link
stringlengths
43
81
title
stringlengths
50
97
content
stringlengths
52
106k
__index_level_0__
int64
0
8.25k
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/414.htm
Ст. 414 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.2. Әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту кінәлі адамдарды олар жол берген Қазақстан Республикасының экология заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою міндетінен босатпайд...
2,155
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/415.htm
Ст. 415 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Экологиялық даулар деп Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзуға немесе бұзу тәуекеліне байланысты туындайтын даулар түсініледі.2. Экологиялық даулар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен реттеуге жатады.24-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
2,156
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/416.htm
Ст. 416 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Осы Кодекстің 418-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.2. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-...
2,157
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/417.htm
Ст. 417 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенінен кейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
2,158
https://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/418.htm
Ст. 418 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган 2024 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей сапаның экологиялық нормативтерін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді.Сапаның экологиялық нормативтері бекітілгенге дейін тиісті қатынастарды реттеу кезінде сапаның экологиялық нормативтерінің орнына Қазақстан Республикасының ...
2,159
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/1.htm
Ст. 1 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделген Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, Қылмыстық-процест...
2,160
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/2.htm
Ст. 2 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жоғары заңдық күшке ие және тiкелей қолданылады. Осы Кодекстің қағидалары мен Қазақстан Республикасының Конституциясы арасында қайшылықтар болған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерi қолданылады.2. Осы Кодекстің қ...
2,161
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/3.htm
Ст. 3 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот ісін жүргізу, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерге қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүргізіледі.2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстiң кеңiстiкте қолданылуының өзгеше қағидалары белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидал...
2,162
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/4.htm
Ст. 4 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң тергеп-тексеру органдары мен сотының немесе олардың тапсырмасы бойынша қылмыстық процесті жүргiзетiн органның шет мемлекеттiң қылмыстық-процестік құқығын қолдануға, егер бұл Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген болса, жол беріледі.
2,163
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/5.htm
Ст. 5 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу процестік әрекетті орындау, процестік шешiмді қабылдау кезіне қолданысқа енгізілген қылмыстық-процестік заңға сәйкес жүзеге асырылады.2. Дәлелдемелердiң жол берілетіндігі олар алынған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес айқындалады.
2,164
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/6.htm
Ст. 6 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзу осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген дипломатиялық немесе өзге де артықшылықтар мен иммунитеттерге ие адамдарға қатысты немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылатын қылмыстық со...
2,165
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/7.htm
Ст. 7 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Осы Кодекстегі ұғымдардың, егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, мынадай мағынасы бар:1) адамды ұстап беру (экстрадициялау) – қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе үкімді орындау үшін іздестіріліп жатқан адамды мемлекетке ұстап беру;2) айыптаушы тарап – қылмыстық қудалау органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жекеше айыптаушы)...
2,166
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/8.htm
Ст. 8 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды бейтараптықпен, тез және толық ашу, тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану, адамдарды, қоғамды және мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау қылмыстық проце...
2,167
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/9.htm
Ст. 9 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін іске асырудың жалпы шарттарын және қылмыстық процестің өзінің алдында тұрған міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін қылмыстық процесс сатыларының, институттары мен нормаларының жүйесі мен мазмұнын айқындайтын оның іргелі бастаулары қағидаттар болып табылад...
2,168
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/10.htm
Ст. 10 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Кодекс, осы Кодекстің 1-бабында көрсетілген өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.2. Соттар адамның және азаматтың Қазақстан Республикас...
2,169
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/11.htm
Ст. 11 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қазақстан Республикасында қылмыстық iстер бойынша сот төрелігiн сот қана жүзеге асырады. Сот өкiлеттiгiн кiмнiң де болса иемденіп алуы заңда көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.2. Соттың үкiмінсіз және заңға сәйкес емес түрде ешкiмді де қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлi деп тануға, сондай-ақ қылмысты...
2,170
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/12.htm
Ст. 12 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар.2. Ешкiмнің өзі үшін заңмен көзделген соттылығы оның келісімінсіз өзгертiле алмайды.3. Мемлекет заңда белгiленген жағдайларда және тәртiппен әркімнің сот төрелігiне қол жеткізуін және оған келтiрiлген залалдың өтелуiн қамтамасыз етедi.
