link
stringlengths
43
81
title
stringlengths
50
97
content
stringlengths
52
106k
__index_level_0__
int64
0
8.25k
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/96.htm
Ст. 96 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық процестi жүргізетін орган, егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге байланысты күдіктіге, айыпталушыға, жәбiрленушiге, куәге, қылмыстық процеске қатысатын басқа да адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарына қатысты күш қолданудың немесе қылмыстық заңда тыйым салынған өзге де іс-әрекетт...
2,255
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/97.htm
Ст. 97 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган куәлардың, күдіктілердің және қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының қауiпсiздiгі шараларын қамтамасыз ету мақсатында:1) күш қолданудың немесе қылмыстық заңда тыйым салынған басқа да іс-әрекеттердің қатерін төн...
2,256
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/98.htm
Ст. 98 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Төрағалық етушi сот талқылауына қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн соттың жабық отырысын өткiзедi, сондай-ақ осы Кодекстiң 97-бабының бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген шараларды қолданады.2. Сот қорғалатын адамның, айыптаушы тараптың өтiнiшхаты бойынша, сондай-ақ адамның, оны...
2,257
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/99.htm
Ст. 99 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, судьяға (сотқа) қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтiнiшхатпен жүгінген тұлғаның немесе өздері өкілдік ететін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн процестік әрекеттерді ...
2,258
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/100.htm
Ст. 100 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Егер жүргiзiлген процестік әрекеттер процеске қатысушылардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн қозғайтын болса, олар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың, соттың немесе судьяның шешiмдерi мен әрекеттерiне осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.2. Шағымда...
2,259
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/101.htm
Ст. 101 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Алдын ала қамауға алу орындарының әкiмшiлiгi қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған немесе бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұсталатын адамдардың қылмыстық процестi жүргізетін органға жолданған шағымдарын оған дереу беруге мiндеттi.2. Ұстап алынған немесе күзетпен ұсталатын адамдардың аз...
2,260
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/102.htm
Ст. 102 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың, судьяның немесе соттың әрекеттерiне және шешiмдерiне шағымдар сотқа дейінгі бүкіл тергеп-тексеру және сот талқылауы барысында берілуі мүмкін. Қылмыстық істі сотқа дейінгі сатыда тоқтату туралы шешімге шағымдар қылмыстық қудалау органының тиісті қаулысы шығарылғ...
2,261
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/103.htm
Ст. 103 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Осы Кодексте көзделген жағдайларда шағым беру шағым жасалған шешiмнiң орындалуын тоқтата тұрады. Өзге жағдайларда шағым келтіру, егер шағымды қараушы адам осыны қажет деп тапса, шағым жасалған шешiмнiң орындалуын тоқтата тұруға әкеп соғуы мүмкiн.
2,262
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/104.htm
Ст. 104 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Шағымды қарауды өздерінің әрекеттерiне шағым жасалған анықтаушыға, тергеушiге, прокурорға немесе судьяға, сол сияқты шағым жасалған шешiмдi бекiткен лауазымды адамға тапсыруға тыйым салынады.2. Тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы, прокурор немесе судья шағымды қарай отырып, онда жазылған барлық дәлел...
2,263
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/105.htm
Ст. 105 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешiмдерiне өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын тұлғалар берген шағымдар тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына, прокурорға немесе сотқа беріледi.Өз...
2,264
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/106.htm
Ст. 106 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға қылмыстық құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуында, тергеп-тексеру мерзімдерін үзуде, қылмыстық істі тоқтатуда, сот-медициналық сараптама жүргізу...
2,265
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/107.htm
Ст. 107 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Ескерту. 107-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі, тергеу судьясының актісімен құқықтары мен бостандықтары тікелей қозғалатын ...
2,266
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/108.htm
Ст. 108 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Бірінші сатыдағы соттардың үкіміне, қаулыларына шағымдар, прокурордың өтінішхаттары осы Кодекстің 48-тарауының қағидаларына сәйкес беріледі. Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау туралы шағымдар, наразылықтар, өтінішхаттар осы Кодекстің 52-тарауында белгіленген қағидаларға сәйкес беріледі.Ескерту. 108-бап жаңа ...
