link stringlengths 43 81 | title stringlengths 50 97 | content stringlengths 52 106k | __index_level_0__ int64 0 8.25k |
|---|---|---|---|
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/214.htm | Ст. 214 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Су сапасының экологиялық нормативтері:1) химиялық көрсеткіштер үшін – судағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін концентрациясы түрінде;2) физикалық көрсеткіштер үшін – суға физикалық әсер етудің (жылу, радиоактивті) шекті жол берілетін деңгейлері түрінде;3) биологиялық көрсеткіштер үшін су сапасының индикаторлар... | 1,955 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/215.htm | Ст. 215 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Мемлекет су объектілерін қорғау мақсатында суға жол берілетін антропогендік әсер етудің мынадай нормативтерін:1) жол берілетін төгінділер нормативтерін;2) төгінділердің технологиялық нормативтерін;3) жерүсті суына жол берілетін физикалық әсер ету нормативтерін;4) су объектілеріне шекті жол берілетін жағымсыз әсер ет... | 1,956 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/216.htm | Ст. 216 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Жол берілетін төгінді нормативі – экологиялық рұқсатта белгіленетін және уақыт бірлігінде төгуге барынша жол берілетін (рұқсат етілетін) сарқынды сулардағы ластағыш заттың не ластағыш заттар қоспасының көлемі (массасы) ретінде айқындалатын экологиялық норматив.2. Жол берілетін төгінділер нормативтерінің жобасын әзір... | 1,957 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/217.htm | Ст. 217 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. І санаттағы объектілер үшін, жол берілетін төгінділер нормативтерінен басқа, кешенді экологиялық рұқсатпен төгінділердің технологиялық нормативтері белгіленеді.2. І санаттағы жаңа және реконструкцияланатын объектілерге қатысты, егер бақылау тұстамасындағы ластағыш заттардың концентрациясын есептеу нәтижелері су объе... | 1,958 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/218.htm | Ст. 218 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Жол берілетін төгінділердің нормативтерін сақтаудың және олардың су объектісі суының сапасына ықпалының мониторингі осы Кодекске сай экологиялық рұқсатта белгіленген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.2. Жерүсті су объектісі суы сапасының экологиялық нормативтерін сақтау мониторингі бақылау тұстамасында жүзеге асырыл... | 1,959 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/219.htm | Ст. 219 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Су объектілеріне зиянды антропогендік әсер етудің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының экология заңнамасында қызметті жүзеге асыру кезінде сақталуы міндетті жерүсті және жерасты суларын қорғау жөніндегі экологиялық талаптар белгіленеді.2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілік... | 1,960 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/220.htm | Ст. 220 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Су объектілерінде ортақ су пайдалану Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.2. Жеке және заңды тұлғалар ортақ су пайдалануды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген экологиялық талаптарды, Қазақстан Республикасы су заңнамасының талапт... | 1,961 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/221.htm | Ст. 221 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Арнайы су пайдалану тәртібімен жерүсті және жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану арнайы су пайдалануға рұқсаттың немесе кешенді экологиялық рұқсаттың шарттарына сәйкес, сондай-ақ осы Кодексте көзделген экологиялық талаптар сақталған кезде жүзеге асырылуға тиіс.2. Арнайы су пайдалануға рұқсаттың немесе кешен... | 1,962 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/222.htm | Ст. 222 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Сарқынды суларды табиғи жерүсті және жерасты су объектілеріне төгуге тиісті экологиялық рұқсат болған кезде ғана жол беріледі.2. Сарқынды суларды жинақтағыштарды және (немесе) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілерін пайдаланатын тұлғалар олардың қоршаған ортаға әсер етуін болғы... | 1,963 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/223.htm | Ст. 223 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Су қорғау аймағының шегінде:1) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланатын ғимараттарды, құрылысжайларды (селге қарсы, көшкінге қарсы және су тасқынына қарсы ғимаратт... | 1,964 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/224.htm | Ст. 224 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Тәулігіне екі мың текше метрден асатын көлемде жерасты суларын тартуды және пайдалануды жүзеге асыруға негіз болатын жобаға (технологиялық схемаға) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.2. Жерасты суларының көздері мен учаскелерін іздеуді және бағалауды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ ... | 1,965 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/225.htm | Ст. 225 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу бойынша белгіленіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсер етуіне бағалау жүргізу кезінде жерасты су объектілеріне әсер етуді бағалау міндетті түрде жүргізіледі және жерасты суларын қорғау жөніндегі қажетті шаралар айқындалады. