осалдықты бағала...
2,056
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/316.htm
Ст. 316 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Климаттың өзгеруіне бейімделуді жоспарлау климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары бойынша жүзеге асырылады және климаттың өзгеруіне осалдықты бағалау нәтижелеріне негізделеді.2. Климаттың өзгеруіне бейімделуді ұлттық деңгейде жоспарлау осы Кодекстің 3...
2,057
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/317.htm
Ст. 317 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету процесінде немесе тұтыну процесінде түзілген, иесі қалдықтар деп тікелей танитын не заңның талаптарына орай жоюға немесе қалпына келтіруге жіберуге тиісті, немесе жою немесе қалпына келтіру жөніндегі операцияларға ұшыратуға ниеттенетін не ұшырататын кез келген заттар, ма...
2,058
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/318.htm
Ст. 318 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қалдықтарды түзуші немесе заңды иелігінде қалдықтар болатын кез келген тұлға қалдықтардың иесі деп түсініледі.2. Қызметті жүзеге асыру процесінде қалдықтар түзілетін кез келген тұлға (қалдықтарды бастапқы түзуші) немесе осындай қалдықтардың қасиеттерінің немесе құрамының өзгеруіне әкелетін өңдеуді, араластыруды неме...
2,059
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/319.htm
Ст. 319 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қалдықтар түзілген кезден бастап түпкілікті жойылғанға дейін қалдықтарға қатысты жүзеге асырылатын операциялар қалдықтарды басқару деп түсініледі.2. Қалдықтарды басқару жөніндегі операцияларға:1) түзілген жерінде қалдықтарды жинақтау;2) қалдықтарды жинау;3) қалдықтарды тасу;4) қалдықтарды қалпына келтіру;5) қалдықта...
2,060
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/320.htm
Ст. 320 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қалдықтардың түзілуі немесе қалдықтарды түпкілікті қалпына келтіру немесе жою сәтіне дейін одан әрі басқару процесінде жүзеге асырылатын, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімдер ішінде арнайы белгіленген орындарда қалдықтарды уақытша жинап қою қалдықтарды жинақтау деп түсініледі.2. Қалдықтарды жинақтау орындар...
2,061
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/321.htm
Ст. 321 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қалдықтарды қалпына келтіруге немесе жоюға одан әрі жіберу мақсатында мамандандырылған ұйымдардың жеке және заңды тұлғалардан қалдықтарды ұйымдасқан түрде қабылдау жөніндегі қызметі қалдықтарды жинау деп түсініледі.Қалдықтарды жинау жөніндегі операциялар қалдықтарды жинау процесінде сұрыптау және жинақтау жөніндегі ...
2,062
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/322.htm
Ст. 322 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қалдықтарды жинау, сұрыптау, өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою процесінде түзілген, жинақталатын орындар арасында арнайы көлік құралдарының көмегімен қалдықтардың орнын ауыстыруға байланысты қызмет қалдықтарды тасу деп түсініледі.2. Қалдықтарды тасу осы Кодекстің талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.
2,063
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/323.htm
Ст. 323 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қандай да бір пайдалы функцияны орындау үшін пайдаланылуы мүмкін басқа материалдарды алмастыру мақсатында көрсетілген функцияны орындау үшін қалдықтарды пайдалану басты мақсаты болып табылатын, қалдықтардың көлемін қысқартуға бағытталған кез келген операция, оған қосанақты өндірістік объектіде немесе экономиканың бе...
2,064
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/324.htm
Ст. 324 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Органикалық қалдықтардан биогаз және өзге отын алуды қоспағанда, қалдықтардың көлемін азайту және энергия алу, оның ішінде оларды қайталама және (немесе) энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану мақсатында қалдықтарды термиялық өңдеу процесі қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату деп түсініледі.2. Қоршаған ортаны ...