2,267
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/109.htm
Ст. 109 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық процестiң қатысушысы болып табылмайтын адамдардың осы Кодексте көзделген негiздер болған кезде, өздерін күдіктілер, жәбiрленушiлер, жекеше айыптаушылар, азаматтық талапкерлер, азаматтық жауапкерлер, олардың заңды өкiлдерi және өкiлдерi деп тануды талап етуге құқығы бар. Көрсетілген адамдардың арыздарын (өт...
2,268
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/110.htm
Ст. 110 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық процеске қатысатын әрбiр адамның өз құқықтары мен мiндеттерiн, өзі таңдаған ұстанымның құқықтық салдарын бiлуге, сондай-ақ өзінің қатысуымен өтiп жатқан процестік әрекеттердiң мәні және өзіне танысу үшiн ұсынылған қылмыстық iс материалдарының мазмұны бойынша түсіндірме алуға құқығы бар.2. Қылмыстық процест...
2,269
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/111.htm
Ст. 111 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Заңды түрде алынған, олардың негізінде анықтау органы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, сот осы Кодексте айқындалған тәртiппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген іс-әрекеттiң бар екенін немесе жоқ екенін, күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының бұл әрекеттi жасағанын немесе жасамағанын, оны...
2,270
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/112.htm
Ст. 112 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Нақты деректер, егер олар осы Кодекстiң талаптары бұзыла отырып алынса, алынған нақты деректердiң анықтығына сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе істі сотта қарау кезiнде процеске қатысушыларды заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе құқықтарына қысым көрсету арқылы немесе қылмыстық процестiң өзге де ереже...
2,271
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/113.htm
Ст. 113 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық iс бойынша:1) оқиға және қылмыстық заңда көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгiлерi (оның жасалған уақыты, орны, тәсілі және басқа да мән-жайлары);2) қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттi кiмнiң жасағаны;3) адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттi жасаудағы кiнәлiлiгi, оның кi...
2,272
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/114.htm
Ст. 114 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Мына мән-жайлар, егер тиiстi құқықтық рәсiмдер шеңберiнде:1) жалпыға белгiлi фактiлер;2) қазіргі заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсiпте жалпыға бірдей қабылданған зерттеу әдiстерiнiң дұрыстығы;3) заңды күшiне енген сот актісімен белгiленген мән-жайлар;4) адамның заңды бiлуi;5) адамның өз қызметтiк және кәсiби мiнд...
2,273
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/115.htm
Ст. 115 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Күдіктiнiң, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтары – олардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында осы Кодекстiң 26-тарауында белгiленген тәртiппен жауап алуда жазбаша немесе ауызша нысанда хабарлаған мәлiметтері.2. Күдіктi өзiне қарсы күдік жөнiнде, сол сияқты өзiне белгiлi, iс бойынша маңызы бар өзге де мән-жайлар мен ...
2,274
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/116.htm
Ст. 116 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сарапшының қорытындысы – осы Кодекстің талаптарына сәйкес ресімделген, сот-сараптамалық зерттеудің барысы мен нәтижелері көрсетілетін құжат.2. Сарапшының ауызша түсiндірмелерi ол бұрын берген қорытындыны түсiндiру бөлiгiнде ғана дәлелдемелер болып табылады.3. Сарапшының қорытындысы қылмыстық процестi жүргізетін орга...
2,275
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/117.htm
Ст. 117 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Маманның қорытындысы – осы баптың үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес ресімделген және маманның алдына қылмыстық процесті жүргізетін адам немесе тараптар қойған мәселелер бойынша зерттеулердің мазмұны мен түйіндерін көрсететін, жазбаша түрде ұсынылған ресми құжат.Зерттеуді тағайындау, қорытынды берудің мүмкін еместі...
2,276
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/118.htm
Ст. 118 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Мыналар заттай дәлелдемелер деп танылады:1) егер қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың қаруы немесе өзге де құралы болды деп пайымдауға негіз болса, нәрселер;2) қылмыстық құқық бұзушылықтың іздері сақталып қалған немесе сақталуы мүмкін нәрселер;3) қоғамға қауіпті қолсұғушылық объектілері болған нәрселер;4) қылмыстық құ...
2,277
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/119.htm
Ст. 119 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық процестi жүргізетін адам тiкелей қабылдаған мән-жайларды куәландыратын, осы Кодекстiң қағидаларына сәйкес жасалған тергеу әрекеттерінің хаттамаларында, осы Кодекстің 527-бабында көзделген талаптарға сәйкес жасалған хаттамада қамтылған, сондай-ақ қарап-тексеру, куәландыру, алу, тiнту, ұстап алу, мүлiкке тый...