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі оп... | 1,966 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/226.htm | Ст. 226 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Қазақстан Республикасының сақтық аймағы – теңіздің жағалау сызығынан құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан, теңізге және ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуі салдарынан ластануы немесе теңіздің ластану көзі болуы мүмкін құрлық аймағы.2. Қазақстан Республикасының сақтық аймағы шегінде қалдықтарды көму полигон... | 1,967 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/227.htm | Ст. 227 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Ауызсымен, шаруашылық-ауызсумен жабдықтау немесе мәдени-тұрмыстық су пайдалану мақсатында пайдаланылатын су объектілері суының сапасы ластағыш заттардың авариялық төгілуінен туындаған және адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төнетін нашарлап кеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау тур... | 1,968 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/228.htm | Ст. 228 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Жер – қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қызмет процесінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін, топырақ қабатын қоса алғандағы жер беті (аумақтық кеңістік).2. Топырақ қабаты (топырақ) – биотикалық, абиотикалық және антропогендік факторлардың ұзақ әсер етуі нәтижесінд... | 1,969 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/229.htm | Ст. 229 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Топырақ сапасының экологиялық нормативтері химиялық көрсеткіштер үшін топырақтағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін концентрациясы түрінде белгіленеді.2. Топырақтағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін концентрациясы деп осы Кодекске сәйкес ластағыш деп танылған химиялық заттың ең көп көлемі (массасы) түсіні... | 1,970 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/230.htm | Ст. 230 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аймақтарға бөлу кезінде экологиялық қауіпсіздік және ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалық жай-күйі қамтамасыз етілуге тиіс.2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аймақтарға бөлу экологиялық қолайсыздық дәрежесінің көрсеткіштеріне негізделеді, физикалық тозу және химиялық ла... | 1,971 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/231.htm | Ст. 231 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Елді мекендердің жерлерін аймақтарға бөлу жерді бағалаудың экологиялық өлшемшарттары негізінде жүзеге асырылады.2. Елді мекендердің жерлерін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру кезінде осындай жерлерден атмосфералық ауаға және осындай аумақтардың суына ластағыш заттардың түсу мүмкіндігі және олардың адамдардың өмір... | 1,972 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/232.htm | Ст. 232 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерін және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердi аймақтарға бөлу кезiнде экологиялық қауiпсiздiк қамтамасыз етiледi.2. Экологиялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету және өнеркәсiптік, көлiктік және өзге де объектiлердi пайдалану үшiн қажеттi жағдай жасау мақсатында... | 1,973 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/233.htm | Ст. 233 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін пайдалану режимі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында реттеледі.2. Сауықтыру мақсатындағы жерлердің аумағында қолайлы экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды сақтау м... | 1,974 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/234.htm | Ст. 234 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Орман қорының жерлерiн пайдалану режимi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының Орман кодексінде реттеледi.2. Аумақтың экологиялық жай-күйiнiң индикаторы ретiндегі өсiмдiктердiң жай-күйiн жердi орман қоры санатына жатқызу кезiндегі экологиялық өлшемшарт деп есептеген жөн.3. Орман қоры... | 1,975 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/235.htm | Ст. 235 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Су қорының жерлерiн аймақтарға бөлу кезiнде су объектiлерiн қорғау қамтамасыз етiледi.2. Су қоры жерлерiнiң құрамындағы жер учаскелерiн жергiлiктi атқарушы органдар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсу бойынша жеке және заңды тұлғаларға ауыл, орман, балық, аңшылық шаруашыл... | 1,976 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/236.htm | Ст. 236 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Босалқы жерлердi аймақтарға бөлу кезiнде жағымсыз өзгерiстер байқалған алаң және зерттелетiн аумақтағы тозу дәрежесi әртүрлi учаскелердi бөлудiң кеңiстiктегi әркелкiлiгi ескерiледi.2. Экожүйелердің тозу жылдамдығы елу жылдық байқау қатары бойынша есептеледі. Экожүйенің тозу дәрежесін бағалау жерді бағалаудың экологи... | 1,977 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/237.htm | Ст. 237 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Мыналар:1) ұсынылып отырған жерді қайта түлету мен жердi қайта бөлудің экологиялық салдарларын ғылыми негiздеу және болжау;2) жердi пайдалану мен барлық санаттағы жерлерді