2,171
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/13.htm
Ст. 13 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық процеске қатысатын адамның абыройын түсіретін немесе қадiр-қасиетiн кемiтетiн шешiмдер мен әрекеттерге тыйым салынады, жеке өмiр туралы мәлiметтердi, сол сияқты адам құпия сақтау қажет деп санайтын жеке сипаттағы мәлiметтердi осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшiн ж...
2,172
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/14.htm
Ст. 14 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша болмаса, ешкiмдi де қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстап алуға, күзетпен қамауға алуға немесе өзгеше түрде бас бостандығынан айыруға болмайды.2. Күзетпен ұстауға және үйқамаққа алуға осы Кодексте көзделген жағдайларда ғана және күзетпен қамауға не...
2,173
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/15.htm
Ст. 15 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық процесті жүргiзетін орган қылмыстық процеске қатысатын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға, қылмыстық процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақтылы шаралар қолдануға мiндеттi.2. Азаматқа қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде оның...
2,174
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/16.htm
Ст. 16 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Азаматтардың жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта, телеграф арқылы және өзге де хабарлардың құпиясына құқығы бар.2. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде әркімге жеке (жек...
2,175
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/17.htm
Ст. 17 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Тұрғынжайға қол сұғылмайды. Тұрғынжайға онда тұратын адамдардың еркiне қарсы кiруге, оған қарап-тексеру мен тiнту жүргiзуге заңда белгiленген жағдайларда және тәртiппен ғана жол берiледi.
2,176
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/18.htm
Ст. 18 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де соттың шешiмi болмайынша өз мүлкiнен айыруға болмайды.2. Процестік әрекеттер барысында адамдардың екінші деңгейдегі банктерде және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында орналастырылған салымдарына және басқа да мүлкiне тыйым салу, сондай-ақ оларды ...
2,177
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/19.htm
Ст. 19 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.2. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.3. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күм...
2,178
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/20.htm
Ст. 20 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Ешкiмдi де бір сол қылмыстық құқық бұзушылық үшін қайтадан қылмыстық жауаптылыққа ұшыратуға болмайды.
2,179
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/21.htm
Ст. 21 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сот төрелігі баршаның заң мен сот алдында теңдiгi бастауларында жүзеге асырылады.2. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында ешкiмдi де шыққан тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге де мә...
2,180
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/22.htm
Ст. 22 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Судья сот төрелігін іске асыру кезiнде тәуелсiз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.2. Соттың сот төрелігін іске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бір араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi.3. Судьяла...
2,181
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/23.htm
Ст. 23 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу айыптаушы және қорғаушы тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидаты негiзiнде жүзеге асырылады.2. Қылмыстық қудалау, қорғау және соттың iстi шешуi бiр-бiрiнен бөлiнген және оларды әртүрлi органдар мен лауазымды адамдар жүзеге асырады.3. Адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудағы...
2,182
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/24.htm
Ст. 24 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сот, прокурор, тергеушi, анықтаушы iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолдануға мiндеттi.Бұл ретте сот істе бар және ұсынылған дәлелдемелерді осы Кодексте көзделген тәсілдермен зерттейді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді...
2,183
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/25.htm
Ст. 25 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы дәлелдемелердi қаралған дәлелдемелердiң жиынтығына негiзделген өзiнiң iшкi сенiмi бойынша бағалайды, бұл ретте ол заң мен ар-ожданды басшылыққа алады.Алқаби дәлелдемелердi қаралған дәлелдемелердiң жиынтығына негiзделген өзiнің iшкi сенімі бойынша бағалайды, бұл ретте ол ар-ожданд...
2,184
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/26.htm
Ст. 26 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Ескерту. 26-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.1. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктiнiң, айыпталушының қорғалуға құқығы бар. Олар бұл құқықты осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке өздерi де, сол сияқты қорғаушының, заңды өкiлiнiң көмегiме...