2,278
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/120.htm
Ст. 120 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Егер жеке, заңды тұлғалар және лауазымды адамдар құжаттарда баяндаған немесе куәландырған мәлiметтердiң қылмыстық iс үшiн маңызы бар болса, құжаттар дәлелдемелер деп танылады.2. "Жедел-iздестiру қызметi туралы", "Қарсы барлау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары сақтала отырып алынған, құқыққа...
2,279
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/121.htm
Ст. 121 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Дәлелдеу iстi заңды, негiзді және әдiл шешу үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден, бағалаудан және пайдаланудан тұрады. Дәлелдеу осы Кодекстің 23-тарауында көзделген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.2....
2,280
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/122.htm
Ст. 122 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Дәлелдемелерді жинау сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы процесінде осы Кодексте көзделген процестік әрекеттерді жүргізу арқылы жүргізіледі. Дәлелдемелерді жинау оларды табуды, бекітуді және алып қоюды қамтиды.2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган процеске қатысушылардың өтінішхаттары немесе өз бастамас...
2,281
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/123.htm
Ст. 123 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Нақты деректер процестік әрекеттердiң хаттамаларында тіркелгеннен кейiн ғана дәлелдемелер ретiнде пайдаланылуы мүмкін.2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында хаттамаларды жүргiзу жауаптылығы анықтаушыға, тергеушiге және прокурорға, ал сотта – сот отырысына төрағалық етушi мен хатшыға жүктеледi.3. Тергеу және сот ә...
2,282
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/124.htm
Ст. 124 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Iс бойынша жиналған дәлелдемелер жан-жақты және объективтi түрде зерттелуге жатады. Зерттеу алынған дәлелдемені талдауды, оны басқа дәлелдемелермен салыстыруды, оларды тексеру үшін қосымша дәлелдемелер жинауды, дәлелдемелер алу көздерiн тексерудi қамтиды.
2,283
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/125.htm
Ст. 125 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Әрбiр дәлелдеме – оның қатыстылығы, жол берілетіндігі, анықтығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер өз жиынтығында қылмыстық iстi шешу үшiн жеткiлiктiлiгi тұрғысынан бағалануға тиiс.2. Судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы дәлелдемелерді осы Кодекстiң 25-бабына сәйкес заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып, дәлелдемел...
2,284
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/126.htm
Ст. 126 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокат, сондай-ақ сарапшы және маман қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды осы Кодексте көзделген процестік міндеттерін өздері орындауы кезінде пайдалана алады.2. Қылмыстық процестi жүргізетін орган, ...
2,285
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/127.htm
Ст. 127 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Соттың қылмыстық iс бойынша заңды күшiне енген үкімі, сондай-ақ қылмыстық істі мәні бойынша шешетін басқа да шешiмі анықталған мән-жайларға да, олардың соттың үкімі мен шешімі шығарылға...
2,286
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/128.htm
Ст. 128 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы күдіктіні ұстап алу – қылмыстық қудалау органы қылмыстың жолын кесу және оған күзетпен ұстау түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселенi шешу мақсатында немесе адамның жасырынуы не неғұрлым ауыр қылмыс жасауы мүмкін деп пайымдауға негіздер болса, қылмыстық теріс қылық бой...
2,287
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/129.htm
Ст. 129 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Жеткізу – адамның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатыстылығын анықтау мақсатында үш сағаттан аспайтын мерзімге қолданылатын процестік мәжбүрлеу шарасы.2. Адамның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бары расталған жағдайда, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 131-бабында көзделген тәртіппен ұстап алуды жүзеге асыруға ...
2,288
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/130.htm
Ст. 130 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Жәбiрленушiнiң, сондай-ақ кез келген өзге азаматтың қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды оның өзге де қолсұғушылықтар жасау мүмкiндiгiнiң жолын кесу мақсатында ұстап алуға және оны қылмыстық қудалау органына немесе өзге де мемлекеттік билік органына беру не жеткізу үшін оның жүріп-тұру еркіндігін шектеуге құқығы...