қорғауды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде бiрыңғай мемлекеттiк экологиялық саясатты негiздеу және iске асыру;3) жердiң нысаналы пайдаланылуын қ... | 1,978 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/238.htm | Ст. 238 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Жеке және заңды тұлғалар жерді пайдалану кезінде жердің ластануына, жер бетінің қоқыстануына, топырақтың тозуына және құнарсыздануына жол бермеуге тиіс, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатының біржола жоғалуын болғызбау үшін қажет болған жағдайда оны алуды және сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.2. Жер қойнауын пайда... | 1,979 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/239.htm | Ст. 239 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Биологиялық әртүрлілік барлық көздерден тарайтын тірі организмдердің, оның ішінде жерүсті, теңіз және өзге де су экожүйелерінің және олар бір бөлігі болып табылатын экологиялық кешендердің түрленгіштігін білдіреді және түр шеңберіндегі, түрлер арасындағы әртүрлілік пен экожүйелердің әртүрлілігін қамтиды.2. Экологиял... | 1,980 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/240.htm | Ст. 240 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Биоәртүрлілікті сақтау мақсатында шаралар өз артықшылықтарының кемуі тәртібімен мынадай реттілікпен қолданылады:1) жағымсыз әсер етуді болғызбау жөніндегі шаралар бірінші кезекті болып табылады;2) биоәртүрлілікке жағымсыз әсер етуді болғызбау мүмкін болмаған кезде оны барынша азайту жөніндегі шаралар қабылдануға тиі... | 1,981 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/241.htm | Ст. 241 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Биоәртүрлілік шығыны деп антропогендік әсер ету нәтижесінде белгілі бір аумақта (акваторияда) өсімдіктер әлемі және (немесе) жануарлар дүниесі түрінің жойылып кетуі немесе популяциясының елеулі түрде қысқаруы танылады.2. Биоәртүрлілік шығынының орнын толтыру биоәртүрліліктің тұрақты және ұзақ мерзімдік өсуіне бағдар... | 1,982 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/242.htm | Ст. 242 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Экожүйелік көрсетілетін қызметтер деп жеке және заңды тұлғалардың экожүйелерді, олардың функциялары мен пайдалы қасиеттерін пайдаланудан алатын пайдасы түсініледі, оның ішінде:1) жабдықтайтын экожүйелік көрсетілетін қызметтер – экожүйелерден алынатын, азық-түлік, отын, талшық, тұщы су және генетикалық ресурстар секі... | 1,983 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/243.htm | Ст. 243 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Экожүйелік көрсетілетін қызметтер үшін төлемдер деп экожүйелік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың экожүйелік көрсетілетін қызметтерден пайда алуына қажетті белгілі бір әрекеттерді немесе шарттарды орындағаны үшін осындай тұтынушылар экожүйелік көрсетілетін қызметтерді берушілерге сыйақы ретінде жүзеге асыратын ... | 1,984 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/244.htm | Ст. 244 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін мекендеу ортасынан алмай жүзеге асырылады.2. Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттерін пайдалану, сондай-ақ жануарлар дүниесі объектілерін ғы... | 1,985 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/245.htm | Ст. 245 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Қоршаған ортаға әсер етуге міндетті бағалау немесе стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу кезінде белгіленіп отырған қызметтің немесе әзірленетін құжаттың жануарлар дүниесінің жай-күйіне, мекендеу ортасына, жануарлардың миграциясы жолдары мен көбею жағдайларына ықпалы ескерілуге және бағалануға тиіс, сондай-ақ жан... | 1,986 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/246.htm | Ст. 246 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Электр желілерін орналастыру, жобалау, салу, пайдалану, жөндеу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде құстардың және басқа да жабайы жануарлардың қырылуын болғызбауды, мекендеу ортасын, көбею жағдайларын, миграция жолдарын және шоғырлану орындарын сақтауды қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірленуге және жүзеге асырылу... | 1,987 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/247.htm | Ст. 247 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері аумағындағы өсімдіктерді қоспағанда, жағалау-судағы құрғақ өсімдіктерді шабуға өрттің туындау қаупін азайту мақсатында, сондай-ақ шаруашылық қажеттілік жағдайында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойын... | 1,988 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/248.htm | Ст. 248 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және қызметте, жаңа препараттарды жасауда пайдаланылатын басқа да препараттарды тасу, сақтау және қолдану кезінде жеке және заңды тұлғалар көрсетілген препараттарды тасу, сақтау және қолдану қағидаларын сақтауға және жануарлардың ауруы мен қырылуын болғызбауд... | 1,989 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/249.htm | Ст. 249 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | Ескерту. 