2,185
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/27.htm
Ст. 27 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Әркімнің қылмыстық процесс барысында осы Кодексте көзделген тәртіппен білікті заң көмегін алуға құқығы бар.2. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.
2,186
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/28.htm
Ст. 28 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Ешкiм өзiне, жұбайына (зайыбына) және аясы осы Кодексте айқындалған өзінің жақын туыстарына қарсы айғақтар беруге мiндеттi емес.2. Дiни қызметшiлер тәубаға келу үстінде өздерiне iшкi сырын ашқан адамдарға қарсы куәлiк беруге мiндеттi емес.3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда көрсетілг...
2,187
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/29.htm
Ст. 29 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық iстердi талқылау барлық соттарда және сот сатыларында ашық жүргiзiледi. Сот талқылауының жариялылығын шектеуге ол мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау мүдделеріне қайшы келгенде ғана жол беріледі. Іске қатысатын адамдардың өмірінің интимдік жақтары туралы мәліметтердің жария...
2,188
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/30.htm
Ст. 30 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қазақстан Республикасында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қазақ тілінде жүргiзiледi, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа тiлдер де қолданылады.2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе басқа тілдерде жүргізу қажет болған кезде сот ісін жүргізу ті...
2,189
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/31.htm
Ст. 31 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сот пен қылмыстық қудалау органының әрекеттерi мен шешiмдерiне осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.2. Әрбiр сотталған адамның, ақталған адамның үкiмдi жоғары тұрған сотқа осы Кодексте белгiленген тәртiппен қайта қаратуға құқығы бар.3. Шағымды оны берген немесе өзінің мүддесінде шағым берілген тұл...
2,190
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/32.htm
Ст. 32 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына және ауырлығына қарай қылмыстық қудалау мен сотта айыптау жекеше, жекеше-жариялы және жариялы тәртіппен жүзеге асырылады.2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 114 (бірінші және екінші бөліктерінде), 123 (бірінші бөлігінде), 131, 147 (бірінші және екінші бөлікте...
2,191
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/33.htm
Ст. 33 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Егер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 9-тарауында көзделген іс-әрекет коммерциялық ұйымның немесе мемлекеттiк кәсiпорын болып табылмайтын өзге де ұйымның мүдделерiне ғана зиян келтiрсе және басқа ұйымдардың мүдделерiне, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне зиян келтiрмесе, қылмы...
2,192
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/34.htm
Ст. 34 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық қудалау органы қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн орындау мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерiн тапқан әрбiр жағдайда өз құзыретi шегiнде қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасын белгiлеу, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлi адамдарды әшкерелеу, оларды жазалау үшін заңда көзделген барлық шарал...
2,193
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/35.htm
Ст. 35 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық iс:1) қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауынан;2) іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан;3) егер рақымшылық жасау актiсi жасалған іс-әрекет үшiн жаза қолдануды жойса, соның салдарынан;4) қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай;5) осы Кодекстің 32-бабының төр...
2,194
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/36.htm
Ст. 36 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 65-бабының бірінші бөлігінде, 66, 67, 67-1-баптарында, 68-бабының екінші, үшінші бөліктерінде, 83-бабының бірінші, үшінші бөліктерінде, сондай-ақ 441, 442, 444 – 448, 453-баптарының ескертпелерінде көзделген жағдайларда, қылмыстық қудалау органы, сот тиісті мән-жайлар болғ...
2,195
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/37.htm
Ст. 37 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сот бойынша ақталған адам, сол сияқты өздеріне қатысты қылмыстық iстi осы Кодекстiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдікті, айыпталушы, сотталушы ақталуға, яғни олардың құқықтары қалпы...
2,196
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/38.htm
Ст. 38 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Адамға заңсыз ұстап алудың, күзетпен ұстаудың, үйқамақтың, лауазымынан уақытша шеттетудiң, арнаулы медициналық ұйымға орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың салдарынан келтірілген зиян қылмыстық процестi жүргiзетін органның кiнәсi бар-жоғына қарамастан, толық көлемде республи...