2,289
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/131.htm
Ст. 131 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алу кезінде қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы оның қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғанын ауызша хабарлайды, оған қорғаушы шақыру құқығын, үнсіздік сақтау құқығын және оның айтқандары сотта оған қарсы қол...
2,290
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/132.htm
Ст. 132 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Ұстап алуды жүзеге асыратын адам ұстап алынған адамда қару не қару ретінде пайдаланылуы мүмкін немесе қолдануға тыйым салынған нәрселер және дәлелдеуде пайдаланылуы мүмкін өзге де нәрселер бар не ол өзiнiң қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығын әшкерелейтін дәлелдемелерден құтылуға әрекет жасайды деп пайымдауға негіз б...
2,291
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/133.htm
Ст. 133 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған адам, егер:1) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік расталмаса;2) ұстап алынған адамға күзетпен ұстау түрiндегi бұлтартпау шарасын не қамаққа алу не Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу түріндегі жазаны қолдануға негi...
2,292
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/134.htm
Ст. 134 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғандар уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған әскери қызметшiлер мен жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтеп жүрген адамдар да тиiсiнше гауптвахталарда және қылмыстық-атқару жүйесiнiң ...
2,293
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/135.htm
Ст. 135 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам ұстап алынған күдіктінің отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң қайсыбiрiне, ал олар болмаған кезде – басқа туыстарына немесе жақын адамдарына оның ұстап алынғаны және ұсталып отырған жері туралы кейінге қалдырмай хабарлауға немесе күдіктінің өзiне мұндай хабарлау мүм...
2,294
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/136.htm
Ст. 136 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүр не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ қылмыстық процестi жүргізетін орган үкiмнiң орындалуын...
2,295
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/137.htm
Ст. 137 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Мыналар:1) ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат;2) жеке кепiлгерлік;3) әскери қызметшiнi әскери бөлiм қолбасшылығының байқауда ұстауына беру;4) кәмелетке толмаған адамды қарауда ұстауға беру;5) кепiл;6) үйқамақ;7) күзетпен ұстау бұлтарпау шаралары болып табылады.2. Әскери қызметшiнi әскери бөлiм қолб...
2,296
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/138.htm
Ст. 138 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Бұлтарпау шарасын және оның дәл қайсысын қолдану қажеттiлігi туралы мәселені шешкен кезде осы Кодекстің 136-бабында көрсетілген негіздерден басқа, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қосымша шектеулерді белгілеген кезде сондай-ақ мыналар:1) жасалған қылмыстың ауырлығы;2) күдіктінің, айып...
2,297
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/139.htm
Ст. 139 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Осы Кодекстiң 136-бабында көзделген негiздер болған айрықша жағдайларда және осы Кодекстің 138-бабында көрсетiлген мән-жайлар ескерiле отырып, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін күдіктiге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкiн. Бұл ретте күдіктiнің іс-әрекетін саралау туралы қаулы – ...
2,298
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/140.htm
Ст. 140 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Күдіктіге, айыпталушыға бiр мезгiлде екi және одан да көп бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды.2. Қылмыстық процестi жүргізетін орган бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарады, онда адамға күдік келтіріліп, ол айыпталып отырған қылмыстық құқық бұзушылықты көрсету және осы бұлтартпау шарасын қолданудың негі...
2,299
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/141.htm
Ст. 141 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат қылмыстық процесті жүргізетін органның күдіктіден, айыпталушыдан анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерінен (елді мекеннен) кетпеуі, істі тергеп-тексеруге және сотта талқылауға кедергі келтірмеуі, қылмыстық процесті ...
2,300
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/142.htm
Ст. 142 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Жеке кепiлгерлік күдіктінің, айыпталушының тиісті мінез-құлқын және олардың қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуін сенiмге лайық адамдардың өз жауапкершілігіне алатыны туралы жазбаша мiндеттеме қабылдауынан тұрады. Кепiлгерлердің саны екеуден кем болмайды.2. Бұлтартпау шарасы ретiнде жеке кепi...
2,301
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/143.htm
Ст. 143 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Әскери бөлім қолбасшылығының әскери қызметшiлер немесе оқу жиынына шақырылған әскери мiндеттiлер болып табылатын күдіктілерді, айып...