249-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға жануарлар дүниесін қорғау,... | 1,990 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/250.htm | Ст. 250 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына жататын жануарларды Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіпп... | 1,991 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/251.htm | Ст. 251 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Балық аулау қағидалары, балық аулау объектілері, балық шаруашылығын жүргізу және балық аулау үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын беру тәртібі Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ... | 1,992 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/252.htm | Ст. 252 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін жануарларды алмай және жоймай, олардың мекендеу ортасын нашарлатпай және жануарларға зиян келтірмей пайдалануға жол беріледі.2. Жануарларды алмай және жоймай әрі олардың мекендеу ортасын нашарлатпай жабайы жануарлар тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында оларды ... | 1,993 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/253.htm | Ст. 253 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Жануарларды табиғи ортасынан алу арқылы зоологиялық коллекциялар жасауды және толтыруды (жануарлар дүниесі объектілерінің тұлыптарын, жұмыртқаларын, препараттары мен бөліктерін, жануарлар дүниесі объектілерін, оның ішінде зоопарктердің, зообақтардың, цирктердің, зоологиялық питомниктердің, аквариумдердің, океанариум... | 1,994 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/254.htm | Ст. 254 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Халық денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарлары ауруларын, қоршаған ортаға, шаруашылық және өзге де қызметке зиян келтіруді болғызбау мүддесінде жабайы жануарлардың жекелеген түрлерінің санын реттеуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады. Бұл шаралар жабайы жануарлардың мек... | 1,995 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/255.htm | Ст. 255 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу кезінде мынадай экологиялық талаптар қойылады:1) өз қызметінің нәтижесінде жануарлардың мекендеу ортасының экологиялық жай-күйінің нашарлауына жол бермеу, өндірістік процестерді жүзеге асыру кезінде табиғатты қорғайтын технологияларды қолдану;2) жабайы жануарлардың саны мен па... | 1,996 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/256.htm | Ст. 256 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді және Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде континенттік қайраңда және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағында табиғи еркіндік жағдайында тұрақты тү... | 1,997 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/257.htm | Ст. 257 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің қырылуына, санының қысқаруына немесе мекендеу ортасының бұзылуына алып келуі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді.2. Жеке және заңды тұлғалар бекітіліп берілген аумақтар шегінде жануарларды қорғауды қамтамасыз етуге, жануарлар дүниесін қорғау, өсі... | 1,998 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/258.htm | Ст. 258 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Егер табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және эстетикалық мақсатта пайдалану жануарларды мекендеу ортасынан алмай жүзеге асырылса, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті ... | 1,999 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/259.htm | Ст. 259 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлері, сондай-ақ Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосымшаға енгізілген түрлер еріксіз (торларда және вольерлерде ұстау) және жартылай ерікті (табиғи мекендеу ортасына жақын жағдайлары бар пар... | 2,000 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/260.htm | Ст. 260 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтыру және орман өсiру кезінде мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. | 2,001 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/261.htm | Ст. 261 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Ауыл және орман шаруашылығын кешенді жүргізу үшін орман иелерінің және (немесе) орман пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануына берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш және бұта өсімдіктерін күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану Қазақстан Республикасы О... | 2,002 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/262.htm | Ст. 262 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Басқа меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелері арасында орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерін күзетуді, қорғауды, пайдалануды, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыруды жүзеге асыру үшін мемлекеттік орман иеленушілердің Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленге... | 2,003 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/263.htm | Ст. 263 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Темiржолдардың, автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральдық құбыржолдардың және басқа да желiлiк құрылысжайлардың бөлiнген белдеулерінде орналасқан қорғаныштық екпелер осы объектiлердi қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болғызбауға, шудың әсер етуiн азайтуға арналған.2. Темiржол... | 2,004 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/264.htm | Ст. 264 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Қалалық