2,197
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/39.htm
Ст. 39 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық процестi жүргiзетін орган адамды толық немесе iшiнара ақтау туралы шешiм қабылдай отырып, оның зиянды өтету құқығын тануға тиiс. Ақтау үкiмiнiң немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы қаулының көшiрмесi мүдделi тұлғаға табыс ет...
2,198
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/40.htm
Ст. 40 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Осы Кодекстiң 38-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға келтiрiлген мүлiктiк зиян:1) олар айырылған жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды, өзге де қаражаттар мен табыстарды;2) соттың үкiмi немесе өзге де шешiмi негiзiнде заңсыз тәркiленген немесе мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылған мүлiктi;3) соттың заңсыз үк...
2,199
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/41.htm
Ст. 41 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық процестi жүргiзетін, адамды ақтау туралы шешiм қабылдаған орган келтiрілген зиян үшiн одан ресми түрде кешiрiм сұрауға мiндеттi.2. Келтiрiлген моральдық зиян үшiн ақшалай мәнде өтемақы туралы талаптар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қойылады.3. Егер адам заңсыз қылмыстық қудалауға ұшырап, ал қылмысты...
2,200
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/42.htm
Ст. 42 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Егер зиянды өтеу туралы талапты осы тарауда көзделген тәртіппен беруге арналған алты айлық мерзім өткізіп алынса, адам азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен сотқа жүгінуге құқылы.5-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
2,201
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/43.htm
Ст. 43 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Бiр немесе бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылықты сыбайласып жасаған бірнеше адамға қатысты қылмыстық iстер, бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты істер, сондай-ақ осы қылмыстарды күнi бұрын уәде бермей жасырғандығы немесе олар туралы айтпағандығы үшін күдік келтірілетін, айыпталатын адамға қатысты і...
2,202
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/44.htm
Ст. 44 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сот, қылмыстық қудалау органы қылмыстық iстен:1) мемлекеттiк құпияларды қорғауға байланысты жабық сот талқылауы үшiн негiздер өздеріне қатысты болатын, бiрақ басқа күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты емес жекелеген күдіктілерге немесе айыпталушыларға;2) ересектермен бiрге қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке...
2,203
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/45.htm
Ст. 45 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу:1) айыпталушы соттан жасырынған не оның жүрген жері басқа себептермен анықталмаған;2) сотталушының психикасының уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқасы заңда көзделген тәртiппен куәландырылған;3) сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған;4) қылмыстық iс бойынша одан әрi...
2,204
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/46.htm
Ст. 46 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу:1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудің толық тоқтатылғаны туралы қаулы күшiне енген;2) егер iс бойынша үкiмді немесе басқа да қорытынды шешiмді орындау бойынша арнаулы шаралар қабылдау талап етілмесе, ол күшіне енген;3) егер iс бойынша үкiмді немесе басқа да қорытынды шешiмді орындау бойы...
2,205
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/47.htm
Ст. 47 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында осы Кодексте және басқа да заңнамада көзделген, мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, алынатын мәлiметтердi қорғау жөнiндегi шаралар қолданылады.2. Қылмыстық процестi жүргізетін орган мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиян...
2,206
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/48.htm
Ст. 48 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдер сағаттармен, тәулiктермен, айлармен, жылдармен есептеледi.2. Мерзiмдердi есептеу кезiнде мерзiмнiң өтуi басталатын сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Бұл қағиданың ұстап алу, күзетпен ұстау, үйқамақ және медициналық мекемеде немесе ерекше режиммен ұстайтын білім беру ұйымында болу ...
2,207
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/49.htm
Ст. 49 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Егер шағым, өтiнiшхат немесе өзге де құжат мерзiм аяқталғанға дейiн поштаға тапсырылса, оны қабылдауға уәкiлеттi тұлғаға берiлсе немесе мәлiмделсе, ал күзетпен ұсталатын не медициналық ұйымға орналастырылған адамдар үшiн, егер шағым немесе өзге де құжат күзетпен ұстау орнының немесе медициналық ұйымның әкiмшiлiгiне ...