2,302
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/144.htm
Ст. 144 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Кәмелетке толмаған адамды ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының немесе басқа да сенiмге лайық адамдардың, сондай-ақ ол тұрып жатқан, бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды заңға сәйкес жүзеге асыратын ұйым әкiмшiлiгiнiң қарауда ұстауына беру көрсетілген адамдардың қайсыбiрiнiң өзіне кәмелетке толмаға...
2,303
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/145.htm
Ст. 145 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Кепiл сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның, прокурордың немесе соттың шақыруы бойынша оларға күдiктiнiң, айыпталушының келуi жөнiндегi мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ олардың жаңа қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында сот депозитiне күдiктiнiң, ай...
2,304
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/146.htm
Ст. 146 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Үйқамақ күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстамай, бірақ осы Кодекстің 147-бабында көзделген тәртіппен судья белгілеген шектеулер қолданыла отырып, оларды қоғамнан оқшаулауды білдіреді.Ескертпе!ҚР Конституциялық Сотының 11.04.2023 № 9 нормативтік қаулысын қараңыз.2. Күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты үйқама...
2,305
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/147.htm
Ст. 147 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау тек судьяның санкциясымен және басқа, қатаңдығы неғұрлым жеңіл бұлтартпау шараларын қолдану мүмкін болмаған кезде заңмен бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмысты жасады деген күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты ғана қолданыл...
2,306
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/148.htm
Ст. 148 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Күзетпен ұстауды санкциялау құқығы – тергеу судьясына, ал осы Кодекстің 107-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда – облыстық және оған теңестірілген соттың судьяларына тиесілі.2. Тергеу судьясы материалдар сотқа келіп түскен кезден бастап сегіз сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде, осы ...
2,307
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/149.htm
Ст. 149 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілер тергеу изоляторларында ұсталады. Оларды ұстаудың тәртiбi мен жағдайлары заңнамада айқындалады.
2,308
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/150.htm
Ст. 150 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны тергеу изоляторына жеткізу жердiң шалғайлығына немесе тиiстi қатынас жолдарының болмауы немесе тергеу әрекеттерiн жүргiзу немесе iстi сотта қарау қажеттігі салдарынан мүмкiн болмаған жағдайларда, мұндай адамдар...
2,309
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/151.htm
Ст. 151 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Осы Кодексте көзделген ерекше жағдайлардан басқа, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күзетпен ұстау мерзімін екі айдан асыруға болмайды.2. Судья санкциялаған күзетпен ұстаудың қысқа мерзімін екі айға дейін ұзарту қажет болған кезде прокурор ол аяқталардан бір тәулік бұрын тергеу судьясына қосымша жиналған материал...
2,310
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/152.htm
Ст. 152 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхат тергеу судьясының жеке-дара қарауына жатады. Сот отырысына міндетті түрде прокурор қатысады. Отырысқа сондай-ақ күдіктінің қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі және өкілі қатыса алады, өтінішхаттарды қарау уақыты туралы уақтылы хабарланған кезде олард...
2,311
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/153.htm
Ст. 153 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Бұлтартпау шарасының қажеттігі болмай қалған кезде оның күші жойылады немесе ол осы Кодекстің 136 және 138-баптарында көзделген негіздер мен мән-жайлар өзгерген кезде қатаңдығы неғұрлым жеңіл немесе неғұрлым ауыр шараға өзгертіледі.2. Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту қылмыстық процесті жүргізетін ор...
2,312
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/154.htm
Ст. 154 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Ата-анасының немесе асыраушысының күзетпен ұсталуының, сол сияқты қылмыстық процесті жүргізетін органның басқа да әрекеттерiнiң нәтижесiнде қараусыз, күтусiз және күнкөріс қаражатынсыз қалған кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ еңбекке қабiлетсiз адамдардың өздеріне қамқоршылық жасалуына құқығы бар, оны көрсетілген ...
2,313
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/155.htm
Ст. 155 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган осы Кодексте көзделген қылмыстық істер бойынша тергеп-тексерудің, сот талқылауының тәртібін, үкімнің тиісті түрде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға осы Кодекстің 18-тарауында көзделген бұлтартпау шараларының орнына немесе солармен қатар өзге...
2,314
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/156.htm
Ст. 156 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Бұлтартпау шарасын қолдануға қажеттік болмаған, бұлтартпау шарасы қолданылмаған күдікті, айыпталушы тергеу әрекеттеріне немесе сот талқылауына қатысудан жалтаруы мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде не олар шақыру бойынша дәлелді себептерсіз іс жүзінде келмеген кезде аталған адамдардан шақыру бойын...