2,065
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/325.htm
Ст. 325 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қалдықтарды көмуге немесе құртуға дайындау жөніндегі (оның ішінде, оларды сұрыптау, өңдеу, залалсыздандыру жөніндегі) қосалқы операцияларды қоса алғанда, қалпына келтіру болып табылмайтын, қалдықтарды көму немесе құрту жөніндегі кез келген операция қалдықтарды жою деп танылады.2. Қалдықтарды көму – қалдықтарды алу н...
2,066
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/326.htm
Ст. 326 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қосалқы операцияларға қалдықтарды сұрыптау және өңдеу жатады.2. Жинау процесінде және (немесе) қалдықтар қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектілерде жеке жүзеге асырылатын немесе жинауға дейін қалдықтарды жинақтау кезінде жүзеге асырылатын, қалдықтарды түрлері және (немесе) фракциялары ...
2,067
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/327.htm
Ст. 327 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Қалдықтарды басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғалар тиісті операцияларды адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтіру, экологиялық залал келтіру қатерін төндірмейтіндей етіп және атап айтқанда:1) суға, оның ішінде жерасты суларына, атмосфералық ауаға, топыраққа, жануарлар дүниесі мен өсім...
2,068
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/328.htm
Ст. 328 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Осы Кодекстің 5-бабында баяндалған жалпы қағидаттарға қосымша қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік экологиялық саясат мынадай арнайы қағидаттарға негізделеді:1) сатылық;2) шығу көзіне жақындық;3) қалдықтарды түзушінің жауапкершілігі;4) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері.
2,069
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/329.htm
Ст. 329 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қалдықтарды түзушілер мен олардың иелері қоршаған ортаны қорғау және Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету мүддесіне орай, қалдықтардың түзілуін болғызбау және түзілген қалдықтарды басқару жөніндегі шараларды олардың артықшылығының кемуі тәртібімен мынадай реттілікпен қолдануға тиіс:1) қалдықтардың...
2,070
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/330.htm
Ст. 330 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Түзілген қалдықтар, егер бұл техникалық, экономикалық және экологиялық тұрғыдан негізделген болса, өздерінің түзілу көзіне мүмкіндігінше жақын қалпына келтірілуге немесе жойылуға тиіс.
2,071
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/331.htm
Ст. 331 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Қалдықтарды түзушілер болып табылатын кәсіпкерлік субъектілері қалдықтар түзілген кезден бастап осы Кодекстің 339-бабының 3-тармағына сәйкес лицензия негізінде қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғаның иелігіне берілген кезге дейін осындай қалдықтарды тиісінше басқаруды қам...
2,072
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/332.htm
Ст. 332 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Қазақстан Республикасының аумағында осы Кодекстің 386-бабының 1-тармағына сәйкес бекітілетін тізбе бойынша тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді немесе Қазақстан Республикасының аумағына осындай тауарларды әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың осы Кодекске сәйкес, оның ішінде осындай тауарлардың адамдар...
2,073
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/333.htm
Ст. 333 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қалдықтардың жекелеген түрлері оларға қатысты қалпына келтіру жөніндегі операциялар жүргізілгеннен кейін және осындай операциялар нәтижесінде түзілген заттар немесе материалдар осы Кодекске сәйкес белгіленген өлшемшарттарға сай келгеннен кейін қалдықтар мәртебесін жоғалтады және дайын өнім немесе қайталама ресурс (м...
2,074
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/334.htm
Ст. 334 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қалдықтарды жинақтау лимиттері мен оларды көмуге арналған лимиттер тиісті экологиялық рұқсат негізінде I және II санаттағы объектілер үшін белгіленеді.2. ІІІ және IV санаттағы объектілерде қалдықтарды жинақтау және (немесе) көму экологиялық нормалауға жатпайды.3. Қалдықтарды жинақтау лимиттері мен қалдықтарды көму л...
2,075
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/335.htm
Ст. 335 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. I және (немесе) II санаттағы объектілердің операторлары, сондай-ақ қалдықтарды сұрыптау, өңдеу жөніндегі, оның ішінде залалсыздандыру, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес қалдықтарды басқару ...