2,208
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/50.htm
Ст. 50 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық процеске қатысушылардың мерзiм аяқталғаннан кейiн жасаған процестік әрекеттерi жарамсыз болып есептеледі.2. Дәлелдi себеппен өткiзiлiп алынған мерзiм мүдделi тұлғаның өтiнiшхаты бойынша, іс жүргізуінде іс жатқан анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың немесе судьяның қаулысымен қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Бұ...
2,209
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/51.htm
Ст. 51 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сот билiгi органы бола отырып, сот қылмыстық iстер бойынша сот төрелігін жүзеге асырады.2. Кез келген қылмыстық iсті соттың заңды, тәуелсiз, құзыреттi және бейтарап құрамы ғана қарай алады, бұл осы Кодексте белгiленген:1) нақты iстердiң соттылығын айқындау;2) нақты қылмыстық iстердi қарау үшiн соттың құрамын жасақта...
2,210
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/52.htm
Ст. 52 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды – судья жеке-дара, ал аса ауыр қылмыстар бойынша:1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;2) бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне қарсы, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауiпсiздiгiне қарсы қылм...
2,211
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/53.htm
Ст. 53 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сот билігінің органы ретіндегі соттың өкілеттіктері заңда айқындалады.2. Тек сот қана:1) адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп тануға және оған жаза тағайындауға;2) адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға;3) төмен тұрған сот қабылдаған шешім...
2,212
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/54.htm
Ст. 54 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Өз құзыретi шегiнде iстi жеке-дара қарайтын, соттың отырысын дайындау немесе оның үкiмiнiң немесе басқа да шешiмiнiң орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде өкім жасау әрекеттерін жүзеге асыратын, осы Кодекстiң 53-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген өтiнiшхаттар мен шағымдарды шешетiн судьяға соттың өкiлеттiктерi тиесiлi...
2,213
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/55.htm
Ст. 55 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеу судьясы осы Кодексте көзделген жағдайларда мынадай:1) күзетпен ұстауды санкциялау;2) үйқамақты санкциялау;3) лауазымынан уақытша шеттетуді санкциялау;4) жақындауға тыйым салуды санкциялау;5) экстрадициялық қамақты санкциялау;5-1) жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді, жасырын...
2,214
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/56.htm
Ст. 56 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Тергеу судьясы өз өкілеттіктерін осы Кодекстің осы бабының қағидаларына және тиісті баптарында көзделген ерекшеліктерге сәйкес жүзеге асырады.2. Тергеу судьясы өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарайды.Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қа...
2,215
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/57.htm
Ст. 57 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық iстi судьялар алқасының құрамында қараған кезде соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы не заңда көзделген тәртiппен осыған уәкiлеттiк берiлген судьялардың бiреуi төрағалық етедi.Iстi жеке-дара қарап жатқан судья төрағалық етушi болып есептеледі.2. Төрағалық етушi сот отырысының барысына басшылық етедi, қы...
2,216
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/58.htm
Ст. 58 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Прокурор – өз құзыретi шегiнде жедел-iздестiру қызметiнің, анықтаудың, тергеудiң және сот шешiмдерiнiң заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ мемлекет атынан қылмыстық процестiң барлық сатыларында қылмыстық қудалауды және Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына және осы Кодекске сәйкес өзге де өкілеттіктерді жү...
2,217
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/59.htm
Ст. 59 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Тергеу бөлiмiнiң бастығы – сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыратын органның тергеу бөлiмшесiнiң бастығы және оның өз құзыретi шегiнде әрекет ететін орынбасарлары.2. Тергеу бөлiмiнiң бастығы:1) тергеу жүргізуді немесе сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді тергеушiге тапсыруға;2) тергеушiнiң өз іс жүргiз...
2,218
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/60.htm
Ст. 60 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Тергеушi – қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адам: iшкi iстер органдарының тергеушiсi, ұлттық қауiпсiздiк органдарының тергеушiсi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі және экономикалық тергеу қызметінің тергеушiсi, сондай-ақ осы Код...
2,219
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/61.htm
Ст. 61 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай анықтау органдарына:1) заңда белгiленген құзыретiне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажеттi қылмыстық-процестік және iздестiру іс-шараларын қолдану;2) алдын а...