және ауылдық қоныстардың жасыл қоры орман екпелері мен өзге де екпелер орналасқан аумақтардың жиынтығын білдіреді.2. Қалалық және ауылдық қоныстардың жасыл қорын қорғау жасыл қорды сақтау мен дамытуды қамтамасыз ететін және экологиялық ахуалды қалыпқа келтіру және қолайлы қоршаған орта жасау үшін қажетті іс-... | 2,005 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/265.htm | Ст. 265 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Жасыл белдеулерде орналасқан табиғи объектілерді ерекше қорғау мақсатында қызметтің шектеулі режимі белгіленеді.2. Жасыл белдеулердегі қызметтің шектеулі режимі:1) жасыл белдеулерде орналасқан табиғи объектілер жай-күйінің қолайсыз өзгеруіне алып келмейтін қызмет түрлерін жүзеге асыру және технологияларды қолдану ба... | 2,006 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/266.htm | Ст. 266 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Қазақстан Республикасының құнды гендік қоры және ұлттық қазынасы болып табылатын өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін, жойылып кету қатері төнген, эндемиялық және реликтік түрлерінің қырылуына, популяциясының қысқаруына немесе мекендеу ортасының бұзылуына алып келуі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді.2. Құнды... | 2,007 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/267.htm | Ст. 267 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | Ескерту. 267-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Өсімдіктердің (оның ішінде, гербарийлік коллекциялар), жануарлардың және генетикалық банктерді, ДНҚ мен РНҚ коллекцияларын қоса алғанда, м... | 2,008 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/268.htm | Ст. 268 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының шекараларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. | 2,009 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/269.htm | Ст. 269 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының шегінде функционалдық аймақтарға бөлу негізінде қызметке толық тыйым салынған қорық учаскелері бөліп шығарылады және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыстың жекелеген түрлерін жүргізуге қосымша уақы... | 2,010 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/270.htm | Ст. 270 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | Каспий теңізінің жағалауы бойынша су қорғау аймағының ені осы Кодекстің 223-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, теңіздің соңғы он жыл ішіндегі орташа-көпжылдық деңгейі белгісінен екі мың метрге тең, минус 27 метрге тең деп қабылданады. | 2,011 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/271.htm | Ст. 271 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі халық су пайдаланатын жерлерде жағалау маңы суын қорғау аудандарын жергілікті атқарушы органдар нақты және перспективалық су пайдалануды ескере отырып, өз құзыреті шегінде белгілейді. Осындай аудан аумағының теңіз жағындағы ені теңіздің соңғы он жылдағы орташа-көпжылдық деңгейі... | 2,012 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/272.htm | Ст. 272 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Каспий теңізі деңгейінің көтеріліп-қайтып ауытқуының ықпал ету аймағының нақты тіркелген шекарасы болмайды және ол шамамен акваторий шегінде минус 29 метр абсолютті белгіден құрлықтағы минус 26 метрге дейін жетеді.2. Каспий теңізі деңгейінің көтеріліп-қайтып ауытқуының ықпал ету аймағы шегінде:1) су объектілерінің ж... | 2,013 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/273.htm | Ст. 273 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында қызметті жүзеге асыру кезінде мынадай экологиялық талаптар сақталуға тиіс:1) авариялық-құтқару жұмыстарын қоспағанда, топырақты қазып алуға және басқа жерге апаруға байланысты жұмыстарға жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган беретін... | 2,014 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/274.htm | Ст. 274 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте көзделген өзге де экологиялық талаптарға қосымша ретінде осы бапта белгіленген экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті... | 2,015 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/275.htm | Ст. 275 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында геофизикалық жұмыстарды жүргізу кезінде:1) сейсмикалық толқындардың жару көздерін және ихтиофауна мен оның мекендеу ортасына зиянды әсер ететін параметрлері бар пневматикалық көздерді пайдалануға;2) қауіпсіздігі құжатпен немесе тәжірибелік геофизикал... | 2,016 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/276.htm | Ст. 276 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Теңіз деңгейінің көтеріліп-қайтып ауытқуы ықпал ететін аймақта мұнай-газ құбыржолдарын және оларға ілеспе объектілерді жобалау және салу ауытқудың ең жоғары амплитудасы ескеріле отырып жүргізілуге тиіс.2. Мұнай-газ құбыржолдарындағы автоматты бекіту ысырмаларын жобалау мұнай-газ құбыржолдары тұтастығының ықтимал бұз... | 2,017 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/277.htm | Ст. 277 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Порттар мен айлақтарды қоспағанда, жағалау базаларын, оның ішінде жанар-жағармай материалдары қоймаларын, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету станцияларын салу қолда бар инфрақұрылым пайдаланыла отырып, Каспий теңізі