2,076
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/336.htm
Ст. 336 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Кәсіпкерлік субъектілері қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) құрту жөніндегі жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) үшін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қызметтің тиісті кіші түрі бойынша қоршаған ортаны қорғау саласын...
2,077
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/337.htm
Ст. 337 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) құрту жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қоршаған ортаны қорғау ...
2,078
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/338.htm
Ст. 338 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Шығу тегіне, қасиеттеріне және басқарылу технологиясына сәйкес ортақ белгілері бар қалдықтардың жиынтығы қалдықтардың түрі деп түсініледі.Қалдықтардың түрлері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қалдықтар сыныптауышы (бұдан әрі – қалдықтар сыныптауышы) негізінде анықталады.2. Қалдықтар сыныпт...
2,079
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/339.htm
Ст. 339 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қалдықтар заттай құқықтар объектісі болып табылады. Қалдықтарға заттай құқықтардың туындауына, өзгеруіне және тоқтатылуына байланысты қоғамдық қатынастар осы Кодексте көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында реттеледі.2. Қалдықтарды түзушілер өздері шығарған қалдықтард...
2,080
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/340.htm
Ст. 340 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Меншік иесі жоқ немесе меншік иесі анықталмаған қалдықтар сот шешімімен иесіз деп танылады және тұлғаның өтініші бойынша осы тұлғаның меншігіне түседі.2. Жер учаскесінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылары өздерінің жер учаскелерінде иесіз қалдықтарды анықтаған кезде осы қалдықтарды пайдалануға кірісіп не қалды...
2,081
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/341.htm
Ст. 341 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Жергілікті атқарушы органдар қалдықтардың түзілу көлемін азайтуды, түзілетін қалдықтарды қалпына келтіру үлесін ұлғайтуды, олардың қауіптілік деңгейін төмендетуді, қалдықтардың түзілу көлемін азайтуға бағытталған технологияларды енгізетін, өнім өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) процесінде түзілетін қалды...
2,082
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/342.htm
Ст. 342 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Мынадай қасиеттердің біріне немесе бірнешеуіне ие қалдықтар қауіпті деп танылады:HP1 жарылу қауіптілік;HP2 тотығу қасиеттері;HР3 өрт қауіптілік;HP4 тітіркендіргіштік әсер;НР5 өзіндік ерекшелікті жүйелі уыттылық (нысана-ағзаға аспирациялық уыттылық);HP6 өте қатты уыттылық;HP7 канцерогендік;HP8 жегілеуші әрекет;НР9 ин...
2,083
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/343.htm
Ст. 343 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қауіпті қалдықтардың паспортын қызмет процесінде қауіпті қалдықтар түзілетін жеке және заңды тұлғалар жасайды және бекітеді.2. Қауіпті қалдықтардың паспорты мынадай міндетті бөлімдерді қамтуға тиіс:1) қауіпті қалдықтардың атауы және олардың қалдықтар сыныптауышына сәйкес коды;2) қалдықтарды түзушінің деректемелері: ...
2,084
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/344.htm
Ст. 344 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Осы Кодекстің 327-бабының талаптары сақталған кезде тиісті экологиялық рұқсаты бар кәсіпкерлік субъектілері ғана қауіпті қалдықтарды араластыруды жүзеге асыра алады.Араластыру технологиялық регламентке және (немесе) ең үздік қолжетімді техникаларға сәйкес қауіпті қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою кезінде адамда...
2,085
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/345.htm
Ст. 345 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қауіпті қалдықтарды тасу барынша азайтылуға тиіс.2. Қауіпті қалдықтарды мынадай жағдайларда:1) тасу мақсатында қауіпті қалдықтардың тиісті қаптамасы мен таңбалануы болса;2) арнайы жабдықталған және арнайы белгілермен жарақталған көлік құралдары болса;3) қауіпті қалдықтар паспорты және тасылатын қауіпті қалдықтардың ...
2,086
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/346.htm
Ст. 346 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына (бұдан әрі – Базель конвенциясы) және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған өзге де халықаралық шарттарға сәйкес қауіпті деп танылатын қалдықтар тобы осы баптың мақсаты үшін қауіпті қалдықтар д...