2,315
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/157.htm
Ст. 157 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Күдікті, айыпталушы, сотталушы, сондай-ақ куә, жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда, олар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, соттың уәждi қаулысы бойынша күштеп әкелінуі (мәжбүрлеп жеткізілуі) мүмкін.2. Шақырту туралы тиiсті түрде хабарланған адамның келмеуiнiң дәлелд...
2,316
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/158.htm
Ст. 158 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде – тергеу судьясы немесе сот ісін жүргізу кезінде сот, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау үшін негіздер болмаған кезде күдікті, айыпталушы, сотталушы осы лауазымда қала отырып, істі тергеп-тексеруге және сотта талқылауға, қылмыспен келтiрiлген залалды өтеуге кедерг...
2,317
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/159.htm
Ст. 159 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Осы Кодекстiң 65-1, 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 144, 156 және 165-баптарында көзделген процестік мiндеттерді орындамағаны және сот отырысында тәртiп бұзғаны үшiн, адвокатты, прокурор мен сотталушыны қоспағанда, қорғалуға құқығы бар куәге, жәбiрленушiге, куәге, маманға, аудармашыға және өзге де адамдарға осы Кодекстің ...
2,318
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/160.htm
Ст. 160 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Осы Кодекстің 159-бабында аталған жағдайларда сот ақшалай өндіріп алуды қолданады.2. Егер тиісті бұзушылыққа сот отырысы барысында жол берілсе, онда сот өндіріп алуды осы бұзушылық анықталған сол бір сот отырысында қолданады, соттың ол туралы қаулысы шығарылады.3. Тиісті бұзушылыққа сотқа дейінгі іс жүргізу барысынд...
2,319
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/161.htm
Ст. 161 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам үкiмнің азаматтық талап қою, басқа да мүлiктiк өндіріп алулар немесе мүлiктi ықтимал тәркiлеу бөлiгiнде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мүлікке тыйым салуды қолдану шараларын қабылдауға міндетті.Егер азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету негіздері сот тергеуі с...
2,320
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/162.htm
Ст. 162 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Мүлікке тыйым салу қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сот алдында күдіктінің немесе олардың әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғалардың мүлкіне тыйым салу туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулы шығарады.Қаулыға өтінішхаттың негізділігін растайтын, қылм...
2,321
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/163.htm
Ст. 163 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Мүлікке тыйым салуды санкциялау құқығы –тергеу судьясына, ал осы Кодекстің 107-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда облыстық және оған теңестірілген соттың судьяларына тиесілі.2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның мүлiкке тыйым салуды қолдану жөнінде өтінішхат қоз...
2,322
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/164.htm
Ст. 164 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Ескерту. 164-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Тергеу судьясының күдіктінің, айыпталушының, оның әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғаның мүлкіне тыйым салуды санкци...
2,323
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/165.htm
Ст. 165 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Жақындауға тыйым салу жәбірленушіні және іске қатысатын өзге адамдарды қорғау мақсатында күдіктінің, айыпталушының, сотталушының оларды іздестіруін, олардың ізіне түсуін, оларға баруын, олармен телефон арқылы сөйлесуін және өзге де тәсілдермен қарым-қатынас жасауын шектеуден тұрады.Жақындауға тыйым салуды тергеу суд...
2,324
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/166.htm
Ст. 166 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қоғамға қауiптi іс-әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жәбірленушіні жерлеуге, емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтемі, жәрдемақы немесе зейнетақы ретiнд...
2,325
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/167.htm
Ст. 167 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Азаматтық талапты қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қылмыстық жазаланатын іс-әрекетімен тікелей мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген тұлға не оның өкiлi сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап сот тергеуі аяқталғанға дейін қоюы мүмкін.Осы Кодекстің 58-бабының екінші бөлігі...
2,326
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/169.htm
Ст. 169 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Азаматтық талапкер қылмыстық процестің кез келген сатысында талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеуге құқылы. Талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеме жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында берiледі және қылмыстық iске қоса тiгіледі. Егер талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеме сот отырысынд...