2,220
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/62.htm
Ст. 62 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Осы Кодекстiң 191-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша сотқа дейiнгі тергеп-тексеру барысында анықтау органы бастығының өкiлеттiктеріне өз құзыретi шегiнде Бас анықтау органы басқармасының (департаментінiң), анықтау органы басқармасының, бөлімінің бастығы және олардың орынбасарлары ие ...
2,221
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/63.htm
Ст. 63 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Анықтаушы – iс бойынша өз құзыретiнiң шегiнде сотқа дейiнгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адам.2. Анықтаушы өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдап алуға және осы Кодексте айқындалған нысандарда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға, заңда тергеу және басқа да процестік әрекетт...
2,222
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/64.htm
Ст. 64 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Мыналар:1) өзіне қатысты күдікті ретінде тану туралы прокурормен келісілген қаулы шығарылған;1-1) прокурор адамды күдікті деп тану туралы қаулыны келісуден бас тартқан кезге дейін осы Кодекстің 202-бабының 1-2-бөлігінде көзделген тәртіппен күдікті ретінде жауап алынған;2) осы Кодекстің 131-бабының тәртібімен ұстап а...
2,223
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/65.htm
Ст. 65 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Өзiне қатысты:1) прокурор айыптау актісін жасаған;Ескерту. 1) тармақ жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы іст...
2,224
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/66.htm
Ст. 66 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қорғаушы – қорғалуға құқығы бар куәның, күдіктiнің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның құқықтары мен мүдделерiн заңда белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оларға қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде заң көмегiн көрсететiн адам.2. Адвокат қорғаушы ретiнде қатысады. Адво...
2,225
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/67.htm
Ст. 67 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қорғаушының қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуы, егер:1) бұл туралы күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам өтiнiшхат берсе;2) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам кәмелеттік жасқа толмаса;3) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам дене немес...
2,226
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/68.htm
Ст. 68 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қорғаушы ретінде адвокатты қорғалуға құқығы бар куә, күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ қорғалуға құқығы бар куәның, күдiктiнің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның тапсыруы бойынша немесе келiсуiмен басқа да тұлғалар шақырады...
2,227
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/69.htm
Ст. 69 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Күдіктi, айыпталушы, сотталушы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сәтінде қорғаушыдан бас тартуға құқылы. Осындай бас тартуға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысушы қорғаушының не осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен тағайындалған қорғаушының қатысуымен күдіктінің, айыпталушының, сотт...
2,228
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/70.htm
Ст. 70 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қорғаушы күдіктi, айыптауды теріске шығаратын немесе күдіктінің, айыпталушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларды анықтау мақсатында қорғаудың барлық заңды құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға және оларға қажетті білікті заң көмегін көрсетуге мiндеттi.2. Қорғаушы:1) күдіктімен, айыпталушымен саны мен ұзақтығы ше...
2,229
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/71.htm
Ст. 71 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық құқық бұзушылық өзіне тікелей моральдық, тәндік немесе мүлiктiк зиян келтiрдi деп пайымдауға негiзі бар тұлға қылмыстық процесте жәбiрленушi деп танылады.1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда адамды жәбірленуші деп дереу тануға міндетті....
2,230
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/72.htm
Ст. 72 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Жекеше айыптау iсi бойынша сотқа шағым берген және сотта айыптауды қолдайтын тұлға, сондай-ақ жариялы және жекеше-жариялы айыптау iстерi бойынша мемлекеттiк айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда, сотта айыптауды жеке өзі қолдайтын жәбiрленушi жекеше айыптаушы болып табылады.2. Жәбiрленушi кәмелетке толмаған неме...
2,231
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/73.htm
Ст. 73 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның іс-әрекетімен келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап қойған жеке немесе заңды тұлға азаматтық талапкер болып танылады.2. Азаматтық талапкердің өзi қойған талапты қолдау мақсатында:1) күдіктің, айыптаудың мәнiн бiлуге;2) дәле...