2,087
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/347.htm
Ст. 347 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қауіпті қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғалар, қауіпті қалдықтарды түзушілер, қауіпті қалдықтарды жинау, тасу және (немесе) залалсыздандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері қалдықтардың көлемін, түрін, шығу тегін, межелі пункттерін, қауіпті...
2,088
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/348.htm
Ст. 348 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Қалдықтарды көму полигоны (бұдан әрі – полигон) деп экологиялық, құрылыс және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін, қалдықтар алу ниетінсіз тұрақты орналастырылатын арнайы жабдықталған орын түсініледі.
2,089
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/349.htm
Ст. 349 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Әрбір полигон мынадай сыныптардың біріне жатқызылуға тиіс:1-сынып – қауіпті қалдықтар полигоны;2-сынып – қауіпті емес қалдықтар полигоны;3-сынып – тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны.2. Әртүрлі сыныптағы полигондарда көму үшін қалдықтар түрінің тізбелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды....
2,090
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/350.htm
Ст. 350 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қалдықтарды қоныстану аумақтарының шегінде, орман-саябақ, курорттық, емдеу-сауықтыру, рекреациялық және су қорғау аймақтарының аумағында, ауызсумен және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау мақсатында пайдаланылатын жерасты су объектілерінің су жинау алаңдарында, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілеріне жатқызылған аума...
2,091
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/351.htm
Ст. 351 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Полигондарда көму үшін мынадай қалдықтарды:1) сұйық нысандағы кез келген қалдықтарды (сұйық қалдықтарды);2) полигон жағдайында жарылғыш, коррозиялық, тотығатын, өрт қауіптілігі жоғары немесе өрт қауіпті болып табылатын қауіпті қалдықтарды;3) сумен реакцияға түсетін қалдықтарды;4) медициналық қалдықтарды;5) Қазақстан...
2,092
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/352.htm
Ст. 352 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға арналған полигондарда мынадай өнеркәсіптік қатты және шлам тәрізді қалдықтарды орналастыруға тыйым салынады:1) хлор өндіру жөніндегі химия өнеркәсібінің қалдықтары:синтетикалық каучук, хлор, каустик өндірісінің құрамында сынап және оның қосылыстары бар графитті шламы;метанол, о...
2,093
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/353.htm
Ст. 353 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қауіпті қалдықтарды көмуге арналған полигонның орналасқан жері:1) қауіпті қалдықтар полигоны шекарасынан тұрғын және рекреациялық аймақтарға, су объектілеріне, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мен елді мекендерге дейінгі қашықтыққа;2) жерасты, жерүсті суларының және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ...
2,094
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/354.htm
Ст. 354 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қалдықтарды полигонға тапсыратын қалдықтардың меншік иелері полигонның операторына қалдықтарды белгілі бір түрге жатқызуды растайтын олардың сапалық және сандық сипаттамалары туралы анық ақпаратты, ал қауіпті қалдықтарға қатысты – қауіпті қалдықтар паспортының көшірмесін қосымша беруге міндетті.2. Полигон операторла...
2,095
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/355.htm
Ст. 355 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Полигон операторы жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоршаған ортаға әсер етуге мониторинг жүргізу туралы есепті ұсынады.2. Полигон операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды бақылау мен мониторинг нәтижесінде анықталған қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету туралы хабарда...
2,096
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/356.htm
Ст. 356 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қалдықтарды көму жөніндегі полигонды (полигонның бір бөлігін) экологиялық рұқсат алғаннан кейін ғана жабуға жол беріледі.2. Қалдықтарды көму жөніндегі полигон (полигонның бір бөлігі) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы мемлекеттік органның лауаз...
2,097
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/357.htm
Ст. 357 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Осы Кодексте тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтары деп пайдалы қатты қазбаларды барлау, өндіру, өңдеу және сақтау процесінде түзілетін, оның ішінде аршылған, жанасқан жыныстар, шаң, кенеусіз (кондицияланбаған) кен, карьер және шахта суын механикалық тазалау тұнбасы, байыту қалдықтары мен шламдары түсініледі.Осы Ко...