жағалауының су қорғау аймағынан тыс жерде жүзеге асырылуға тиіс. Cу қорғау аймағында Қазақст... | 2,018 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/278.htm | Ст. 278 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Каспий теңізінде өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі объектілерінің кездейсоқ интродукциялануын болғызбау үшін экологиялық зерттеп-қарау жүргізбестен, бұрын өзге су бассейндерінде жұмыс істеген жабдықты және аппаратураны, сондай-ақ кемелерді пайдалануға тыйым салынады.2. Су көлігімен жүзіп өтудің барлық түрлері ж... | 2,019 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/279.htm | Ст. 279 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру, барлау, оның ішінде пайдалы қатты қазбаларды, минералдық және (немесе) ауызсуларды барлау жөніндегі операциялар объектілерін консервациялау немесе жою Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.2. С... | 2,020 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/280.htm | Ст. 280 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік экологиялық мониторингті міндетті түрде жүзеге асырады.2. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізетін жер ... | 2,021 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/281.htm | Ст. 281 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Парниктік газдар деп Жердің атмосферасын құрайтын, инфрақызыл сәулені сіңіре немесе шағылыстыра алатын, шығу көзі табиғи да, антропогендік те болатын газ тәріздес заттар (химиялық қосылыстар) түсініледі.2. Осы Кодекстің күші парниктік газдардың мынадай түрлеріне:1) көміртегі диоксидіне (CO2);2) метанға (CH4);3) азот... | 2,022 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/282.htm | Ст. 282 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Парниктік газдардың шығарылуы деп антропогендік процестер нәтижесінде атмосфераға парниктік газдардың босап шығуы түсініледі.2. Парниктік газдардың сіңірірілуі деп кез келген табиғи процесті немесе қызмет түрін жүзеге асыру нәтижесінде болатын атмосферадан парниктік газды абсорбциялау (жою) түсініледі.3. Парниктік г... | 2,023 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/283.htm | Ст. 283 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Қазақстан Республикасы 2030 жылғы 31 желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасының көміртегі балансын 1990 жылғы көміртегі балансының деңгейінен кемінде он бес пайызға төмендетуді қамтамасыз етуді өзіне мақсат етіп қояды.Қазақстан Республикасының көміртегі балансы белгіленген кезеңде парниктік газдардың нақты сіңірілу... | 2,024 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/284.htm | Ст. 284 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуі саласындағы мемлекеттік реттеу деп Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету және оның халықаралық міндеттемелерін орындау қажеттігін ескере отырып, парниктік газдардың шығарылуын қысқарту және сіңірілуін ұлғайту үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекеттің қы... | 2,025 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/285.htm | Ст. 285 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | Парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуі саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай құралдар:1) көміртегі бюджетін белгілеу;2) көміртектік квоталау;3) қондырғылар операторларын әкімшілендіру пайдаланыла отырып жүзеге асырылады. | 2,026 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/286.htm | Ст. 286 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Көміртегі бюджеті деп көміртектік бюджеттеу кезеңіне Қазақстан Республикасының көміртегі балансы үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен белгіленген шекті жол берілетін көлем түсініледі.2. Көміртектік бюджеттеу кезеңінде Қазақстан Республикасының көміртегі балансы осындай кезеңге қатысты белгіленген көміртегі бюджетін... | 2,027 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/287.htm | Ст. 287 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Осы Кодексте көзделген парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуі саласындағы мемлекеттік реттеу құралдары парниктік газдардың шығарылуы осы бөлімде белгіленген тиісті шекті мәндерден асатын қондырғыларға қолданылады.2. Қондырғы деп парниктік газдар шығарылуының стационарлық көзі немесе өзара бірыңғай технологиялық... | 2,028 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/288.htm | Ст. 288 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуі саласындағы мемлекеттік реттеу мен халықаралық ынтымақтастықты техникалық және сараптамалық қолдап отыруды қамтамасыз ететін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдардың шығарылуын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы көміртегі бірлік... | 2,029 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/289.htm | Ст. 289 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Көміртектік квоталау деп мемлекеттің көміртектік бюджеттеу кезеңінде осы баптың 2-тармағында көрсетілген экономика секторларында квоталанатын қондырғылар жүзеге асыратын парниктік газдардың квоталанатын шығарылуының жиынтық көлемін сандық шектеуді белгілеу және осы Кодекске сәйкес квоталау субъектілеріне көміртегі к... | 2,030 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/290.htm | Ст. 290 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары экономиканың реттелетін секторлары бойынша квоталау субъектілерінің арасында бөлуге жататын көміртегі квотасы бірліктерінің жалпы санын, сондай-ақ көміртегі квотасы бірліктерінің резерві көлемін белгілейтін құжат болып табылады.2. Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарын қоршаған ... | 2,031 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/291.htm | Ст. 291 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Квоталау субъектілерінің арасында көміртегі квотасының бірліктерін бөлу оларды Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарында айқындалған көлем шегінде тегін бөлу және аукцион арқылы сату шарттарында жүзеге асырылады.2. Квоталанатын қондырғылар үшін тегін бөлуге жататын көміртегі квотасы бірліктерінің көлемі парниктік газ... | 2,032 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/292.htm | Ст. 292 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Көміртегі бірліктерін өтеу деп оларды көміртегі бірліктерін квоталау субъектісінің тиісті шотынан есептен шығару және көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі квоталарды өтеу есебіне есепке жатқызу арқылы айналымнан алу түсініледі.2. Көміртегі бірліктерін өтеу есепті жылда парниктік газдардың шығарылуын түг... | 2,033 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/293.htm | Ст. 293 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Квоталау субъектісі Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары қолданылатын кезеңде орындалуы міндетті квоталанатын қондырғының парниктік газдарды шығаруын мониторингтеу жоспарын (бұдан әрі – мониторингтеу жоспары) әзірлейді.ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми ж... | 2,034 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/294.htm | Ст. 294 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Парниктік газдардың шығарылуын түгендеу деп есепті кезеңде парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуінің нақты көлемін айқындау түсініледі.ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-тармақтың бірінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолд... | 2,035 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/295.htm | Ст. 295 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Квоталау субъектісі Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары қолданылған кезеңде квоталанатын қондырғының қуаттылығы ұлғайтылған жағдайда негізгі көміртегі квотасы болмаған немесе оның көлемі жеткіліксіз болған кезде қосымша көміртегі квотасын алу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш жасайды... | 2,036 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/296.htm | Ст. 296 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Квоталанатын қондырғының операторы ауыстырылған жағдайда, алдыңғы оператордың осы бөлімде көзделген құқықтары мен міндеттерінің барлығы квоталанатын қондырғының жаңа операторына ауысады.2. Квоталанатын қондырғының жаңа операторы он жұмыс күні ішінде көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесінің операторына көміртегі бір... | 2,037 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/297.htm | Ст. 297 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Квоталанатын қондырғының операторы өзінің атауы және (немесе) ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда, он жұмыс күнде ішінде көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесінің операторына көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміне тиісті өзгерістер енгізу туралы электрондық нысанда өтініш беруге міндетті.2. Көміртегі б... | 2,038 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/298.htm | Ст. 298 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Көміртегі офсеті деп Қазақстан Республикасында экономиканың кез келген секторында парниктік газдардың шығарылуын қысқартуға және (немесе) парниктік газдардың сіңірілуін ұлғайтуға бағытталған қызметті немесе қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізілген парниктік газдардың шығарылуын қысқарту және (немесе)... | 2,039 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/299.htm | Ст. 299 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Көміртегі бірлігі көміртегі квотасының немесе көміртегі офсетінің есептік бірлігі болып табылады және көміртегі диоксиді баламасының бір тоннасына тең болады.2. Көміртегі бірлігі (көміртегі квотасының бірлігі, офсеттік бірлік) осы Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасында көміртегі нарығының субъектілері арасында ай... | 2,040 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/300.htm | Ст. 300 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі – көміртегі бірліктерін айналысқа енгізуге, сақтауға, беруге, сатып алуға, резервке қоюға, бұғаттауға, өтеуге, жоюға, айналыстан алуға байланысты операцияларды есепке алудың электрондық жүйесі.2. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде әрбір квоталанатын қондырғығ... | 2,041 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/301.htm | Ст. 301 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Парниктік газдардың квоталанатын шығарылуының көлемі экономиканың реттелетін секторларында жылына он мыңнан жиырма мың тоннаға дейінгі көміртегі диоксидін құрайтын қондырғы әкімшілендірілетін қондырғы деп танылады.