2,232
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/74.htm
Ст. 74 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық iсте өзіне талап қойылған жеке немесе заңды тұлға азаматтық жауапкер болып танылады.2. Азаматтық жауапкердің өзіне қойылған талапқа байланысты өз мүдделерiн қорғау мақсатында:1) күдіктің, айыптаудың және азаматтық талап қоюдың мәнiн бiлуге;2) талап қоюға қарсылық бiлдiруге, қарсы талап қоюды беруге;3) қойы...
2,233
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/75.htm
Ст. 75 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Кәмелетке толмаған немесе есі дұрыс еместігін жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетін адам жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша iске қатысуға олардың заңды өкiлдерi осы Кодексте көзделген тәртiппен тартылады.2. Егер сотқа дейінгі іс жүргізу немесе сот талқылауы осы Кодексте көзделген жағдайл...
2,234
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/76.htm
Ст. 76 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық процесте жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының заңды мүдделерiн бiлдiруге заң күшiмен құқықты және қылмыстық процестi жүргізетін органның қаулысымен процеске қатысуға жіберілген адвокаттар мен өзге де тұлғалар жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi ...
2,235
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/77.htm
Ст. 77 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық процесте азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге заң күшiмен құқықты және қылмыстық процестi жүргізетін органның қаулысымен процеске қатысуға жіберiлген адвокаттар және өзге де тұлғалар азаматтық жауапкердiң өкiлдерi болып танылады.2. Азаматтық жауапкердің өкiлдерi Азаматтық іс жүргізу кодексіне с...
2,236
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/78.htm
Ст. 78 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Іс үшiн маңызы бар қандай да бір мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам айғақтар беру үшiн куә ретiнде шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн.2. Мыналар:1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешiмiн шығару кезiнде туындаған мәселелердi кеңесу бөлмесiнде талқылау барысында өз...
2,237
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/79.htm
Ст. 79 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сарапшы ретінде арнаулы ғылыми білімі бар, іске мүдделі емес адам шақырылуы мүмкін. Сараптама жүргізу тапсырылуы мүмкін адамға қойылатын өзге де талаптар осы Кодекстің 273-бабының бірінші бөлігінде белгіленеді.2. Сарапшыны шақыру, сараптаманы тағайындау және жүргізу осы Кодекстің 35-тарауында, сондай-ақ 373-бабында ...
2,238
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/80.htm
Ст. 80 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге маман ретінде қатысу үшін қылмыстық процестің қатысушыларына өзінің арнайы құзыретіне кіретін мәселелерді түсіндіру, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды қолдану жолымен дәлелдемелерді жинауда, зерттеуде және бағалауда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар, іске мүдделі е...
2,239
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/81.htm
Ст. 81 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Аударма жасау үшiн білу қажет тiлдi меңгерген және күдікті, айыпталушы, сотталушы, олардың қорғаушылары не жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, сондай-ақ куәлар және өзге де процеске қатысушылар iс бойынша iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмеген жағдайларда, сол сияқты жазбаша құжаттар...
2,240
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/82.htm
Ст. 82 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қылмыстық қудалау органы осы Кодексте көзделген жағдайларда тергеу әрекетiн жүргiзу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн куәландыру үшiн тартқан адам куәгер болып табылады.2. Өздерiнiң қатысуымен болып жатқан әрекеттердi толық және дұрыс қабылдауға қабiлеттi және осы Кодекстің 90-бабына сәйкес өздеріне қарсылық біл...
2,241
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/83.htm
Ст. 83 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сот отырысының хаттамасын жүргiзетiн, сондай-ақ сот отырысының аудио-, бейнетіркелуін қамтамасыз ететін, қылмыстық iске мүдделi емес мемлекеттiк қызметшi сот отырысының хатшысы болып табылады.2. Сот отырысының хатшысы:1) өзi хаттамалауды қамтамасыз етуi қажеттi барлық уақытта сот отырысының залында болуға және сот о...