2,098
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/358.htm
Ст. 358 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару осы Кодекстің 329-бабында белгіленген сатылық қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.2. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын жинап қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген жобалау құжатында айқындалған және экологиялық рұқсаттың шарттарына сәйкес ке...
2,099
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/359.htm
Ст. 359 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қалдықтарды жинап қою объектісі деп тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын қатты немесе сұйық пішінде не ерітінді немесе суспензия түрінде жинап қоюға немесе он екі айдан асатын мерзімге ұзақ мерзімді сақтау арналған арнайы белгіленген орын түсініледі.ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу ...
2,100
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/360.htm
Ст. 360 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Қалдықтарды жинап қою объектісінің операторы қалдықтардың түзілуін, қалпына келтірілуін барынша азайту және жою үшін тау-кен өндіру...
2,101
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/361.htm
Ст. 361 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарымен жұмыс істеген кезде:1) қалдықтарды жинап қою объектісін пайдалану кезеңінде және ол жабылғаннан кейін сүзінділердің құрамындағы ластағыш заттарды қоса алғанда, сүзінділердің, жинап қойылатын қалдықтардың түзілу әлеуетін бағалау, қалдықтарды жинап қою объектісінің су балансы...
2,102
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/362.htm
Ст. 362 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын жинақтау жөніндегі қызметті бастар алдында қалдықтарды жинап қою объектісінің операторы тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару кезінде ірі экологиялық оқиғаларды болғызбау бағдарламасын, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, қор...
2,103
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/363.htm
Ст. 363 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын жинап қою объектісін немесе оның бір бөлігін жабу кезінде мұндай объектіні жапқаннан кейінгі кезеңде мониторинг жүргізу жөніндегі міндеттемелердің мерзіммен шектелмейтіні ескеріле отырып, осы Кодекстің 356-бабының ережелері қолданылады.2. Қалдықтарды жинап қою объектісін жабу...
2,104
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/364.htm
Ст. 364 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қысқа мерзімді немесе орта мерзімді перспективада қоршаған ортаға елеулі жағымсыз салдарлар келтіретін немесе халықтың өміріне және (немесе) денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қатер төндіретін тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтары жинап қойылатын жабық (пайда...
2,105
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/365.htm
Ст. 365 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Коммуналдық қалдықтар деп мынадай тұтыну қалдықтары түсініледі:1) өзгелермен қатар қағаз бен картонды, шыныны, металдарды, пластмассаны, органикалық қалдықтарды, сүректі, тоқыманы, қаптаманы, пайдаланылған электр және электрондық жабдықтарды, батареялар мен аккумуляторларды қоса алғанда, үй шаруашылықтарының аралас ...
2,106
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/366.htm
Ст. 366 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Инфрақұрылымды жобалау, салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту мен пайдалану және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, көму, кездейсоқ қоқыстарды жою жөніндегі қызметті жүзеге асыру (бұдан әрі – тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласы...
2,107
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/367.htm
Ст. 367 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Тұрмыстық қатты қалдықтар деп қатты пішіндегі коммуналдық қалдықтар түсініледі.2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі (бұдан әрі – орталықтандырылған жүйе) – меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде не жеке тұрған ғимараттарда (құрылысжайларда) тұратын (орналасқан) жән...
2,108
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/368.htm
Ст. 368 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау (оның ішінде әкету) осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарымен жүзеге асырылуға тиіс.2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері көліктің қозғалысы туралы толық навигациялық ақпаратты "Қазақстан Республи...
2,109
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/369.htm
Ст. 369 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Радиоактивті қалдықтарға одан әрі пайдалануға жатпайтын, кез келген агрегаттық күйдегі мынадай заттар жатады:1) құрамындағы радионуклидтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген деңгейлерден асып кететін материалдар, бұйымдар, жабдық, шығу көзі биологиялық объектілер;2) пайдаланылған, қайта өңдеуге жатпа...