Әкімшілендірілетін қондырғының операторы әкімшілендіру субъектісі деп танылады.2. Әкімшілендіру субъект... | 2,042 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/302.htm | Ст. 302 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуін түгендеудің мемлекеттік жүйесі тиісті кезеңдегі Қазақстан Республикасында парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуінің нақты көлемін айқындау үшін қажетті деректерді жинау, өңдеу, сақтау және талдау жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралардың жиынтығын білдіреді.2. Парникт... | 2,043 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/303.htm | Ст. 303 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Мемлекеттік көміртегі кадастры парниктік газдардың шығарылу көздерін, олар шығарған шығарындылар көлемін, сондай-ақ қондырғының операторы үшін белгіленген шекаралар шегінде парниктік газдардың шығарылуын қысқарту немесе сіңірілуін ұлғайту көлемін есепке алу жүйесін білдіреді.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәк... | 2,044 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/304.htm | Ст. 304 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Валидациялау – парниктік газдардың шығарылуын қысқарту немесе сіңірілуін ұлғайту жөніндегі жобаларды әзірлеу шеңберінде мониторинг жоспарының, сондай-ақ құжаттаманың халықаралық стандарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау мен растаудың жүйелі, тәуелсіз және құ... | 2,045 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/305.htm | Ст. 305 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Озон қабаты Жер планетасы атмосферасының шекаралық қабатының үстіндегі атмосфералық озон қабатын білдіреді.2. Озон қабатын қорғау деп озон қабатының бұзылуынан туындаған қолайсыз салдарлардан адамдардың өмірін және (немесе) денсаулығын қорғау және қоршаған ортаны қорғау мақсатында озон қабатының бұзылуын болғызбау ж... | 2,046 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/306.htm | Ст. 306 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Озон қабатын бұзатын заттар (бұдан әрі – озонды бұзатын заттар) деп дербес немесе қоспада болатын, қызметте пайдаланылатын не қызмет өнімі болып табылатын және Жердің озон қабатына зиянды әсер етуі мүмкін химиялық заттар түсініледі.2. Осы Кодекске сәйкес озонды бұзатын заттарға жатқызылмаған химиялық заттар озон үші... | 2,047 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/307.htm | Ст. 307 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | Озон қабатын қорғау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады және ол:1) озонды бұзатын заттарды тұтынуды реттеуді;2) озонды бұзатын заттармен жұмыс істеуді реттеуді қамтиды. | 2,048 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/308.htm | Ст. 308 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Озонды бұзатын заттарды тұтыну деп белгілі бір кезеңде Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты орналастыру үшін әкетілген озонды бұзатын заттарды шегере отырып, Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты орналастыру үшін әкелінген озонды бұзатын заттардың жалпы көлемі түсініледі.2. Озонды бұзатын заттарды тұты... | 2,049 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/309.htm | Ст. 309 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу мынадай операцияларды қамтиды:1) өнімдер мен жабдықтарды үстеп құю операцияларын қоса алғанда, өндірісте, техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде не өзге де технологиялық процестерде озонды бұзатын заттарды пайдалану (бұдан әрі – озонды бұзатын заттарды пайдалану);2) озон... | 2,050 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/310.htm | Ст. 310 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастры олардың орналасқан жері, құрамдастық құрамы, сандық және сапалық сипаттамалары, пайдалану шарттары туралы деректерді қамтитын, озонды бұзатын заттарды тұтыну мен олармен жұмыс істеуді есепке алудың кезең-кезеңмен толықтырылып отыратын және нақтыланатын жүйесін білдіреді.... | 2,051 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/311.htm | Ст. 311 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер озонды бұзатын заттармен жұмыс істеген кезде:1) Қазақстан Республикасының озон қабатын қорғау туралы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес озонды бұзатын заттарды тұтынуды қысқартуға және оларды тұтынуды толық тоқтату үшін қажетті шаралар қабылдауға;2) осы Кодекстің және озонды бұза... | 2,052 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/312.htm | Ст. 312 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Климаттың өзгеруі деп климат жай-күйінің не оның онжылдық немесе одан да ұзақ кезеңдегі өзгермелілігінің орташа көрсеткіштерінің статистикалық елеулі ауытқуы түсініледі, ол жаһандық атмосфера құрамындағы өзгерістерді тудыратын адамның қызметіне тікелей немесе жанама түрде байланысты болады және салыстырмалы уақыт ке... | 2,053 |
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/313.htm | Ст. 313 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ | 1. Климаттың өзгеруіне бейімделу адам денсаулығы, экологиялық жүйелер, қоғам және экономика үшін климаттың өзгеруі себебінен болатын қолайсыз салдарлар мен залалды болғызбау және оны азайту, климаттың өзгеруіне осалдықты төмендету, сондай-ақ климаттың өзгеруіне байланысты қолайлы мүмкіндіктерді пайдалану мақсатында жүз... | 2,054 |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.