2,242
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/84.htm
Ст. 84 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Өзiне соттар қызметiнiң белгiленген тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiндегi заңмен жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды адам сот приставы болып табылады.2. Сот приставы сот талқылауы кезiнде залдағы тәртiптi сақтап тұрады, төрағалық етушiнiң өкiмдерiн орындайды және соттарда судьяларды, куәларды және процеске басқа ...
2,243
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/85.htm
Ст. 85 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Тараптар заң талаптарына сәйкес медиацияны жүргізу үшін тартатын тәуелсіз жеке тұлға медиатор болып табылады.2. Медиатор:1) медиация тараптарына қылмыстық процесті жүргізетін орган беретін ақпаратпен танысуға;2) медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылар туралы деректермен танысуға;3) қылмысты...
2,244
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/86.htm
Ст. 86 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы, қорғаушы, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердiң өкiлi, куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы, аудармашы, сарапшы, маман қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге өздерiнiң қатысуын болғызбайтын мән-жайлар бар болған кезде қылмыстық iс ...
2,245
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/87.htm
Ст. 87 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Судья, егер ол:1) осы Кодекске сәйкес қылмыстық iс соттылығына жатқызылған судья болып табылмаса;2) осы қылмыстық іс бойынша тергеу судьясы ретінде қатысқан болса, тергеу судьясының қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қараған болса;3) осы iс бойынша жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер ...
2,246
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/88.htm
Ст. 88 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Прокурор осы Кодекстiң 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде қылмыстық процеске қатыса алмайды.2. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысуы, сол сияқты оның сотта айыптауды қолдауы оның осы қылмыстық iске одан әрi қатысуына кедергi болып табылмайды.3. Сотқа дейiнгі тергеп-тексеру кезiн...
2,247
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/89.htm
Ст. 89 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Осы Кодекстiң 87-бабында көзделген негiздер болған кезде тергеушi және анықтаушы iстi тергеп-тексеруге қатыса алмайды.2. Осы қылмыстық iс бойынша бұрын жүргiзiлген тергеп-тексеруге тергеушiнің және анықтаушының осындай тиісті түрде қатысуы олардың осы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге одан әрi қатысуын болғызбайтын ...
2,248
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/90.htm
Ст. 90 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Осы Кодекстiң 87-бабында және осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде куәгер сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатыса алмайды.2. Қылмыстық процестi жүргізетін органға жеке өзі немесе қызметi бойынша тәуелді болса, куәгер сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатыса...
2,249
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/91.htm
Ст. 91 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сот отырысының хатшысы және сот приставы:1) осы Кодекстiң 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде;2) олардың құзыреттi еместiгi анықталса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.2. Адамның осының алдында сот отырысына сот отырысының хатшысы немесе сот приставы ретiнде қатысуы оның сот о...
2,250
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/92.htm
Ст. 92 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Аудармашы және маман:1) осы Кодекстiң 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде;2) егер олардың құзыреттi еместiгi анықталса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.2. Адамның осының алдында аудармашы немесе маман ретiнде қатысуы олардың осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге осындай тиіст...
2,251
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/93.htm
Ст. 93 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Сарапшы:1) осы Кодекстiң 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде;2) егер ол анықтаушыға, тергеушiге, прокурорға, судьяға, күдіктіге, айыпталушыға, олардың қорғаушыларына, заңды өкiлдерiне, жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне қызметтiк немесе өзге де...
2,252
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/94.htm
Ст. 94 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Қорғаушы, сондай-ақ жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердiң өкiлi мына мән-жайлардың кез келгенi болған кезде:1) егер ол бұрын iске судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы, сот отырысының хатшысы, сот приставы, куә, сарапшы, маман, аудармашы немесе куәгер ретiнде қатысса;2) ег...
2,253
https://kodeksy-kz.com/ugolovno-protsessualnyj_kodeks/95.htm
Ст. 95 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
1. Судья, тергеу судьясы, алқаби, прокурор, тергеушi, анықтаушы, қорғаушы, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы, сот приставы, сол сияқты олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстары мемлекеттiң қорғауында болады.2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде санамаланған адамдарға мемлекет сотта қылмыстық iстердi немесе материалдард...
2,254