2,110
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/370.htm
Ст. 370 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Жеке және заңды тұлғалар атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган белгілеген радиоактивті материалдарды өндіру, сақтау, тасымалдау, пайдалану, кәдеге жарату және жою қағидаларын сақтауға, радиациялық әсер етудің шекті жол берілетін деңгейі нормативтерінің бұзылуына жол бермеуге, қоршаған ортаның радиаци...
2,111
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/371.htm
Ст. 371 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттеріне радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму үшін пайдаланылатын табиғи (табиғаттық) немесе жасанды алаңдар, сыйымдылықтар немесе үй-жайлар жатады.2. Радиоактивті қалдықтарды көму пункттеріне осындай қалдықтар кейіннен алып кету ниетінсіз орналасты...
2,112
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/372.htm
Ст. 372 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қазақстан Республикасының аумағында түзілетін радиоактивті қалдықтар өздерінің ықтимал қауіп төндіруі мүмкін уақыт кезеңіне халықтың және қоршаған ортаның радиациялық қорғалуын қамтамасыз ететіндей болып көмілуге тиіс.2. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган ...
2,113
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/373.htm
Ст. 373 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерін құру және олардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі барлық жобалар санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаға және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін сараптамаға жатады. Жобалау Қазақстан Ре...
2,114
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/374.htm
Ст. 374 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қайта өңдеу үшін басқа мемлекеттерге әкетілген Қазақстан Республикасының өз радиоактивті қалдықтарын қоспағанда, басқа мемлекеттерден радиоактивті қалдықтарды сақтау немесе көму мақсатында Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынады. Радиоактивті заттардың қоршаған ортаға түсуін болғызбайтын іс-шараларды жүргізб...
2,115
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/375.htm
Ст. 375 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган бекітетін радиоактивті заттар мен радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.2. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидалары жүк...
2,116
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/376.htm
Ст. 376 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Құрылыс қалдықтары деп ғимараттарды, құрылысжайларды, өнеркәсіптік объектілерді, жолдарды, инженерлік және басқа да коммуникацияларды бұзу, бөлшектеу, реконструкциялау, жөндеу (оның ішінде күрделі жөндеу) немесе салу процесінде түзілетін қалдықтар түсініледі.2. Құрылыс қалдықтары тікелей құрылыс алаңында немесе арна...
2,117
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/377.htm
Ст. 377 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Медициналық қалдықтар – медициналық қызметтер көрсету және медициналық манипуляциялар жүргізу процесінде түзілетін қалдықтар.2. Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.3. Медициналық қалдықтарды термиялық және (немесе) химиялық процестерді қолдана отырып ...
2,118
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/378.htm
Ст. 378 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Биологиялық қалдықтар Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.2. Биологиялық қалдықтармен жұмыс істеу тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындайды.3. Биологиялық қалдықтарды термиялық және (немесе) химиялық процестерді қолдана отырып өңдеу және жою осы Кодексті...
2,119
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/379.htm
Ст. 379 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтарды сақтау пункттері жойылуы қиын органикалық ластағыштардың қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына ықпалын болғызбауды қамтамасыз ететін қорғау құралдарымен жабдықталуға тиіс.2. Құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтарды есепке алу...
2,120
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/380.htm
Ст. 380 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қалдықтардың жекелеген түрлерімен жұмыс істеу кезінде қалдықтардың иелері экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген қалдықтардың жекелеген түрлерін басқару саласындағы ұлттық стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету...
2,121
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/381.htm
Ст. 381 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Салынуы (көтерілуі, құрылуы) кезінде қалдықтардың түзілуі болжанатын ғимараттарды, құрылыстарды, құрылысжайларды және өзге де объектілерді жобалау кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган белгілейтін қалдықтарды басқ...
2,122
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/382.htm
Ст. 382 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры қалдықтарды орналастырудың әрбiр объектiсi (олардың кеңiстiктегi орналасуын көрсете отырып) бойынша, сондай-ақ қалдықтардың түрлерi, олардың шығу көздерi мен физикалық-химиялық қасиеттерi (халыққа және қоршаған ортаға қауiптiлiгi ескерiле отырып), құрамдастық құрамы, сапалық және са...