2,328
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/171.htm
Ст. 171 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Азаматтық талапкер азаматтық талап қойған кезде қылмыстық қудалау органы оны қамтамасыз ету шараларын қолдануға міндетті. Егер мұндай шаралар қолданылмаған болса, сот басты сот талқылауына дайындалу кезінде осы Кодекстің 325-бабына сәйкес қылмыстық қудалау органын оларды қолдануға міндеттейді. Азаматтық талап сот талқы...
2,330
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/172.htm
Ст. 172 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Сот азаматтық талап қоюды толық көлемде немесе ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған кезде соттың үкімін, қаулысын азаматтық талап қою бөлігінде ерікті түрде орындау үшін мерзім белгілеуге құқылы, бұл ретте азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген орындауды кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту қағидалары қо...
2,331
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/173.htm
Ст. 173 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Жәбірленушілердің Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен өтемақы алуға құқығы бар.2. Мәжбүрлі төлемді сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2-баптарына сәйкес өндіріп алады.3. Өтемақы ретінде төленген ақшаны өтеу жөнінде...
2,332
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/174.htm
Ст. 174 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысатын тұлғалардың қорғаушысы мен өкілінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, адвокат сотқа дейінгі іс жүргізуге не сотқа клиентпен шарт жасаспай, тағайындау бойынша қорғаушы ретінде не жәбірленушінің...
2,333
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/175.htm
Ст. 175 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде тиiстi жұмысты орындайтын аудармашы, маман, сарапшы:1) егер жұмысты қызметтiк тапсырма тәртiбiмен орындаса – жұмыс орны бойынша жалақы;2) егер орындалған жұмыс олардың лауазымдық мiндеттерiнiң аясына кiрмесе және оны жұмыстан тыс уақытта орындаса – Қазақстан Республикасының Үк...
2,334
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/176.htm
Ст. 176 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, олардың заңды өкілдерінің, қылмыстық процесті жүргізетін органның тағайындауы бойынша қорғаушы немесе жәбірленушінің (жекеше айыптаушының) өкілі ретінде заң көмегін көрсететін адвокаттардың, осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде және 76...
2,335
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/177.htm
Ст. 177 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Процестік шығындар:1) куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың өкiлдерiне, сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға, куәгерлерге осы Кодекстiң 174, 175-баптарында көзделген тәртiппен төленетiн сомалардан;2) тұрақты жалақысы жоқ куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың өкiлдерiне, куәгерлерге оларды әдеттегі айналысатын к...
2,336
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/178.htm
Ст. 178 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені сот қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарған кезде қарайды. Егер іс бойынша іс жүргізу қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінде аяқталса, тергеу судьясы процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені прокурордың ұсынуы бойынша қарайды. Сот процестік шығында...
2,337
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/179.htm
Ст. 179 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі не кезек күттірмейтін бірінші тергеу әрекеті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы болып табылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы бір тәулік ішінде прокурор хабардар етіледі.Мынад...
2,338
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/180.htm
Ст. 180 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар болмаған кезде, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер, атап айтқанда:1) жеке тұлғаның арызы не мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның қылмыстық құқық бұзушылық не адамның хабарсыз кетк...
2,339
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/181.htm
Ст. 181 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы жеке тұлғаның арыздары ауызша және жазбаша не электрондық құжат нысанында болуы мүмкiн.Жазбаша арызға не электрондық құжат нысанындағы арызға оны берген адам осы баптың екінші бөлігінде арыз иесі туралы айтылған мәліметтерді көрсете отырып қол қоюға тиiс.2. Қылмыстық құқық бұзушылық ...
2,340
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/182.htm
Ст. 182 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Кiнәсiн мойындап келу – адам әлі күдікті деп танылмаған не ол осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен ұстап алынбаған кезде, адамның қылмыстық қудалау органына өзi жасаған немесе дайындап жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы жеке өзі, ерiктi түрде, жазбаша немесе ауызша хабарлауы.2. Ауызша арыз осы ...
2,341
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/183.htm
Ст. 183 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Ескерту. 183-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Масс-медиадағы және онлайн-платформалардағы хабар масс-медиада, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда жарияланғанда немесе...
2,342
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/184.htm
Ст. 184 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді анықтау мына жағдайларда:1) өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде анықтау органының қызметкерi, тергеушi, прокурор қылмыстық құқық бұзушылықтың куәсі болғанда не қылмыстық құқық бұзушылықтың iзiн немесе салдарын ол жасалған бойда анықтағанда;2) қылмыстық қудалау о...