2,123
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/383.htm
Ст. 383 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге қатысты технологиялық, экономикалық, құқықтық және басқа да шешiмдердi бағалау, болжау, әзiрлеу үшiн ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ қалдықтарды жалпымемлекеттiк кешендi есепке ...
2,124
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/384.htm
Ст. 384 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Объектілердің операторлары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттаманы ұсынады:1) қауіпті қалдықтардың паспорты;2) қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп;3) мыналарды:тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының қалдықтарды жинап қоюға және жоюға арналған жер учаскесін ...
2,125
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/385.htm
Ст. 385 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу нәтижелері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайынғы ақпараттық шолуды жасайды.2. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде, интернет-ресурсында орналастырылады және жаңартылып о...
2,126
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/386.htm
Ст. 386 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша өнімнің (тауарлардың) жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар мұндай өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалға...
2,127
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/387.htm
Ст. 387 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыру мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы ...
2,128
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/388.htm
Ст. 388 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы осы Кодекстің талаптарына сәйкес өндірушілер мен импорттаушылардан өзінің банктік шотына кәдеге жарату төлемі түрінде келіп түскен ақшаны мыналарға бағыттайды:1) осы Кодекстің 366-бабына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды, тасымалдауд...
2,129
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/389.htm
Ст. 389 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өкілеттіктеріне мыналар жатады:1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайында...
2,130
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/390.htm
Ст. 390 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторымен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта...
2,131
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/391.htm
Ст. 391 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы:1) өз қызметінің даму стратегиясын және инвестициялық саясатын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі;2) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолдан...
2,132
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/392.htm
Ст. 392 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау осы Кодекске сәйкес өндірушілер (импорттаушылар) мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы арасында өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық ...
2,133
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/393.htm
Ст. 393 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған, осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсер етуін міндетті бағалау жүргізілетін ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін салу жобалары қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері бойынша тиісті қорытындыда көзделген талаптар мен шаралардың орындалуын қамтамасыз ет...
2,134
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/394.htm
Ст. 394 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін пайдалануға беру Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.2. Егер I және II санаттағы объектілерге жататын ғимараттарды, құрылысжайлар мен олардың кешендерін пайдалануға беру кезінде экологиял...
2,135
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/395.htm
Ст. 395 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Авариялық шығарындылардан немесе төгінділерден туындаған және содан адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төнетін қоршаған ортаның сапасы нашарлаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес халықты қорғау жөніндегі шұғыл шаралар қабылданады.2. І және ІІ санаттағы объек...
2,136
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/396.htm
Ст. 396 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Осы Кодексте белгіленген экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, әскери және қорғаныс объектілері мен әскери қызметке қолданылады.
2,137
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/397.htm
Ст. 397 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалау құжаттары қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мынадай:1) бүлінетін және иеліктен шығарылатын жер алаңының барынша мүмкін болатын қысқаруын қамтамасыз ететін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу әдістерін, технологияларын жән...
2,138
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/398.htm
Ст. 398 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Ұңғымаларды бұрғылау теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық практикада қабылданған сынақтан өткен озық қағидаттар мен әдістер негізінде жүзеге асырылуға тиіс.2. Келісімшарт аумағы шегінде теңіз бұрғылау платформаларын...
2,139
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/399.htm
Ст. 399 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қазақстан Республикасының сақтық аймағы шегiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды су деңгейi көтерiлген жағдайда теңiздiң ластануын болғызбайтындай немесе барынша азайтатындай етіп жүргiзуге мiндеттi.2. Қазақстан Республикасының сақтық аймағы шегiнде жер қ...
2,140
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/400.htm
Ст. 400 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін техникалық газ күкіртін экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жабдықталған арнайы алаңдарда ашық түрде орналастыруға және сақта...
2,141
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/401.htm
Ст. 401 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Әрбiр нақты объектiнi салу және пайдалану үшін трассалар, конструкциялар, жабдықтар, технологиялар мен техникалық құралдар орналастырылатын жердi таңдау қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді азайту мақсатында баламалы негiзде жүргiзiлуге тиiс.2. Суасты құбыржолдары мен кәбілдер трассасына бес жүз метрден кем арақашықт...
2,142
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/402.htm
Ст. 402 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Жойылуы қиын органикалық ластағыштар – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген, ыдырауға төзімді, биожинақталумен сипатталатын және ауа, су арқылы трансшекаралық тасымалдау объектісі және көшпелі түрлер болып табылатын, сондай-ақ құрлық экожүйелерінде және су экожүйелерінде жинақтала ...
2,143
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/403.htm
Ст. 403 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Генетикалық түрлендірілген организм деп адам организмін қоспағанда, қазіргі заманғы биотехнологияны пайдаланудың нәтижесінде алынған генетикалық материалдың жаңа комбинациясына ие, кез келген организм (оның ішінде микроорганизм) түсініледі.2. Қазіргі заманғы биотехнология деп:1) рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқ...
2,144
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/404.htm
Ст. 404 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Төтенше экологиялық жағдай – антропогендік қызмет немесе әдеттегі табиғи процестер нәтижесінде адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына, табиғи экологиялық жүйелердің, өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық қорларының жай-күйіне қатер төндіретін қоршаған ортаның тұрақты жағымсыз өзгерістері болатын аумақ учаск...
2,145
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/405.htm
Ст. 405 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық зілзала аймағы деп жариялау болжанатын аумақты (акваторияны) зерделеу мақсатында комиссия құрылады.2. Жергілікті атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:1) болжанып отырған қолайсыз экологиялық ахуал аумағында тұрып жатқан тұрғындард...
2,146
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/406.htm
Ст. 406 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау қосымша немесе қосалқы өлшемшарт түрлері пайдаланыла отырып, өлшемшарттардың негізгі түрлері негізінде жүргізіледі.2. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттары –халық денсаулығы жай-күйінің және қоршаған орта сапасының нашарлауын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы.3...
2,147
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/407.htm
Ст. 407 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Белгілі бір аумақта төтенше экологиялық жағдай аймағының немесе экологиялық зілзала аймағының құқықтық режимі белгіленген жағдайда мынадай шаралар енгізілуі мүмкін:1) қолайсыз экологиялық ахуалдың туындауына себепші болған объектілердің қызметін тоқтату не шектеу;2) табиғи орта құрамдастарын қалпына келтіру (молықты...
2,148
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/408.htm
Ст. 408 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зілзала салдарынан зардап шеккен адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өздеріне келтірілген зиянды өтетуге, сондай-ақ әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
2,149
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/409.htm
Ст. 409 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Экологиялық ахуалды мониторингтеу қоршаған орта мен халық денсаулығының жай-күйін арнайы байқауды және тиісті зерттеулерді қамтиды.2. Төтенше экологиялық жағдай аймағы мен экологиялық зілзала аймағындағы экологиялық ахуалды мониторингтеу объектілері мыналар:1) төтенше экологиялық жағдайдың немесе экологиялық зілзала...
2,150
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/410.htm
Ст. 410 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы мен экологиялық ахуалдың қалыпқа келтірілгенін куәландыратын зерттеп-қарау материалдары негізінде төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық режимінің қолданысы – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімімен, ал экологиялық апат аймағы құқықтық режи...
2,151
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/411.htm
Ст. 411 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Төтенше экологиялық жағдай аймағының немесе экологиялық зiлзала аймағының құқықтық режимінiң бұзылуына кiнәлi жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.АРНАЙЫ БӨЛІК22-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ...
2,152
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/412.htm
Ст. 412 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
2,153
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/413.htm
Ст. 413 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық шарттарды жасау, орындау, өзгерту және тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасында реттеледі.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық шарттарды іске асыру:1) олардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті іс-қимылдар ж...
2,154