2,343
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/185.htm
Ст. 185 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Ескерту. 185-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қылмыстық қудалау органы дайындалып жатқан, жасалған не жасалып жатқан кез келген қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды қабылдауға және ...
2,344
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/186.htm
Ст. 186 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арыздар немесе хабарлар:1) қылмыстық құқық бұзушылық осы ауданнан, облыстан, республикалық маңызы бар қаладан, астанадан тысқары жерде жасалғанда және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшiн қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерде тергеу әрекеттерін жүргізу қажет болға...
2,345
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/187.htm
Ст. 187 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169, 170, 171, 172, 173, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 184, 185, 186 (екінші бөлігінде), 255 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 257, 260, 267, 270, 275, 291 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде жаппай жоятын қаруды,...
2,346
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/188.htm
Ст. 188 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық құқық бұзушылық жасалған ауданда (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) жүргiзiледi.2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жедел және толық болуы мақсатында ол қылмыстық құқық бұзушылық анықталған орын бойынша, сондай-ақ күдіктi немесе куәлардың көпшiлiгi тұратын жерд...
2,347
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/189.htm
Ст. 189 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру анықтау, алдын ала тергеу нысанында және хаттамалық нысанда жүргізіледі.2. Анықтау нысанындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді осы Кодекстің 191-бабының екінші – он екінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы бөліктерінде көрсетілген қылмыстар бойынша қылмыстық қудалау органы жүргізеді.3. ...
2,348
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/190.htm
Ст. 190 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін.2. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар бойынша, егер жиналған дәлелдемелермен қылмыс фактісі мен оны жасаған адам, оның өз кінәсін толық мойындағаны, келтірілген залал (зиян) мөлшерімен (сомасымен) келіскені анық...
2,349
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/191.htm
Ст. 191 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Осы баптың екінші – он екінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес және анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 107 (бiрiншi бөлiгiнде), 108-1 ...
2,350
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/192.htm
Ст. 192 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сотқа дейiнгі тергеп-тексеру қылмыстық істің күрделілігі, тергеу әрекеттерінің көлемі және істің мән-жайларын зерттеудің жеткіліктілігі ескеріле отырып, қисынды мерзімде, бірақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімінен аспайтын мерзімде аяқталуға тиіс.Қылмыстық...
2,351
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/193.htm
Ст. 193 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Прокурор, сотқа дейiнгi тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып:1) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды тіркейді және оны қылмыстық қудалау органына береді не өзінің іс жүргізуіне қабылдайды және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады;2) қылмыстық құқық б...
2,352
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/194.htm
Ст. 194 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ол күрделi немесе үлкен көлемді болған жағдайда тергеушiлер және анықтау органының қызметкерлері тобына (тергеу, жедел-тергеу тобына) тапсырылуы мүмкiн, бұл туралы қаулы шығарылады. Бұл туралы шешiмдi тергеу бөлімінің немесе анықтау органының бастығы қабылдауға құқылы. Қаулыда...
2,353
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/195.htm
Ст. 195 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Топ жетекшiсi өз қаулысымен iсті өзінің іс жүргiзуiне қабылдайды, топтың жұмысын ұйымдастырады, басқа тергеушiлер мен анықтау органдары қызметкерлерінің әрекеттерiне басшылық жасайды.2. Қылмыстық қудалауды, қылмыстық істі толықтай немесе бір бөлігінде тоқтату туралы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану...
2,354
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/196.htm
Ст. 196 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Алдын ала тергеудің жүзеге асырылуы қажет қылмыс белгiлерi болған жағдайда, анықтау органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға және қылмыс iздерiн анықтау және бекiту бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін: қарап-тексеруді, тiнтудi, алуды, куәландыруды, күдіктілерді ұстап алу мен олардан жауап алуды, жәбi...
2,355
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/197.htm
Ст. 197 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам заңда көзделген тергеу әрекеттеріне қатысуға адамдарды тарта отырып, олардың жеке басына көз жеткізеді, оларға құқықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ тергеу әрекетін жүргiзу тәртiбiн түсiндiредi.2. Кейінге қалдырылмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу әрекетін түнгi ...
2,356